Курстық жұмыс: Георгафия | Атлант мұхитына физико географиялық сипаттама
Мазмұны
Кіріспе 3І – тарау Атлант мұхитына физико – географиялық сипаттама
1.1 Атлант мұхитының зерттелу тарихы 5
1.2 Рельеф және геологиялық құрылымы 8
1.3 Атлант мұхитының климаты 14
ІІ – тарау Мұхиттың органикалық дүниесі және биологиялық
ресурстары
2.1 Атлант мұхитының гидрологиялық режимі 20
2.2 Мұхиттың органикалық дүниесі 25
2.3 Мұхитты шаруашылық әрекеттерге тиімді пайдалану 28
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
1.1 Атлант мұхиттың зерттелу тарихы
Атлант мұхитын адамдар ежелгі уақыттан игере бастаған. Мұхит пен оның теңіздерінің жағаларында әртүрлі дәуірлерде Ежелгі Грецияда, Карфагенде, Скандинавияда теңізде жүзу орталықтары пайда болған. Ұлы Географиялық ашулар дәуірінен бастап, Атлант мұхиты жердегі басты су жолына айналды.
Атлантиканың табиғатын комплексті зерттеу ХІХ ғасырдың аяғында ғана басталды. «Челленджер» кемесімен ағылшын экспедициясы мұхиттың тереңдігін өлшеді, су массасының қасиеті жөнінде, органиклық дүниесі туралы материал жинады. Оны зерттеуге орыс, одан кейін советтік мұхит зерттеу экспедициялары елеулі үлес қосты. Әсіресе, Халықаралық геофизика жылы кезеңінде
көптеген деректер алынды. Ол 1957 – 1958 жылдар болатын. Қазіргі кезде көптеген елдер ғалымының 40 кемеден тұратын экспедициялық эскадрасы су массасының қасиеттерін, мұхит
түбінің жер бедерін зерттеуді жалғастырып келеді. Мұхитты зерттеушілер мұхиттың атмосферасымен өзара әсерін бақылап білуде,
Гольфстрим мен басқа ағыстардың табиғатын зерттеуде. «Витязь» ғылыми - зерттеу кемесі бұл жұмысқа белсене қатысуда.
Атлант мұхитының зерттелу тарихы 3 кезеңге бөлінеді.
Ежелгі дәуірден 18 ғасырдың ортасына дейінгі 1 – ші кезеңде, көптеген саяхатшылар теңізшілер мұхиттың шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықтаумен айналысты. Соның ішінде, атап айтар болсақ финикиялықтар, карфагендіктер. 9 - 10 ғасырларда нормандықтар Исландия, Гренландия, Солтүстік Америка жағалауларына дейін жүзіп барған. Ал славян халықтары болса орта ғасырларда Балтық теңізі бойынша жүзіп өткен. 15 ғасырларда испандықтар мен португалдықтар Индия мен Қытайға саяхаттар жасай бастады. Солардың ішіндегі ең танымал саяхатшылар: Б.Диаш, Васко-да-Гама, Х.Колумб, Дж. Кабот, Ф.Магеллан, Дж. Дейвис, Г.Гудзон, Баффин т.б.
1520 жылы Ф. Магеллан бірінші рет дүние жүзін айналып өткен саяхатында Магеллан бүғазы арқылы Атлант мұхитынан Тынық мұхитына өткен болатын.
2 – ші кезеңде (1749-1872), мұхит суының температурасы, ағыстар, тереңдіктер, т.б. мұхит өлшемдері анықталды. Бұл тұрғыдан
елеулі еңбек еткен ғалымдар Г.Эллис, Дж.Кук, О.Соссюр, И.Ф.Крузенштерн, Э.Ленц т.б.
3 – ші кезеңде 1872 жылдан бастап қазіргі кезге дейін арнайы жабдықталған кемелермен кешенді мұхиттық зерттеулер жүргізілді.
«Челленджер», 1872-1876; «Витязь», 1986-1989; «Метеор», 1925-1938; «Дискавери – 11», 1931 жылдан қазірге дейін; «Атлантис» 1933 жылдан
қазірге дейін; Халықаралық геофизикалық экспедициялар, 1957-1958; «Калипсо», 1952 жылдан қазірге дейін.
1960 жылдардан бастап Халықаралық геофизикалық ұйымдар мен мемлекеттер арасында байланыстар оң жолға қойылды. Бұл халықаралық байланыстар дүниежүзілік мұхитты зерттеуге зор мүмкіндік туғызды.
Атлант мұхитында жүргізілген ең соңғы ірі экспедиция 1963 - 1964 жылдары болды. Бұл зерттеу мұхиттың экваторлық және тропикалық зоналарын зерттеуге бағытталып, оған « Эквалант » кемесінде КСРО, АҚШ, Бразилия т.б. мемлекеттердің ғалымдарының бірлесіп ат салысты.
Қазіргі кезде Атлант мұхитын зерттеу жұмыстарында Мемлекетаралық бағдарламалар бойынша Англия, Франция, Нидерланды, АҚШ, Бразилия, Аргентина және т.б мемлекеттерінің ғалымдары жұмыс істеуде.
Ф-ОБ-001/035
Кіріспе
Атлант мұхиты – жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық
мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған.
Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік шығысында Африка мен Антарктида аралығындағы Үнді мұхитымен, оңтүстік батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91,6 млн. км², орташа тереңдігі 3597м., суының көлемі 329,7 млн. км³.
Жұмыстың мақсаты – Атлант мұхитына жалпы сипаттама бере отырып, мұхиттың зертелу тарихына, рельеф және геологиялық құрылымына, климаты мен гидологиялық режимі органикалық дүнтесі, мұхитта жүргізідген шаруашылық әрекет түрлерімен танысу.
Жұмыстың міндеті – Атлант мұхитының физикалық – географиялық жағдайын сипаттап, қазіргі таңдағы соңғы ғылыми ашылулар, жаңалықтар мен өзгерістерді толық қарастыру.
Жұмыстың өзектілігі – Атлант мұхиты адамзат өмірінде ерекше маңызды орын алып отырғандықтан оны шаруашылыққа пайдалану
Ф-ОБ-001/035
мұхиттың жалпы климаты, гидрологиялық режимі, органикалық дүниесіне әсерін анықтап, оны шешу жолдарын көрсету.
Жұмысты орындау барысында Хейзен Б; Тарп М; Юинг М;
« Дно Атлантического океана » кітабы мұхиттың рельефі мен геологиялық тарихын сиапттауда мәліметтің басты көзі болып табылады.. Мұхиттың физикалық – географиялық жағдайы, климаты мен гидрологиялық режимі жайлы мәліметтер А.В.Рябчиковтың « Физическая география материков и океанов » әдебиетінен негізге алынды.
Атлант мұхиты – жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған.
Барлық мұхиттардың ішінде Атлант мұхиты адамзат өмірінде ерекше маңызды орын алып отыр. Бұл тарихи қалыптасқан жағдай. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатуы – мұхиттың географиялық орнының ерекшелігі. Ол қоңыржай ендіктерде барынша кеңейеді де, экваторға қарай тарыла түседі.
Мұхиттың жағалық сызығы солтүстік жарты шарда күшті тілімделген, ал оңтүстік жарты шарда – аз тілімделген. Аралдардың басым бөлігі материктерге таяу орналасқан.
Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік шығысында Африка мен Антарктида аралығындағы Үнді мұхитымен, оңтүстік батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен
оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км -ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91,6 млн. км², орташа тереңдігі 3597м., суының көлемі 329,7 млн. км³. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімденген. Теңіздері (Балтық теңізі, Солтүстік теңізі, Жерорта теңізі, Кариб теңізі т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай шығанағы, Гвинея шығанағы т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімденген. Оған Антарктида маңындағы Уэддел тауы мысал бола алады. Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Ірі аралдары, соның ішінде Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Үлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолькленд аралдары мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар яғни, Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья т.б. ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары
Ф-ОБ-001/033
(Буве, Тристан – да - Кунья, Вознесение, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың
Ф-ОБ-001/033
шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка – Антарктида қазаншұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 м - ден 7300 м - ге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі – Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір - бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық қайраңмен және құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілге
Ф-ОБ-001/033
Атлант мұхиттың зерттелу тарихы
Атлант мұхитын адамдар ежелгі уақыттан игере бастаған. Мұхит пен оның теңіздерінің жағаларында әртүрлі дәуірлерде Ежелгі Грецияда, Карфагенде, Скандинавияда теңізде жүзу орталықтары пайда болған. Ұлы Географиялық ашулар дәуірінен бастап, Атлант мұхиты жердегі басты су жолына айналды.
Атлантиканың табиғатын комплексті зерттеу ХІХ ғасырдың аяғында ғана басталды. «Челленджер» кемесімен ағылшын экспедициясы мұхиттың тереңдігін өлшеді, су массасының қасиеті жөнінде, органиклық дүниесі туралы материал жинады. Оны зерттеуге орыс, одан кейін советтік мұхит зерттеу экспедициялары елеулі үлес қосты. Әсіресе, Халықаралық геофизика жылы кезеңінде
көптеген деректер алынды. Ол 1957 – 1958 жылдар болатын. Қазіргі кезде көптеген елдер ғалымының 40 кемеден тұратын экспедициялық эскадрасы су массасының қасиеттерін, мұхит
түбінің жер бедерін зерттеуді жалғастырып келеді. Мұхитты зерттеушілер мұхиттың атмосферасымен өзара әсерін бақылап білуде, Гольфстрим мен басқа ағыстардың табиғатын зерттеуде. «Витязь» ғылыми - зерттеу кемесі бұл жұмысқа белсене қатысуда.
Атлант мұхитының зерттелу тарихы 3 кезеңге бөлінеді.
Ежелгі дәуірден 18 ғасырдың ортасына дейінгі 1 – ші кезеңде, көптеген саяхатшылар теңізшілер мұхиттың шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықтаумен айналысты. Соның ішінде, атап айтар болсақ финикиялықтар, карфагендіктер. 9 - 10 ғасырларда нормандықтар Исландия, Гренландия, Солтүстік Америка жағалауларына дейін жүзіп
Барған. Ал славян халықтары болса орта ғасырларда Балтық теңізі бойынша жүзіп өткен. 15 ғасырларда испандықтар мен португалдықтар Индия мен Қытайға саяхаттар жасай бастады. Солардың ішіндегі ең танымал саяхатшылар: Б.Диаш, Васко-да-Гама, Х.Колумб, Дж. Кабот, Ф.Магеллан, Дж. Дейвис, Г.Гудзон, Баффин т.б.
1520 жылы Ф. Магеллан бірінші рет дүние жүзін айналып өткен саяхатында Магеллан бүғазы арқылы Атлант мұхитынан Тынық мұхитына өткен болатын.
Ф-ОБ-001/033
2 – ші кезеңде (1749-1872), мұхит суының температурасы, ағыстар, тереңдіктер, т.б. мұхит өлшемдері анықталды. Бұл тұрғыдан елеулі еңбек еткен ғалымдар Г.Эллис, Дж.Кук, О.Соссюр, И.Ф.Крузенштерн, Э.Ленц т.б.
3 – ші кезеңде 1872 жылдан бастап қазіргі кезге дейін арнайы жабдықталған кемелермен кешенді мұхиттық зерттеулер жүргізілді. «Челленджер», 1872-1876; «Витязь», 1986-1989; «Метеор», 1925-1938; «Дискавери – 11», 1931 жылдан
қазірге дейін; «Атлантис» 1933 жылдан қазірге дейін; Халықаралық геофизикалық экспедициялар, 1957-1958; «Калипсо», 1952 жылдан қазірге дейін.
1960 жылдардан бастап Халықаралық геофизикалық
ұйымдар мен мемлекеттер арасында байланыстар оң жолға қойылды. Бұл халықаралық байланыстар дүниежүзілік мұхитты зерттеуге зор мүмкіндік туғызды.
Атлант мұхитында жүргізілген ең соңғы ірі экспедиция 1963 - 1964 жылдары болды. Бұл зерттеу мұхиттың экваторлық және тропикалық зоналарын зерттеуге бағытталып, оған
« Эквалант » кемесінде КСРО, АҚШ, Бразилия т.б. мемлекеттердің ғалымдарының бірлесіп ат салысты.
Қазіргі кезде Атлант мұхитын зерттеу жұмыстарында Мемлекетаралық бағдарламалар бойынша Англия, Франция, Нидерланды, АҚШ, Бразилия, Аргентина және т.б мемлекеттерінің ғалымдары жұмыс істеуде.
Ф-ОБ-001/033
Рельеф және геологиялық құрылымы
Литосфералық плиталар теориясына сәйкес Атлант мұхиты әлі жас. Мұхиттың орташа тереңдігі Тынық және Үнді мұхиттарына қарағанда таяз; ең терең жері 8742 м-ге жетеді.(Пуэрто – Рико шұңғымасы).
Рельеф және геологиялық құрылымын сипаттағанда Атлант мұхитының жер бедерінің басты ерекшелігі Орта Атлантика
жотасы болып табылады. Ол меридиан бойынша орналасқан және Аилант мұхатын екі бөлікке, яғни шығыс және батыс бөліктерге бөледі. Бұдан шығыс және батысқа қарай суасты үстірттері : Бермуд, Риу-Гранди және көтеріңкі аймақтар Роколли және Сьерра – Леоне орналасқан. Су түбіндегі тау жүйелері Атлант мұхитын үлкен қазаншұңқырларға бөледі : Лабрадор, Солтүстік Америка, Гвиана, Бразильдік, Аргентиндік – батысында, Батыс Европалық, Солтүстік Африкалық, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс – шығысында, Африка – Антарктикалық – оңтүстігінде орналасқан. Қазаншұңқырлардың тереңдігі 3000м - ден 7200 – 7300 м-ге дейін барады. Қазаншұңқырлардың көп бөлігі тегіс абиссальді жазық түрінде болып келеді.
Атлант мұхитының қазаншұңқырлары
Қазаншұңқыр атауы Максималды тереңдігі,м
Лабрадор 4180
Ньюфаундленд 4685
Солтүстік−Америка 6594
Гвиан 4830
Бразилия 6059
Аргентиндік 6212
Батыс Европа 5668
Иберий 5100
Канар 6501
Жасыл Мүйіс 7297
Сьерра − Леоне 6040
Гвиней 5215
Ангола 5699
Кап 5457
Ф-ОБ-001/033
Тек кей жерлерінде ғана тау жүйелері бар. Бұл таулардың шыңдары кей жерлерде жанартау тектес аралдар түрінде су бетіне шығып тұрады. Мысалы : Бермуд, Азор, Канар, Жасыл Мүйіс, Фернанду – ди – Наронья, Гоф т.б.
Ірі суасты таулары : Алтаир, Анти-Алтаир, Милн, Келвин, Сан – Пабло, Рехобос, Ронкевей, Якутат, Атлантис, Плато Дейвис, Колумбия, Дисковери, Шмитт – Отт, Метеор, Альфред, Мерс.
Орталық Атлант жотасы Исландия жағалауларынан Рейкьянес жотасы деген атпен басталады. Ол Атлант мұхитының осімен мыңдаған километрге дейін барады. 52 - 53° ендіктерде бұл жотаны Гиббс және Рейкьянес жоталары кесіп өтеді. Осы жерден Солтүстік Атлантика жотасы басталады. Ол айқын көрінетін .......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: