Курстық жұмыс: Информатика | АТС тің жұмысын автоматтандыру
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................................51.Есептің қойылымы (мақсаты, шарты, программаның қандай болу керектігі)........................................................................................................................7
1.1.Кіру құжатты (формасы, атауы)............................................................................7
1.2.Шығу құжаты (кесте формасы)............................................................................12
2.Программалық жабдықтау (фильтрация,т.б).........................................................14
3.Терминологиялық сөздер........................................................................................18
4.Листинг.....................................................................................................................19
Қорытынды...............................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................22
Қосымша....................................................................................................................23
1. Есептің қойылымы (мақсаты, шарты, программаның қандай болу керектігі)
Мәліметтер базасы - деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
- қайшылықсыз
- артықсыз
- тұтас
Мәліметтер базасы басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға, арналған программалық жабдық болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың программасының мақсаты – пайдаланушыға программаны қолдануға лайықты етіп құру. Программа тақырыбы - АТС. Ол қолданушыға лайықты кез-келген адам туралы мәлімет, оның телефон номері бойынша реттелуі тиіс. Іздеуге көп уақыт жұмсамау үшін мекен-жайы және аты-жөні бойынша іздеу функциясы көзделуі тиіс. Егер де пайдаланушы жұмысты қағазға бастырып алғысы келсе, оған арнайы есеп беру функциясы құрылуы керек. Программа соңында әрбір пайдаланушы қолданатынындай болуы тиіс. Delphi программалық жүйесінде деректер базасын құру оңай болғандықтан мен осы программалық тілде курстық жұмысты жасадым.
1.1. Кiру құжаты
Кiру құжаты – бұл ақпараттық жүйелер функциясының орындалуына қажет, клавиатурадан терiлген, құжат, мәлiмет, сигнал түрiнде берiлетiн ақпарат.
Мәліметтер базасын құру техникасы
Қарапайым ақпараттық жүйенi құруда Delphi-дiң МБ-мен жұмыс iстеуiн қарастырайық. Бұл АЖ-нi код жазбай-ақ атқаруға болады. Барлық керектi операциялар Database Desktop, форманың конструкторы, объектiлер инспекторы көмегiмен жүзеге асады. АЖ-де жүмыс iстеу келесi басты кезеңдерден тұрады:
• МБ-ын құру;
• жоба құру;
Мәліметтер базасы(МБ) мен жобадан басқа АЖ-ге есептеу жүйесi мен мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) кiредi. Компьютер немесе компьютерлiк желi бар делiк, және олардың характеристикалары болашақ АЖ-нiң қажеттiлiктерiн өтейдi делiк. МББЖ ретiнде Delphi-дi таңдаймыз.
Қарапайым кезде МБ бiр кестеден тұрады. Егер кестелер бар болса, онда бiрiншi кезең орындалмайды. Айта кететiн жайт, Delphi-мен қоса жобаның көптеген мысалдары, сонымен қатар МБ-ның жобасы да берiледi. Осы жобаға арналған кестелердiң файлдары С:/Program Files/CommonFiles/BorlandShared/Data каталогында орналасқан.
Мәліметтердің ұйымдастыру - түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
- иерархиялық
- желілік
- реляциялық
- объектілі–бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түріне беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз.
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
Объектілі–бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объектілі–бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.
Мәліметтер базасының кестесін құру
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бір мезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін (деректер, кілттер, индекстер т.б. құрайтын) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мысалы: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
- өріс сипаты
- кілт
- индекс
- өрістің мәтініне шек қою
- кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
- парольдер
кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мыс: DataBase немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде D:\POS. Деректер базасын құру DataBase Desktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.
Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: Пуск\Программы\Borland Delphi7\Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\Working Directory және көрсетілген терезеден D:\POS каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда кестені құру үшін File\New\Table. DBD Creat Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.
Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key-«*» символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса.
Кестенің қасиетін беру
Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді.
Table Lookup – бұл бөлім берілген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup – ті таңдағанннан кейін Define – аңықтау батырмасы шығады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз.
Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.
Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның сол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed Fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.
Индексі таңдалғаннан кейін, оның индексін беретін терезе ашылады.
Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреу – бас, ал басқасы – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәнің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.
Update Rule – радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit – ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егерде Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс болады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.
Strict Referential индекстерін орнатқанда Paradox –тың алғашқы версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және бұзылуына жол бермейді.
Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілтеме атын беру керек.
Table Language – бұл бөлім BDE Administrator арқылы кестенің тілін көсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.
Dependent Tables – бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.
Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге еңгізілгеннен кейін Save As батырмасын басу керек, сол кезде Windows – тағы стандартты сақтау терезе шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізімнің болуында. Бұл тізімде әр түрлі мәліметтер базасының псевдонимдері бар. Сіз тізімнен керекті псевдонимді таңдап, кестені сақтайсыз.
dBase және Paradox форматының кестелері. Delphi–дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол dBase және Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
dBase кестесі персоналды компьютерлерге арналған бірінші форматтық кестелердің біріне жатады. dBase кестесінің негізгі қасиеті болып, оның қолданылуының қарапайымдылығы және көп қолданбалармен бірігіп жұмыс істеуі болып табылады.
1.1. кестесінде dBase кестесінің өрістік тип тізімі құралған. Мұнда әрбір типке символ беріледі.
Тип Белгіленуi Мәннің мазмұны
Character C Символдық қатар. Ұзындығы 256 символдан аспайды.
Float F Жүзбелі нүкте саны. Дәлдігі мантис саның 15 саны.
Number N BCD форматындағы екілік–ондық жүйесінің саны.
Date D Күн.
Logical L Логикалық мән.
Memo M Символдық мән. Ұзындығы шектелмеген.
Ole O Форматтағы деректер. Деректер DBT кеңейтіндідегі файлда сақталады.
Binare B Байттар тізбегі. Ұзындығы шектелмеген.
Кесте 1.1. dBase кестесінің өріс типі.
dBase кестесі жеткілікті қарапайым және дискіде едәуір аз физикалық файлдарды сақтауда қолданылады. Файлдың кеңейтіндісіне қарап, оның құрамында қандай деректер бар екенін көруге болады.
DBF – кестелік деректер.
DBT – үлкен екілі объектілі деректер, немесе BLOB – деректер (Binary Large Object)
MDX – колданба индекстер
NDX – dBase форматтық кестесін колдамайтын индекс. Осындай кестемен жұмыс істегенде программист бұны өзі өңдеу керек.
dBase кестесінде өріс аты әріптер мен сандардан құралу керек және ол әріптен басталуы керек. Аттың максимал ұзындығы 10 символдан тұрады. Атты жазғанда арнайы символ және пробел жазуға болмайды.
dBase кестесінің кемшілігі - оның парольдік қорғаныстың болмауы және байланыстын бақылаудың болмауы. Сондықтан программист өзі осы істерді кодтау керек.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады.
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік:
- деректердің тұтастығын
- әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті
- енгізілген деректерді тексеруді
- кестенің парольдық қорғанысын қамтамасыз етеді.
BDE Administrator DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE (Borland DataBase Engine – Borland .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Информатика | АТС абоненттері
» Курстық жұмыс: Информатика | АТС жүйесі
» Курстық жұмыс: Информатика | Ақпараттық жүйелер АЖ Кіру Шығу құжаты
» Курстық жұмыс: Информатика | Кадрлар бөлімі
» Курстық жұмыс: Информатика | Коммерциялық банктің автоматтандырылған анықтамасы
» Курстық жұмыс: Информатика | АТС абоненттері
» Курстық жұмыс: Информатика | АТС жүйесі
» Курстық жұмыс: Информатика | Ақпараттық жүйелер АЖ Кіру Шығу құжаты
» Курстық жұмыс: Информатика | Кадрлар бөлімі
» Курстық жұмыс: Информатика | Коммерциялық банктің автоматтандырылған анықтамасы
Іздеп көріңіз: