Курстық жұмыс: Тарих | Бабыр құдіреті
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................3
І Тарау Бабыр құдіреті.
1.1 Бабырдың Үндістанда билігін орнатуы..............................................5
1.2 Моғол мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты................................9
1.3 Моғол мәдениеті.................................................................................13
Қорытынды............................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................15
Сілтемелер тізімі....................................................................................16
Кіріспе
Ұлы Моғолдар әулеті XVI – XIХ ғасырларда Үндістанды билеген әулет. Негізін салушы Заһид әд – Дин Мұхамемед Бабыр. Темір әулетінен шыққан әкесі Омар Шейх (1456-95) Әмір Темірге Туажат, анасы Құтлұқ Нигар ханым Жүніс ханның үлкен Нигар ханым Жүніс ханның үлкен қызы Бабыр Ферғананың әмірі болды. Қ.Жалайри Мұхаммед Хайдар Дулати жазбаларына сүйеніп, Ш.Уалиханов “Моғол - Четені моңғолдармен шатастыруға болмайды, олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар десе, профессор В.В. Григорьев моғол – Четені нағыз моңғолдар деуге болмайды” деп жазды.
“Бабырнамада” қазақ еліне тікелей қатысы бар ақын Хасан Әли Жалайри мен Бабырдың бөлесі Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанда әкімшілік жүргізгендігі айтылады. Олар жалғыз емес-ті. Жетісудан, Түркістаннан ондаған түркі тайпаларының сарбаздары Бабыр жасағында сап түзеді. “Жылан жылы – жылыс, жылқы жылы – ұрыс болды, қой жылы зеңгір тоғыс болды” дегеннің кейпі келеді. Ұзақ жылға созылған соғыстар нәтижесі. Үндістанда Ұлы Моғол мемлекетінің салтанат құруымен аяқталды. 1504 ж. Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақ тайпалары Бабырдан Ферғананы тартып алды. Ол өзіне берілген жауынгерлермен оңтүстікке жылжып Кабулды иеленді. 1512 ж. Бабыр әскерлері Самарқандты басып алды. Бірақ келесі жылы жеңіліп, кейін қайтты. Содан кейін Бабыр түркі тайпалары мен ауғандықтарды бастап Үндістан жерін жаулауға кірісті. Ол кезде Үндістан бытыраңқы ел еді.
Оның солтүстік аймақтарында мұсылмандар билеген бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Өзара қырқыстағы билеушілер Бабырға сүйенбек болып, оны көмекке шақырды. Бабыр қолы 1526 ж. Панипат жазығына Ибраһим ІІ -ні, 1527 ж. Раджпуттарды жеңіп, Пенджаб, Лахор, Дели, агро жерлеріне ие болды. Сөйтіп, Бабыр және оның ұрпақтары Ауғанстанның тең жартысын, Үндістанның солтүстік орталық аймақтарын біріктіріп ірі империя құрды. Моғолстаннан шыққандықтан Үндістанда және Еуропада Ұлы Моғолдар деген атпен аталды. Моғол әулеті билеген кезде Үндістан әлемге әйгілі болды.
Сонау орта ғасыр шаң-тозаңынан аршып, тазартып, осы бір замандардың заманында бір туатын ұлы тұлғаны бізге жарқыратып, жақындатып тұрған қай құдірет. Ол кешегі, қазіргі және келешек ұрпақтарға қандай қадір қасиет қалдырады. Кеңістік пен уақыт мұнарында талай жақсылар мен жайсандар ұмытылып кетіп жатқан ы аз ба? Бірақ Бабыр туралы қысқа қайырып айтуға ауыз бармайды. Мемелекет қайраткері қолбасы. Бәрінен де бізге оның терең ойшылдығы мен асқан ақындығы қымбат тарта береді . Ал басқасына тарих таразы. Жер бетіндегі жұмыр басты пендеге не жетпейді? Сонда мәңгі іздегені сорма, бақ па? Мейлі хан бол, мейлі қара бол бір уыс топырақ бұйырғанша алқын –жұлқын арпалысып, жағаласып туа бітті ешкімнің пешенесін жазылмаған шығар.Әлде... тіршіліктің тар жол тайғақ кешуі солайма?
Бүгінге дейін біз білетін он –сегіз ғалам астындағы тіршіліктің тұтқасын ұстап келе жатқан адамзат өзінің ұзақ ғұмырында қаншама «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманды» аңсағанымен, жарқын болашаққа үздіктірген үмітінің көкжиегі алдарқатып, сағымы мен буал-дыр нарына сіңіп кете беріпті. Оның ұзына алқар кедір-бұдыр жолында көздің қанды жасына суарылған шоңайналар шашылып жатыр бей-берекет. Шыр етіп дүниеге келіп ат жалын тартып мінгендер ішінде қадамына гүл біткендер тым-тым аз, некен-саяқ екен. Жалпы, ежелден өркениетті ел қатарына қосылу оңай болған емес. Оның өсуі мен ешуі, шарықтауы ман құлдырауы, гүлденуі мен күйреуі, қалыптасу.ы мен ыдырауы қатар жүрді. Беріне қатал сарапшы тарих ешкімге ешқашан ойыншық болған емес.
1.1 Бабырдың Үндістанда билігін орнатуы
Он екіде бір гүлі ашылмай жатып, тірлік пен билік тізгінін қатар ұстаған Ба6ыр отпен ойнанағандай онымен ойнауға болмайтынын білмей қалған жоқ. Бүкіл Шығыс пен Батысты тітіркентіп, даңғаза дүниені дүрліктіріп, аяғынан тік тұрғызған атақты Ақсақ Темірдің тікелей тұқымынан тараған әмірзада тек ел басқарудың қулығы мен сұмдығын үйреніп, қызық-шыжығымен көте бермей, бірауық бас айналдыратын тақ пен тәждің сиқырлы сәулесін тәрк етіп, өмірдің қатар-қатпар қабаттарына үңіліп, әлеуметтік құбылыстарды жүрегінен өткізіп, қуаныш пен кайғы теңізін қатар кешті. Бұл күрделі көңіл күйін өлеңіне өзек етіп, өмірбаянынан өрнек төкті. Бағзы заманнан баянсыз келе жатқан біртұтам жалғамның бейопа екенін терең зерделеп ұқты. Рас, ол ешнәрседен кенде болған жоқ. Сонда да... Әйгілі әмір әулетіңде Әндіжанда туған Заһир ад-дин Мухаммед Бабыр қаршадайынан қағылез, аңғарымпаз, сезімтал болып есейді. Шешесі Шағатай әулетрнек шыққан Жүніс ханның үлкен қызы еді. Өзнің арғы тегі түріктің Барлас руынан. Ертеде мысық тұқымдастарға жататын қара қабылаңды бабыр деп атаған. Бәлкім, болашақ падишаһтың есімі содан шығуы ықтимал. Ол сатқындық пен сайқалдық, алдау-арбау мен аярлыққа тола сарайдың қым-қуат өмірімен бірге төңірегіндегі табиғатпеп тел өсігп, тіршілік иірімдерін нәзік таныды. Оның туған топырағына деген сүйіспеншілігі ала-бөтен.
«Бұнда, жабайы құстар жыртылып-айырылады, қырғауылдары керемет күйлі келеді, төрт кісі баппен пісірілген қырғауылды жәукемдегенде тауыса алмайды деседі. Әндіжан тұрғындары — түгел түріктер, шаһарда да, базарда да түрікше білмейін жан жоқ. Халықтың ауызекі сөзі оның әдеби тіліне ұқсас, Мір Әлішер Науайы Гератта өсіп, тәрбиеленсе де шығармасын осы тілде жазған.
Әндіжан тұрғындарында сұлулар көп,— деп жазды ол “Бабырнама” атты ғұмырнамалық кітабында.— Жер бетінде Самарқаңдай ғажап қала аз. Ол бойлығы 99 градус 56 минөтте, ендігі 40 градус 40 минөттөгі бесінші ықылымда жатыр. Самарқан уәлаяттың бас қаласы, ал бүкіл өлкені Мәуренақыр деп атайды. Самарқаңды ешбір дұшпан қолының күшімен де, найзаның ұшымен де. басып ала алған емес, сондықтан оны «Құдай сақтаған (қала)» дейді... Самарқанды Ескендір салдырды; моңғол мен түрік халықтары (оны) Сезімкент деп атайды. Темір бек Самарқанды (өзінің) астанасы етті; Темірбекке дейін ешқандай ұлы әмірші Самарқанды астана еткен емес. Мен қамалдың ішкі қабырғасының үстінен өлшеуге жарлық беріп едім - ол он мың алты жүз қадам болып шықты. Самарқанның бүкіл тұрғындары - суниеттер, тым тақуа таза діңдар адамдар».
