Курстық жұмыс: Нарықтық экономиа | Баға белгілеу саясаты

Курстық жұмыс: Нарықтық экономиа | Баға белгілеу саясаты

Мазмұны

Кіріспе
1. Баға белгілеу саясаты
1.1. Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі
1.2. Баға белгілеу факторлары
2. Баға белгілеу тәртібі
2.1. Баға белгілеу тәртібі және оны тағайындау кезеңдері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында қоғамдық өндірістің әр саласында қызмет ететін экономикалық субъектілердің баға қою ең алдымен көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына, яғни экономикалық деңгейі, өсу қарқыны сияқты жағдайларға тікелей байланысты. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңінде бағаны тағайындау жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен, елді инфляция мен гиперинфляцияға әкеп соқтырды.Соның әсерінен баға өндірістің өсуіне кедергі келтіріп, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандырмады.Бұл дегеніміз баға өзінің экономикалық міндеттерін дұрыс атқармағандығында деген ұғымды береді. Сол кезден бастап отандық кәсіпорындардың көпшілігінде бағалар құру саясатын ұйымдастырды.
Тауардың бағасы клиентті тартуы да немесе теріс қаратуы да мүмкін. Маркетинг жетістіктерінің кепілдіктерінің бірі болып дүрыс таңдалған бағалық стратегия танылады. Ал бұл баға саясатын жүргізу кәсіпорынның өз тауары мен қызмет түрлерін өткізу үшін түпкілікті баға бекіту туралы дұрыс шешім қабылдауына тиімді, әрі оңтайлы әсер етеді.
1. БАҒА БЕЛГІЛЕУ САЯСАТЫ
1.1. Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі
Баға өзінің макро-микроэкономикалык мағынасында объективті нарықтық факторлармен, өндірістің белгілі бір шарттарымен, нарықта тауарды өткізу жағдайларымен анықталады және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын бейнелейді. Баға белгілеудің маңызды қызметі -барлық шығатын шығындарды жаба отырып, пайда табу.
Баға - нарық реттеушісі, ол тауарлардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осылайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Бағаға деген маркетингтік көзқарастың классикалық теория-дан айырмашылығы - тұтынушының сұранысына, мүқтаждықтарына және нені ұнатуына, сонымен қатар, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты бағаның икемділігінде. Тұтынушыны өндіріс шығыны емес, оның нәтижесі, тауардың пайдасы мен сапасы, қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі қызықтырады.
Баға - шығындарды талап етпейтін, ерекше күш-жігерсіз-ақ кіріс әкелетін маркетинг-микстің ең икемді элементі. Өндіріс бәсекеге қабілеттілігі, сату көлемі, рентабельділік және тағы басқа экономикалық көрсеткіштер көбіне баға қою бойынша дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту - кәсіпорынның баға саясатын зерттей отырып, жасайтын маркетинг бөлімдерінің маңызды міндеті.
Баға жөніндегі маркетингтік шешімдерге мыналар жатады: бағаның төменгі және жоғары деңгейін, олардың фирма мақсаттарына, тауар сапасына, сұранысқа, бәсекелестердің баға саясатына, ТӨЦ (тауардың өмірлік циклі) пен басқа факторларға байланысты өзгеруін анықтау, оңтайлы өткізу бағаларын белгілеу және жеңілдіктер жүйесін жасау.
Осыған орай маркетингтің баға саясаты фирманың өз мақсаттарына нақты бағаларды белгілеу негізінде жету жолдарын межелейді.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субъектілердің баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Қазақстанның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде ХВҚ-ның (Халықаралық валюта қоры) «естен тану терапиясы» ретіндегі бағаны еркіне жіберуде кіретін ортодоксалды-монетарлық ұсыныстарын қолдану нәтижесі елді инфляция мен гиперинфляцияға әкеліп соқтырды. Соның салдарынан баға өзінің экономикалық міндеттерін атқармай, өндірістің өсуіне кедергі келтіріп, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандырмады. Бұл саясат сол кездегі бағалар деңгейіне және кәсіпорындар мен экономика салаларының барлық экономикалық көрсеткіштеріне әсер етті.
Отандық кәсіпорындардың көпшілігінде бағалардың маркетингтік саясатымен маркетинг бөлімдерінің менеджерлері айналысады. Мысалы, «Рахат» ААҚ-да баға саясатын маркетингті басқару бөлімінің мамандары іске асырады, бұл жалпы алғанда, олардың баға туралы дұрыс шешім қабылдауына жақсы әсер етті. Көптеген кәсіпорындарда баға саясатымен экономика немесе басқа да бөлімдердің қызметкерлері айналысқандықтан, тұтынушылармен байланыс жасалмайды, бұл баға бойынша әрқашан дұрыс шешім қабылдауға әкеле бермейді.
Түпкілікті бағаны бекіту - маркетинг қызметінің өте жауапты кезеңі, өйткені ол кәсіпорын іс-әрекетінің көрсеткіштеріне әсерін тигізеді. Өткізу бағаларын қалыптастыру немесе өзгерту барысында маркетинтік мақсаттарды, бәсекелестердің іс-қимылын есепке ала отырып, баға белгілеудің дәстүрлі әдістерін үйлестіріп қолдану керек. Жоғары бағалар - тауар өткізуді тежейді, ал төмен бағалар -бәсекелестердің назарын аудартады, сондықтан нарықтық жағдайды үнемі талдап отыру керек.
Нарық жағдайында баға өзін құрастыратын факторлардың тығыз байланысының нәтижесі болып табылады, бұл факторлар есепке алынбайынша, бағалар деңгейін анықтау мүмкін емес. Мұндай факторлар өте көп және олардың бәрін баға белгілеу кезінде анықтау, бағалау, есепке алу қиын. Сондықтан нақты бағаны таңдау осы факторларды талдаудан басталады.

1.2. Баға белгілеу факторлары
Бағаға әсер ететін факторлардың негізгілері мыналар:
1. Өндіріс шығындары. Өндіріс шығындары көбінесе мемлекеттің экономикалық жағдайына және орта салалық өзіндік құнды бейнелейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.
Бағаның негізгі элементі - өзіндік құн, ал оның құрылымының маңызды бөлігін материалды шығындар құрайды. Мысалы, кондитерлік өнімнің өзіндік құнының үлес салмағын өсу тенденциясы бар шикізат пен материалдық шығындар алады. Мысалы, «Рахат» ААҚ-тың мәліметтері бойынша материалдық шығындардың, тауардың өзіндік құнындағы үлесі 1996 ж. - 48%, 1997 ж. - 64%, 1999 ж. -70%, 2002 ж. - 71%-ы құраған.
Өзіндік құнды азайту үшін факторлық талдау жүрізіп, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті ұйымдастыруды, еңбек өнімділігі мен басқаруды жақсарту есебінен оны түсіру жолдарын анықтау қажет. Өнімнің өзіндік құнының азаюы пайда мен рентабельділіктің артуына едәуір әсер етеді. Өнім бағасына кіретін рентабельдіктің деңгейі кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, шығындарды жабу және бюджетке салық пен төлемдерді төлеу үшін жеткілікті болуға тиіс.
Шығындардың өзгермелі және тұрақты деген екі түрі болады:
Тұрақты шығындар өндіріс пен өткізу көлеміне қатыссыз қосымша шығындар екені белгілі. Компания өндіріс көлеміне қарамастан, ай сайын жалға алғаны үшін ақыны, несие үшін процентті, жылу ақысын, жалақыны және т.б. төлеуге міндетті. Бұлар тұрақты шығындарға жатады.
Өзгермелі шығындар - өндіріс көлеміне тікелей байланысты болатын шығындар. Өнімнің әрбір бірлігі үшін шығындар тұрақты болып қалады, бірақ олардың жиынтық көлемі өндіріс көлеміне байланысты өзгереді. Бұлар — шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар және т.б.
Жиынтық шығындар - бұл белгілі бір өндіріс көлемі кезінде болатын тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтық сомасы.
Тауар бағасы шығындар жиынтығы мен пайдадан тұрады:
мұндағы:
Б - баға;
Жш - жиынтық шығындар;
П - пайда.
2. Сұраныс. Нарықтық экономика жағдайында сұраныс -нарықтық бағаның өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор.
Баға мен нарықтық сұраныс арасында тығыз тәуелділік бар, олар бір-бірімен кері пропорционал байланыста болады. Бұл өзара байланыс сұраныс заңы мен баға икемділігі арқылы түсіндіріледі, оны нарықтық сұраныс қисығы түрінде көрсетуге болады.
Сұраныс қисығы
Бұл қисық баға мен сатылатын өнім көлемі арасындағы кері байланысты көрсетеді, яғни, басқадай өзгерістер болмаған жағдайда тауар бағасы өссе, онда осы тауарға деген сұраныс төмендейді.Керісінше тауар бағасы төмендесе, сұраныс жоғарылайды.Бұл құбылыс - сұраныс заңы деп аталады.
Егер тауар массасының салыстырмалы өзгерісі бағалардың салыстырмалы өзгерісінен көп болса, ондай сұраныс икемдіболады. Мысалы, шоколадқа, кофеге, алкогольге және т.б деген сұраныс осы сипатта болады.
Егер баға өзгерген кезде сұраныс іс жүзінде өзгермесе, оны - икемсіз сұраныс деп атаймыз.
Сұраныстың бағалық икемділігі (эластичность) (Эс) мына формуламен анықталады:

Мысалы, егер баға 2%-ға өссе, сұраныс 10%-ға азайса, сұраныстың бағалық икемділігі - 5-ті құрайды, бұл сұраныс пен баға арасындағы кері байланысты көрсетеді. Егер баға 2%-ға өскенде сұраныс 1%-ға азайса, сұраныс икемділігі 0,5-ке тең, яғни, бұл икемсіз сұранысты көрсетеді.
Мұндай жағдайда сатушы бағаның өсуін қалайды. Егер сұраныс икемді болса, сатушы бағаны төмендетеді. Икемді сұраныс жағдайында мұндай саясат сату көлемі мен жалпы табыстың өсуіне әкеледі.
Тауар бірегей (уникалды), жоғары сапалы, айрықша қасиеттерге ие болса, оған айырбас табу қиын немесе тұтынушының оны алуға кететін бюджетіне оншалықты әсер етпейтін жағдайларда сатып алушылар бағаның өсуіне онша сезімтал болмайды. Мысалы, ет өнімдеріне қарағанда, еттің белгілі бір сорттарына деген сұраныс икемді, ал тұзға деген сұраныс икемсіз, себебі, оны ауыстыратын алмастырғыштар немесе субститут тауарлар жоқ.
3. Тұрғындардың сатып алу қабілеті - олардың ақшалай табысына байланысты. Қазақстанда соңғы жылдары орташа жалақы өсіп келеді. Мысалы, 1997 ж. республикадағы орташа жалақы - 17300 теңгені құраса, 2002 ж. - 20305 теңгені құрады, бұл тұрғындардың сатып алу қабілетінің біршама өскендігін айғақтайды.
4. Ақша өрісінің жағдайы. Бұған кіретіндер: тұтынушыларда бар ақша көлемі, инфляция деңгейі, оның серпіні, ұлттық ақша бірліктерінің, валюталық бағамдардың қозғалысы және тағы басқалары.
5. Бәсеке. Ол бағалық және бағасыз болады. Бағалық бәсеке — тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелестік күрес жүргізу. Бағалық бәсекенің тетігі мынада, фирма өз тауарына нарықтық бағадан төмен бағаны белгілейді, сол кезде бағаларды төмендетуге мүмкіндігі жоқ бәсекелестер нарықтан кетуге мәжбүр бодады.
Бағасыз бәсеке ~ тауар сапасын, оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін, сервисін, әсемділігі мен дизайнын және тағы басқа сипаттамаларын жақсарту арқылы жүргізетін бәсекелестік күрес.
6. Бағаларды мемлекеттік реттеу. Шаруашылық субъектілердің баға саясаты көбінесе мемлекеттің бағаларды реттеу саясатына байланысты болады. Бұл реттеу тікелей (табиғи монополия бағасын реттеу және келісімді бағалар белгілеу) және жанама түрде жүргізілуі мүмкін. Табиғи монополияға: құбыр арқылы газ және мұнай тасымалдайтын, газ өңдейтін, көмір өндіретін, теміржол және байланыс, электр қуаты кәсіпорындары, су шаруашылығы жүйелері және коммуналды шаруашылық саласында қызмет ететін кәсіпорындар жатады. Қазақстанда оларға «Казтрансгаз» ЖАҚ, «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ, «Қазтелеком», «Водоканал» РМК, әуежай және т.б. жатады.
Табиғи монополия бағаларын қалыптастырған кезде монополияға қарсы органдар өнімнің бірлігін шығаруға кететін шикізаттың, материалдың және энергия шығындарының бекітілген мөлшерінің бар-жоғы, олардың дұрыс қолданылуын, пайданың және бөліну тәртібін тексереді. Реттелетін бағалардың шегін тиісті мемлекеттік орган пайда сомасының мөлшері мен тауар немесе қызмет өндірушілер ұсынатын смета бойынша белгілейді.
Жанама (экономикалық) реттеуге салық нормасын, міндетті төлемдер мен айыппүлдар мөлшерін белгілеу арқылы мемлекеттің бағаның белгілі бір элементтеріне әсер етуі, сонымен қатар ақша-несие саясатын реттеу жатады.
7. Тауар сапасы. Жоғары сапа тауарларға жоғары баға қоюға мүмкіндік береді. Төмен сапалы тауарлар фирма беделін түсіріп, клиенттерді жоғалтуға, сату көлемінің азаюына әкеледі, сондықтан бұндай тауарларға төмен баға тағайындалуы мүмкін.
8. Тасымалдау көлемі. Тасымалдау көлемі неғұрлым жоғары болса, тауардың әрбір данасына кететін шығындар соғұрлым аз болады да, бағаны төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл үшін көлік құралдарын (вагондық, контейнерлік және т.б.) неғұрлым толтыра тиеп, оларды тиімді қолдану қажет.
9. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара қарым-қатынас арқылы бағаның нақты мөлшері, белгілеген кезде қолданылатын жеңілдіктер үстеме баға деңгейі мен түрлері айқындалады.
10. Жеткізу шарттары. Транзиттік жеткізу - кезінде тауарды жабдықтаушыдан тұтынушыға тікелей жеткізеді. Қоймалық жабдықтау дегеніміз - тауарды делдалдар мен алыпсатарлар желісі арқылы, яғни, ірі көтерме саудагерлерден ұсақ көтерме саудагерлерге дейін жеткізгенде жүзеге асады. Әрбір делдал тауар өндірушінің бағасына өзінің шығындарын қосады, осылайша тауар бағасының елеулі түрде өсуіне әсер етеді.
Барлық факторларды бағалау, тауардың түпкілікті бағасы мен оның түрін анықтайды...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы
» Курстық жұмыс: Маркетинг | Теория негізінде «Adramit Akros» кәсіпорнының баға және баға белгілеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс "Баға белгілеу саясаты" курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар нарықтық экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]