Курстық жұмыс: Экономика | «Булак 2003» ЖШС- нің Сатып алынған тауарлардың аудиті

Курстық жұмыс: Экономика | «Булак 2003» ЖШС- нің Сатып алынған тауарлардың аудиті

Кіріспе
Қазіргі экономикалық жағдайға сай кез келген ұйымның (өндірістік ұйым, сауда ұйымдары болсын) ең негізгі мақсаттарының бірі- барынша максималды түрде пайда табу. Пайда табудың негізі саудада жатқандығын біз бәріміз білеміз. Сауда- бұл объектісі, қызмет ету өрісі тауар айналым, тауарды сатып алу- сату, жеткізу, сатуға өнімді дайындау процесінен және осы процестің басында тұтынушыларға қызмет көрсету болып табылатын экономикалық орта. Бірақ олардың бәрі үшін ең басты көңіл аударатын жай- өзі өндіріп, сататын өнімдері (тауарлары) қоғамның сұранысына жауап беріп, тұтынушыларды жоғары сапалы тауармен қамтамасыз ету.
Тауарларды сатумен тек көтерме бөлшек және қоғамдық тамақтандыру ұйымдары ғана айналысады.
Көтерме сауда- тауарларды ірі партиямен өте көп мөлшерде бөлшек сауда ұйымдарына сату болып табылады. Бұл ұсақ көтерме саудамен айналысатын делдал ұйымдар арқылы көтерме бағадан төмен құнымен сатуға шегерім берген құнымен сату арқылы жүзеге асырылады.
Бөлшек сауда- бұл соңғы тұтынушылардың жекеше қажеттілігіне сай аз мөлшерде тауарларды сату. Бөлшек сауда бойынша операцияларды жүзеге асыру делдал саудамен айналысатын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Сауда ұйымдарында есеп жүргізудің ең негізгі объектісі- тауар болып табылады. Бухгалтерлік есепте сатып алынған тауарлардың есебін жүргізу үшін 2003 жылғы 20 қазанда шыққан типтік бас шоттар жоспарында 222 «сатып алынған тауарлар» деп аталатын аралық шот қарастырылған.
Сатып алынған тауарлардың есебін жүргізудің бухгалтерлік есепте келесідей міндеттері бар:
• Қоймадағы тауарлардың қозғалысын және түгенділігін мерзімдік, дұрыс себебі;
• Сатып алынған өнімнің сапасына, ассортименті мен көлеміне бақылау жасау;
• Сатылып алынған тауарлар бойынша төлемдердің мерзімділігін қадағалау;
Сатып алынған тауарлар келген уақытында кешіктірмей қоймаға, материалды жауапты тұлғаға тапсырылады.
Менің жазып отырған дипломдық жұмысым «Булак 2003» ЖШС- нің негізінде жазылған. Мен мұнда саудада, яғни тауарларды сатып алумен байланысты болатын операциялардың есебі мен оған аудиторлық тексеру жүргізу ерекшелігін ашып жаздым.
Менің жазып отырған дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты сатып алынған тауарларды кіріске алынған кездегі бухгалтерлік есепте болатын қателіктер мен оған тән ерекшеліктерді ашып көрсету.[/b]
1. Сатылып алынған тауарлардың есебі
1. 1 Тауарлық операцияларды құжаттау
Сауда ұйымдары тауарларды әр түрлі жағдайда сатып ала алады: жабдықтаушының қоймасынан, теміржол станцияларынан тауарларды сатып алғанда, теңіз порттарынан және басқадай сауда ұйымдарынан кіріске алады. Оны материалды жауапты тұлға кіріске алады да, оған жауапты болады.
Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды сатып алып кіріс етуді- сатып алушы ұйымның тауарға материалды жауапты тұлғасы (қоймашы) жүзеге асырады. Жабдықтаушының қоймасынан тауарларды кіріс ету келесідей жағдайда жүзге асырылады: егер жабдықтаушы ұйым мен сатып алушы ұйым бір жерде орналасқан жағдайда және тауардың сапасын тексеріп алу керек болған жағдайда.
Жабдықтаушы ұйымның қоймасынан тауарларды алып, жеткізу қызметі жүктелген материалды жауапты тұлғаға М- 2А үлгілі сенімхат беріледі.
Сенімхат дегеніміз- сенімхат берушінің өз атынан сенімхат берілген тұлғаға берілген жазбаша өкілеттігі болып табылады. ҚР- ның аймағында сенімхаттың келесідей формалары қолданылады:
• № М- 2А түбірлі аралық ведомость формасы қолданылады, онда қажетті реквизиттері бар сенімхатты қолдану және беру туралы жазбалар жазылады;
• № М- 2А типтік аралық ведмость формасы, ол берілген сенімхаттардың алдын-ала нөмірленген және тігілген журналы болып табылады. Берілген сенімхаттарды есепке алу журналы, сенімхаттарды беру және тіркеу үшін оған жауапты қызметкерде сақталады.
Сенімхат- материалдық жауаптылық бойынша келісім шартқа отырған тұлғаларға ғана беріледі. Егер сенімхат материалдық жауаптылық бойынша келісімге отырмаған тұлғаларға берілсе, ол біржолдық болып саналып, ол тұлғадан біржолдық материалдық жауаптық туралы қолхат алынады. Берілген сенімхаттың қызмет көрсету мерзімі осы ұйымның басшылығымен бекітіледі. Сенімхат бухгалтерлік есеп әдістемелік департаментінің бұйрығы мен ҚР – ның қаржы министрлігінің қабылдаған бұйрығына сай жүргізілуі қажет. Сенімхатқа ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылып, мөрі басылады. Сенімхат берілген тұлғаның аты-жөні және басқадай анықтамалық мәліметтері толтырылмаған сенімхат ешқашан қолға берілмейді. Жабдықтаушының қоймасынан алынуға тиісті тауарлардың тізімі, сенімхаттың екінші жағында жазылады. Егер алынатын тауар ассортименті атауы, түрі бойынша үлкен және біркелкі болып, ал бағасы жағынан әртүрлі болса, онда оларды бір ортақ құнымен көрсетуге болады.
Егер тауарларды бір қоймадан бірнеше накладной арқылы алу керек болған жағдайда сенімхат беруші бір ғана сенімхат беріп, онда бірнеше накладнойлар бойынша тауарды алу құқы жазылады. Ал егер бір сенімгер тұлға бірнеше қоймадан тауар алу керек болған жағдайда, оған әр қоймаға бөлек әртүрлі сенімхат беріледі.
Сенімхат оның қызмет ету мерзіміне тәуелсіз тауарлы материалды құндылықтарды ең бірінші рет алған уақытында тауарды берушіге беріледі.
Сенімхат бойынша алынған тауарлар бойынша материалды жауапты тұлға тауар сол күні алынды ма, әлде белгілі бір бөлігі алынды ма соған қарамастан келесі күні ұйымның бухгалтериясына жасалған жұмыстар мен тауарлардың қоймаға өткізілуі туралы есеп беруі тиіс.
Сенімхаттың қызмет ету мерзімінің ішінде есеп бермеген материалды жауапты тұлғаға келесіде сенімхат берілмейді.
Сенімхат алынған материалды жауапты тұлға осы сенімхат бойынша өзі жеке қызмет етеді. Сенімхат берілген тұлға осы сенімхатты үшінші жаққа тек сенім берушінің рұқсатымен және оның осы үшінші жаққа берген өкілеттігімен ғана тапсыра алады. Үшінші жаққа берілген сенімхаттың қызмет көрсету мерзімі алғашқы мерзіміне теңестіріледі. Сенімхат алушыдан берілген сенімхатты қайтарып алған кезде ұйым тауарларды жабдықтайтын тауарлы материалды жауапты тұлғаға міндетті түрде хабарлау керек. Іске аспай, қолданылмаған сенімхаттар мерзімі өткен соң келесі күні қайтарылады. Қолданылмаған сенімхаттарды қайтарғанда ұйымның берілген сенімхаттардың есебі деп аталатын журналында, ол сенімхаттың түбіршегіне «қолданылмаған» деген жазу жазылады. Мұндай сенімхаттар, оған жауапты тұлға да есеп кезеңінің соңына дейін сақталады. Есепті кезеңнің соңында қолданылмаған сенімхаттарды жояды. Жабдықтаушы тауарларды бөлек- бөлек шығыс еткенде әр бөлек тауар шығысына оның шығыс ету мерзімі, нөмірі көрсетілген үш даналы накладноймен жүргізіледі. Осы накладнойдың бірінші данасы- тауарларды алушыға, ал екінші данасын жабдықтаушыдағы сенімхатқа тіркеп, әрі қарай тауарлы материалдық құндылықтардың шығысын бақылау үшін сақтайды. Ал накладнойдың үшінші данасы бухгалтерияға тапсырылады. Сенімхат бойынша қоймадан жіберілген тауарлардың құжаттарымен, сенімхаттың өзін қосып, қоймашы бухгалтерияға өткізеді.
Сенімхат бойынша тауарлар келесідей жағдайда жіберілмейді:
• Толтырылмаған немесе түзетілген сенімхат берілген жағдайда;
• Сенімхатта көрсетілген сатып алушының жеке куәлігін растайтын құжаттар болмаған жағдайда;
• Сенімхат берілген мерзімінен шыққан кезде;
• Сенімхаттың жойылғандығы туралы жабдықтаушы ұйым мәлімдеген кезде;
• Сенімхат берген ұйымның қызметі жойылған кезде;
Салушының қоймасына тауарды жабдықтаушы көмегімен жеткізгендегі операциялардың құжатталуы
Сатып алушы ұйымның материалды жауапты тұлғасы (завсклад, қоймашы) жабдықтаушының экспедиторы әкелген тауарларын брутто салмағымен, алған орнының санына қарай, екі данада берілген мәліметтермен салыстыра отырып кіріске алады. Егер жабдықтаушылардан кірістелген тауарлардың жетіспеушілігімен басқадай айырмашылығы болмаған жағдайда, осы ұйымның материалды жауапты тұлғасы тауарлы- көліктік накладнойға өз қолын қойып ұйымның кіріс ету штампын қояды. Бұл накладнойдың бірінші данасы ұйымда, ал екіншісі жабдықтаушыға беріледі. Тауарлы- транспорттық накладнойларда берілген мәліметтер мен нақты келген тауарлардың арасында айырмашылық анықталған жағдайда және бүлінген қораптар болған жағдайда сол жетіспейтін тауарларға акт жасалады. Егер бүлінген қораптар тауардың салмағына әсер ететін болса, онда бұл тауарларды нетто салмағына және санына қарай кірістейді. Тек жетіспеген бүлінген, яғни айырмашылық табылған тауарларға ғана акт жасалады. Айырмашылық табылмаған тауарлар актіге кірмейді және актіде «басқадай тауарлары материалды құндылықтар бойынша айырмашылық жоқ» деген жазу жазылады. Табылған айырмашылыққа жасалған актілер екі дана етіп жасалып, оған осы тауарлы материалдық құндылықтардың кірісі мен шығыс етуіне қатысқан тұлғалар қолын қойды. Актінің бір данасы тауарды, тауарлы материалды құндылықтарды қабылдайтын ұйымға, ал екінші данасы тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаға беріледі, бірақ ол келешекте бухгалтерияға тапсырылуы тиіс. Бұл акт жабдықтаушыға сатып алушы ұйым өз претензияларын қоюға негіз береді.
