Курстық жұмыс: Психология | БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Курстық жұмыс: Психология | БАЛАНЫҢ  ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................................3
І ТАРАУ БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.
1.1. Баланың ойын іс - әрекеттерінің дамуы...............................................................5-8
1.2. Баланың оқу іс - әрекеттері және оның оқу барысында қалыптасып жетілуі............................................................................................................................8-11
1.3. Бала психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі-еңбек іс - әрекеттері............................................................................................11-13
ІІ ТАРАУ БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ.
2.1 Мектеп жасына дейінгі жасындағы баланың іс - әрекетінің дамуы.............................................................................................................................14-16
2.2. Мектепке дейінгі баланың оқу әрекеттерін зерттеу....................................17-18
2.3 Психологиялық әдістер арқылы баланың іс - әрекетін және психикасын зерттеу................................................................................................................................9-26
Қорытынды................................................................................................................27-28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................29

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы, мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне төн ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. "Әрекетіміз дұрыс болу үшін,— дейді Әл-Фараби, — біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз". Баланы іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды. Бала іс-әрекеті — күрделі процесс екендігі, оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесінің кіруі, іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажеттігі, өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағындығы, әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы екндігі, ол жеке мақсатты орындауға бағытталуы, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталуы, бала іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отыруы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Бала үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Баланың сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Бала психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Бала әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отыруы, бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы, сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Іс - әрекеттің жас кезеңдеріне байланысты дамуын зерттеуде психологиялық әдістер әңгіме әдісі, тест әдісі байқау әдістерін қолдану.
Теориялық қолданылымы: Мектеп жасына дейінгі баланың психикасын іс-әрекет арқылы дамытуда және ұйымдастыруды әдістер арқылы жүзеге асыру.
Практикалық қолданылымы: Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін мектептердің бастауыш кластарды оқыту процесінде енгізілген жағдайда , оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды.
І ТАРАУ. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ІС Ә-РЕКЕТ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Баланың ойын іс - әрекеттерінің дамуы
Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап өрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт-бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсеңділік көрсете алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік өз ерекшелігіне орай айрықша көрініске ие. Бұл белсенділік көрінісі іс-өрекет деп аталады. Бала іс-әрекеті - күрделі құбылыс. Оның қыр-тараптарын әртүрлі ғылымдар зерттейді: әлеуметтік мағынасын - қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерін - физиология пәні; ал психология - іс-әрекеттің психикалық болмысын танумен шұғылданады. Іс-әрекет психологиясын зерттеуде, әдетте, назарға жеке, дара адамның іс-әрекеті алынады, ал кейінгі уақыттары психологиялық зерттеулердің объектіне бірлікті, ұжымдық іс-әрекет те алынып жүр. Бала іс-әрекетінің нәтижесі - нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады. Тіпті адам бір нәрсені тек өз қажеттігіне жасап жатқанның өзінде, ол өз еңбегінде
басқалардан алған білімдерін қолданып, олардың төжірибесін пайдаланады.
Іс - әрекет қогамдық-тарихи категория. Шыныңда да, қалаған іс - әрекет қоғам қызметінемн тығыз байланыста, әрбір тұлға – басқа адамдармен қарым – қатынаста. Жеке іс - әрекет қоғамдық іс - әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қаастырылады. Қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс жеке, дара іс - әрекет жасалмайды. Жеке іс - әрекет қоғамдық іс - әекеттің құрылымды бөлігі болғандықтан, оны зерттеп талдау да осы жеке әрекеттің қоғам өміріндегі ролін білуден басталғаны жөн. Соңдықтан жеке іс-әрекет белгілі қоғамның кезеңдік тарихи сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.
Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың іс-әрекетіне тыс болуы мүмкін емес. Керісінше, іс-әрекеттің қайсысы болмасын қоғамдық қатынастардың іске асуын, байқататын негізгі формалардың бірі. Белгілі қоғамдағы іс- әрекет түрлері сол қогамдағы өндірістік күштердің даму деңгейі және қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесу анықталады. Іс-әрекетте ғана адам қогамдық тұлға, азамат болып танылады.
Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатынасумен түзілетін субьекттің объектпен байланысы. Қандайда бір іс-әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есіңде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл - күй шарпулары (эмоция) туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет-ұстамдары (установки) мен қатынастары қалыптасады. Бұларсыз ешбір іс-әрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердің бәрі осы іс-әрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.
Іс-әрекет қырларының ішінде психологияның зерттейтіні - іс-әрекеттің субьективтік жоспары, яғни әрекетшең адамның дүние шындығын өзінше бейнелеу деңгейі және формалары. Бұл бағытта психологияны қызықтыратын факторлар: сеп-түрткі (мотив), мақсат қою, ерік жұмсау, эмоциялар білдіру ж.т.б. - қоғамдық қатынастарды субъективті бейнелеудің арнайы формалары. Субъектке байланыссыз іс - әрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие емес. Ондай қасиет тек ерекет иесі - субъектте ғана болады.
Белгілі жағдайда адамды, нақты іс-әрекетке бағыттайтын ықпал қандай нөрсе? Адамды барша тіршілік сияқты белсенді іс-әрекетке келтіретін күш - бұл қажетсіну, яғни иңдивидтің өзінің тіршілік және дамуының қажетті жағдайларына тәуелділігінің көрсеткіші болып табылады.
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да озіне төн мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше "емдейді". Бірақ бүл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші — баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойынды кобінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі — жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К. Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г. Спенсер), ал үшінші біреулері — ойынды жай рақат табудың бір көзі (Қ. Бюлер) деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді, мұндағы қоғамдық фактордың рөлін еске алмайды. Орыс марксисі Г. В.Плеханов оз еңбектерінде ойын жоніндегі идеалистік теорияларды сынап, бала ойынының үлкендер еңбегімен байланысын, оның маңызы тарихи-әлеуметтік сипат алатынын дұрыс көрсетті.
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық (сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы оз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сойлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже кореді. Баланың осы тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше "ойын" болып сақталғанымен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін озіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру — ой-орісінің, омір тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлегі.
Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару т. б.) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі — мұғалімнің, қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнелеуі екінші сынып балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген өңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.

1.2. Баланың оқу іс - әрекеттері және оның оқу барысында
қалыптасып жетілуі.
Оқу — іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті — оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жұйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру — ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Меселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлүмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде, ұрынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде, бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысына түсінеді. Мәселен, "от жақса түтін шығады" дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, кезінің жетуі ұғыну деп аталынады. Бастауыш сынып оқушылары оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара бермейді. Оларды жай жаттап алады да, оз бетінше пікір айтуға орашолақ келеді. Бұдан анализ, синтез процестерінің балада онша дамымағаны керінеді. Мұғалім оқушы ойлауындағы анализге жеткіліксіз кеңіл бөлетін болса, бала материалдың бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның мәніне толық түсінбей қалады. Сондай-ақ, мүғалім синтездеу тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да, берілген мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі. Кейбір мұғалімдер баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына оның есқабілетін өсіруге ерекше мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес дегеі қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нәрсен бір-бірімен салыстырғызып, талдап жинақтатып дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал, материалды ез күйінше жаттап алу, оньп мағынасына түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш мектеп мұғалімдер осы жайды қатты ескергендері дұрыс....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]