Курстық жұмыс: Психология | Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру

Курстық жұмыс: Психология | Балалардың   оқу  мотивациясын қалыптастыру

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының
психологиялық сипаттамасы.
1.1.Оқу процесі және оның психологиялық ерекшеліктері..............................4
1.2.Оқу іс - әрекетінің мотивтері және жіктелуі............................................10
1.3. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат, эмоция және қызығушылықтардың рөлі.............................................13
ІІ. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру.
2.1. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары...........................................................................................................17
2.2.Оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін
арттыру..................................................................................................................19
2.3. Оқыту барысында балалардың әлеуметтік белсенділігін
қалыптастырудың жолдары..................................................................................23
Қорытынды........................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................34

Кіріспе
І. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының
психологиялық сипаттамасы.
1.1.Оқу процесі және оның психологиялық ерекшеліктері
1.2.Оқу іс - әрекетінің мотивтері және жіктелуі
1.3. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат, эмоция және қызығушылықтардың рөлі
ІІ. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру.
2.1. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары
2.2.Оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін
арттыру
2.3. Оқыту барысында балалардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу
мотивациясын алыптасытрып, белсенді оқуды
жүзеге асырумен қатар баланың өзін - өзі
тексеру, бағалау ептілігін өзін - өзі бақылау мен
өзіне - өзі баға беру әрекетін орындауды талап
етуі осы жұмыстың басты мақсаты болып
табылады.
Зерттеудің міндеті: Бастауыш мектеп жасындағы баланың оқу
мотивациясын қалыптастыру және өзін - өзі
бақылау мен бағалауды жүзеге асыруда әрбір бала
оқу әрекетін табысты орындауы үшін оларға оқу
нәтижесін меңгерте отырып түсіндіру.

