Курстық жұмыс: Экономика | Банк несиелерін есепке алу
Мазмұны
КІРІСПЕ…………………………............................................................................31БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ, ЕСЕБІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ......................5
1.1 Банктің несиелік операцияларының мазмұны мен түрлері...........................5
1.2 Банктің несиелік операциялар есебі................................................................8
1.3 Банк бухгалтериясының ұйымдастырылуы мен құрылымы.......................9
2 «БТА БАНК» АҚ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТЫРЫНЫҢ ДАМУЫ.................13
2.1 Банктегі есеп – операция жұмысының жалпы сипаттамасы......................13
2.2 Банк несиесінің қажеттілігі мен несие қатынастырының дамуы...............19
2.3 Ұзақ мерзімді несиелендіру бойынша операциялар есебі...........................23
3 БАНКТІҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
МЕН БАНК НЕСИЕСІНІҢ «1С БУХГАЛТЕРИЯ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛУІ...........................................................................................................27
3.1 Банктегі кассалық операциялардың ұйымдастырылуы...............................31
3.2 Банк несиесінің «1С бухгалтерия» бағдарламасында жүргізілуі...............31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................37
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................39
КІРІСПЕ
Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің рөлін көтермей, экономнканы дамыту мүмкін емес.
Уақтылы, толық және обьективті есеп банк жұмысын үнемді жүргізуге, көп шығын болдырмауға, әрдайым резервтерді іздестіруге, пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп — бұл құжаттар негізінде құрылған шаруашылық қызметтің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі бухгалтерлік есеп ең алдымен өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Оны мынадан көруге болады. Мысалы, банк мекемесінде бір операциялық күннің 3-4 сағатында (9-13 сағатқа дейін) жүргізілетін есеп айыру, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары сол күнгі аналитикалық есептің құжаты, яғни клиенттің дербес шотында көрсетіліп, күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Бұл ақша қаржыларының сақталуы туралы, күнделікті ақша айналымы мен есеп несие қатынасының жағдайы туралы жедел ақпарат алуға және ақша айналымы мен несиелік ресурстар айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. Банктегі бухгалтерлік есептің ең басты обьектісі болып мекемелер мен шаруашылық ұйымдардан ақшалай құжаттардың қабылдануы мен олардың бухгалтерлік есепте бейнеленуі болып табылады. Сол сияқты аналитикалық есептің мерзімінде төленбеген картотекадағы есеп айыру құжаттардың, жедел міндеттемелердің және банк аралық есеп айыру бойынша операциялардың жүргізілуі жатады, және әр түрлі жердегі төлеушілер мен алушылар арасындағы есеп айыру кезіндегі қаржылары, банк несиесін ұсынудың және қайтарудың әдістері мен ережелері, төлемнің ерекшеліктері, тағы басқалары жатады.
БТА Банкінің қызмет көрсетуінің артықшылықтары
— Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
— Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
— Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
— Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
— Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
Банктің құрылымында келесі элементтер құрылуы мүмкін:
- Бухгалтерлік есеп бөлімшесі;
- Жұмыс бөлімшелеріндегі есеп белімшелері;
- Филиалдардағы есеп бөлімшелері;
- Есеп мәліметтерін өңдеуші орталық;
- Ішкі аудит бөлімшесі.
Банктің жұмыс күнінің операциялық және операциялық емес болып бөлінуіне байланысты операция күнінің нақты аяқталу уақытын банк басшысы белгілейді. Операция күнінің барысында клиенттерден қабылданған есеп – ақша құжаттарын тікелей есеп – операция қызметкерлері жүргізеді. Ал операциялық емес уақытта құжаттарды банкке тікелей жауапты орындаушылар арнайы жәшіктерге салынған түрде тапсырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: банк несиесінің қажеттілікке жоғары деңгейде ие болуына қол жеткізу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Банктің несиелік операцияларының есебін ұйымдастыру;
«БТА БАНК» АҚ несиелік операцияларының қорытындылары;
Банктің несиелік операцияларының тіркелімін қарастыру.
1БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ, ЕСЕБІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Банктің несиелік операцияларының мазмұны мен түрлері
Банктің белсенді операцияларының негізі түрі ретінде несиелік операциялар қарастырылады. Несие деп белгілі мерзімге, ақылы түрде уақытша бос қаражаттарын орналастыру процесін атайды. Несие бөлу эмиссиондық және бақылау функцияларын атқарады.
Екінші деңгейлі банк несиелік саясатына келесі факторлар әсерін тигізеді:
1. Макроэкономикалық факторлар:
- мемлекеттегі жалпы экономика жағдайы,
- ұлттық Банктің ақша-несие саясаты,
- үкіметтің қаржылық саясаты.
