Курстық жұмыс: География | Балқаш көлі алабы

Курстық жұмыс: География | Балқаш көлі алабы

Мазмұны
I. Кіріспе....................................................................................................3
II. Негізгі бөлім
2.1 Географиялық ғажайып құбылыс.....................................................5
2.2 Көл жұмбақтары.................................................................................9
2.3 Балқаш жағалаулары........................................................................16
2.4 Шөлдегі көктем.................................................................................17
2.5 Шөлдегі орман...................................................................................21
2.6 Іле – Балқаш проблемасы.................................................................23
III. Қорытынды...........................................................................................26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................29

Кіріспе
Балқаш - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3 - орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде , Балқаш- Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 - 22 мың км², ұзындығы 600 километрден астам, ені шығыс бөлігінде 9 - 19 километр, батыс бөлігінде 74 километрге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 - 110 км³. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 метр, ең терең жері 26 метр. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ін береді ), шығыс бөлігінде Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз , Бақанас , Тоқырауын , Жәмші , Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра – жылғамен тілімделген; ал, оңтүстік жағалауы - суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар , аралдары аз, үлкендері : Басарал, Тасарал.
Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі ( В. Рубрук , П. Карпини ). Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы мен тарихшысы С.У. Ремезов 1695 жылы « Чертежи всех сибирских городов и земель » атты атласында Балқашты « Теңіз » деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1936) және швед картографы И.Г. Ренаттың (Жоңғария картасын жасаған ) карталарында бейнеленеді. П.В. Рихтгофен (1877) мен А.Ф. Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И.В. Мушкетов, А.М.Никольский, Л.С.Берг , т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П.Ф. Домрачев, В.Н. Абросов, Л.И. Лев, Н.М. Страхов , Д.Г. Сапожников, М.Н. Тарасов ) ұйымдастырылды.
Көлдің экологиялық жағдайын , суының химиялық құрамын , өсімдік, жануарлар дүниесін , алабының физикалық – географиялық сипатын зерттеумен 1970 -90 жылы Қазақстан ҒА- ның институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты , Қазақ гидрометеорология ғылыми – зерттеу институты , бірнеше жобалау институттары , т.б. айналасты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады.
Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура -15 -17 ºС, шілденің орташа температурасы 24 ºС . Жауын – шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм .Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-66 %, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с .Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік- шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады . Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм –ден 1200 мм- ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым- шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 м- ден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды (кестені қараңыз). 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі , гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір – бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 -1 г/л), түсі сарғылт – сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау ( 5 – 6 г/л ) түсі көгілдір , ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері , шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20- дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы , т.б. ) қлғандары басқа жақтан әкелінген ( карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы ). Ауланатын балық ( жылына 9 – 10 мың тонна )- сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен – металлургия комбинаты ., т.б. ) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары : Балқаш , Бурылбайтал , Бөрлітөбе.
Географиялық ғажайып құбылыс. Осы ғасырдың басында белгілі ғалым және саяхатшы Лев Семенович Берг Балқашқа ықылас қояды. Оны көлдің суы тұщы екендігі туралы көрген адамдардың әңгімесі таң қалдырды.Булану көлемі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінен әлденеше есе асып түсетін шөл далада, қалай болған күнде де, көл суы тұзды болуға тиіс қой. 1903 жылы Л.С. Берг Балқаш көліне экспедиция ұйымдастырды.
Елдің айтқанына сенетіндей жеткілікті негіз таба алмаған Л.С.Берг өзінің жол лабороториясын теңіз суының құрамындағы хлор мөлшерін анықтайтын аспаптармен жабдықтаумен ғана шектеледі. Ал табаны жалпақ үлкен қайыққа тұщы су толтырылған көптеген бөшкелер тиеп алуды тапсырды. Олар Іле өзені бойымен төмен қарай ұзақ жүзді. Ал көлге келіп іліккенде, шынында да, ауыз су құйылған бөшкелердің түкке де қажеті жоқ екені айқын болды. Алып шыққан зерттеу құралдары да қажетсіз болып шықты, ал тұщы судың құрамына химиялық анализ жасайтын ештеңе табылмады. Л.С. Бергтің экспедициясы қайда барса да суы тұщы бола берді...
Осы экспедицияның нәтижелерін қорытындылай келіп, Л.С.Берг былай деп жазды: “Балқаш айтылып жүрген басым пікірлерге қарамастан – тұщы көл болып шықты. Балқаш көлін түгел жағалап шыққан топографтар да осы пікірді қуаттайды. Бұл факт ерекше назар аударуға лайық. Құрғақ континентальдық климатты өлке, жылына 200 миллиметрге жетер-жетпес жауын-шашын бар шөл даланың кіндігінде тұрған ағынсыз тұщы көл – мұнда географиялық ғажайып бір құбылыс бар”.
Көлдің жасырын құпиясы жалғыз бұл ғана емес екен. Басқа бір зерттеушілер қазіргі су деңгейінің бұрын әлдеқайда биік болғандығын анықтады. Бұған түрлі зерттеулердің нәтижесі куә.
Географиялық атаулардың шығу тегін зерттейтін топономика деп аталатын ғылым бар. Бұған тек географтар ғана емес, сондай-ақ тарихшылар мен лингвистер де ынта қояды. Өйткені, жер атауларында белгілі бір тарихи дәуірлердің, нақты мәдени-тарихи оқиғалардың, түрлі халықтар арасындағы тілдік байланыстардың ізі бар. Сондай-ақ географиялық атаулар табиғаттың түрлі құбылыстары жайлы да көп мәлімет береді.
Балқаш көлінің атауы ұзақ та күрделі қалыптасты. Ежелгі қытайлықтар Си-Хай деп атады, түріктер мен моңғолдар өздерінің батысындағы жерлердің бәрін ақ түспен белгілеген. Олар бұл көлге Ақ теңіз деген ат берген. Жоңғарлар Балқаш-нор, ал қазақтар – Теңіз, яғни үлкен көл деп атаған.
Жаңадан туған бұл жұмбақ сыр көл зерттеуші ірі совет ғалымы Арсений Владимирович Шнитниковтың назарына ілікті. Ол мұндай табиғат құпиялары жайлы түрлі тарихи деректер мен Батыс Сібір және Қазақстан көлдерінің деңгейін бақылау нәтижелерін зерттей келіп, бұл көлдердің су деңгейі сырт көзге байқалмай, бірде жоғарылап, бірде тым төмен түсіп тұратындығын анықтады. Алайда табиғатта ешқандай құбылыс кездейсоқ болмайды, оның әр өзгерісі басқа да басы ашық себептермен тығыз байланысты. А.В.Шнитников нақ осы себептерді іздеді, іздеді де, тапты, бірақ оны көлдің өзінен емес, басқадан тапты.
Көлдер деңгейінің ауытқуы климат жағдайына байланысты болып шықты. А.В.Шнитников Балқаш көлі деңгейінің ең ұзақ ауытқу кезеңі 1800-1900 жылға тең екендігін анықтады. Бұл жаңа тұжырым, біріншіден, тарихи мағлұматтар бойынша, екіншіден, тек кәрі ағаштардың жылдық сақина белгілерінен, және үшіншіден, көл түбіне шөккен батпақ қабаттарынан көрінетін климаттың құбылу деректерімен анық сәйкес келеді. Көп ғасырға созылған бұл кезеңнің соңғы шегі ХVІ ғасырға келіп тіреледі. Сол уақыттан бері Балқаш көлінің деңгейі 7 метрге төмендеген. Көл деңгейінің ғасырлар бойғы ауытқуы 3-4 метр болған. Мұндай арнадан асу кезеңі Балқаш көлінде 1908-1910 жылдарда, су деңгейі 3,5 метрге дейін көтерілген. 1946 жылы көл суының деңгейі күрт төмендеп кетті, ал 1961 жылы қайта көтерілді, бірақ жайылу көлемі бұрынғысынан азырақ болды. Сол кезден бастап көл деңгейі төмендей түсуде. Көлдің суы неге тұщы, осыншама климаттық күрт ауытқуларға қарамастан көлдегі жан-жануарлардың көптеген түрлері қалайша сақталып келген ?
Балқаш көлінің маңызды бір ерекшелігі - көлемінің өте үлкен екендігіне қарамастан тым таяз: көлдің орташа тереңдігі алты метрге жуық. Сонымен бірге оның солтүстік жағасы тік жарқабақты жағасында онша байқала қоймайды, оңтүстік құмдауыт жағасының көп жерлері құрғап қалады. Балқаш айдынында жыл сайын бір метрлік су қабаты суланып кетеді. Көл көлемінің бұлайша қысқаруы булануға кететін судың мөлшерін азайтады, сөйтіп көлге ағып қосылатын су мен буланып ұшатын судың арасындағы баланс ұдайы сақталып отырады. Мұндай құбылысты ғылымда гомеостаз деп атайды. Балқаш тағы Ұзынарал бұғазымен екі бөлікке бөлініп жатыр. Бұғаздағы судың ағыны бір бағытта: батыстан шығысқа қарай ағады. Сондықтан да көлдің үлкен батыс бөлігі ағынды болып келеді және Іле өзені алып келетін тұздар мұнда шөкпей, шығыс бөлігіне қарай кетеді. Бірақ ең таңданарлығы, мұнда судың тым көп сортаңдануы байқалмайды. Бұл жөнінде Балқаш көлін зерттеуші, белгілі ғалым М.Н.Тарасов былай деп жазды: “...өзендермен, жер асты суларымен ілесіп және атмосфералық жауын-шашын арқылы Балқаш көліне аса көп мөлшерде тез ерігіш минералды тұздар түсіп тұрады. Мысалы, өзен суларымен көлге жыл сайын 4,07 млн. тоннаға жуық тұздар жетеді, жер асты сулары 1,35 млн. тонна және атмосфералық жауын-шашын 0,31 млн. тонна тұз алып келеді. Ал барлығы жылына көлге 5,73 млн. тонна тұз сіңеді. Жыл сайын осындай мөлшерде түсіп отырған жағдайда қазіргі кездегі көлдегі еріген тұздың мөлшері – 305 млн. тонна – небары 53 жылдың ішінде ғана жиналуы мүмкін. Алайда көлдің қазіргі тұздық қоры мен жоғарыда айтылған дер есебінен иондық ағыс арқылы жиналуы мүмкін болған аз ғана уақыттың арасындағы сәйкессіздікті тек қана көлдегі тұздың ұдайы азайып отырғандығымен түсіндіруге болады. Мұндай азаю түрлерінің бірі, сөз жоқ, – көлге ерімейтін қосындалар түріндегі карбонаттардың тұнба болып түсуі...” Енді көлдің батыс бөлігіне кальцит, ал шығыс бөлігіне – көбіне доломит тұнатындығы даусыз ақиқат болды. Карбонаттардың көл түбіне тұну процесінде, сондай-ақ, планктон мен жануарлар. Өйткені бұлар өзінің тіршілік қажеті үшін судан тиісті тұздарды бойына сіңіреді де, өлгенде көл түбіне шөгеді.
Міне, осымен Л.С.Бергтің “географиялық ғажайып құбылысының” сыры шешілген де сияқты көрінеді. Бірақ бұл әлі түбегейлі пікір түю жеткіліксіз. Балқаш деңгейі қайта көтерілгенде көптеген жаңа шығанақтар пайда болады. Бұл жыл сайын осылай қайталанып тұрады, анығырақ айтсақ, Іле өзендерінің суы тасып Балқашқа жеткенде осылай болып тұратын. Қазір бұл процесс күрт баяулады. Сонымен қатар қамысты қопалар да бойына көп тұз сіңіріп отырған. “Балқаш құпияларының” әлі де анықталмаған көптеген сыр-себептері болуы әбден ықтимал. Өйткені табиғаттың беймәлім сырлары шексіз ғой, бойындағы жұмбақтарын неғұрлым көбірек шешкен сайын ол бізге жаңа құпияларын соғұрлым молырақ жая түседі. Ондағы барлық тыныс-тіршілік өмірдің дами және баии түсуіне бағышталып үйлестірілген. Мәселен, Балқаш балықтарының уылдырық шашатын жерлерінің мезгіл-мезгіл құрғап қалып отыруының өзі судағы өсімдіктердің шіріп, көлдің түбін органикалық заттармен байытуына, майда балықтардың азықтық қорын молайта түсуге мүмкіндік жасайды. Міне, табиғат тіршілік тынысын осылайша қалыптастырған.
Көл жұмбақтары. Балқаш – өзіндік дара қасиеттері мол ерекше көл. Оның шөл даладағы бүкіл күрделі де қиын тыныс-тіршілігі өз бастауын Іле және Жоңғар Алатауларынан, Тарбағатайдан латын тау өзендерімен терең тамырлас, бұлар – Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз. Бұлардың барлығы дерлік көлге оңтүстіктен келіп құяды, ал өз арналарын 26 мың ұсақ өзендер мен бұлақтар арқылы біртіндеп толтырылады. Көлдің аумағы ондағы судың деңгейіне байланысты күрт өзгеріп тұрады, ол он бес, жиырма мың шаршы километр болады. Ал көлдегі су көлемі жүз миллиард текше метрге жақын.Бұл қазаншұңқырдың тек шығысынан ғана ұдайы ұйтқыған долы дауыл соғатын жіңішке Жоңғар қақпасы ашылды.
Көл тіршілігі судың әрбір тамшысынан табуға болатын ең ұсақ өсімдіктерден басталады. Барлық өзен, теңіз, мұхиттар мұндай өсімдіктерге бай. Олар Жер атмосферасына берілетін бүкіл оттегі мөлшерінің жартысын бөліп шығарады, ауаны көмір қышқыл газынан, ал суды мөлшерден тыс минералдық заттардан тазартып отырады. Бұлар – көзге көріне қоймайтын, фитопланктон деп аталатын бір клеткалы өте қарапайым балдырлар. Егер суды мұқият сүзсе, бұл балдырлар өсімдік шырышы сияқты әсер қалдырады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Балқаш көлі алабы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар география жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]