Курстық жұмыс: Психология | Баланын ойын әрекеті және оның түрлері

Курстық жұмыс: Психология | Баланын ойын әрекеті және оның түрлері

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
І Тарау Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері............................................4-9
1.2. Ойынның ерекшелігі.................................................................................10-12
1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы..............................................13-20
ІІ Тарау Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу
2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту...............................21-24
2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту..................25-26
2.3. Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері............27-29
Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының призденті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компбютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні технология психологияны оқытуда мектепке дейінгі жастағы балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында балада ойын әрекеті және оның түрлері арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты дамытуда басты құрал болып саналады.
Зерттеудің мақсаты. Балада ойын әрекеті және оның түрлерін зерттеу.
Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
- Таным процестерін дамытатын ойын түрлері;
- Ойынның ерекшелігі;
- Ойынның психологиялық даму теориясы;
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
- Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту;
- Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері;
Зерттеудің теориялық қолданымы. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі.
Зерттеудің практикалық қолданымы. Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бла ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.
І Тарау Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері
Баланың өмірге кадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендерің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі максаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойны мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын-жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасындаайырма шамалы деген тұйін жасайды. Өйткен», әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайратжұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмағанойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да, жақсы жұмыста көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген тусінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
a) Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілтіреді.
б) Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
г) Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танам-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарды тек балаларымыз ды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасуы құралы деп те ерекше бағаланған. Қазір бізге жеткен ұлт-ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар – балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер-жігіттердің ең алдыменұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендіктері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», Ақ сүйек», «Тоғыз құмалақ», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойыдарының ғасырлар бойы өмәр сүргендінін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтыны «Ақ сүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа. Ептілікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрін – «он бір қара жұмбақ» деп атайды. Оның басты ерекшелігі есеп сұратарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», және тағы басқа тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептеліген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап бала психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шындыққа, ептілікке баулу, шапшаңдыққа, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кз-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз билігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы балалардың бойында өнердің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа, ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да, алғыр, шымыр да, епті, қайратты да, қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір ойнай да, ойлай білсін!
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2. Қәйта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жузеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындәр.
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Бүгінгі таңда қоғамьмыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидаткалы; ойындар оқушыпардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды қыралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балапәрдың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінің ойлау, зерде үрділерін дамытады. ӨмІр тәржірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерф жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рол атқарады.
6.Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
6. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
7. Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы балалардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойда қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетің қызығушылығын дамыту.
8. Ұлы Абайдың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар ез еңбектерінде айтып кеткен. Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы. С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.
9. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы ВАСухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
10. Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
11. Д.Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде "ойынды" айтуға болады.
12. Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын турлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
13. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орыңдауға тырысады.
14. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
15. Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
16. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
17. Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлеңдіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, етілген материалды кайталағанда, білімді тиянақтау жөне тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
18. Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде "ойын'' түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден бапалардың қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТШ ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
Қуыршақтың туған күні
Сіз балаға жақын арада Катя есімді қуыршақтың туған күні екендігін айтып, оны құттықтау үшін қонақтар келетінін хабарлайсыз. Ал қонақтардың есімдерін сіз оған кейінірек айтуыңыз керек. Сіз төрт-бес ойыншық алып (қуыршақтар, қояндар, қонжықтар жэне т.б.), балаға олардың есімдерін атап шығасыз. Сосын қонақтардың барлығы үстел басына отырып шәй ішуге кіріседі. Бала қонақтардың эрқайсысының аттарын айтып шәй ұсынады. Ойынды қуыршаққа әртүрлі қонақтарды шақырып және оларды әртүрлі есімдермен атап түрлендіруге болады. Бара-бара қонақтардың саны алты-жетіге дейін көбейеді.
Суреттерді есіңе сақтап ал.
Бұл ойып ушін алдын ала 10-12 сурет дайындау қажет. Әр суретте бір заттың сурсті болу керек. Ойынды бірнеше балалардың арасындағы жарыс түрінде огкізуге немесе баламен өзіңіз жарыссаңыз болады - кім көбірек суретті ссіне сақтап қалар екен. Ойыншылар суреттерді екі-үш минут ішінде мұқият қарап шыққан соң, суреттер алып тасталынады. Содан кейін барлығы сстеріне сақтап суреттерді атай бастайды. Кезекпен бір суреттен атауға болады. Соңында басқалары әлі атамаған суретті кім атаса, сол жеңіп шыққан болып саналады.
Бір-бірінің айтқанын қайталау.
Бұл ойынды бір немесе бірнеше баламен ойнауға болады. Бірінші ойыншы кез-келген сөзді айтады, екіншісі соны қайталайды да, оған өзінің ойындағы бір сөзді қосып айтады. Сөйтіп, әр ойыншы естіген сөздерді қайталап, оған өз сөзін қоса береді. Қателескен ойыншы ойыннан шығады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Баланын ойын әрекеті және оның түрлері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]