Зерттеудің әдістері: Бестауыш мектеп жасындағы балалардың оқу
мотивациясын қалыптастыруды психологиялық
әдістердің бірі байқау, әңгімелесу, анкета,
тәжірибелік, лабараториялық әдістерді қолдану
арқылы мұғалімнің жетекшілігімен іске асатын оқу
іс - әрекеті, оқу тапсырмасы, өзін - өзі бақылау
және өзін - өзі бағалау әрекеттерін зерттеу болып
табылады.
Бестауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясын қалыптас-тыруда баланың оқуға деген ішкі құмарлығын, баланың оқуды өз-өзіне, өз тәжірибесіне және өз өміріне қолдана алатындай етіп үйрету. Оқу – бұл тек оқу жұмысының техникасы ғана емес, ең бастысы мектептен тыс дара, қайталанбас тәжірибесіне сәйкес өзінің міндеттерін шеше алатыннақты бала тұлғасын тәрбиелеу.
І. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық сипаттамасы.
1.1.Оқу процесі және оның психологиялық ерекшеліктері.
Оқуды басқару балалардың осы іс-әрекетті қалыптастыруы болып табылады. Оқуды бастамастан бұрын бала оқу міндетін (түсіну, өзі үшін қабылдау, өз бетіпше анықтау) меңгеруі тиіс. Толық құнды оқу белсенді оқу әрекетінсіз — оқу жұмыстарының әдістері, тәсілдерінсіз (мысалы, оқытылатын пәнінің әр түрлі жақтарын салыстыру, олардан жекелеген белгілерді бөлу, оларды қайта құру және қайта қарастыру, сызба, модель құрастыру) мүмкін емес. Белсенді оқуды жүзеге асыру сонымен қатар баланың өзін-өзі тексеру, бағалау ептілігіп, яғни өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетін орындауды талап етеді.
Сонымен, тұтас оқу іс-әрекетіне міндетті түрде осы барлық компоненттер - оқу міндеті, оқу әрекеті, өзін-өзі бақылау және бағалау әрекеті кіреді. Психологиялық әдебиетте оқу іс-әрекетінің осы әрбір компонентінің ерекшеліктері талдап сипатталған. Сөйтіп, баланың оқу міндеттерін қабылдауы балалардың бірқатар практикалық жағдайларға тап келген кезде, мұғалімнің өзінің әңгімесімен немесе сұрақтары арқылы сабақта балаларға тапсырманы не үшін, неліктен орындау керектігін ашып айтқан жағдайда іске асады. Бала бұл уақытта (сапалы немесе сапасыз түрде) бұл тапсырмаларды өзі үшін оқу мағынасымен, өзінің мүмкіндіктерімен салыстырады, яғни мұғалім міндетін өзі үшін алдын ала анықтайды немесе қайта анықтайды. Осы кезең баланың оқу іс-әрекетіне дайындығын тудырады, бұл оқудың ары қарай жүру барысында оқу процесін ұйымдастыруға қарай өсуі де, өшуі де мүмкін.
Оқу әрекетінің орындалуы балалар жұмысқа кірісуге дайын боғганнан кейін толығымен күшейеді. Оқу әрекеті — бұл баланың оқу материалымен белсенді әрекет жасай алуы. Бұған талдау, салыстыру, өзгерту, модельдеу, т.б. әрекеттер кіреді. Оқу процесінде мұғалім балаларды оқу материалын қайта өндеу және жүйелеудің күрделі тәсілдеріне, жалпы припциптерді айқындап, нақтылауға, сстс сақтау, зейінді шоғырландыру әдістеріне, бақылау әдістеріне және т.б. үйрете алады. Оқу жұмысының тәсілдері мен амалдарының қалыптасқандығы оқу іс-әрекетінің кемелденгендігінің басты көрсеткіші болып табылады. Оқу іс-әрекеті — бұл ғылыми түсініктерді меңгеруде әрекеттің қорытынды тәсілдерін игеруді қамтитын, бағытталған іс-әрекет. Әсіресе жұмыстың жаңа тәсілдерін меңгеру оқушының бойында өзгеріс туғызады, ақыл-ой дамуында жаңа ерекшеліктерінің пайда болуына әкеледі, оның тұлғасының жаңа сапаларын толықтырады.
Балалардың өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруы оқу әрекетін табысты орындау үшін қажет. Психологияда өзін - өзі бақылаудың үш түрін ажыратады.
Қорытынды — жұмыстың нәтижесі бойынша. Мысалы, бала жұмысты орындайды және оны үлгідегі нәтижемен салыстырады (жауабы кітапта, үлгісі тақтада).
Қадамдық, операциялық — жұмыстың барысы бойынша. Мысалы, бала жұмысты орындайды және оны орындау процесінде (өзі немесе мұғалімнің сұрағына) өзінің не істеп отырғанын, тапсырманы қандай тәсілмен орындайтынын айта алады. Өзін-өзі бақылаудың осы тәсілі толық пісіп-жетілген болып табылады, өйткені баланың жұмысты аяқтауына дейінгі қатені жеңуіне, жұмысты түзетуіне мүмкіндік береді.
Болжаушы, перспективалы, жоспарлаушы, озып шығушы — жұмыстың басталуы алдында. Ол баланың (өзі немесе мұғалімнің өтініші бойынша) жұмысы қандай кезеңдерден тұратынын, оның бірінші, екінші, үшінші кезеңдерде не болатынын анықтай алуынан тұрады. Өзін-өзі бақылаудың бұл түрі өз оқу жұмысын реттеудің ең күрделі түрі болып табылады, ол қатені ескертуге, оқу жұмысын толығымен жоспарлауға мүмкіндік береді. Егер өзін-өзі бақылау — баланың жұмыс кезеңдерін және олардың бірізділігін бөлу болса, онда өзін-өзі бағалау — бұл баланың өзінің осы кезеңдерді меңгеру өлшемін бағалау.
Өзін-өзі бағалау баланың нақты мүмкіндіктерімен салыстырғанда барабар және барабар емес (жоғарғы және төмен) болуы мүмкін. Сонымен, оқу — міндетті түрде толық немесе ықшам түрдегі дайындықты жасау бөлімін, оқу міндетін қабылдау, оған бағдарлану бөлімін, оқу әрекетінің бөлімін, оқу материалын өзгерту бөлімін, өзінің оқу жұмысының бақылау, бағалау бөлімін қамтитын күрделі іс-әрекет. Оқуды тұтас іс-әрекет ретінде бұлай түсіну оны ойлау, ес, зейін, т.б. жеке психикалық функциялардың жиынтығынан тұрады деп санайтын аяғыпа дейін құрып бітпеген функционалистік түсініктерге қарсы тұрады. Оқу үшін ең бастысы осы функциялардың "өтуі" емес, баланың белсенді іс-әрекетке қатысуы болып табылады: сонда ғана осы баланың тұлғалық даму міндеттері шешіледі; бұл іс-әрекет баланың меңгерген, оған қолайлы тәсілмен жүзеге асуы тиіс.
Оқу — бұл тек оқу жұмысыпыц техникасы ғана емес, ең бастысы, мектептен тыс дара, қайталанбас тәжірибесіне сәйкес өзінің міндеттерін шеше алатын нақты бала тұлғасын тәрбиелеу. Оқу процесінің барысында мұғалім тек оқытып қана қоймай, дамушы тұлғапы тәрбиелейді, қалыптастырады. Бала әрқашан (анық немесе анық емес) мұғалім арқылы берілген оқу әрекетінің қоғамдық-дағдыланған тәсілдерін қолданады, өз тапсырмаларын, өзінің әрекеттерін және бағаларын жұмыс тәсілімен, қоршағандардың бағасымен салыстырады.
Бір ғана оқу іс-әрекеті әр түрлі балалар үшін әр түрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Бұл жалпы алғанда олардың оқу мотивациясын анықтайды. Әрбір нақты жағдайдағы оқу мотивациясын және оның балалар үшін мағынасын анықтау мұғалімнің тәрбиелік өсер ету шараларын айқындауда шешуші рөл атқарады.
Бір бала әр түрлі оқу пәнін түрліше оқиды, өйткені оның осы пәндерге қызығушылығы бірдей емес, осының нәтижесінде ол өзінің оқу іс-әрекетінің мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайды. Мысалы, бала биологияны ұнатпайды, ақыл-ой жұмысының сәйкес тәсілдеріне ие болғанымен, оны қолданбайды және мүмкіндігі бола тұра, нашар оқиды. Сол бала бір оқу пәнінде мотивацияның кемелденген түрін көрсетсе, ал басқасында енжарлық танытуы мүмкін. Бұл жердегі оқу іс-әрекетіндегі әр түрлілік түрлі оқу пәндеріне мотивацияның сәйкес келмеуінен байқалады. Бұл жағдайдағы педагогикалық жұмыс "ұнатпайтын" пәнге, нақты жағдайда биологияға қызығушылығын қалпына келтіруден тұруы керек.
Оқу барысында баланың бір мінез-құлқы әр түрлі мотивтерден туын-дауы, яғни бала үшін әр түрлі мәнділікке ие болуы мүмкін. Мысалы, бала есепті бір ғана тәсілмен шешуі мүмкін, бірақ бірінші жағдайда ол мұны мұғалімнен жақсы баға алу және ата-анасының мақұлдауы үшін, келесісінде — құрдастарының беделіне ие болу үшін істейді, үшінші жағдайда ол сол пәннің мазмұнына қызығады, төртінші жағдайда ол осы пәнді оқу арқылы болашақ мамандығына барар жолды байқайды, бесінші жағдайда бірнеше талап-ниеттерінің үйлесімі әрекет етеді. Осы жағдайдың бәрінде әрекет біреу ғана ал мотивтер әр түрлі. Мотив және мақсаттың қатынасы бала үшін оқудың мағынасын қалыптастырады.
Әр түрлі жас кезеңінде сол бір ғана мотив бала үшін әр түрлі мағынаға, яғни ол әр түрлі қозғаушы күштерге ие. Мысалы, бірінші сыныпта қосымша әдебиетті оқу мотиві баланың өмірі үшін мәнді болып табылмайды, ал жоғары сыныпта ары қарай білім алуға дайындалумен байланысты, ол өмірлік мәнге ие болуы ықтимал.
Кеңес психологы С.Л.Рубинштейн мынаған көңіл аударған: баланың мінез-құлқының бір ғана актісі оның ішкі мазмұнына байланысты мәні бойынша мүлде әр түрлі қылық болуы мүмкін. Мысалы, оның жазуынша, бала үлкенге басқа баланың жалпы мінез-құлық ережесін бұзғаны туралы шағымданады: бір жағдайда шағым баланың бұл ережені орындау керек пе екенін тексеруге мүмкіндік береді; екіншісінде ол шындығында топтағы тәртіпті сақтауға ұмтылуы мүмкін; үшіншісінде жолдастарына қолайсыздық тудыруға ниеттенуі мүмкін.
Оқудың мағынасы — бұл баланың оқуға ішкі құмарлығы, баланың оқуды өз-өзіне, өз тәжірибесіне және өз өміріне "қолдануы". Оқудың мағынасын, оның тұлғалық мәнін түсіну білімді меңгеру барысында "автоматтанған" түрде өтпейді. Білімді тәрбиелеу үшін, А.Н.Леонтьевтің айтуынша, білімнің өзіне қатынасты тәрбиелеу керек. Ягни, оқыту барысында балалардың білімге, оларды игеру тәсіліне белсенді ішкі қатынастарын қалыптастыру.
Әрбір оқушы үшін оқудың мағынасы оның қоршаған ортасынан (қоғам, отбасы) игеретін құндылықтар, идеалдар жүйесіне сүйенеді, осының арқасында оқуды бастағанға дейін балаларда оның мағынасы жайлы түсініктер қалыптасады, ал орта мектепте оқыту барысында мағына мәнді өзгерістерге ұшырайды.
Оқудың мағынасы — күрделі тұлғалық білім беру. Ол келесі кезеңдерді қамтиды:
- оқудың объективті мәнін баланың ұғынуы, бұл баланың әлеуметтік орта мен отбасында қабылдаған қоғамдық адамгершілік құндылықтарына сүйенуге саяды;
- өзі үшін оқудың субъективті мәнін түсіну, ол міндетті түрде баланың талаптану деңгейі, өзін-өзі бақылау, оқу жұмыстарын және оның жекелеген бөліктерін бағалау арқылы анықталады; өзінің талаптану деңгейін анықтауда бала қазіргі өз мүмкіндіктеріне (оны психологтар актуалды "Мен" деп атап жүр), қандай мүмкіндіктерге ие болуға тиіспін деген түсініктерге (потенциалды "Мен") сүйенеді. Осының барлығы "субъективті жауапкершілік аумағын" толығымен анықтайды. Яғни, оқу мағынасы оқу іс-әрекетінің, оның компоненттерінің (оқу жаттығулары, оқу әрекеттері, өз-өзін бақылау және бағалау) қалыптасу деңгейімен және тұлғалық құрылыммен (талаптану деңгейі және т.б.) байланысты, ол бала тұлғасының ең терең қабат-қатпарларына қатысты....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясы
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынын жасындағы балалардағы ақыл-ес дамуының қайнар көздері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы педагогика

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]