Бұл Бабырдың атамекенге деген ыстық махаббаты итарқасы қиандағы өзі бауыр басып, жаңа империяның негізін салган Аграда жүріп, ақтық демі таусылғанша айықпайтын сағыныш дертіне айналды. Інжу-маржаннан тізген әдемі әуіз, бұлбұл бақ пен аққу арулар арасында отырып та, ол терең күрсін жасырмай сонау күнбатыста қалған жарық жұлдыздарға көзін сатып қарады. Әринө, ол ұлы патшаға лайық қылық өмес. Әйтсе де жаратылысы ерекше жан қолында сонша құдірет бола тұрып бірде дәруіштей, енді бірде жиһанкездей ғұмыр кешті. Мұрнына сары әңгелектің иісі, таңдайына уылжыған миуаның дәмі келетін. Қызғалдақты қырқасында құралай жортып, боз кәдесіңде бозторғайы шырылдаған ұлы дала мөн тау түсіне жиі енетін.
Бабыр билікке келгенде, Ақсақ Темірдің қанкешу мен өліктердің үстіне орнатылған ұлы патшалығы өзара қырқысып, сырт күштер мен ел-жұрт әл-ахуалының титықтауының әсерінен әлсіреп, сетіней бастаған болатын. Атасының сол иелігін қалпына келгіремін деп ол қаншама күш салып, қаншама есіл еңбегі зая кетті. Бірақ бәрі зердесінде еді. Ол өз жазбасында ата-тегін былай таратып береді.
«Ол, (яғни Омар Шейх — А. Н.) Әбу Саид мырза сұлтанның сегіз жүз алпысыншы (жылы) Самарқаңда туған төртінші ұлы еді, ол Сұлтан Ахмет мырза, Сұлтан Мұхаммед мырза және Сұлтан Махмуд мырзадан кіші болатын. Сұлтан Әбу Саид мырза Сұлтан Мүхаммед мырзаның Сұлтан Мұхаммед мырза Миран Шах мырзаның, ал Миран Шах мырза Әмір Темірбектің үшінші ұлы еді, Омар Шейх мырзамен Жаhангер мырзадан кіші және Шахрух мырзадан үлкен болатын. Әбу Саид мырза Омар Шейх мырзаға алдымен Кабулды беріп, Бабаи-Кабулиды оның тәрбиешісі етіп сонда жіберді.
Тағы бірде Түркістанда Арыс өзеннің жағасында ол Самарқан төңірегіне шапқыншылық жасап қайтқан өзбектермен шайқасып қалады. Арыстан мұз үстімен өтіп Омар Шейх мырза өзбектерді тас-талқан етіп, олардан тұтқындар мен мал-жанды босатып, 6ір бұрауын да алмай (бұрынғы) иелеріне түгел қайтарып берді...
Мырзадан үш ұл мен бес қыз қалды. Ұлдарының ішіндегі ең үлкені мен -Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырмын. Менің анам Құттық Нигар ханым еді. Тағы бір ұлы менен екі жас кіші Жаһангер мырза; оның шешесі Фатима Сұлтан есімді моңғол түменбектерінің тұқымы, тағы бір ұлы Әндіжанның Үміт есімді тұтқынынан туған менен төрт жас кіші Насыр мырза».
Кейін бұлардың барлығы арқалай өмір сахнасына шықты.
Кемеліне келген Бабырдың қаламынан туған “Бабырнама» заманының теңдесі жоқ алтын шежіресі ғана емес, ол тарихи әдебиетті қалыптастыруға зор ықпал жасап қоймай, сан-саладан хабардар етіп, ел мен жер тануда ұрпақтарға ғажайып рухани қызмет көрсетеді. Оның беттерінен орасан ұлы сүрең оқиғалар көрініс тауып, алағай да бұлағай замандағы сұлтандар мен бектердің әртүрлі бейнесі ұшырайды.
1504 жылы Сырдың арғы бетіндегі Дешті Қьшшақтаи келген Шейбан хан Әңдіжанды шауып алғаңда, Бабыр 21 жаста болатын. Ол оң-солын әлі түгел танымай тұрып, амалсыз шегінуге мәжбүр болды. Ташкенттегі имандай сенген нағашылары да қол ұшын беруге дәрменсіз болып шықты.
«Ташкентте болған уақытта көп жапа шегіп, итқорлықты бастан кештім. Қарауымда бір сүйем жер қалған жоқ, оны қайтарамын деген үміт кесілді: Нөкерлерімнің көбісі тарап кетіп, қалғандары арып-ашып, маған ілесуге жарамады деп шағынды ол ақ қағазға. Ақырында бұл үйсіз-күйсіз қаңғырудан шаршадым, әбден тиықтаған едім «бүйтіп жұрт алдында масқара боп итшілеп өмір сүргенше, құлақ естіп көз көрмейтін басым ауған ауған жаққа лағып қара батырған дұрыс шығар деп ойлаймын.
Қуғында жүрсе де әлі өз патшалығынан дәмесі бар еді. Келген хабар-ошарға жіті құлақ түрді. Өзекті жанға өлім барын да естен шығарған жоқ. Бабыр сол кездегі көңіл күйінен тағы да дерек беріп кетеді: «Хаттар үзбей келіп тұрды. Бұл кезде мен кенет сырқаттанып еңді сауыға бастап едім. Бетім бері қарағанда, күтінбей қдйтадан жығылдым. Бұл жолы қатты құлағаным сонша төрт күн бойы тілден қалып, аузыма мақтамен су тамызып отырыпты.
Қасымда қалған үлкенді-кішілі бектер мен жігіттер менен күдер үзіп, әрқайсысы бас-басымен болып кетіпті. Сол сәтте бектер кеңөс үстінде қателесіп Ұзын Хасаннан елші болып келген жаушыны маған көрсетіп, миын қатырып, қайтарып жіберіпті. Төрт-бес күннен кейін жағдайым біртіндеп түзеле бастапты, бірақ тілім күрмеліп, тағы бірнеше күннен кейін мүлдем құлан - таза айығып кеттім».
1. 2 Моғол мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты.
Әке жағынан Сұлтан Ахмет мырза Самарқанды», шеше жағынан Хан Сұлтан Махмуд Тәшкент және Әбу Бакір Дулат Қашқар мен Қотанды билеп тұрса да, осы кезден бастап оның беймаз өмірі басталды. Сөйтіп, кіндік кескен жерінен лажсыз айырылған Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр Сұлтан Құсайынның әскербасы Зүнүн Арғынның баласы Мұқым Арғынды тағынан тайдырып (1505— 1506 жж), Кабул, Газна мен Бадахшанға билік орнатты.
Бүның бәрі Жолшының неменесі Мұхаммед Шейбан ханның (1451—1510 жж.) Самарқанды (1501 ж), Ферғана мен Әндіжанды (1504 ж), Гератты (1507 ж) жаулап алуынан туған зобалаң болатын. Бірнеше жойқын шабуылмен Шейбанилар Темір әулетін түгелімен Мәуренахырдан қуып шықты. Бұл теңкеріс 1510 жылы Мерв маңында кескілескен қиян-кескі шайқаста Парсы шаһы Исмаил Мұхаммед Шейбанды қолға түсіріп, бас сүйегінен шарап құятын кесе жасап, Мысыр патшасына сыйға жіберіп, сәл тынышталғаннан кейін де тыйылған жоқ. Отанынан еріксіз аласталған Бабьгр 1505—1515 жылдарда Самарқанға оралуға бірнеше әрекет жасағанымен бұл ниеті сәтсіз аяқталып жеме-жемге келгенде Дешті Қыпшақ тайпаларының тегеуріне шыдамай, шалғай Шығыста ақырғы демі таусылғанша тұрақтап қалуға мәжбүр етті.
Кезінде дүниенің төрт бұрышындағы жер жаһанға атағы дүрілдеп шыққан Тұран тағдырына бұл оқиғалар үлкен зиянын тигізді. Көркейген кенттер мен ауылдар, бақтар мен гүлзарлар оталып, өртеніп, тып-типыл етіліп құрып кетіп қана қойған жоқ. Түбі бір туыс хальқтар арасына сына қағылып, қарым қатынастарына сызат түсті. Көршілес ел, туған мен туыс, ағайын мен ағайын қырқысты. Бұл Тұран топырағына Шығыстан шұбап, шаңды шаңға қосқан алапат шапқыншылықпен ере келген індет....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Х.Дулатидың өмірбаянына шолу
» Курстық жұмыс: Тарих | Моғол хандығының құрылуы
» Курстық жұмыс: География | Үндістан елінің экономикалық-географиясы
» Курстық жұмыс: География | Үндістан елі
» Курстық жұмыс: Тарих | Моңғол мемлекетінің саяси тарихы
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Х.Дулатидың өмірбаянына шолу
» Курстық жұмыс: Тарих | Моғол хандығының құрылуы
» Курстық жұмыс: География | Үндістан елінің экономикалық-географиясы
» Курстық жұмыс: География | Үндістан елі
» Курстық жұмыс: Тарих | Моңғол мемлекетінің саяси тарихы
Іздеп көріңіз: