Курстық жұмыс: Экономика | «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

Курстық жұмыс: Экономика | «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

Мазмұны

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..........3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ................................................................................6
1.1 Нарық жағдайында өнім сапасы ұғымы, экономикалық мәні...................6
1.2 Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері..........9
1.3 Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар...................................................10
2 «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ.
2.1 «Баян-сұлу» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау...........................14
2.2 «Баян- Сұлу» АҚ –ның бәсекелік қабілеттілігін және өнімнің сапалық қасиеттерін бағалау.............................................................................................20
3 ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ............................31
3.1 Халықаралық ИСО стандарттарын енгізу................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ..............................................38

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Қазақстанның әлемдік нарыққа қосылуы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуға ұмтылуы сапа мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті өным шығару үшін де сапаға үлкен мән беру қажет. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық даму жолына бет алған кезде сол сияқты әлемнің дамыған елу елдің қатарына қосылу міндеті анықталған уақытта отандық тауар өндірушілер өз өнімдерінің сапалық қасиеттеріне мән беруі тиіс.
Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында мынандай мәселе көтерген болатын: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті».
Негізінен алғанда сапа тауарды нарықта жылжытудың бірден-бір құралы болып табылады. Сол себептен ел экономикасы тұрақты және тиімді даму үшін сапаға, оның көрсеткіштерінің ілгері жылжуына көп көңіл бөлінуі тиіс.
Жұмыстың мақсаты- нарық жағдайында кәсіпорындағы өнімнің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру болып табылады. Осы қойылған мақсатқа орай жұмыстың келесі міндеттері анықталды:
- нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелерін қарастыру, сапа ұғымына анықтама беру;
- «Баян-сұлу» АҚ мысалы негізінде өнімнің сапасына талдау жасау;
- Өнім сапасын басқаруды жетілдіру бағыттары мен жолдарын қарастыру.
Жұмыстың зерттеу нысанасы - ҚР Қостанай қаласында орналасқан кондитер өнімдерін шығаратын «Баян-сұлу» АҚ.
Негізгі дерек көздер: жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін кәспорындағы өнім сапасын басқарудағы шетелдік, отандық ғалымдардың ойлары және еңбектері, кәсіпорын құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
Жұмыстың құрылымы: берілген курстық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында нарық жағдайындағы өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелерін қарастырылды. Бұл тарауда өнім сапасына анықтамасын беріліп, оның көрсеткіштеріне талдау жасалды. Сонымен қатар өнім сапасына әсер ететін факторларға талдау жасалды.
Екінші тарауда «Баян-сұлу» АҚ мысалы негізінде кәсіпорындағы өнімнің сапасына талдау жасалды. Бұл тарауда басты назар кәсіпорында өндірілетін өнім сапасын басқару әдістеріне аударылып, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне талдау жасалды.
Үшінші тарауда өнеркәсіптік кәсіпорынның шығаратын өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Мәселен, шетелдік тәжирибеде кең қолданылып келе жатқан ИСО-9003 - өнімді бақылау және тексеру, ИСО-9004 сапаны және сапа жүйесін жалпы басқару, және т.б. стандарттарын енгізу.
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Нарық жағдайында өнім сапасы ұғымы, экономикалық мәні
Ғылыми және арнайы әдебиеттерде өнім сапасына берген анықтамалардың түр-түрлерін кездестіруге болады. Дегенмен де әбден қалыптасып, құлаққа үйреншікті стандартты анықтама да баршылық. Өнім сапасы – бұл тауардың тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетімен шартталатын қасиеттер жиынтығы.
Сапа саласындағы белгілі американдық ғалым А.Фейгенбаум өзінің «Сапа билігін басқару» атты еңбегінде өнім немесе бұйым сапасы ретінде келесі түсінік береді: «өнім немесе қызмет көрсету сапасын өнімнің немесе қызмет көрсетудің техникалық, технологиялық және тұтынушылық сипаттамаларының ортақ жиынтығы деп тануға болады…»
Сонымен қатар, автордың дәл атап кеткені, өнім сапасы инженермен емес, тіпті жалпы басқару әдістерімен де емес, тұтынушымен анықталады.
Басқаша айтсақ, сапаның негізін өнімді немесе қызмет көрсетуді пайдаланудағы ұтынушының тәжірибесі жатыр.
Қазіргі кездегі өндірістің өнім сапасын қамтамасыз етудің өзектілігі келесідей негізгі себептерге байланысты:
1. сапа- ірі сатып алушылар үшін басты критериі. Өнімнің бағасы жоғары болғаннан тапсырысты жоғалту, өнімнің сапасы төмен болғаннан жақсырақ.
2. жалпылама сапа. Бәсекеге қарсы тұру үшін, кәсіпорын көптеген жеке шараларды жүзеге асырады. Сапа және сапаны басқару жүйесі кешенді шараларды ұсынады. Өндірістік процестің барлық сатыларын қамтиды- өнім саясаты, жоспарлау, маркетинг,өткізу ұжым, инновация және технология, кәсіпорын нарықта тиімді жұмыс жасауы үшін.
3. сапа- шығындарды төмендетудің басты құралы. Кейіннен қатені жөндегенше, бірден дұрыс жасаған арзанырақ болып табылады.
4. сапа – фирманың нарықта нық тұруын қамтамасыз етеді. Ашық және либералды нарық жағдайында тауар және қызмет көрсету бірін-бірі ауыстыра алады. Өнім сапа деңгейі маңызды болып келеді.
Көптеген отандық зерттеушілер сапаны ғылыми-техникалық ілгері дамудың айнасы деп те атайды. Өнім сапасын – бұл кәсіпорын қызметінің айнасы. Сапаға қарап қолданған техникалық, технология және басқару деңгейі анықталады.
Сонымен қатар, өнім сапасы тек техникалық категория болып қана қоймай, аса маңызды экономикалық категория болып та танылады. Экономикалық категория ретінде ол тұтынушылық құнмен тығыз байланысты. Егер де тұтыныушылық құн тауардың негізгі пайдалылығы болса, онда өнім сапасы өнімді пайдаланудағы нақты жағдайдағы тұтынушылық құнның көріну деңгейі болып табылады.
Өнім сапасы тұтынушылық құнның бір немесе бірнеше қасиеттерін сипаттайды. Сонымен қатар өнім сапасы экономикалық категория ретінде міндетті түрде кәсіпорын қызметінің өзіндік құн, баға, рентабельділік, пайда және т.б. сияқты экономикалық көрсеткіштерін қалыптастырады.
Өнім сапасын арттыру маңызын макро- және микродеңгейлерде қарастыру керек. Макродеңгейдегі өнім сапасын жоғарылату келесі мүмкіндіктерді береді:
- Тауар мен қызмет көрсетулердің экспортын өсіру;
- Экспорт құрылымын жақсарту;
- ҒТП іс жүзіндегі дамуын жылдамдату;
- Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру;
- Халық игілігін көтеру;
- мемлекет беделін көтеру және т.б.
Қарап отырсақ, өнім сапасымен көптеген мәселелер тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар өнім сапасы кәсіпорынның кез келген меншік түріндегі басты және маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қазіргі нарық жағдайындағы кәсіпорындар үшін сапалы өнім шығару әлдақайда маңызды болып келеді. Бұл ең алдымен кәсіпорын беделі мен имиджін қалыптастыруға қажет. Жоғары деңгейлі имидж - бұл танымалдық, сатып алушылардың фирмаға, оның өнімдеріне, жарнамасына деген тұрақты және оң қатынасы. Нарық және бәсеке жағдайында фирма сұранысқа ие сапалы тауар өндірсе, оның болашағы зор болмақ.
Сонымен, кәсіпорынның өнім сапасы мәселесінің шешілілуі – бұл жоғары деңгейлі имидж, сыртқы және ішкі нарыққа шығу, неғұрлым пайда алу, кәсіпорынның тұрақтылығы.
1.2. Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері
Өнімнің сапа деңгейі оның көрсеткіштер жүйесінің негізінде анықталады. Ол деңгейді анықтау үшін әр көрсеткіштің сандық мағынасын біліп, салыстыруға негіз ретінде алынған өнім көрсеткіштерімен салыстыру керек. Өнім сапасының көрсеткіштері ретінде оның сандық мазмұнын табу танылады. Ол үшін іс жүзінде өнім ерекшеліктеріне байланысты бірнеше әдістер қолданылады:
- өлшеу әдісі (құралдар мен жабдықтар көмегімен);
- тіркеу әдісі, ол тіркеу мен санаққа негізделеді (белгілі оқиғалар, заттар). Тіркеу әдісі арқылы патенттік-құқықтық, стандарттау, унификациялау сияқты көрсеткіштер анықталады.
- есептеу әдісі өнім сапасын анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді пайдалануға негізделеді;
- органолептикалық әдіс адамның сезу, тану мүшелерінің талдауын қарастырады;
- әлеуметтік әдіс өнім туралы тұтынушылардың көзқарастарының талдауының негізінде жүргізіледі;
- эксперттік әдіс мамандар (дизайнерлер, дегустаторлар және т.б.) тобымен іске асырылады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар Экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]