Тауарларды теміржолмен жеткізген кездегі құжатталуы
Тауарларды теміржолмен жеткізген кезде тауарларды кірістеу вагон, контейнер, цистерналар мен теміржол қоймаларынан алынған кезде сол жерде кіріске алынып жүргізілуі тиіс. Тауарды сатып алушы ұйымның қызметкері, жүкті тасымалдау накладнойының негізінде және жүкті тасымалдаушы ұйымның қызметкері мен жабдықтаушының қызметкерінің қатысуымен қабылдап алынады. Тауарды қабылдап алуға дейін ол жүк келген вагондардың (контейнер, цистерна) түгенділігін, пломбалардың барлығын, түгенділігін, пломбалаған ұйым мөрінің айқындығын тексереді.
Жабдықтаушының құжатынсыз келген жүкті, нақты келген тауар мен есептің құны акт негізінде кіріске алады. Құжатсыз келген тауарларды жабдықтаушы қызметкерінің қатысуымен немесе тәуелсіз бақылаушының қатысуының жағдайында жүзеге асыре керек.
Вагонмен (контейнер, цистерна) жағымды жағдайларда келген тауарларды оның алған орнының көлемімен, брутто салмағына сай кірістейді, ал егер тауар қорапқа қапталмай келген жағдайда оны нетто салмағымен кіріске алады. Тауарларды келешекте тексеріп қарау ұйымның өз қоймасында жүзеге асырылады.
Тауарлық материалдық құндылықтарды тасымалдағандағы вагондардың бұзылуы, бүлінуі жағдайларында немесе пломба болмаған жағдайда тауарды алушы тұлға бүкіл жүкті таразыға тартып немесе жеке- жеке тексеріп, санап кіріске алуы тиіс. Мұндай процедуралар тауардың саны мен сапасын бақылап қадағалау үшін және жүк бөлінгенде, атауы сәйкес келмегенде, тауар массасы, саны, вагон пломбалары сәйкес келмегенде жүргізіледі. Анықталған барлық жетіспеушіліктер мен айырмашылықтар формасы мен мазмұны бойынша себебі жазылған актілерде көрсетіледі. Мысалы, вагон (контейнер, цистерна) тұтастылығы бұзылғанда, пломбаның болмаған жағдайында, берілген мәліметтер мен нақты тауарлардың сапасы мен саны туралы мәліметтердің сәйкес келмеуі және т. б.
Тауарларды кірістеудің дұрыстығын сақтай отырып құрылған акт ол тауарды жеткізген және жабдықтаған ұйымға кіналарын мойындауға берілген толық заңды құжат болып табылады. Тауарды жеткізген көлікті босатқаннан кейін ол тауарды сатып алушының қоймасына немесе уақытша сақтауға теміржол қоймаларына өткізу қажет. Егер тауар су, ауа және автокөлікпен тасымалданған кезде ол тауарды жоғарыда аталған операциялар сияқты кіріске алады. Басқадай қызмет көрсетуші көлік ұйымдарының көмегімен жеткізілген тауарға оған материалды жауапты тұлға, яғни қоймашы жауапты болады (автокөліктің жүк тиейтін жағын тексеру, егер ол жабық типті болса, жүкті пломбалап, ұйымның қоймасында тауарды кірістегенде оның салмағын, көлемін, санын тексеру қажет).
1.2 Халықтан сатып алынған тауардың құжатталуы
Сауда ұйымдары тауарларды халықтан да сатып алады. Бұл жағдайда сатып алушы ұйымның материалды жауапты тұлғасы сатушының (халық) аты- жөні, инициалы, РНН, сатып алынған тауарлардың аты мен бағасын және жалпы сатып алу құнын, көрсетілген сома көрсетілетін сатып алу актін жасайды. Салық органдарымен есеп жүргізу ыңғайлы болу үшін бұл актіде жеке тұлға табысынан салықтар ұстамас үшін оның алған патентінің номері мен қызмет ету мерзімі көрсетілуі тиіс. Егер жеке тұлға базарда тұрып сату үшін өз орнына біржолдық төлем төлесе, сатып алу актісінде осы квитанцияның номері мен сомасын көрсету қажет, ал бұл біржолдық талон бойынша төленгені жайлы сатып алу актісіне базар әкімшілігінің қолы мен мөрі басылуы тиіс. Жоғарыда аталған құжаттадың болмауының нәтижесінде тауарды халықтан сатып алған ұйым Салық Кодексінің 29 бабына сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды бұл заңның 1 тарауы 50 бабына сай есепке алады. Жек тұлғалардан тауарларды сатып алу актісінің формалары келесіде көрсетілген.
Тауарларды ұйымның балансына кіріс ету келесідей құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
• Номерлік тәртібі мен құрылған мерзімі көрсетілген шот- фактуралар, тауарларды сатушы және сатып алушы ұйымдардың РНН- і, жеткізілген тауарлардың атауы мен саны, ққс салығы қосылмаған тауарлардың құны, акциз құны қосылған және қосылмаған тауарлардың құны, тауарларға салынатын акциз салығының сомасы, ққс сомасы, ққс ставкасы, ққс сомасын қоса есептегендегі тауарлардың құны;
• Тауарлық транспорттық накладнойлар;
• Накладнойлар және тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғалардың жазған басқадай құжаттары;
Бөлшек саудамен айналысатын ұйымдарда тауарлардың қозғалысын құжаттау
Мұндай тауарлардың қозғалысының біршама ерекшеліктері бар. Тауарлардың өзара ұйым арасындағы қозғалысы- тауардың ішкі қозғалысы деп аталатын құжаттармен рәсімделеді. Бұл осы ұйымның филиалдары, өкілеттіктері немесе саудалық дүкендері шебінде жүзеге асырылады.
Шыны ыдыстарға қапталған тауарларды кірістеудің құжатталуының біршама өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жабдықтаушыдан алынған шыны ыдыстарына қапталған тауарлар жай тауарлар негізінде, ал халықтан алынған тауарлар кіріс ету накладнойының негізінде кіріске алынады. Дүкендерде болса тауар нетто салмағына байланысты кірістеледі. Егер оның саны мен сапасы бойынша айырмашылықтар табылса, оған акт жасалып, бұл ұйым 10 күннен астырмай жабдықтаушыға өз претензиясын қоя алады. Мұндай претензиямен қатар ұйым тауарлы транспорттық накладнойдың көшірмесін, акт, пломба және басқадай кінә қоюды растайтын құжаттарды қосып береді. Ал кінәлі жақ өз жауабын 10 күн ішінде беруге тиіс.
Қойма есебін жүргізу тәртібі және құжат айналымы
Қойма есебін жүргізу тауарларды сақтау әдісіне тәуелді. Тауарды сақтаудың екі әдісі бар:
• Партиялық
• Сорттық
Партиялық әдіс бойынша әрбір келіп түскен тауарлардың партиясын
жеке орналастырып, бөлек сақтайды. Әр келіп түскен партияға тауарлық белгі беріп, кірістелген тауарларға қояды. Тауарлар қоймадан шығыс етілгенде материалды жауапты тұлға шығыс ету құжаттарында шығыс етілетін партияның номерін көрсетеді. Сонымен қатар әр бөлек партияға берілетін белгіде шығыс құжаттарының номерлері көрсетіледі.
Сорттау әдісі бойынша тауарларды сорты, түрі және атауына байланысты бөлек сақтайды. Келесі келіп түскен тауарларды сорты мен түріне байланысты бөліп, әр бөлек атауы бойынша қоймадағы тауарлар қатарына қосады.
