Курстық жұмыс: Информатика | Архивтік файлдар
Мазмұны
1.Кіріспе 2.Архивтеу программалары
3.Архивтік файл
4.ZIP архиваторының командалары және кілттері
5.Файлды архивке енгізу
6.Файлдардың қысу деңгейін көрсету
7.Архивтік файлдардың аттары
8.Архивтік файлдарға қызмет көрсетуші
программмалар
9.Архивтік программалардың режимі
10.Файлдарды архивке орналастыру
11.Архивтелген файлдарды таңдау режимі
12.Файлды архивке жіберу
13.Файлдарды архивтен шығарып алу
14.Өздігінен жинақталатын архивтегі файлды құру
15.Дискте бар файлдың режимде орналасуы
16.Каталогтың астындағы архивтелген файлдар
17.Архивтің мазмұнын қарап шығу
18.Мазмұнын шығару форматы
19.Файл туралы информацияны сорттау
20.Архивтің бүтіндігін тексеру
21.Зақымдалған файлды қалпына келтіру
22.Архивтің қоректену кезінде өшірілу проблемасы
23.Парольдың көмегімен файлды қорғау
24.Архивке файлды қосу
25.Файлды архивтен өшіру
26.Файлдарды уақытпен таңдау және олардың өзгеруі
27.Архиватор ZIP for Windows
28.Қорытынды
29.Қолданылған әдебиеттер
Архивтеу программалары.
Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Бірақта, бұндай прогрмманың көбі “shapeware” ретінде таралады. Яғни оларды тегін алуға болады. Егер сіз оларды барлық уақытта қолданылатын болсаңыз программа авторына немесе таратушыларына белгіленген (әдетте 50 $ дейін) соманы алу керек .
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды шығарып алуға, архив мазмұнын көруге т .с . с.
Істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлдарды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады.
Компьютермен күнделікті жұмыс істеу барысында кеңінен қолданылатын берілгендері қысудың “классикалық” форматтары. ZIP және. ARJ болып табылады. Соңғы кезде бұлардың қатарына әйгілі. RAR форматы қосылды. Осы форматтарда жасалған архивтерге арналған программалық құралдар.
Файлдарды архивтеу құралдары кестеде келтірілгент :
Операциялық
система Форматтың
қысылуы Архивтік
құралдары Архивті ашудың
құралдары
MS-DOS
ZIP PKZIP.EXE PKUNZIP.EXE
RAR RAR.EXE UNRAR.EXE
ARG ARG.EXE
Windows 9x ZIP WinZIP
RAR WINRAR
ARG WINARG
Ең көп таралған архиваторлар - программаның барлығы біршама ұқсас мүмкіндікке ие және олардың бірде – біреуі басқаларынан барлық жағынан асып түспейді. Кейбір программалар шапшаң жұмыс істейтін болса, кейбіреулері файлдарды қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ете алады. Егер программаларды тек қысу дәрежесімен ғана салыстыратын болсақ, олардың арасында бірде – біреуін озық шығады деп ойламаймыз. Себебі, әртүрлі файлдарды тиімді орналастыру үшін әртүрлі программалар қажет. Кең таралған программалардың қатарында ARJ, PKZIP, LHA, PKPAK, PAK.
Танымал екі архиватор программалары PKZIP/ PKUNZIP және ARJ-лардың негізгі мүмкіндіктерінт қысқаша сипаттайық. Бұл программалар жоғарғы жылдамдықты және ақпараттық қысу жылдамдық дәрежесінің үлкендігін қамтамасыз етеді. PKZIP/ PKUNZIP өте жоғарғы қысу дәрежесін қамтамасыз етеді. ARJ программасы бірнеше дискетада орналасқан файлдарды архивтейді .
Архивтік файл
Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әр бір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:
-файлдың аты;
-файл орналасқан каталог туралы мағлұиат;
-файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);
-архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік
бақылау шарт таңбасы.
ARJ программасы көп томды архивтерді жасай алады. Олар дискетадағы үлкен комплексті файлдарды архивтеу үшін жасалған.
ZIP архиваторларының командалары
және кілттері
Программа екі негізгі файлдан тұрады:
PKZIP – файлдарды архивке енгізу (кіргізу) программасы
PKUNZIP – файлдарды архивтен шығару программасы
PKZIP/ PKUNZIP программасының өте үлкен функциялары бар.
PKZIP/PKUNZIP программаларының функциялық тапсырмасы көрсетілген режимнің көмегімен іске асырылады. Режимдер программаның атынан кейінгі командалық жолдың кез – келген жерінде көрсетіледі. Режим “ - “ немесе “ / “ белгісімен көрсетіледі.
Файлды архивке енгізу
Ең алдымен файлды архивке енгізу ушін PKZIP режимді
архивтің аты (файлдың аты)
Режимдер – “ – “ немесе “\” таңбаларымен басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды немесе анықтайды.
Файлдың аттары – архивтерге енгізілетін файлдардың аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және *) қолдануға болады. Егер файлдардың аттары көрсетілмесе , онда ағымдағы каталогтардың барлық файлдары өңделеді.
Ескерту :
“* “, “? ”белгісі тұрған орында кез – келген белгілеулер қолданылады.
Мысалы:
1. game * - барлық файлдар game атпен архивтеледі дегенді білдіреді. ( game.exe , game. sav, game . cfg )
.ga* sav - алғашқы екі әрпі де ( game . sav және sav ) кеңей- тілуімен ( ? белгісі)
2. game .? a ? - game атты барлық файл ортасында “а’’ түрде кеңейтілген ( game . sav , game . bat )
game ??? * - барлық функциялардың аттары алғашқы 4 әріп game
және осы 4 әріптен кейінгі “*” - ты кез - келген символмен кеңейтуге болады.
Команданы енгізгеннен кейін жинақтағыш программалар сұраныс жасаған әрекеттерді орындайды, экранда архивтеуге кіргізетін файлдардың аттары шығады. Әрбір файлдарды қысу кезінде файлдардың өңделген бөлігінің % - і шығады. Әр файлдарды қысу аяқталған кезде ол файлдың атына қарама – қарсы қысу дәрежесі хабарланады. Мысалы: PKZIP. Exe файлын жинақтағанда экранда төмендгідей жазу шығады:
Adding : PKZIP. EXE Deflating ( 36% ) , done.
Файлдардың қысу деңгейін көрсету
PKZIP программасы жұмыстың жеткілікті үлкен жылдамдығын және максималды қысу дәрежесіне жақынырақ жеткізуді (бірнеше % жоғары) және қысу дәрежесінің аз бөлігін қамтамасыз етеді. Программа кілтпен максималды қысу дәрежесі кезінде баяу жұмыс істейді. Керсінше кілтпен аз қысу кезінде қысу дәрежесі тезірек жұмыс істейді.
Кілттер:
«-ex» - максималды дәреже
«-en» - орташа ( кәділегі ) дәреже
«-es» - аз дәреже
Архивтік файлдардың аттары.
PKZIP / PKUNZIP және ARJ архивтік файл программа-лардың аттары төмендегідей кеңейтіледі :
ZIP - PKZIP / PKUNZIP программаларының архивтік файлдары көп томды архивтеуде архивтің жалғасы мынадай кеңейту А01, А02, т.с.с болады. ARJ – ARJ программаларының архивтік файлдары.
Архивтеу программасын қолдану кезінде архивтер кеңейтудің аттарын ( имена ) тусінеді. Егер архивтік файлдар үшін кеңейтілуі көрсеетілмесе, онда ZIP программалары PKZIP / PKUNZIP және ARJ программасы – ARJ прграммасы үшін кеңейтілуін түсінеді.
Архивтік файлдарға қызмет көрсетуші
программалар
ARJ программасы өзінің архивтелуін қамтамасыз ету үшін барлық функцияларды орындайды . Ол файлдарды архивтейді , файлдарды архивтен шығарып алады .
Ал ZIP файлдары үшін әртүрлі прграммалар орындалады:
PKZIP - файлдарды архивке кіргізу
PKUNZIP – файлдарды архивтен шығару
РК ZIP FIX – зақымдалған архивтік файлдарды қайта жаңарту
ZIP 2 EXE - өздігінен айналатын файл
Cонымен қатар осы программаларды құрушылар мен тәуелсіз программистер архивті өңдеу үшін әртүрлі көмекші программалар пайдалануға болады . Мысалы:
PK FIND - ZIP архивте және дискіде файлдарды іздеу.
REARJ - барлық архивтерді ARJ архивіне түрлендіру.
ARJ SORT - ARJ архивтерді іріктеу
ARCVIEW – архивтерді диалогты модификациялау және көру.
Архивтік прграммалардың режимі
PKZIP / PKUNZIP және ARJ программаларының үлкен функционалдық саны бар, шақырылу программасының көмегімен командалық жолда керек функция орындалады.
ARJ функциялық программасы код тапсырмасы арқылы орындалады. Код командасы – бір әріп, командалық бағанға программаның атынан көрсетіледі.
Мысалы:
А - архивке файлды қосу.
Т - архивтің тестіленуі ( тексерілуі )
Е – архивтен шығарылған файл
ARJ программасынан қандай қимылдар талап етіледі? Бұл сұрақты режимге қоюға болады . Режимдер командалық жолдың кез – келген жерінде командалық саннан кейін “ – “ :-V, -М немесе (т.б таңбалар өткен белгімен) “ / “ : /V, /M және т.б өткен белгілермен қойылады. Алайда, бұл екі әдісті бір командалық жолда араластыруға болмайды.
PKZIP / PKUNZIP функцианалдық программалары тек қана
режим көрсетулерінің көмегімен орындалады. Режимдер программаларының атынан кейін командалық жолдың кез – келген жерінде көрсетілуі мүмкін. Олар “ – “ немесе “/ “ белгісімен қойылады.
Файлдарды архивке орналастыру
Файлдарды архивке орналастыру үшін мынадай команда форматы пайдаланылады:
PKZIP режимдік архивтің аты [файлдың аты ... ARJ архив аты режимнің командасы (каталог/) [файлдың аты...
Команда параметрлері:
Команда – ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты , мысалы :
А - архивке файлды қосу , М - файлы архивке жіберу т.с.с;
Режимдер - “- “ немесе “/ “ таңбаларымен басталатын режим атаулары , олар команда атқаратын жұмысты айқындайды немесе анықтайды.
Архивтің аты - өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың типі көрсетілмесе, онда ол ZIP кеңейтуі PKZIP және ARJ программасын түсінеді.
Каталог – архивке енгізілуге (шығарылуға) тиіс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты көрсете отырып, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда ол ағымдағы каталог болып есептеледі.
Файл аттары – архивке енгізілетін (шығарылатын) файл аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және*) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді. Команданы енгізгеннен кейін архивтеу программалары өзіміз сұраған әрекеттерді орындай бастайды. Экранда архивтік файлдарға кіргізетін аттар шығады.
Файлдардың қысу деңгейін көрсету :
Келісім бойынша, ARJ программасы жылдам жұмыс істеп, файлдарды ең жоғарғы деңгейге жақын күйде қысады. Бірақ өз қалауымызша мүмкіндігінше жоғарғы деңгейде (бірнеше % - ке жоғары) қысу режимін пайдалануға болады. Ол әдеттегідей көбірек уақытқа созылып , баяулау орындалады. ARJ программасының бұл режимі - JM әріптерімен беріледі.
Архивтік файлдарды өңдеу режимдері
PKZIP және ARJ программасында файлдарды архивтеудің үш негізгі режимі бар. Олар:
1. Add – архивке барлық файлдарды енгізу (А командасы );
2. Update – архивке тек жаңа файлдарды енгізу (U командасы );
3. Freshen – архивке тек бұрынғы қысылған нұсқасынан өзгертіл-
ген файлдардың жаңа версияларын енгізу (F командасы);
PKZI-
P AR-
J
AD-
D
Up-
Date
Freshen По
Умолчанию
Режим -U
Режи
м-F Ко
манда
команда
команда
Файлдарды архивке енгізу
Көптеген жағдайларда архивке файлдың көшірмесін емес, өзін толық күйде жібереді. Яғни дискіде ол файл жойылады. Файлды архивке осылай ауыстыру үшін PKZIP және ARJ программасының келесі -D режимі (A,U,F командаларымен бірге көрсетіледі) немесе M командасы жеке режимсіз қолданылады. Айта кететін жайт, D – A командасының режимі болып табылады. Ол архивке енгізілген файлдарды жоя отырып, файлды тек архив .......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Информатика | Компьютерлік вирустарға түсініктеме
» Курстық жұмыс: Информатика | Мәтіндік файлға мәліметтер жазу
» Курстық жұмыс: Информатика | Файлдармен жұмыс
» Курстық жұмыс: Информатика | Антивирустық программаларды талдау
» Курстық жұмыс: Информатика | Вирустар және оған қарсы Антивирустық бағдарламалар
» Курстық жұмыс: Информатика | Компьютерлік вирустарға түсініктеме
» Курстық жұмыс: Информатика | Мәтіндік файлға мәліметтер жазу
» Курстық жұмыс: Информатика | Файлдармен жұмыс
» Курстық жұмыс: Информатика | Антивирустық программаларды талдау
» Курстық жұмыс: Информатика | Вирустар және оған қарсы Антивирустық бағдарламалар
Іздеп көріңіз: