Курстық жұмыс: Психология | Балалардың агрессивті мінез-құлқына компьютерлік ойындардың ықпалын психологиялық тұрғыда зерттеу

Курстық жұмыс: Психология | Балалардың агрессивті мінез-құлқына компьютерлік ойындардың ықпалын психологиялық тұрғыда зерттеу

Мазмұны
Кіріспе ...........................................................................................................
1 бөлім. Компьютерлік ойындардың агрессивті мінез-құлқына әсер ету факторы ретіндегі проблемаға теориялық талдау.
1.1 Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері...............................
1.2 Компьютерлік ойындардың адамның мінез-құлықтық
сипаттамасына әсер етуін зерттеудің теориялық
негізі..........................................................................................................
1.3 Компьютерлік ойындармен әуестенетін жеткіншектердің
агрессивтілік мәселесі.............................................................................
1 бөлім бойынша тұжырым..........................................................................
2 бөлім. Компьютерлік ойындардың жеткіншектер агрессивтілігіне әсер етудің эксперименталды зерттеліну жайы
2.1 Зерттеу мақсаты, жоспары, әдістемелер кешеніне
сипаттамалар............................................................................................
2.2 Компьютерлік ойындармен әуестенетін түрлі дәрежедегі
жеткіншектердің агрессивтілік деңгейін зерттеу мәліметтерін
талдау........................................................................................................
2.3 Агресивтілікті жоюдың, алдын алудың психокоррекциясы............
Практикалық - әдістемелік нұсқаулар
Қорытынды...................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................
Қосымшалар.................................................................................................

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді, дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі және мектептегі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі.
Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты қалыпта болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді : « Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат, зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивті әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандаудан көрініс табады.
Зорлық-зомбылық және агрессия мәселесі күннен-күнге өзекті мәселеге айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге жету күресінің құралы ретінде агрессивтілік ашық және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Мұндағы жасырын формаға компьютерлік ойындар жатады. Агрессивтілік жеткіншектердің жеке тұлғасында негізінен қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан, үлкендердің оларды түсінбеуіне қарсылық көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті мінез-құлық көрсетуінен байқалады.
Қазіргі кезде жеткіншектерге жаңа заманғы жеке өздерінің компьютерлері зиянды қауіп төндіріп отыр. Жеткіншектер әртүрлі көптеген компьютерлік ойындарға өзінің бос уақытының бәрін дерлік арнайды. Он бес жыл бойы фантазиядағы (ойындағы) және шынайы өмірдегі жауыздықтың арасында тығыз себеп-салдарлық байланысы бар ма деген пікір таластар жүруде. Алайда, психологияда компьютерлік ойындарға бейімділіктің, агрессивтіліктің жеке тұлғалық қасиет ретінде қалыптасуына ықпалы аз зерттелінген.
Бүгінгі күні білім беру саласын компьютерсіз елестету мүмкін емес. Балалар бұл күрделі техниканы жылдам және үздік меңгеруде. Меңгеру барысында мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті жылдамдап, өзіне тиісті қызметтерді жетік жоспарлайды және өмірге икемді келеді.
Компьютермен айналысу бала үшін пайдалы болғанымен, ұзақ уақыт экран алдында отыру жүйке жүйесіне күш түсіреді, ұйқысы бұзылады, психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін, арқасы, мойын еттерінің ауыруы байқалады.
Ал, компьютер ойындары балалар үшін оқу тапсырмаларынан гөрі ауыр. Әр түрлі ойындар реакция жылдамдығын қажет етеді. Олар балаға түрлі оқиғаның ішінде жүргендей сезінуге мүмкіндік береді, көптеген балалар ойыннның виртуальды әлеміне кіріп, жарысу кезеңдерін бастан өткізіп, жеңуге ұмтылумен сағаттар бойы отыруға дайын. Компьютерлік ойындардағы зорлық-зомбылық көріністері және соның салдарынан пайда болатын агрессивті фантазиялар жеткіншектерге де, қоғамға да қауіп төндіріп тұр. Жеткіншектер виртуалдық әлемде рұқсат етілетін жауыздық қимыл, іс-әрекеттерді ойынның мақсатына жету үшін қолдануға әдеттеніп, шынайы өмірде де өз көргендерін іс жүзінде асыруға, бірте-бірте өз мәселелерін шешетін әмбебап құрал ретінде қолдануға болады деген ұстанымның қалыптасу мүмкіндігі бар.
Психологтар, мұндай ойындар баланың психологиясын бұзады деп қатаң ескерту жасауда. Ойынға берілген бала мінез – құлқында өктемдік, аямаушылық, ойланбаушылық, белең алады екен. Өкінішке орай, бізде ойды дамытатын, білім үйрететін бағдарламалар саны шектеулі, таңдап, талғап пайдалануға мүмкіндік жоқ.