Қоймадағы тауарлардың есебін жүргізуде материалды жауапты тұлға әр тауардың түрі мен атауына бөлек қоймалық карточка ашып, есебін жүргізеді. Тауарлардың әр бөлек түрі мен аталуына бөлек карточка ашылып, онда ол тауардың прейскуранты бойынша номерлерін, өлшем бірлігін, есепті бағасы мен қалдық қорын көрсетеді. Мұндай кітап қоймашыға номерленген, саналған түрде оның қолы қойылып беріледі. Ал қолданылған кітаптар мен карточкаларды бухгалтерияға тапсырады. Ол құжаттар бухгалтерлік (аналитикалық) талдамалық есепті жүргізу құжаттарымен бірге сақталады. Қоймашы өз кітабына (карточкасына) кіріс, шығыс құжаттарының негізінде тек сандық мөлшері бойынша ғана жазылып, күннің соңында күнделікті қалдықты шығарып отырады. Қоймашының тауарлық кітапшасында жүргізген есебі мен жазуларының дұрыстығын ұйымның бухгалтериясы аптасына бір рет тексеріп отыруы тиіс.
Қоймадағы тауарлардың дұрыс сақталуы мен қозғалысын бақылау үшін оған материалды жауапты тұлға әр есептілік кезеңде белгіленген мерзімде ұйымның бухгалтерясына есеп береді.
Тауардың қозғалысы мен сақталуы бойынша берілген кеңінен таралған құжат- тауарлық есеп болып табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады. Тауарлық есеп беру құжатының бірінші бетінде ұйымның атауы, тауар бірлігі және құрылымдық бөлімшелердің атауы, материалды жауапты тұлғаның аты- жөні, тауар қалдығы, құжаттың номерлері және тауарлық есеп беру құжаты құралып отырған кезеңі беріледі. Тауарлық есеп беру құжаттарын жыл басынан жыл аяғына дейін бірінші данасынан бастап номерлейді. Тауарлық есеп беру құжаты тауарлық баланс құрылымын ашады, онда тауарларды есептеу кезеңінің басында және есепті кезеңде келіп түскен тауар қалдығы осы есепті кезеңнің соңында қалған қалдыққа және есепті кезеңде шығыс етілген тауарларға өзара тең болуы керек.
Есепті кезеңнің басындағы тауарлық қалдықты өткен кезеңде жасалған тауарлық есеп берудің соңғы қалдығынан шегереміз. Тауарлық есеп беру құжатының кіріс ету жағына тауарлар келіп түскен құжаттардың мерзімі мен номері және келіп түскен тауарлардың сомасы жазылады да, осы есепті кезеңде кіріс етілгенде тауарлардың жалпы сомасы жазылып, есепті кезеңнің аяғында шығыс етілген тауардың жалпы сомасын есептейді.
Құжаттар бойынша есеп беруді жеңілдету үшін оларды белгілі бір кезектілікпен жазу керек. Мысалы, кіріс бойынша: жабдықтаушылардан, өз қоймаларынан ішкі қозғалыс және басқадай кірістер; ал шығысы бойынша: сату, жабдықтаушыларға тауарды қайтару ішкі қозғалысы және өз қоймасына қайтару және басқадай шығындар.
Әр кірістер мен шығыстардың құжаттарын хронологиялық тәртіппен орналастыру қажет. Тауарлық есеп құжаттарының бәріне есептіліктің соңында жазбамен жазып тіркейді. Тауарлық есеп беру құжатына материалды жауапты тұлғаның қолы қойылып, басқадай құжаттармен қоса ұйым бухгалтериясына өткізеді. Бухгалтерлік есептің стандартына сай материалды жауапты тұлға өзі осы ұйымның басшылығының рұқсатымен өзінің жұмысына сай келетін құжаттар қоя алады, бірақ онда оның жеке реквизиттері міндетті түрде болуы керек.
Енді көтерме сауда ұйымдарында тауарларды сату барысындағы құжатталуымен танысайық. Көтерме саудамен айналысатын ұйымдарда қолданылатын құжаттары келесідей:
• Шот- фактура
• Накладной, егер сатып алынған тауар ұйымға автокөлікпен жеткізілген болса, тауарлы- көліктік накладной.
Тауарлы көліктік накладной және т. б құжаттар бойынша тауарларды қоймадан жіберу тауарлардың шығыс етілу жері мен сатып алушылардың төлем түріне байланысты болады.
Егер сатып алушы тауарды өзі келіп алса, онда сауда бөлімі жіберілген тауарлар саны мен атауы көрсетілген бұйрық құжат беріледі. Бұл құжаттың негізінде тауарлы көліктік накладной жасалады, онда бұл тауардың атауы, бағасы, саны, артикулы, номенклатуралық номері көрсетіледі. Бұл құжаттардың негізінде тауарларды жинайды және жиналған тауарларды қаптауға немесе жеткізіп беруші экспедиторға беріледі. Сатып алушы сатушының қатысуынсыз бұл тауарларды кірістейді, сондықтан да тауарлардың қоймадан дұрыс шығыс етілуін және жіберілуін қадағалау керек. Тауардың әр бөлігін қаптаған кезде оларға тауарлық белгі беріледі. Тауарлық белгінің бір данасын қаптау, маркілеу орнына қояды. Мұндай тауарлық белгіде тауарды қаптаған және тексерген тұлғаның аты- жөні жазылады. Тауарларды қаптап біткен соң оған арнайы штамппен мөр қойылып, сатып алушы ұйымның аты- жөні және мекен- жайын, бағасын, санын, атауын көрсетеді.
1.3 Тауарларды бағалау
Тауарларды бағалау дегеніміз- тауарларды кірістеу және шығыс ету үшін есеп құнын таңдау. Бұған сатып алу құны мен сату құны жатады. Тауарлардың есеп құны ұйымның есеп саясатында белгіленеді және біртипті тауарларға қатысты ерекшеленген болуы керек. Сатып алу құнына келесідей шығындар кіреді: сатып алу құнын, баж салығының сомаларын, аралық қызмет көрсетуші ұйымдарға комиссиондық сыйақылар төлеу шығындары, тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алумен тікелей байланысты көліктік тасымалдау және басқадай шығындар. Тауарлы шегерімдер, артық төлемдерді қайтару және басқадай ұқсас түзетулер сатып алуға кететін шығындарды анықтай алмаған кезде шегеріледі.
Сатып алу құны есепті құн ретінде тек көтерме сауда ұйымдарында ғана болады. Сату бағасы- бұл соңғы тұтынушыларға сатылған тауар құны. Сату құнына келесілер кіреді:
сатып алу құны- тауарларды жабдықтаушыдан сатып алған және материалды, тауарлы транспорттық накладной, кедендік декларация құжаттарының негізінде танылған құнымен;
акциз – тауарлардың келесідей түрлеріне салынады: арақ- шарап және темекі өнімдеріне, жеңіл автокөлікке, қымбат зергерлік бұйымдар және т.б. Акциз ставкасын тауар құны немесе натуралды өлшемдегі физикалық көлемге пайыздық қатынасты Үкімет қана қояды. Арақ-шарап өнімдеріне олардың құрамындағы спирттің мөлшеріне қарай салынады;
ққс салық сомасы- тауарлардың барлық түріне келесідей ставкамен анықталады: 0 %- экспортты тауарларына, (егер мақта-мақта, тігу, аяқ-киім тігу өндірістері өз тауарларын өз дүкендері арқылы сатса), 10 %- ет, балық сүт тағамдарын, нан, жұмыртқа, май және т. б жеңіл тамақ өндірістеріне, басқадай тауарлардың бәріне 15 % ққс салынады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс «Булак 2003» ЖШС- нің Сатып алынған тауарлардың аудиті курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар Экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]