2. Аймақтық және салалық факторлар:
- Нақты банк пен қызмет көрсетілетін аймақтар мен салалардың экономикалық жағдайы,
- клиенттер құрылымы мен олардың несиеге деген қажеттілігі,
- бәсекелес банктердің бар болуы.
3. Банкаралық факторлар:
- банктің меншік капиталының мөлшері,
- банктің міндеттері мен қарыздарының құрылымы,
- банк қызметкерінің тәжірибесі.
Несиені көп түрлі-белгілері бойынша жіктеуге болады:
1. Кредиторлар бойынша:
- орталықтандырылған,
- бюджеттік,
- банктік емес қаржылық ұйымдар.
- коммерциялық,
- сыртқы.
2. Қарыз алушылар бойынша:
- қаржылық институттарға, үкіметке (қаржы министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге емес қаржылық ұйымдарға несиелер;
- экономиканың салалары бойынша: ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б.
- жеке кәсіпкерлерге (заңды тұлға емес қызметті іске асыру).
3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерге ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша:
- негізгі қорларға несиелер,
- айналым капиталына несиелер.
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болуы бойынша:
- қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;
- сақтандырылған;
- қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді);
6. Ұсынылған валюта бойынша:
- шетел валютасымен,
- ұлттық валютамен.
7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг.
8. Несиелеудің объектісі бойынша:
- меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру;
- материалдың қорлардың жиынтығын құру;
- күрделі салымдарды қаржыландыру;
- еңбекақы төлеу;
- тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Несиелеу кезеңдеріне келесілер жатады:
1. Дайындық жасау кезеңі: несие алушыға несиені берумен байланысты мүмкіншіліктерін іздестіру және олардың тиімділігі туралы шешім шығару.
2. Бірінші кезең сәтті аяқталған жағдайда екінші кезең — құжаттарды, яғни несиелік мәміле және тағы да басқа құжаттарды рәсімдеу.
3. Ағымды кезең - несиенің тікелей пайдалану кезеңі, мұнда несие беруші мен несие алушы несиені ұсыну мен пайдалану туралы ақпаратпен алмасады. Бұл кезең де белгілі құжаттардың толтырылуын талап етеді.
4. Несиелік қарым-қатынастардың қорытынды кезеңі - несиелік келісімшарттың нақты тиімділігін талдау.
Несиелік мәміле - несие беруші мен несие алушының арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін басты құжат. Қазіргі таңда несиелік мәміле келесі бөлімдерден тұрады:
1. Негізгі мағлұматтар;
2. Қарызданушының құқығы мен міндеті;
3. Банктің құқығы мен міндеті;
4. Екі жақтың жауапкершілігі;
5. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі;
6. Мәміленің жарамдылық мерзімі;
7. Екі жақтың заңды мекен-жайлары.
Несие бойынша пайыз келесі жолдармен есептелінуі мүмкін:
1. Жай пайыз формуласымен бір реттік өтелумен:
S = Р · (1 + n · r) (1)
Мұндағы:
Р - берілген несие сомасының бастапқы сомасы;
п - несиені өтеу мерзімі;
r - несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме.
Мысалы, АҚ «Аслан» 200 мың теңгенің несиесін банктен 3 жылдан кейін толық өтеу шартымен алған. Несиелік мәміледе жылдық пайыз мөлшерлемесі 20%, ал пайыз есептеу формуласы - жай пайыздар деп белгіленген.
Мұнда несие мерзімі аяғында келесі сома қайтарылуы тиіс:
S = Р · (1+ n · r) = 200000 · (1+3 · 0,2) = 320000 теңге
2. Күрделі пайыздар формуласымен бір реттік өтелумен:
S = Р · (1+r)n (2)
Мысалы, ЖШС «Алуа» банкке 500 мың теңгенің несиесін 5 жылға алу туралы өтініш білдірді. Банк шешімі жағымды. Несиелік мәміледе келесі шарттар қарастырылған: несие мерзім соңында толығымен өтеледі, жылдық пайыз мөлшерлемесі — 20%, пайызды есептеу әдісі-күрделі пайыздар формуласы. Мұнда несие мерзімі аяғында келесі сома қайтарылуы тиіс:
S = Р · (1+ n · r) = 500000 · (1+0,2)5 =1492992 теңге
3. Жыл соңында тең бөліктермен өтелетін және пайыздар қарыздың қалдығына есептелетін жағдай:
S_N = Д_(N ) х r + S/n (3)
Мұндағы:
S_N- жыл сайын қайтарылатын негізгі қарыз сомасының бөлігі;
Д_(N )- әр жылдың аяғындағы қарыз қалдығы;
r - несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме:
S - несие сомасы;
п - несиені өтеу мерзімі.
