Курстық жұмыс: Экономика | Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері

Курстық жұмыс: Экономика | Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................
1.Тарау. Банктердің қызметтері мен ролі
1.1. Банк қызметінің экономикалық маңыздылығы ..................................
1.2. Қазақстандағы банктік реформалар ................ ........................................
1.3. Орталық банктің ақша-несие саясаты .......................................................
2.Тарау. Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері.
2.1. Несие мазмұны мен принциптері.................................................. ................
2.2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау жүйесі.................................
2.3. Кәсіпорындарды қаржыландыру - банк қызметінің негізгі қызметі .......
Қорытынды............................................................................................................

КІРІСПЕ
Екінші деңгейдегі банк тер жүйесінің одан әрі даму мен өзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның барлық жүйесінің деңгейі-ломбардтық, несиелік бірлестіктер, лизингтік, факторинг тік фирмалар, клиринтік фирмалар, т.б. түрлерінде көрініс табатын банк тік емес қаржы мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші деңгейдегі банктерден тұратын болады.
Екінші деңгейдегі банк тер капиталдандырудың деңгейіне жетуі тиіс және корпоративні бағалы қағаз күрделі қаржы жұмсау тек олар бойынша биллерлік операциялардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері жүзеге асырылатын болады.
Коммерциялық банк тер жүйесімен қатар, өздерінің белгілеген өзіндік қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банк тер пайда болады және олардың қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.
Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банк терге: Экспортты-импорттық банк, Тұрғын үй-құрылыс банкі және Сауықтыру банкі жатады.
Ондай банктердің қатарында Халықтық жинақ банкі де жатады, әзірше ол халыққа қызмет көрсетуге мамандандырылып, мемлекеттің бақылауында болады. 1998 жылдан бері, оның қосымшаларымен акционерлеу басталды.
Үкіметтің құрылымдық-инвестициялық саясатын жүзеге асару үшін коректі ішкі қаржылық ресурттар кірісінің көзімен қызмет етуінің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі Эксимбанкті акционерлеу жатады және алдыңғы қатардағы шетел банктері мен халықаралық Қаржы министрлігі кепі болатын, оның облигациясын эмиссиялау туралы шешім қабылдады.
1.1. Банк қызетін ұйымдастыру.
Банк жүйесінің маңызды элементі—банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сон дай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді .
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банк тер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеція ,Генуғ) 14-15 ғғ. Пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруа-шылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде,яғ-ни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшінпайда болған делінеді. XVI- XVII ғғ. Венецияда,Генуеде,Миланда,Амстердама,Гамбурргте,Нюрнбергте саудагер-клиенттерарасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асару үшін жиробанк тер құрылады. Жиробанк тер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металлдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысу-лар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражатттарын жиробанк тер мемлекетке, қалалар-ға және артықшылығы бар компанияларға ссудағы берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде-феодализм тұсында пайда болған деп. атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілгетиек етюді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың
Жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, “банк”сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құ-рылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандық-тан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлерің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сон дай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айыр-бас орындарының болуымен сиптталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда опе-рацияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э .д. 2300жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген . Олар б. э. д. VI –ғ. Ежелгі Вавилона салым операциялары : салымдарды қабылдау және оларға пайз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б . э . д. IV ғ . Ежелгі грецияда да жасалған. Бір айта кететіні , ежелгі гректер салым қабылдай отырып .белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді . Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті . Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі .
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады . Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті . Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім – шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп сауда -саттықта делдал қызметін атқарды . Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды . Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді . Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып , үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады . Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған . Осы нормаларға сәйкес , б .э . д. Ш ғ . айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады . Оларға несеилік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген . Тарихшылардың айтуынша , Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай , сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу- сату , және басқа да операцияларды орындаған . Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады , ол жай ғана тауар шығармайды , оның тауары ерекше , яғни ақша төлем құралдары түрінде шығарылады .
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие болғандықтан , банкті несиелік мекеме деп атаған . Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі .
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді . Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан , Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына , екінші жағынан , темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып , темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары ( ет, тері жүн т. б. ) сыртқа шығарылып отырған .
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі , нәтижесінде Ресейлік орталық - өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілуі мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған . Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде : Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан , өзара несие беру қоғамдарынан ,қалалық қоғамдық банктерінен , ипотекалық несие банктері немесе ұзақ несие мекемлерінен және жинақ кассаларынан тұрды .
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап , барлық несие жүйесіндегі – Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік , комерциялық банктердің есеп –ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын , салымдар мен ағымдық шоттардың жарысынан көбін тартып отырған. Басқа мелекеттердің Орталық эмиссиялық бнктерінен Ресейдің мемлекеттік банкінің айырмашылығы , ол тек банктерді несиелеп қана қоймай , сол сияқты өнеркәсіп , сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан .
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда- өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда ( 1876 ж.) , Қызылжарда (1881 ж.) , Семейде (1887 ж.) , Омбыда (1895 ж .) және бұрынғы Верныйда (1912 ж.) ашылып жұмыс жасады.
Ірі комерциялық банктер қатарында саналатын Сібір сауда – банкісінің (1872 ж. құрылған) 57 филиалының 7 Қазақстанның бірқатар аудандарында , яғни Омбыда ,Семейде , Қызылжарда , Верныйда , Ақмолада , Қостанайда орналасты.
Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда - өнеркәсіп банкісінің бөлімшелеріде Қызылжарда , Қостанайда , Оралда , Омскіде ашылды.
Жалпы , Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің – 6 бөлімшесі , акционерлік – комерциялық банктердің 18 филиалдары , 12 өзара несие беру қоғамдары ,8- қалалық қоғамдық банктер ,сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді . Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.
Мемлекттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда , қарапайым операцияларды жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктелді. Қазына иелері тікелей қазыналық палаталарға , солар арқылы мемлекеттік қазына иелеріне бағынышты болды . Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін операциялары жылдамөсе түсті , мысалға : жіберілген вексельдер бойынша комиссиялық және есептік төлемдерді алу ; жәй және шартты ағымдық шоттарды ашу ; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау ; өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т. б. Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға : Омбы ,Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды .
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер – бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей операцияларды жүзеге асырды :
• вексельдерді есепке алу ;
• тауарларды кепілге ала отырып , ссуда беру ;
• тауар құжаттарын кепілге ала отырып , ссуда беру ;
• ауылшаруашылыққа ссуда беру ;
• бағалы қағаздарды кепілге ала отырып , ссуда беру ;
• қайта есеп жүргізу ;
• вексельдер үшін арнайы шоттар ашу ;
• бағалы қағаздарға арнайы ссуда беру ;
• ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру ;
• барлық есеп – ссудалық операцияларымен айналысу ;
• меншікті бағалы қағаздар шығару ;
• салымдық және ағымдағы шоттар ашу .
"Банк ісі" пәнінің Қазақстанда экономикалык ғылымынын дербес саласы ретінде қалыптасуының терең заңдылықтары Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық дербестігі бар тәуелсіз мемлекет ретінде дамып одан әрі өркендеуінің нәтижесінде құрылған және 1993 жылы енгізілген Ұлттық төл теңге айыналысына негізделген екі деңгейлі банктер жүйесінің кемелденіп, халықаралық стандартқа өту процесімен тығыз байланысты. "Банк ісі пәнінің практикалық маңызы зор дербес ғылым саласы ретінде дамуына Ресейлік және Қазақстандық ғалымдар үлкен үлес қосты. Солардың ішінде мына зкономист-ғалымдарды атап өтуге болады: Атлас М.С.-Геращенко В.С., Геращенко В.В., Лаврушин О.И., Красавина Л.Н., Панова Г.С., Ширинская З.Г., Усоскин В.М., Белоглазова Г.Н., Коробова Г.Г., Кроливецкая Л.П., Рогова О.Л., Төлебаев Т.Т., Фридман Ц.Л., Панченко И.В., Саниев М.С., Иришев Б.К . Сейткасымов Г.С., Хамитов Н.Н., Кучукова Н.К., Абдильманова Ш.Р., Сазанов С.С., Калиева Г.Т.
шетелдік ғалымдар: Дж.М.Кейнс, И.Фишер, Фридман Милтон, Фридрих ,А. Хайек, Рид Э., Коттер Р., Гилл Э., Смит Р., Джозеф Ф. Синки мл. "Банк ісі" пәнін үйренуде диалектикалық әдіс кеңінен қолданылады. Диалектикалық әдіс қандай-да болмасын экономикалық құбылысты - үнемі динамикалық күйде зерттейді.
"Банк ісі" пәні экономикалық ғылымның дербес және арнайы саласы болғандықтан, бұл пәнді оқып үйренудің әдістері, тәсілдері, логикасы жалпы экономикалық ғылымды оқып үйренудің әдістерімен, тәсілдерімен, логикасымен үндес, астарлас.
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуьының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа өтуімен байланысты Үлттық, Банк және Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау Агенттігі тарапынан коммерциялық банктердің қызметтерінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне қойылатын талап күшеюде. Бүған бір жағынан банкаралық бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар елімізде сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс өз кезегінде банк менеджментің сапасын халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілеті мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске кетерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, накты секторды инвестациялауда, ақша айналымын ұйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаруда мамандар үшін банк ісін үйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып үйренудің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай Қазақстан Ресцубликасы банктерінің халықаралық стандартқа кешуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіпкерлік деңгейі жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек. Бұл -жауапкершшік "Банк ісі" пәнін жан-жақты, терең әрі сапалы оқытумен тікелей байланысты.
Бұл пәннің өзіндік ерекшелігі , коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру , реттеу және бағалау , өтімділігін басқару , олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипатталады .
1.2. Қазақстандағы банктік реформалар
Қазақстандағы қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1888жж.) сай келедәі. Банктік реформа нәтижесінде : КСРО-ны Мемлекуеттік банкі және Құрылыс банктерінің Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде –КСРО Сыртқы экономиакалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты.Сөйтіп,КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандандырылған банктердің республикалық кеңселері(филиалдары) ашылып КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу , ссудалық және басқа шоттарды жүргізеді.Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарда Агроөнеркәсіп банкі,әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарда Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізеді.
Сыртқы эканомикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады.
Мамандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сай құрылады. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің басқармалары саласында ұйымдастырылады. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты.
Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшараларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейіне ғана жүргізілді, ал төменгі денгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экономика | Несиелік тәуекел туралы түсінік
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясаты
» Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ
» Курстық жұмыс: Экономика | Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]