Теледидардағы қорқынышты фильмдер, компьютерлік ойындардағы күштеу элементерінің ықпалы туралы мәселе де әлі шешілмеген. Бірақ ,
агрессиялық мінез-құлық табиғаты біршама зерттелді. Сол себепті агрессияны зерттеу бағытының негізгі теорияларын көрсетуге болады. Атап айтсақ, инстинкт теориясы (З.Фрейд), агрессияның фрустрация теориясы (Дж. Доллард), когнитивті теория (З. Берковитц) және әлеуметтік үйрену теориясы ( А.Бандура) [1].
Агрессиялық мінгез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі бұл теориялар бір-бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін туғызады. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез-құлық моделін көрсетеді. Мысалы, кіші жеткіншек жастағы балалар басқа балалармен өзара әрекеттестікке және өзара қатынас барысында түрлі мінез-құлық модельдерін меңгереді.
Мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік, жеке–даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторлардың жүйелі талдануының жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын тәрбиелік-сауықтырушы жұмыс та толық үздіксіз жүргізілуі керек. Сондықтан жеткіншектегі ерте қалыптасқан мінез-құлықтық мәселесі, оның қалыптасуының сипаттамасын жүйелі талдау және үздіксіз адекватты тәрбиелік-түзетуші жұмыс баланың жағымсыз әлеуметтенуіндегі агрессиялық мінез-құлықтан сақтап қалудың сәті болып табылады.
Біздің балаларға компьютерленген қоғамда өмір сүруге тура келеді, сондықтан оларды комьютермен айналысуда сауатты болуды үйретумен бірге денсаулығына зиян келтірмейтін жағын да үйреткеніміз абзал.
Ғылыми – техникалық әлемнің дамуына байланысты жеке тұлғаның өмір сүруіне жаңа әлеуметтік талаптар қойыла бастайды. Ойын-сауық индустриясының жаңа түрі - компьютерлік ойындардың пайда болуы жеке тұлғаға, оның ерекшеліктеріне жаңа зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Балалардың агрессивті мінез-құлқына компьютерлік ойындардың ықпалын психологиялық тұрғыда зерттеу.
Зерттеу объектісі. Түрлі дәрежедегі компьютерлік ойындармен әуестенетін 13-14 жастағы жеткіншек балалар.
Зерттеу пәні. Жеткіншек жастағы балалардың агрессивтілігінің психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеудің болжамы. Агрессивті, зорлық-зомбылық, жауыздық мазмұндағы компьютерлік ойындар жеткіншектердің агрессивтілік дәрежесінің артуына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Зерттеу болжамы анықталған соң, келесі зерттеу міндеттері туындайды:
1. Агрессия мәселесіне байланысты шетелдік, Ресейлік, Отандық авторлар еңбектеріне терең теориялық зерттеу жасау.
2. Компьютерлік ойындар тарихы, компьютерлік ойындардың психикаға әсері жөніндегі қағидаларды қалыптастыру.
3. Жеткіншек жасындағы балалардың психикасына компьютерлік ойындардың агрессивті ықпалын анықтайтын әдістемелердің кешені іріктеліп, таңдалуы.
4. Іріктелген әдістемелер қазақ тобы балаларына лайықталып, бейімделуі.
5. Әдістемелердің нәтижелері статистикалық жолмен өңделіп, қорытындысы негізделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
1. «Медиазорлық», «медиамәтін», «медиаэфект» сынды ғылыми терминдер қазақ тілінде бейімделіп, оларға ғылыми түініктеме берілді.
2. Агрессивті компьютерлік ойындардың қатыгездік мазмұн сипатындағы компьютерлік ойындардың баланың бойында агрессивтілікті дамытантындығы жөнінде ғылыми болжам расталды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Бұл жұмыста әлі зерттелмеген тың мәселе компьютерлік ойындардың баланың жеке басының қалыптасуына ықпалы сөз етіледі.
Компьютерлік ойындардың жіктелуі, мазмұны терең талданып, сараланады. Жеткіншек жастағы компьютерлык ойындармен әуестенетін балалардың психикалық даму ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық аспектілері айқындалады.
Зерттеудің практикалық құндылығы.
Дипломдық зерттеу жұмысы мұғалім-педагог еңбектерінде, педегог-психологтардың қызметінде, жалпы отбасы яғни бала тәрбиесінде ересектерге, ата-аналарға көмекші құрал ретінде үлкен септігін тигізетін материал бола алады.
Зерттеу жұмысының базасы. Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық лицейдің 7-8 сынып оқушылары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімінен, эксперименталды зерттеу бөлімінен, қорытындыдан және пайдаланған 50 әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 65 бет.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Осы зерттеу жұмысымызға өзек болған агрессияны инстинкті, қастандық әрекет, сана мен санасыздықтың арасындағы дау - дамай, әрі ол жеке адамның психологиялық қорғанысының бір түрі ретінде қарастырған З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. ілімдері, агрессиялық қимылды эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырған Дж.Доллар, Л.Берковиц, С.Розенцвейг еңбектері; К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз түсіндірулеріндегі шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті қорғаныс реакция туралы ілімі; әлеуметтік оқыту бағытын көрсетін С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильманның агрессивтік үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі деп қарастырылған теориялар.
1 бөлім. Компьютерлік ойындардың агрессивті мінез-құлқына әсер ету факторы ретіндегі проблемаға теориялық талдау
1.1 Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері
Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі.Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Психолог А.А.Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді)- бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.
Агерессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі.Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады.Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.
А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі.Оны мынандай сызба түрінде ұсынады:
Сызба 1.1
Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай әрекеттерге барады, деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі - агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Көптеген әр түрлі бір-біріне қарама –қайшы теориялық негіздерге қарамастан Р. Бэрон мен Д. Ричардсонның пікірінше [8 с. 35] олардың көбісі келесі төрт категорияның біріне сәйкес келеді. Агрессия бірінші кезекте мыналарға қатысты :
1. Туа пайда болған түрткілер немесе нышандарға
2. Сыртқы стимулдардан белсенетін қажеттіліктерге
3. Танымдық және эмоционалдық процесстерге
4. Бұрынғы тәжірибемен үйлескен көкейкесті әлеуметтік және эмоционалдық жағдайларға байланысты.
Агрессивтілік эмоцияның көрінуі әрекеті, яғни сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрінуіне орай бірнеше теориялар бар.Олай болса, соларға тоқталып кетейік.
Агрессияға қатысты ең алғашқы және белгілі теориялық ой бойынша , бұл мінез – құлық табиғатынан инстинктивті болып келеді. Бұл теориялық ойға сәйкес, адамдар осы тектес әрекеттерге генетикалық алдын ала программаланғандықтан, агрессия туындайды.
Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымның негізін қалаушы З.Фрейд.
Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл тікелей болмаса жанама «эростың» ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып, мықтылануына бағытталған энергия көзі ретінде қарастырылады. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыл алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның деректемесінің тәртібін психоанлитикалық анықтамада – « Танатос » деп көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандауға деген инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өмірге ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған[ 6].
Үлкен қарама – қайшылықтың бір бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы, ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы, өзімнен бой алып, өзіме бағыттау. Фрейдтің тұжырымы бойынша бүкіл адазат әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады( Сызба 1.1 назар аударыңыз)
Агрессияның өзгеге бағытталуы
Сызба 1.2
Агрессияның өзгеге бағытталуы: Инстинкт пен әлеуметтік норманың бір-біріне қайшылығы, қимылдың шектелунен ішкі жағдайдың туу салдарынан агрессияның, яғни зорлықтың пайда болуы. Адам зорлықты өзіне, өзгеге және қоршаған ортаға қатысты жасайды. Өмірге құштарлық және өлімге ұмтылу, осы қарама-қайшылықтың түсінігі махаббат пен өшпенділіктің бірдей теңдігін көрсетеді. Өлімге ұмтылуы зорлық-зомбылықты әкелсе, ал махаббат агрессивтілікті ( сексуалдық) тудырады. Фрейдтің агрессияны табиғи қайнар деп қарастыруы писсимистілік. Бұл әрекет тек туа бітіп қоймай, танатостың энергиясы іштен шықпай қалуы индивидтің өзін-өзі талқандалуына әкеліп соқтырады. Агрессияның сыртқа эмоция арқылы көрінуі, талқандаушы энергияның азайып, жеңілдеуін ыңғайлы тәсілмен сыртқа шығарылуы көңілге үміт ұялатады. Осылай әрдайым сыртқа шығарылып отырылуы агрессивті мінез-құлықты, қызбалықты, кешілдікті, сарказм мен өсекке жақындылықты бойына сіңіруі мүмкін
Этнологиялық көзқарас: К.Лоренц агрессия – бұл ұзақ эволюциялық даму деп қарастырады. К.Лоренцтің ойы бойынша агрессия – бұл біткен инстинк, өмір сүру үшін күресу, бүкіл адамдарға және жануарларға тән қасиет.Адам бұл өзінің әрекеті табиғатқа тиесілі екенін түсінуі қажет.Агрессияны зерттей келе ол оны жануарлармен ортақ табиғи заңдылық деп қарастырады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі және оны коррекциялау
» Курстық жұмыс: Информатика | Компьютерлік қосымшамен есептеу әдістері
» Курстық жұмыс: Психология | Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіпке психикалық анализ
» Курстық жұмыс: Психология | Бала агрессиясы және одан шығу жолдары
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сете сақтау процесінің дамуын зерттеу

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Балалардың агрессивті мінез-құлқына компьютерлік ойындардың ықпалын психологиялық тұрғыда зерттеу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]