Мысалы, банк АҚ «Айнұрға» жыл сайын бірдей бөлікпен өтелінетін 200 мың теңгенің несиесін 5 жылға 10% жылдық мөлшерлемемен берген. Мұнда қайтарылатын несие сомасы келесідей есептелінеді:
Жыл сайын өтелінетін негізгі қарыз сомасы: 40 мың теңге (200 мың теңге/5)
Әр жылдың аяғындағы қарыз қалдығы:
Д1 = 200 мын теңге
Д2 = 200 - 40 = 160 мың теңге
Д3= 160 - 40 = 120 мың теңге
Д4 = 120 - 40 = 80 мың теңге
Д5 = 80 - 40 = 40 мың теңге
Жыл сайынғы төленетін несие сомасы:
1- жыл соңында: S1=200 · 0,1+ 200/5 = 60
2- жыл соңында: S1=160 · 0,1 + 200/5 = 56
3- жыл соңында: S1=120 · 0,1 + 200/5 = 52
4- жыл соңында: S1=80 · 0,1 + 200/5 = 48
5- жыл соңында: S1=40 · 0,1 + 200/5 = 44
Яғни, мерзім аяғында клиент банкке келесі соманы қайтарады:
60+56+52+48+44=260 мың теңге
1.2 Банктің несиелік операциялар есебі
Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгалтерияның бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп беріледі:
- несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициар төлем құжаттарын төлеу;
- бенефициар төлем құжаттары бенефициар мекен-жайына төленеді;
- аккредитив қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына қаражатты аудару;
- қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;
- қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;
-қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сомасын аудару;
- басқа да жолдармен.
Несиенің есебі активті 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар» және 1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарында жүргізіледі.
Несиелік операциялар есебін жүзеге асыру кезінде шоттардың кестеде көрсетілгендей корреспонденциясы құрылады:
Дт Кт Операцияның мазмұны
1411,1417 1001,2203 Клиенттерге несие берілді
1411,1417 1050 Басқа банк қызмет көрсететін клиенттерге несие беру
1411,1417
1859, 2859 1858,2858
1001,2203,
1050 Клиенттерге шетел валютасымен несие беру
Бір уақытта теңгемен
1001, 2203, 1050 1411,1417 Теңгелей берген несиені қайтару
1001,2203,1050,
1859,2859 1858, 2858
1411,1417 Шетел валютасында берілген несиені қайтару
Бір уақытта теңгемен
1424 1411,1417 Клиент қарыздың негізгі сомасын қайтармаған кезде, ол кешіктірілген қарыз деп есепке алу
5455 1428 Клиент қарызын кешіктірген кезде, резервтің құрылуы
1428 1424 Кешіктірілген несие резерв арқылы жабылады
1001, 2203, 1050 1424 Клиент кешіктірілген қарыздарын қайтару
1427 1424 Клиенттің қаржылық жағдайы үмітсіз деп табылып, банк оның қарыздарына тосқауыл қояды
1740 4411,4417 Теңге түрінде берілген несие бойынша пайыздық аударым жасалынды
1740
1858, 2859 1858, 2858
4411, 4417 Шетел валютасымен берулген несие бойынша пайыздық аударым жасалынды
Бір уақытта теңгемен
1001, 2203, 1050 1740 Есептелген пайызды өтеу
1001, 2203, 1050 4411,4417 Келісімшартқа сәйкес, пайыздарды төлеуді ай сайын теңгемен жүргізу
1001,2203,1050
1859, 2859 1858,2858
4411, 4417 Келісімшартқа сәйкес, пайыздарды төлеуді ай сайын шетел валютасымен жүргізу
Бір уақытта теңгемен
1741 1740 Кешіктірілген пайызды есепке алу
1741 4424 Клиенттердің кешіктірілген қарыздары бойынша пайыздарды есепке алу....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясаты
» Курстық жұмыс: Экономика | Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары
» Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің жіктелуі
» Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктер
» Курстық жұмыс: Экономика | Банктердің шығыстары мен кірістері
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясаты
» Курстық жұмыс: Экономика | Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары
» Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің жіктелуі
» Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктер
» Курстық жұмыс: Экономика | Банктердің шығыстары мен кірістері
Іздеп көріңіз: