Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері

Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................4

І. Арнайы білім беру жүйесінде даму кемістіктері бар балалар туралы жалпы сипаттама
1.1. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым және олардың даму ерекшеліктері...........................................................................................................9
1.2. Адам психикасының дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі................................................................................................11
1.3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар». Кеміс дамудың себептері.................................................................................................12

ІІ. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
2.1. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері.............................................17
2.2. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тәрбие процесіндегі педагог жеке тұлғасының ролі.............................................................................20
2.3. Арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлері....................................................................................................................24
2.4. Арнайы білім берудегі тәрбиенің іскерлік әдістеме принципі.................................................................................................................27
2.5. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеуде М.Монтессори ұсынған әдістің маңыздылығы.............................................................................29

Қорытынды.........................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................33

Қосымшалар.......................................................................................................34

І. Арнайы білім беру жүйесінде даму кемістіктері бар балалар туралы жалпы сипаттама

1.1 . Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым және олардың даму ерекшеліктері

Арнайы білім беру жүйесіндегі арнайы білім беру - арнайы оқытуда және тәрбиелеуде ерекше қажет ететін баланың денсаулығына байланысты құрылған мектепке дейінгі, жалпы және кәсіби білім беру болып табылады.
Қазіргі арнайы педагогика негізнен жалпыға бірдей әлеуметтік қалыпқа сәйкес емес және мектептегі білім алу деңгейіне сәйкес емес мәселесін зерттейді. Арнайы білім беру мекемесі дамуында денсаулығы шектелген балаларды оқытып тәрбиелеу мекемесі болып табылады. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеу үшін олардың жалпы сипатын, кемістік құрылымы мен түрін, сондай-ақ жас ерекшеліктерін талдап алғанымыз жөн.
Даму мүмкіндігі шектелген балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқулары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномальды дегеніміз - ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бұл міндетті турде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, аномальды балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар
жатады.
Даму мүмкіндігі шектелген балалардың негізгі категорияларына жататындар:
1. Есту қызметі бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей калғандар);
2. Көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);
3. Сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар;
4. Интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер);
5. Психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, көрмейтін, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.);
6. Тірек-қимыл аппаратының кызметі бұзылған;
7. Психопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-құлығы бұзылған балалар жатады.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі тәрбиелеу, оқыту және қалыптастырудың салалары:
- сурдапедагогика - есту мүшелері кеміс дамыған және есту қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді;
- тифлопедагогика - көру мүшелері кеміс дамыған және көру қызметі төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді;
- олигофренопедагогика - ақыл-ойы кеміс дамыған балалардың ерекшеліктерін тәрбиелеу және оқьту, арнайы әдістерді қолдану арқылы оларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін зерттейді;
- логопедия - тілінің мүкістігі бар, сөйлеу аппараты кеміс дамыған және сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп, оқыту мәселелерін зерттейді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру - күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр.
Даму мүмкіндігі шектелген балалар - күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толығымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі.
Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануына әсерін тигізеді. Даму мүмкіндігі шектелген балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім беруді тез меңгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмккішіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгеруі де оқушылардын арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуына кері әсерін тигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулерінің меңгеру кабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы ұйымдастыруды талап етеді.

1.2. Адам психикасының дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі

Баланың дамуындағы негізгі заңдылықтарда биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерін дұрыс түсіну мәселесі жатыр. Биологияда ұзақ уақыт бойы механикалық қагида орын алған. Бұл кағида бойынша баланың дүниеге келгеннен кейінгі даму процессі тек мөлшерлік, немесе саңдық өсуі мен дамуы деп саналатын. Бүкіл организмнің қасиеттері, ерекшеліктері құрсақтың ішіндегі ұрыкта қалыптасқан дейді. Бұл қағида сыртқы факторлардың, әлеуметтік ортаның әсерін мойындамай терістейді, педагогикалык септігін, мағынасын бағалап құндамайды. Алайда, генетикалық бағдарламасының қандайда ерекше, бірегей (уникалды) болғанымен де әлеуметтік факторлардың әсерін есте сақтамауға болмайды.
Әрбір адамдағы биологиялық ерекшеліктерін, жеке тұлғаның дамуын әлеуметтік факторлар анықтайды, коғамдық орта оның ішінде балалық іс-әрекетті (ойын, оқу, еңбек әрекеті) бала біртіндеп меңгереді, мысалы, қоршаған адамдардың тілін үйренеді, тәжірибесін игереді, үлкендердің мінез-құлығына еліктейді. Зат пен тәжірибені келе-келе меңгеріп, бала өзінің ойлау процесін есте сақтау қабілетін дамытады.
Сонымен, жеке тұлға ретінде даму процессі биологиялық және әлеуметтік факторлар жүйесінің өзара әрекетімен сипатталады. Осы екі фактор - бір ғана максатқа бағыттайды, яғни жеке адам, тұлға болып дамып қалыптасуына әкеледі. Әрбір балада өзінің туа біткен жүйке жүйесінің қасиеттері болады (күш, тепе-теңдік, нервтік процестердің беріктігі мен козғалғыштығы, білімді тез меңгеру т.б.). Жүйке жүйесінің осы жеке ерекшеліктеріне байланысты меңгеру қабілеті, танымдық қызметі, жалпы айтқанда биологиялық факторлар адамның психологиялық дамуына жол көрсетеді.
Соқырлық пен саңыраулық - әлеуметтік емес биологиялық факторлар болып саналады, бірақ педагог биологиялық факторлармен емес, олардан туындаған әлеуметтік салдарымен жұмыс жасайды,- деп көрсеткен Л.С.Выготский.
Егер биологиялық ауытқулар неғұрлым ауыр, тереңірек болса, онда педагогикалық әсерлердің тиімділігі аз болады, үнемі қажетті түзету, тәрбиелеу және компенсаторлық мүмкіншіліктерді қарастырып іздеп, қолдануды қажет етеді.

1.3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар». Кеміс дамудың себептері
Кеміс дамудың күрделі құрылысы алгашқы дефектінің болуын көрсетеді (егер биологиялық фактор әсер етсе) және бірінші дефектінің пайда болуы екінші бұзылуға әкеліп соғады.
Мысалы, есту аппаратының зақымдануы салдарынан есту қабілеті бұзылса бұл алғашқы дефект болады. Саңыраулық тілі шықпай тұрып пайда болса - яғни сөйлемейтін, саңыраулық-мылқаулыққа әкеледі, бұл екінші дефект болып саналады. Мұндай кезде баланың арнайы оқыту жағдайында сақталған анализаторлардың көмегімен тілі шығуы мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда баланың тілі түсініксіз болады, толық болмайды, сөздік қоры шектеулі, және сөзді түсінуі де қиынға соғады. Сөйлеуде кемшілігі бар кезде бала айналасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, сол себептен мінез-құлығы, жалпы психика қызметтері оңымен, дұрыс қалыптаспайды. Екінші ауытқулардың нәтижесінде кеңістікте бағдарлау жасауы жеткіліксіз бодады. Нақты бір затты айыра алмайды, жүрісінде өзгешілік болады.
Ақылдың, ой-өрістің жеткіліксіздігі, мидың органикалық зақымдалуынан, яғни алғашқы дефектінің нәтижесінде пайда болады. Белсеңді қабылдау, сөйлем, логикалық ойлау, зерденің еркін түрлері бұзылып, сонымен қатар сол бұзылулар баланың әлеуметтік даму процесінде байқалады. Егер дер кезінде екінші дефектіге әсер етсе, бірінші дефект азаюы мүмкін. Себебі, екінші дефектіні біршама дәрежеде түзетуге болады. Бірінші дефектіні жөндеуі, тузетүі медициналық дәрігерлік жәрдемді қажет етеді, бірақ оның көп жағдайда тиімділігі аздау болады.
Алғашқы ауытқуларды ертерек анықтау керек, кеміс балаларды емдеу керек, сондықтан екінші дефект дамымайды. Екінші дефектінің терендігі алғашқы дефектіге байланысты.
Түрлі кемістіктердің немесе кеміс дамудың негізінде жүйке жүйесімен белгілі бір талдағыштардың кызметтерінің бұзылуы жатады. Соның салдарынан мүшелермен тұтас организмінің атипикалық құрылысы және қызметі байқалады.
Ауытқулар баланың құсрақ ішіндегі даму кезеңінде, немесе туғаннан кейін жас бала шағы кезеңде, немесе тұқым қуалайтьш факторлардың әсерінен пайда болады.
Кемістіктердің себептері немесе этиологиясы олардың пайда болу себептеріне орай 2 топқа бөлінеді:
1) туа бітіп пайда болған
2) тіршілік барысында жүре келе пайда болған.

1) Бірінші топқа келесі себептер жатады: ол жүкті ананың құрсақ ішіндегі ұрыққа әсер ететін түрліше патогенді агенттер. Сондай-ақ, жағымсыз әсерлерге жұқпалы аурулар, физикалық және психикалық жарақаттар, жүкті кездегі жеріктіктер, интоксикациялар (улаңдырғыш заттардан улану), ауа температураның әсері, түрлі іш-құрылыстың соматикалық аурулары.
Ананың аштық күйі, дистрофиясы, нашар-теріс тамақтануы құрсақ ішінде дамып келе жатқан балада қоректік заттардың жетіспеушілігін тудырады. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болып тұмау, қызылша, қызамық, т.б. аурулардың вирустары болып табылады.
Токсоплазмоз аурумен ауырған кезде жүйке жүйесімен көру, есту мүшелердің қызметтері бұзылады. Аталмыш ауру адамға құстардан, үй малдарынан жұғады. Қызылша ауруында көбінесе мөлдір көз бұршағы зақымданады (катаракта - көз ауруы). Құрсақ ішіндегі жүйке жүйесінің ауруларына микроцефалия, гидроцефалия, параличтар мен парездар жатады.
Кейбір жағдайларда дәрі-дәрмектерді өз бетінше, бақылаусыз ішу, ана тарапынан жүктілікті мерзімсіз үзу, ананың іш-құрылыс аурулары да баланың кеміс дамуына әкеліп соғады.
Құрсақ ішіндегі тұқымның ми зақымдануы ана мен бала қанының резус-үйлесімсіздігінен де болуы мумкін. Оның салдары деп самай ми жарты шарларымен есту нервінің қызметтері бұзылуы деп есептеледі.
Ауытқулардың ауырлығымен тереңдігі патогенді агенттердің дамып келе жатқан бала организміне әсер ету мерзіміне байланысты.
Тұқым немесе жаңа туған нәресте организмі қаншалықты ерте зақымданса, соншалықты екінші салдары ауырлау басым болады.
Туа біткен кемістіктердің екінші тобьша тұқым қуалайтын ген арқылы берілетін ауытқулар жатады. Олар түрліше зат алмасудың бұзылуларымен сипатталады. Тұқым қуалайтын ауруларға олигофренияның (кемақылдық) кейбір түрлері жатады, мысалы Даун ауруы және хромосомдар санымен, құрылысы бұзылған салдарынан туындайтын психоздар. Сонымен қатар, саңыраулықпен кейбір көру талдағыш қызметтерінің түрлері хромосом арқылы анадан балаға беріледі.
Хромосом аурулары кезінде ми жарты шарларының дамуы тоқталып, ой, сана-сезімнің дамуы тежеледі.
Ата-аналардың маскүнемдігі мен нашақорлығы да балаларда туа біткен кемістіктердің пайда болуына септігін тигізеді. Көбінесе мұндай жағдайларға ұшыраған жанұяларда орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылған балалар дүниеге келеді.
2) Тіршілік барысында жүре келе пайда болған ауытқулар екі топқа бөлінеді, олар:
а) бала туу барысында
ә) дуниеге туғаннан кейінгі мезеттегі ауытқулар.
Туу барысында пайда болган ауытқулар туу процестің қате жүргізу салдарынан пайда болады, мысалы акушерлік қысқыштарды теріс пайдаланып баланың басын жарақаттау. Сол себептен ми қан тамырлары үзіліп, қан құйылуы мүмкін. Немесе туу процессі өте шапшаң, тиісті уақыттан жылдамдырақ өткен кезде құрсақ ішіндегі қысым атмосферлік қысымға өте тез айналып ауысады, сондықтан ауа қысымының айырмашылығынан қан ми ұлпасына құйылады.
Қан айналымның бұзылуына, соның салдарынан түрліше ауытқуларға асфиксия (гипоксиядан – оттегінің жетіспеушілігінен демнің тоқтап баланың тұншығып қалуы) апарып соғады.
Туу процессі ұзақка созылып кеткенде баланың иық нерв шиелешсуі зақымдануы мүмкін, сол себептен .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Психология | Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым және олардың даму ерекшеліктері
» Реферат: Психология | Дамуында ауытқуы бар балаларға жалпы сипаттама
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Дамуында ауытқуы бар балалар
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі

Іздеп көріңіз:
курстык Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]