Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы білім беру

Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы білім беру

Мазмұны
Кіріспе
Ι-тарау. Арнайы білім беру.
1.1
ΙΙ-тарау. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке тұлғасы мен кәсіби қызметі.
2.1 Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог-дефектолог.
2.2 Арнайы педагогтың жұмыс бағыт-бағдары.
2.3 Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі.
Қорытынды.

Ι. Арнайы білім беру.

«Дефектілі баланың даму процесі−деп жазады 1929ж. Л.С.Выготский, - екі жақты тұрғыдан әлеуметтік түрде байланысты; ақаудың әлеуметтік таралуы (азқұндылық сезімі дамудың әлеуметтік байланыстылығының бір жағы ал бірқалыпты адами тип жасалуы есебінен туындаған орта жағдайына бейімделуге компенсацияның әлеуметтік бағыттылығы оның екінші жағы болып табылады . Ақаулы және бірқалыпты соңғы мақсаттары мен формаларының жалпылығы кезіндегі дамудың жолдары мен әдістерінің өзіндік саналуан түрлілігі – бұл осы процесстің әлеуметтік байланыстылығының еңсхемалы түрі» мүмкіндігі шектеулі адам, өзге адамдар секілді, өз дамуында әлеуметтік тәжәрибені, әлеуметтануды меңгеруге қоғамдық өмірде араласуға ұмтылады. Алайда ол өтуі тиіс жол, педагогикада жалпы қабылданған жолдан едәуір ерекшеленеді: физикалық және психикалық кемшіліктер даму процесін өзгертеді, қиындатады, бұл кездегі әрбір бүліну өсуші адамның дамуын өзінше өзгеріске ұшыратады.
Сол себепті басты мақсат – дамудағы екіншілік ауытқулардың пайда болуының алдын-алу, олардың білім беру құралымен коррекциялау немесе компенсациялау болып табылады. Бұл бүлінумен, соның салдарынан шектелген спецификалық білім қажеттіліктерін толық қанағаттандыру дегенді білдіреді.
Мәселен, есту қабілетінен айырылған баланың дамуының негативті салдарының алдын-алу үшін ондағы жаңа, бұрын болмаған, білім қажеттіліктерін қанағаттандыру керек: яғни, қалған есту қабілетін дамыту және білім беру, танымдық және коммуникативті жағдайларда осы қалдықты есту қабілетір пайдалануға үйрету; оған сөйлеп тұрған адамның сөзін ерін қимылдары арқылы ұғынуға үйрету; коррекциялық-педагогикалық қуаттандыру және баладағы сөйлеу қабілетінің құлдырауын болдырмау; дыбыссыз кеңістікте ориентация жасауға және жүріп-тұруға дағдылану;
Айта кетерлік бір жайт, мүмкіндіктердің шектеулі таза мөлшерлік фактор болып табылмайды (яғни адам жай нашар естиді, немесе көреді, қозғалуы шектеулі). Бұл тұтастай алғанда тұлғаның интегралды, жүйелік өзгеруі, бұл «басқа» бала, «басқа адам» ол кәдімгіге қарағанда мүлдем басқаша, кез-келген адамның алдына қойылатын білім алу мақсатын шектеуге және шектеуді жеңуге ұмтылушы адамға ұқсамайды. Бұл үшін оған тек ерекше образбен өзінің біліми бағдарламаларын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, өзінің өмірлік біліктілігін қалыптастырып, оны дамытуға, кеңістік пен уақытта ориентация жасауды үйренуге; әлеуметтік-тұрмыстық ориентацияны коммуникацияның түрлі формаларында қызымет жасауға, өзінің қоғам ішінде өзін-өзі басқаруына үйренуге, физикалық және әлеуметтік мобилділікке;мүмкіндіктің шектелуіне байланысты қоршаған өмірдегі білім кемшіліктерін толықтыруға қоғамдағы максималды тәуелсіз өмір сүруге, оның ішінде кәсіби өзін-өзі анықтау, әлеуметтік – еңбектің бейімделу, белсенді және оптимистік өмірлік позиция арқылы тәуелсіз өмір сүруді қалыптастыру және дамыту;
Оқыту және тәрбиелеу: келесілерді қамтитын әлеуметтік білім беру жағдайларында жүретін арнаулы білім беру процесінде өзара байланысты және олар бәрәр-бірі толықтырып отырады:
- Қазіргі заманғы арнаулы білім беру бағдарламаларының болуы; (жалпы білім беретін және коррекциялық – дамытушылық).
- Корррекциялық-педагогикалық процесті ерекше ұиымдаструдан арнаулы тәсілдер мен әдістерді пайдалануда көрінетін жеке педагогикалық ұстаным мен әрбір баланың ерекшелігін ескеру;
- өмірлік іскерліктің адекваттық ортасы;
- коррекциялық-педагогикалық процесті арнаулы педагок мамандармен (тифлопедагок,сурдопедагок, олигофренопедагок, логопед) жүргізу және арнаулы психологтармен білім беру процесін психологиялық тұрғыда өткізу;
- медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызыметтерді ұсыну;
Мүмкіндіктердің шектелу дәрежесіне және ең алдымен интеллектуалдық мүмкіндіктердің сақталуына, сондай-ақ арнаулы білім беру жағдайын құру сапасы мен дер кезінде жүргізілуіне байланысты,ерекше білімдік қажеттіліктерге ие тұлғалар білім алудың түрлі деңгейін менгеруі мүмкін.Осыған орай, естімейтін, әлсіз еститін, меңіреу, көзі көрмейтін,әлсіз көретін, тірек-қимыл аппаратының функцияларының бүлінуіне ие тұлғалардың,
эмоцианалдық-еркіндік сферасы мен жүріс-тұрысы бұзылған тұлғалардың, сөйлеу қабілеті ауыр бұзылған тұлғалардың бір бөлігі жалпы орта білімді менгеріп қана қоймай, сонымен бірге орташа және жоғарғы кәсіби мамандыққа ие болуға да қабілетті.
Интеллектуалдық қабілеттігі бұзылған тұлғалар элементарлық жалпы білімдік даярлануға және оларға жеке еңбекке баулитын өмір сүруге және қоғамда сәтті бейімделуге мүмкіндік беретін күрделі коммуникативтік процемстермен және интенсиптік интеллектуалдық іскерлікпен байланысы жоқ мамандықты менгеруге қабілетті.
Ақыл-есі кем тұлғалар жеке білімдік бағдарламалар бойынша білім ала отырып, ерекшеліктерге сәйкес оларды орта және әлеуметтік бейімделудің даму бағдарламалардың едәуір мөлшерде меңгеруде (гигиеналық және элементарлық тұрмыстық дәстүрлер, қарапайым еңбектену үрдістері).
Арнаулы білім алудың, оның тәрбиелік және білім беру компоненттерінің құрамы тек дамудағы ерекше ауытқуларға ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі өсуші адамның жастық кезеңіне де тәуелді.
Мүмкіндігі шектеулі адамның арнаулы білім алуы – терең индивидуалды және спецификалық процесс, оның көлемі, сапасы және соңғы нәтижелері дамудың ауытқу сипатымен, ағзаның анализаторларының, функциялары мен жүйелерінің сақталуымен; пайда болу уақыты мен бүлінуінің ауырлығымен; баланың және оның отбасының өмірлік іскерлігінің әлеуметтік-мәдени және омәдени жағдайларымен, отбасының арнаулы білім алу процесіне қатысуға құштарлығымен және мүмкіндігімен; қоршаған әлеуметтің; білім алу жүйесінің арнаулы білім берудің барлық талаптарын орындаған және барлық жағдайын жасауға мүмкіндігімен және даярлығымен, баламен және оның отбасымен жұмыс жасайтын педагогтар мен психологтррдың кәсіби біліктілік деңгейімен анықталады.
Оқушылардың физикалық және психикалық ерекшелікткрін, дамуының шектелуімен анықталатын білім беру нормативтері бар, олар денсаулығы шектеулі балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнаулы білім беру стандарты деп аталады. Біліктіліктің мемлекеттік нормасы ретінде стандартта негізгі параметрлер жүйесі келтірілген. Ол бір жағынан тұлғалардың бұл категориясының қажетті деңгейі жайлы қазіргі заманға қоғамның пайымдауын, екінші жағынан осы деңгейге жетудегі шынайы тұлғаның мүмкіндіктерін бейнелейді және ескертеді.
Арнаулы білім беру стандарты ерекше білімдік қажеттіліктерге ие кез-келген тұлғаға қолданылды, ол жалпы білім беру даярлау талаптарын, коррекциялық-дамытушы жұмысқа, профилактикалық және сауықтыру жұмыстарына, сондай-ақ еңбектік және бастауыш кәсіби даярлыққа үйретуге қойылатын талаптарды бейнелейді.
Стандарт талаптарын құруға ерекше білімдік қажеттіліктерге ие тұлғалардың барлық категориялары үшін жалпы, даму кемшіліктекрі де, сондай-ақ тек қендай-да бір арнаулы категорияға тән ерекшеліктер де ескеріледі.
Ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие тұлғалардың барлық категорияларына тән даму кемшіліктерінің санатына келесілер кіреді:
- баяу және шектеулі қабылдау қабілеті;
- моторикасының дамуының кемшіліктері;
- сөйлеу қабілетінің дамуының келешегі;
- ойлау қабілеті дамуының кемшілігі;
- өзге кәдімгі балалармен салысырғандағы танымдық белсенділіктерінің кемшілігі;
- тұлғалық дамудағы кемшіліктер (өз-өзіне сенбеу және қоршаған қауымға тәуелділікті сезіну, төмен коммуникабелділік, эгоизм және пессимизм және төмен және жоғары өзін-өзі бағалау өз жүріс-тұрысын басқарудағы олқылықтар).
Осындай сынды кемшіліктерді жою үшін жалпы білім беру пәндерінің құрамына өзгертулер енгізіледі, оларды коррекчиялау жүзеге асады. Мәселен, нотациялық бөлімдер қосылады. Дамудың ерекше спецификасына ие балалардың жекелеген категориялары үшін, мәселен интелектуалдық қабілеті бүгінгі оқушылар үшін жалпы білім беру пәндерінің оригиналдық құрамы қарастырылады.
Дамудың біріншілік бүліністерінің салдарының алдын-алу үшін (көру немесе есту қабілетінің болмауы және толық еместігі, сөйлеудіңжүйелік дамымауы, бас ми қабыршағының сөйлеу зонасының бүлінуі кезінде ) арнаулы білім беру құрамына әдеттегі мектептегі білім берубағдарламаларында жоқ, спецификалық түрдегі оқу пәндері енгізілген. Осылайша, зағип балаларды оқыту бағдарламасына, кеңістікте бағдар жасау және мобильділікті дамуындағы үйрету бойынша сабақтар қарастырылған; есту қабілеті бұзылған балалар үшін қалған естуді дамыту бойынша және сөйлеуді қалыптастыру жөніндегі сабақтар қарастырылған; іскерлік процесінде оның коммурикативтік функциясына ауыз екі сөйлеуді дамытуға бағытталған пәндік-тәжірибелік іскерлік сабақтар енгізілген.
Сонымен қатар, арнаулы білім беру стандарты бүлінудің бейнелік дәрежесін және соған сәйкес мүмкіндіктердің шектелуін (мысалы, зағиптар үшін білім беру стандарты және әлсіз еститіндер үшін жеке стандарт), сондай-ақ дамудың өзге де бүлінуімен сәйкес келуі және т.б.).
Стандартта ерекше білімді қажеттіліктерге ие тұлғалардың қандайда бір категориясының жеке даму ерекшеліктері ғана емес, сондай-ақ олардың өмір сүруінің әлеуметтік мәдени және этномәдени жағдайларының спецификасы ескеріледі. Сол себепті стандарттың екі бөлігі болады: федералды, яғни ел үшін жалпы және ұлттық-регионалдық, Ресей аумағының қандай да бір аумағының шектеулі мүмкіндіктерге ие тұлғаларына білім берудің нақты жағдайларымен ерекшеліктеріне қолдану үшін жасалынады.
Арнаулы білім беру стандарттары мүмкіндігі шектеулі адамның қалыптасу және социализациясының бүкіл кезңінде, яғни өмірінің алғашқы айынан бастап ересек жасқа дейінгі кезеңіндегі мерзімге бағытталған. Арнаулы білім беруді стандарттау мәселесі біздің елімізде жаңа тұрғыдан қаралады.
ΙΙ. Арнаулы білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын педогогтың кәсіби іскерлігі мен тұлғалығы.

2.1 Арнаулы білім беру жүйесіндегі педагог-дефектолог.

«Баланың психикалық даму деңгейі неғұрлым төмен болған сайын оқытушының біліктілік деңгейі соғұрлым жоғары болуы тиіс», - деп жазады ХХ ғасырдың басындағы атақты неміс педагог-дефектологы П. Шуман.
Германия педагогиканың алғашқы тарихында жалпы білім беру мектептеріне бағытталатын оқытушыларды кәсіби даярлауды бастап қана қоймай, сонымен бірге (1812) ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие балаларды оқыту үшін керең-зағиптардың патшалық мектебі тұсында жалпы білім беру мектептерінің оқтушыларының даярлау курстарын ашты. Сонымен бірге, Ресейде педагог-дефектологтарды (сурдопедагог және логопедтер) даярлау, тұрақты жұмыс істеп тұрған бір жылдық курстардың ашылуымен, 1898 жылы Санкт-Петербургта басталған болатын. Алайда, ең алдымен дамуында ауытқуы бар баланы оқытатын оқытушыны қосымша, арнаулы кәсіби даярлаудың қажеттілігін түсіну үшін энтузиастардың екі жүз жылдан асатын тәжірибелік педагогикалық іскерлігі қажет болды, олардың ішінде педагогтар ғана емес, сондай-ақ дәрігерлер, лингвистер, шоқынушылар да болды.
Қазіргі таңда көптеген жоғарғы оқу орындары педагог-дефектологтарды және арнаулы психологтарды кәсіби даярлаудың бағдарламаларын ұсынуда. Осыған орай, АҚШ-та 230 бағдарламаны қамтитын арнаулы білім беруде қызмет жасайтын оқытушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату жөнінде ұлттық жүйе жұмыс жасауда. Педагогикалық оқытудың батыс еуропалық жүйесінде арнаулы психологтар мен педагогтарды даярлаудың бағдарламаларымен қатар, университеттерде арнаулы педагогика бойынша жалпы білім беру мектебінің оқытушысын міндетті түрде даярлау желісі қызмет етуде(минималды курс – 100-120 сағат), одан әрбір болашақ оқытушы өтуі тиіс.
Ресейде ХХ ғ. Аяқ шеніне қарай, екі мамандық «логопедия» және «логопедия» мамандығын қатар меңгеретін «олигофренопедагогика» мамандықтары бойынша даярлау бағдарламаларын ұсынатын, педагогикалық университеттерде, шамамен 30 бөлімшелер(факультеттер, кафедралар) бар.
Ресейдің арнаулы білім беру жүйесінде бір мезгілде 200 мыңнан аса педагогтар жұмыс істейді (астаналық қалалардан өзге ), олардың ішінде 10%-ы ғана педагог-дефектолог білім бар.
Қарапайым балалар секілді, ерекше білім алу қажеттілігіне ие балалар да білікті педагогикалық көмекке зәру, оны тек арнаулы даярлықтан өткен педагог-дефектолог қана бере алады.
Қазіргі заманғы педагогикалық білім беру келесі түрдегі сәйкес педагогикалық мамандықтардың кең ауқымына ие:
Тифлопедагогика – педагогтың зағиптар мен нашар көретіндердің біліктілігіне ие болуымен (тифлопедагог).
Сурдопедагогика – кереңдер мен әлсіз еститіндер біліктілігіне ие болуымен (сурдопедагог).
Олигофренопедагогика – аз маңыздыдан өте ауыр түрлеріне дейінгі саналық дамудың бүлінуінің әр түрлеріне және формаларына ие тұлғалармен жұмыс жасау үшін педагогтың біліктілікке ие болуы (олигофренопедагог).
Логопедия – логопед біліктілігіне ие болуы.
Мектепке дейінгі арнаулы педагогика – дамуында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудағы педагогтың біліктілігі.
Денсаулығығы және өмірлік іскерлігі шектеулі тұлғалард психологиялық білімнен қамтамасыз ету үшін арнаулы психология мамандығы бойынша психологтар даярланады.
Педагогикалық колледждерде ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие балалар үшін арнаулы білім беру мекемелерінің мектепке дейінгі, мектептің (мектеп интернаттың) тәрбие берушісі мамандығын алуға болады.
Бұл педагогикалық мамандықтарға ие болуы мектепке дейінгі жастан бастап және ересектермен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізуге дейінгі, осы типологиялық топ шегінде, дамуында ауытқуы бар тұлғалардың түрлі деңгейлерімен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Қандай да бір мамандық аясындағы көптеген кәсіптер комбинациялық бұзылыстарға ие балалар мен ересектерге білікті түзету-педагогикалық көмек көрсетуге жәрдемдеседі .
Педагог-дефектологтар оқушылар мен тәрбиешілердің түрлі деңгейлерімен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу үшін арнаулы білім беру мекемелерінде, психолого-медико-әлеуметтік, реабилитациялық, консультативтік-диагностикалық орталықтардв, психолого-медико-педагогикалық консультацияларда, логопедтікпунктерде, сондай-ақ жалпыға арналған білім беру мекемелерінде, балалар үйлерінде және мектеп-интернаттарда жұмыс істейді, олар индмвидуальді оқыту мен тәрбие беруді жүзеге асырады.
Жалпыға арналған білім беру мекемелерінде, оқушыларға дифференциялды жақындасу және интеграцияны даму жағдайларында, арнаулы психологтар мен педагог-дефектологтарға деген сұраныс әсіресе арта түседі. Педагог-дефектолог (әсіресе олигофренопедагог) үшін, оның кәсіби біліктілігі есебінен, әсіресе жалпы білім беру мектебінің оқытушысының өзі мектептік дезадаптация белгілеріне ие балаларды оқытуда қиындықтарға кезігетін кездерінде, коррекциялы-дамытушы және компенсациялаушы оқыту сыныптарында балаларды оқыту және тәрбиелеу процесін компетентті ұйымдастыру қиынға соқпайды. Бұл үшін педагог-дефектолог терең, әрі жан-жақты білім алады. Педагог-дефектологтың ғылыми және тәжірибелік білімдер кешенінің жүйе түзуші критериі антропологиялық принцип болып табылады Бұл принцип адам жайлы және оның мөлшерде әлеуметтену жөнінде барлық қажетті білімдердің жинағы мен интеграциясын анықтайды.
Педагог-дефектолог – бұл рухы биік тұлға, ол іскер, инициятивті, энергияға бай, өзінің кәсіби іскерлігінің сәтті нәтижесіне нық сенеді, қамқор және өнегелі адам.
Ол үшін қазіргі әлемдегі адамды, оның ішінде өмірлік іскерлігі шектеулі адамның ролін гуманитарлық тұрғыда бағалау тән.
Педегог-дефектологтың кәсіби әлемдік санасы әлеуметтік және рухани өмірде жүріп жатқан және қоғам өмірінде ерекше білім қажеттіліктеріне ие адамдардың орны мен роліне әсер ететін процестерді ой-санадан өткізу және тұлғалық бағалаудың нәтижесі болып табылады.
Профессионалды оптимизмі, педагогикалық әсер ету субъектісіне, және педагог-дефектологтың тәрбиеленушілері қатысуы тиіс, қоғамның бірқалыпты көпшілігіне – ортаға, немесе белсенді тұлға ретіндегі өзіне де, оның әлеуметтік белсенді қарым-қатынасынан көрінеді.
Педагог-дефектологтың кәсіби тәжірибесі оған түрлі ұғымдарда, әлеуметтік топтар – оқушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары, студенттер, әріптестер жас топтар, конфессиональды және қоғамдық (оның ішінде ата-аналық) ұйымдарда қауымдастықтарда, қоғамдастықтарда өзінің біліктілік кәсіби іскерлігін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Педагог-дефектологтың профессионалды, іскерлік компетенциясының сферасы келесілер болып табылады:профилактикалық жұмыс, педагогикалық диагностика және консультация жүргізу, арнаулы педагогикалық ағарту, психологиялық және психотерапиялық көмек көрсету шараларын а қатысу, білім беружәне әлеуметтік-педагогикалық іскерлік, білім беруді ұйымдастыру және басқару, ЖОО-да немесе орташа арнаулы педагогикалық оқу орнында дәріс беру, арнаулы педагогикалық сферасында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Педагог-дефектолог өз қызметтік жауапкершіліктерінің аясын ешқашан шектемейді. Оның кәсіби іскерлік сферасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғау, қамқор болу, аяушылықтың әлеуметтік акцияларында инициатор және белсенді қатысушы болатындай, әрдайым жағдайда болады.
Педагог-дефектолог өмір бойы оқиды. Ол өз кәсіби іскерлігін әрдайым дамыту үстінде жүреді және онымен әріптестерімен, пікірлестерімен, мүмкіндіктері шектеулі баланың ата-аналарымен жомарттықпен бөліседі.
Педагог-дефектологтың кәсіби іскерлігі денсаулыққа теріс әсер ететін кәсіби зияндықтармен қатар жүретіндер санатына жатады. Осыған байланысты денсаулығында ауытқуы бар және .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог дефектолог
» Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке тұлғасы
» Курстық жұмыс: Социология | Білім беру әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі

Іздеп көріңіз:
курстык Арнайы білім беру жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Арнайы білім беру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]