Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер

Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу  нарығындағы мәселелер

Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. Аграрлық нарық мәселелері.
1.1 Ауыл шаруашылығы нарықтық қатынастар жүйесінде.
1.2 Ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік нарығындағы сұраныс және ұсыныс.

ІІ Тарау Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы ерекшеліктер.
2.1 Ауыл шаруашылығы өнімдері және азық-түлік рыногіндегі баға белгілеу ерекшеліктері.
2.2 Тауар биржаларындағы ауыл шаруашылық сауда операциялары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І Тарау. Аграрлық нарық мәселелері.
1.1 Ауыл шаруашылығы нарықтық қатынастар жүйесінде.

Монополияландырылған рынокке тән басқа кіру барьері пайдаланылатын техникаға патент алу болып табылады. Барьердің мұндай түрінің ерекше маңызы ғылымды керек ететін жоғары технологиялық өндіріс салаларында өте жоғары. Ауыл шаруашылығында да өндіріс ғылыми негізделеді, алайда олар әдетте агробизнестің басқа салаларында пайдаланылады. Жаңа ғылыми ұсыныстар туралы ақпараттар мемлекеттік қызметтермен жаппай масштабта таратылады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы өндірісінде барьердің мұндай түрі де іс жүзінде болмайды. Монополистік бәсекелестік рыногінде тағы бір кіру барьерінің түрі — интенсивті жарнама, оған орасан зор қаржы жұмсалады. Барьердің мұндай түрінің ауыл шаруашылығында шектелуі жоғарыда айтып кеткеніміздей, өндірілетін өнімнің біртектілігі мен қалыпқа түсірілгендігі болып табылады.
Ерекше кіру барьерінің белгілі бір салада болуы заңдық шектеу немесе өндірістік ресурстарды еркін сатып алу және сатуға тыйым салуға байланысты. Дей тұрғанмен, агробизнесі дамыған елдерде ауыл шаруашылығы ресурстарының рыногі көп болуына сәйкес ауыл шаруашылығында мұндай да барьер жоқ.
Осы айтылғандардың барлығы ауыл шаруашылығының еркін бәсекелестік сферасына жақын тұрғанын аңғартады. Бірақ, соған қарамастан олай деп түсінуге де болмайды. Біріншіден, ауыл шаруашылығы мемлекеттік реттеуді керек ететін аймақ болып табылады. Мемлекет белсенді қаржылық және несиелік саясат жүргізіп, салық жүйесін анықтайды және проценттік үстемеге ықпал етеді. Бұдан басқа, қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік реттеудің маңызды жағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұсыныс деңгейіне, ал сол арқылы нарықтық бағаға әсер етуі болып табылады.
Екіншіден, қазіргі заманғы агробизнесте ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өңдеу компанияларымен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жөніндегі компаниялармен тікелей ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қарым-қатынасы кең етек жаюда. Бұл жағдайда фермерлік өндіріс жалпы алғанда рынокке емес, нақты әріптес-тұтынушыға бағдар ұстайды. Әрине, сұраныс пен ұсыныс келісімдік баға деңгейіне әсер етеді, алайда контрактілер өндірушінің нақты тұтынушыға мақсаткерлік бағдарын білдіретін болғандықтан, келісім-шарттық, қарым-қатынастың іс-қимыл сферасы еркін бәсекелестік рыногінің аймағынан шығып қалады.
Үшіншіден, барлық елдерде белгілі бір дәрежеде мем-лекеттік бақылау мен реттеудің объектісі болып табыла-тын маңызды ауыл шаруашылығының ресурсы — жердің рыногі шектеулі және ерекше.
Бүған қоса шаруапшлық бір мезгілде өндірістің сала-сы және адамдардың тіршілік сферасы болып табылады. Фермерлік шаруашылық — техникасы, өндірістік үйлері, малы және басқа өндіріс құралдары бар кәсіпорын ғана емес, сонымен бірге фермердің мекен-жайы. Ферманы сату немесе сатып алу тұрғылықты жерін немесе тіпті өмір салтын ауыстыруды білдіреді. Осының бәрі ауыл шаруашылығы ресурстарының салыстырмалы түрде мобильдігін, белгілі бір дәрежеде рыноктік барьер мен жеткіліксіз бәсекелестіктің белгісін танытатындай.
Соған қарамастан ауыл шаруашылығы экономиканың барлык, ірі секторларының ішінде ерікті бәсекелестік рыногіне бәрінен бұрын жақын тұр. Бұдан оның агробизнестің және жалпы экономиканың басқа сфераларынан ала бөтен ерекшелендіретін бірқатар мәнді факторларды байқауға болады, мұның өзі фермердің жұмыс істеуі мен тағдырын айқындайды.
Ерікті бәсекелестік — бұл, ең алдымен, бағалық бәсекелестік. Бұл бәсекелестік күрестің жалғыз қаруы өндірістің шығындарын азайту және өнім сапасын арттыру болып табылатындығын білдіреді. Өнімнің өзіндік құнын азайту және өнім өндіру көлемін көбейту — фермер табысын арттыратын мүмкін бағыттар осылар. Іс-қимылдың мұндай моделі ауыл шаруашылығы өнімнің рыногінде ұсыныстың деңгейіне мәнді әсер етпей қоймайды. Қатаң баға бәсекелестігі өндірістің қарқынды өсуінің және агробизнес дамыған елдердің ауыл шаруашылығының жоғары тиімділігінің бірден-бір факторы болып табылады. Бұған мына факті дәлел бола алады: АҚШ-та село тұрғындарының үлесі соңғы 40 жыл ішінде 15%-тен 2%-ке дейін қысқарды. Осы уақыт ішінде фермерлік еңбектің өнімділігі күрт өсті. Бір ауыл шаруашылық еңбеккері азық-түлікпен және шикізатпен қамтамасыз ететін адамның саны 14 адамнан 96 адамға өсті.
Өсудің жоғары қарқыны жоғары техникалық және технологиялык, база, өндірістің жалпы мәдениеті арқылы болады. Бұл үшін ауыл шаруашылығына техника, жем, тыңайтқыш, жанар-жағар май шығаратын және қызмет көрсететін салалар, ауыл шаруашылығына ғылыми зерттеулер жүргізетін салалар жұмыс істеуі қажет. Дәл осы салалардың жоғарғы қарқынмен дамуы ауыл шаруашылығының жоғары өнімділігі мен тиімділігін анықтайды. Осы жоғары техникалық және технологиялық потенциалды пайдалану қажеттілігіне фермерлерді мәжбүр ететін бәсекелестік бұл жағдайда күшті ынталандырушы фактор болып табылады.
Ауыл шаруашылығына арналған материалдық-техникалық ресурстар рыногі, яғни агробизнестің бірінші сферасына үш ірі сала кіреді: ауыл шаруашылық машиналарын жасау, тыңайтқыш және химиялық дәрілер шығару, жем дайындау өндірісі. Бүл салалар типті олиго-полиялық қүрылыммен мінезделеді, яғни рынокте бірнеше ірі фирмалар болады.
Бұл фирмалардың іс-қимылы өндіріс көлемін анықтауда болсын, баға белгілеу саясатында болсын өзара келісімде болады. Мұндай рыноктер үшін сондай-ақ табиғи технологиялық монополия, айта қаларлықтай кіру барьері тән. Бағаны бақылау мүмкіндігі бар, яғни оны барынша көп шығынның деңгейінен асырып қоюға болады.
Міне, осылай жоғары бәсекелестік бейімділігі бар ауыл шаруашылық өндірісі монополияландырылған салалардың өнімін тұтынушы болып табылады. Агробизнестің бірінші сферасының рыногінде бағаның өсу мүмкіндігі — өз өнімін бәсекелестік бағадан жоғары сатуға мүмкіндігі жоқ фермерлер үшін үлкен проблема. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы үшін ерекше көкейтесті мәселе сатып алатын ресурстар мен шығарылатын өнім арасындағы бағалардың қатынасы — баға паритеті проблемасы болып табылады. Баға паритетін қолдау үшін күрес — фермерлердің экономикалық саясат саласындағы талабының басты элементі.
Өз кезегінде үлкен агробизнестің өнеркәсіптік компаниялары фермерлердің тұрақты қаржылық жағдайын қолдауға мүдделі. Бір айта кетерлік жайт — фермерлердің табысын мемлекеттік қолдау идеясы бірінші сфераның машина жасау компанияларынан туған. «Банкротқа түскен фермерге соқа сатуға болмайды» — дәл осы ұран АҚШ-тың фермерлік шаруашылықтарына мемлекеттік қолдау көрсетудің себебі болды.
Фермерлерге көрсетілетін қызмет сферасының рыногі — дилерлік, жөндеу-техникалық, агрохимиялық, мелиоративтік қызмет көрсетулер ресурстар рыногімен тығыз байланысты. Қызметті әдетте техника, тыңайтқыш, жем және тағы басқа өнімдер өндіруші компаниялар көрсетеді. Бүл сервистік кәсіпорындар мен олардың филиалының жүйесі өте кең. Айталық, АҚШ-та ауыл шаруашылық машиналары мен құрал-жабдық шығару жөніндегі бір жарым мыңнан астам зауыт өз өнімдерін 16 мың бөлшек сауда нүктелері арқылы таратады. Мұның өзі фермерлерге өндірістік к,ызметтің кез келген түрін көрсету жөніндегі фирмаларды таңдауына мүмкіндік береді.
Агробизнестің үшінші маркетингтік сферасы өзінің құрамы және атқаратын міндеті жағынан ғана емес, сонымен бірге нарықтық мәні жағынан да барынша әр түрлі болып келеді. Маркетингтік сфера өз ішінде өнімнің мәні және фирмалардың бәсекелестік іс-қимылы жөнінен рыноктің төрт үлгісіне бөлінеді.
Бірінші үлгі — шикізаттық азық-түлік тауарлар рыногі үн-жарма, қант шығару сияқты салалар үшін негізгі және мәнді болып табылады. Оған өнімнің салыстырмалы түрде біртектілігі, қалыпқа түсірілуі, тауарларды ірі партиямен сату белгілері тән. Бұл жағдайда жекелеген өнім өндіруші фирмалар үшін өнімді жарнамалау мәселесінде қиындықтар туындайды, ал баға белгілеу бәсекелестікке жақын келеді.
Рыноктің екінші үлгісі — жоғары деңгейде өңделген азық-түлік тауарларының рыногі. Азық-түлік тауарларының осы тобының көлемі дамыған елдерде соңғы он жылдықта барынша интенсивті дамуда. Бұл рыноктік топта сатылатын өнімдер біртектілік емес және барынша теңдестірілгендер қатарына жатады. Олар — консервілер, кондитерлік және темекі өнімдері және басқа қабылдауға дайын өнімдер. Тауарларды дифференциялаудың жоғары деңгейін бір заттың кең көлемдегі сортта және сапасының әр түрлі мәнде болуымен түсіндіруге болады. Алайда, тұтынушылар көзінше тауарларды жиі ауыстырған сайын олардың арасындағы бәсекелестік те күшейіп, баға приоритеті үшін мүмкіндік аз болады. Сондықтан да өнімге ерекшелік белгілер беруге ұмтылу, оны үқсас тұтынушылық қасиеті бар тауарлар жиынтығынан бөлу азық-түлік фирмасының рыноктік іс-қимылындағы мәнді белгі болып табылады.
Мұндай рынокте бәсекелестік күрестің маңызды қаруы — жарнама және тауарды әр түрлі тәсілмен безендіру және ұсыну. Тауарлардың бұл тобының рыногі бірнеше көш бастаушы фирмалар билік құратын жоғары дифференциалданған өнім болып табылады.
Мұндай рынокке кіру барьері өте жоғары екендігі көзге бірден ұрып тұрады. Бірқатар жағдайларда мұнда масштаб тиімділігі және пайдаланылатын технологияға патенттер жұмыс істейді, алайда басты кіру барьері ретінде жабыла жарнама жасау болып саналады. Бірқатар өнімдерді жарнамалау үшін кететін шығын өнім құнының 20%-іне жетеді. Әрине, жаңадан пайда болған фирмаға рыноктің молшылық жағдайында өзінің тауарымен рынокке ену өте қиын. Бұл үшін жаңа тауардың көзге көрінетін нақты басымдылығымен қатар жарнама сферасында орын алу үшін рыноктегі билік құрып үлгірген тауарға қарағанда орасан зор қаржы жұмсауды керек етеді.
Агробизнес сферасьшың маркетингтік үшінші рыноктік топшасына төмен деңгейде өңделген біртекті топ (мысалы, ет жартылай фабрикаттары және жаңа сойылған ет, сүт өнімдері) жатады. Тауарды өңдеу деңгейі мен оны дифференциялау деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Өнімді өңдеу деңгейі төмен болған сайын оны дифференциялау және интенсивті жарнамалау үшін мүмкіндігі аз болады және керісінше. Бұл рыноктік топқа кіру барьері салыстырмалы түрде төмендеу, баға белгілеу мұнда бәсекелестікке жақын жүзеге асырылады.
Рыноктің төртінші үлгісі — азық-түліктік сервис рыногінің рөлі дамыған елдерде соңғы он жылдың ішінде арта түсті. Оған қоғамдық тамақтандырудың шағын буфеттен бастап қымбат мейрамханаға дейінгі барлық түрі кіреді. Бұл рынок біртекті емес және өзінің ерекшеліктері көп. Онда жарнама мен монополияландырудың әр түрлі деңгейіндегі баға белгілеуді еркін рыноктіктен монополиялыққа дейін өзгерте беретін бірнеше топшаны бөліп көрсетуге болады.
Азық-түлік рыногінің тағы бір ерекшелігі ретінде оның бірнеше деңгейде болуын айтуға болады. Рынок нан, сүт және қаймағы алынбаған сүт өнімдері үшін — жергілікті; ет өнімдері, көкөніс және жеміс үшін — аймақтық; консервілер және шеттен әкелінген азық-түлік үшін — ұлттық, болуы мүмкін. Тез бұзылатын азық-түліктер рыноктің шекарасын тарылтады, ал мамандандырылған транспорт пен сақтау қоймалары оны кеңейтеді. Рынок деңгейінің есебі оны дұрыс бағалау және фермалардың қызметіне болжам жасау үшін маңызды. Айталық, шағын азық-түлік дүкенінің немесе асхананың сәтті жерде орналасуы оларды қымбат тұратын жарнамасыз-ақ, ұсынылатын азық-түліктің бір қалыптағы жиынтығымен-ақ кішігірім монополистке айналдырады.
Жалпы азық-түлік рыногін талдай келе мынаны айтуға болады: агробизнесі дамыған елдерде бұл рынок — салыстырмалы түрде фирмалардың көп бөлігі қатысатын және жоғары азық-түліктік дифференциядағы, монополистік бәсекелестіктегі рынок. Оның үстіне мұнда көш бастаушы фирмалардың тобы бар екенін де айта кету керек. Баға бәсекелестігімен қатар мұнда жаппай жарнамалау, азық-түліктік дифференциация және жақсартылған сервис сияқты факторлар да үлкен маңыз алады. Ауыл шаруашылығының нарықтық құрылымы мен маркетингтік сферадағы айырмашылық мынаған алып келеді: ауыл шаруашылығы өнімдерінің жоғары бәсекелестік ұсынысы салалардың және рынок масштабына байланысты монополияландырылған сұраныспен бетпе-бет келеді.
Азық-түлік фирмаларының ауыл шаруашылығы өндірісі мен фермерлердің жағдайына әсері өңдеу және өткізу арналарын азайтудың малшеріне байланысты барған сайын күшейіп, фермерді тамақ өнімдерін тікелей тұтынушыдан алшақтатып барады. Бұл әсіресе тамақ өнеркәсібіне қатаң орнатылған технология бойынша сапалы шикізат қажет болған жағдайда ерекше сезіледі. Фермерлердің тамақ компанияларына технологиялық және экономикалық тәуелсіздігі фермерлердің тек қана өндірістік-технологиялық аспектідегі іс-қимылын шектеп қоймайды, сонымен бірге сатып алушының шартын қабылдауға мәжбүр болатын фермердің табысын да шектейді.

1.2 Ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік нарығындағы сұраныс және ұсыныс.

Сұраныс нарықтық экономиканың маңызды параметрлерінің бірі болып табылады. Оның деңгейі өсуі және шапшаңдығы рыноктегі жағдай мен өндірушілердің жайын анықтайды. Тауарлардың басқа түрлеріне қарағанда ауыл шаруашылығының және азық-түліктің .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]