Курстық жұмыс: Тарих | Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы және дінмен бірге келген тарихи білім
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………..3I тарау. Араб мемлекетінің құрылуы..................................................................10
II тарау. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы............................................17
III тарау. Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізетін ықпалы және Қазақстанға дінмен бірге келген тарихи білім туралы..........................23
Қорытынды..............................................................................................................40
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................43
I тарау. Араб мемлекетінің қүрылуы
Үлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км2. Ол шөл дала, қүмды жер. Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VI ғасырда арабтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысушыларға және отырықшы диқандарға бөлінетін. Оның ішінде араб қоғамының басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар бедуиндер деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсіретін. Шонжар бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл түқымды жылқылары болды. Әр тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті болды. Олар көбінесе кесіртке мен жбайы қүрманы қорек етті. Тайпалар руларға бөлінетін. Рудың бай қуатты отбасылары кедей туысқандарына қарайласуы керек болды. "Қанға — қан" деген кек алу дәстүрі болды. Тайпа басшысы шейх, ру басшысы — сайдтар өз қалауы бойынша басқарды (барлық мәселені өзі шешті).
Қолөнер, егіншілік Аравияның оңтүстік-батысында, Иеменде жақсы дамыды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында деддалдық рөл атқаруы әсер етті. Ол Египет пен Палестинаның. Сирияның арасында, ал II ғасырдан бастап бүкіл Жерорта теңізінде делдалдық рөл атқарды.
Үндістаннан теңіз арқылы әкелінген товарлар Иеменде түсіріліп, түйелерге артылып Палестина, Сирия арқылы Батыс Европа елдеріне жетіп жататын.
Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға баратын жолда үлкен сауда-саттық қаласы Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше рет үлкен керуендер жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің орталық алаңында куб тәріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті "қара тас" түрды, ал айналасында араб тайпаларының қүдайларының мүсіндері қойылған болатын. Әр тайпа өз қүдайына қүлшылық етті. Бүл арабтар арасында алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға, айтыс-тартысқа, үрыс-керістерге тыйым салынды.
VI ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық қүрылыспен қатар, қүлдық қоғам да орын алды. Бірақ қүл иеленушілік қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы қауымдық қүрылыс негізінде феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады.
Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін-ақ көршілес Палестина, Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда арабтардың Гассанид патшалығы да қүрылған болатын. IV ғасырға
қарай Месопотомия мен Сирия шекарасында Лахмидтер әулеті басқарған араб патшалығы қүрылды. Ол VII ғасырдың басына дейін сасанидтік Иранға вассалдық тәуелділікте болды.
Біздің заманызға дейінгі I ғасырда арабтар Египетке де қоныс аударды. Мысалы: Копт қаласындағы түрғындардың жартысына жуығы арабтар болды. Бүл жағдай кейін араб жаулап алушылығын жеңілдетті.
Шонжар арабтар көршілес бай елдерді - Сирияны, Египетті, Иранды жаулап алуды аңсайды. Бүл жерлерден бағалы олжа, жер, мал басып алуға болатын еді. Бүл елдердің байлыгына қызықтырып, өз кедей-кепшіктерін жорыққа әкетуге тырысты. Бірақ соғысты ойдағыдай жүргізу үшін араб тайпаларын біріктіру керек болды.
Бірігуге араб көпестері де ынталы болды. Өйткені, VII ғасырдың басында Аравияның оңтүстік бөлігі мен Қызыл теңізге шығатын жолды Иран басып алды, ал Аравияның солтүстігінде Византия үстемдік етті. Бүл Мекке мен Иеменнің делдалдық саудасына зиян келтірді. Бүрын керуен саудасынан пайда көретін бедуин тайпасы, енді кедейлене түсті.
1853 жылы К.Маркстің Ф.Энгельске жазған хатында "Могамет уақытында Европадан Азияға шығатын сауда жолы ерекше өзгерді және араб қалаларының ол уақытта сауда қатынасы нашарлау болды" делінген.1
Сауда барған сайын нашарлай берді: көпес керуендері Қызыл теңіз жағасына сирек келетін болды. Сондықтан да бай көпестер бүрынғы сауда жолдарын қалпына келтіру және жаңа жолдарды басып алу үшін араб халықтарын біріктіріп, жорыққа аттануға мүдделі болды.
Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу үшін шонжарлар жаңа дінді - ислам дінін пайдаланды. Ол діннің негізін Мүхаммед пайғамбар қалады.
Мүхаммед пайғамбар 570 (571) — 632 жылдары өмір сүрген. Ол Меккеде үстемдік қүрған корейшиттердің кедейленген отбасында өмірге келген. Әкесінің аты - - Абдулла, анасының аты - Әмина. Ана қүрсағында пайда болғанына жеті ай толғанда әкесі дүние салады. Мүхаммед пайғамбар туғанда күн шықпай түрып-ақ оның жүзінде рисалат нүры қүйылган (жамандықты айырылтушы сәуле). Ешбір заманда нәресте дүниеге келгенде нақ мүндай қүбылыс болмаған және тіпті болмайды екен. Рисалат нүры қараған көздерді қарықтырады.
Төрт жасына дейін сүтанасы Халиманың бауырында болды. Содан соң өз үйіне табыс етілді. Алты жасында туған анасы Әмина дүние салды. Енді оны атасы Абдулмүтәліп қолына алды. Бірақ анасы қайтыс болғаннан кейінгі екі жылдан соң, сегіз жасқа келгенде атасы да дүниеден өтті. Бүл жолы ол немере ағасы Әбутәліптің жанында қалды.
Жиырма бес жасында Хүбайлиз қызы Хадиша - Кубра анамызға (Аллаға сыйынушылар анасы) үйленді. Ол анамыз Мүхаммедтен 15 жас үлкен болған. Пайғамбарымыз Хадиша анамызбен жиырма бес жыл өмір сүрген. Алла тағала Мүхаммед пайғамбарымызға Қүранды -мүсылмандардың қасиетті кітабын - ол қырық жасқа келгенде жібере бастады.1
Мүхаммед пайғамбарымызға Алла тағала атынан кәрімнің уағыздарын біртіндеп төбе періштенің бірі Жебірейіл Ғалайһи уәссалам әкеліп түрған. Қүран 23 жыл ішінде түсіп болды. Қүранда 114 сүре бар. Ол сүрелер меккелік және мединелік болып екіге бөлінеді. Меккелік сүрелердің саны - 90, ал мединелік сүрелердің саны - 24. Сүрелер аяттардан түрады. Аяттар (өлеңді сөз жолдары) саны әрқайсысында әр түрлі. Мысалы, "Фатиха" деп аталатын бастаушы сүреде жеті аят болса, ең үзақ екінші сүре "Бахарада" 286 аят бар.
"Мүхаммед пайғамбарымыздың тірі кезінде Алла тағаланың сөзі қағаз бетіне түспей, ауызша тараған. Алланың сөздерін жатқа білетін мүсылмандарды "қари" деп атаған. Алайда, Мүхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін қасиетті сөздердің жоғалып кету қаупі төнеді. Сондықтан Әбу Бәкір Халиф Мүхаммед пайғамбардың хатшысы болған Зәйд ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін жинап, кітап етіп қүрастыруды аманаттайды. Үшінші халиф түсында Зәйд ибн Сәбит көмекшілерімен бірге қүранды төрт дана кітап етіп жазып шығады. Осман Халиф бүл төрт дана кітапты заңды Қүран деп жариялап, Медине, Димашық, Куфа, Басыра қалаларында сақтауға әмір етеді".2
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мүхаммед пайғамбар 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударута мәжбүр болды. Өйткені, исламға дейінгі діндердің дінбасылары, ақсүйектер оған дінді еркін таратуға мүмкіншілік бермей, қарсылық көрсетеді. Осы себептен пайғамбарымыз туып-өскен Меьске қаласынан Медине қаласына көшеді. Осы жыл - 622 жыл - мүсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бүл "хиджра", яши "көшу" жылы деп аталады. Ясриб сол жыддан бері Медина - "пайғамбар қаласы" деп аталады.
Айша - Мүхаммед пайғамбардың сүйікті әйелі. Оған тоғыз жасында үйленген. Мүхаммед пайғамбардың төрт қызы болды: Зейнеп, Рүқия (Үрқия), Үмму Күлсім, Фатима (Аллаға сыйынушылар сүйіктісі). Үш үлы болған: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мүхаммед пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп аталды. Әл-Ислам ("Қүдайға берілу", "Қүдайға қүлшылық ету") - дүние жүзіне кең тараған сенімдердің бірі. Ол дінді үстаушылар мүсылмандар деп аталады.3
Осыдан 4 ғасыр бүрын, яғни VII ғасыр басында Мүхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін - исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер түсында олар Пиреней тауынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттің жүртында, жаңа этникалық өркениет және үлы империя қүрды.1
Бүл жайлы Зубов былай дейді: "Арабтар Мүхаммед пайғамбардың уағызын қабылдап, бірнеше онжылдық ішінде олардың әкелері мен аталары ойламаған империя мен мәдениетке жетті..."2
Артта қалған көшпелі және жартылай отырықшы тайпалар ғалымдардың, философтарды, ақындардың батыр жаулаушы үлтына айналды. Жаңадан туған өркениеттің материалдық және рухани жетістіктері бүкіл әлемді өзіне бағындырды. Христиандардың өздері де мүсылмандардың ықпалына түсіп қалды. Араб ғылымы, өмір сүру бейнесі әсер етпей қоймады.
Г.Э.Фон Грюнебаумның сөздері бойынша: "Мүсылман діні -өзінің қайталанбас идеологиялық күш-қуаты бар айбынды да, сәулетті, керемет бір ғимарат болып табылады".3
Таяу Шығыстағы елдердің басым бөлігі мүсылмандарға "тез және бейбіт" түрде жаулап алынды, "жергілікті түрғындар жаулап алушыларға дос ретінде қарамаса да, жау ретінде де қабылдамады"4, - дейді Беленицкий.
Гумилевтің көзқарасы бойынша мүсылманға дейінгі Хорезмді "қартайған және шаршаған" деп атаса, сонымен қатар, мүсылман діні басқа да соғысушы елдердің экономикалық, саудасының жағдайының жақсаруына көмек етті деп көрсетеді.5 Ислам діні мүқтаждықтағы адамзатқа нелер әкелгенін және Хазірет Мүхаммед сыйлаған ислам нүсқауының адамзатқа қандай қызмет көрсеткенін орынды тілмен жеткізу үшін сол кезеңдегі дүние жағдайына жалпы бір назар салғанымыз орынды болар. Жаңа эраның VI ғасырында, әлемде аспанды қара бүлт торлаған дүниеде адамзаттың бірден-бір тілегі болған алаңсыздық пен тыныштық, бейғамдық пен қауіпсіздік ғайыптарда болатын. Әлемнің әр шеті қанды қырғынның қамауында еді.
Испания мен оңтүстік Францияда сүлтандық дау-шардан туған саяси алқымдасуы мен жанжалдар өрбіп жатса, Францияда вестготтар мен франктер арасындағы соғыс тарихтың ең қайғылы беттерін жазуда еді. Англо-саксондар Англия аралын басып алғандықтан, онда да қанды қақтығыс жүріп жатқан. Бүгінгі таңда мәдениет, көркемөнердің қайнары болған Англия, өз кезеңінде жыртқыштық пен шексіз зорлық-зомбылық қүрсауында еді. Италияда ромалықтар әуелгі атақ-абыройынан айырылған, сол кездік мығым императорлығының орталығы болған Рома қаласы, шылғи дін орталығына айналған. Тың бір Рома-Герман үлттық қауымын үйымдастыру, жаңа бір Батыс Рома императорлығын қүруды армандаған Теодорих тілегіне жете алмай өлген; ішкі-сыртқы жасырын тәсілдермен алысқан кейін қүрылған Романдағы бүл Герман-Гот ақырында егемендікке жеткен. Бүл егемендіктің шекарасы Сижилиядан Түна қайнарларына және Далмасиа Алыптарына дейінгі кең алаңға созылып жататын.
Бизанс бүрынғы тарихи даңқынан мақүрым, күңгірт күйде еді. Шығыс Европа Рен өзенінен бастап шығыста Түнаға дейінгі үрыс-қағыспен қым-қуыт болып, басып алуға енді-енді қарсы келе бастаған. Скандинавиялықтар, норвештер, данимаркалықтар, готтар мен ғүндарға қарай бет алып, басып алу жолына үмтылған. Үлттар көшкен, елдер қүруға бет алған; осы елдерге христиандық жаңа тараған; көне, алғашқы діндердің ізі жоғала бастаған; Мазхаппен діни шайқас жүріп жатқан - Европада қысқаша жагдай осындай көрініс беруде еді.
Азияға келсек, ол да Европадан қалыспайтын. Тілдер мен ой-пікірдің қайнары болған Хинд пен Тибет, саяси және философиялық мәселенің ең таңданарлығы болды. Қытай ішкі және сыртқы соғыстармен, діни тартыстармен өзара шырмалуда еді.
Азияның солтүстігі ол кезде белгісіз болатын. Иран болса Бизанспен үнемі соғыс күйінде еді. Ирак мезхеп соғыстарына сахна болуда еді.
Африкада ромалықтар мен гректер Мысырды тонып, осы байырғы мәдениет өлкесін сорып жатқан, Африканың солтүстігі де қара бүлттар торлаған, қорқынышты даул үйіруде болатын. Бүтін дүниеге жайылған осы күйден араша қалған жалғыз ел болса, ол Арабстан жарты аралы еді.1
Мүхаммед пайғамбар арабтарды бір ғанав қүдайға табынуға өзара жауласуды тоқтатуға, бірігуге шақырады. 630-жыл шамасында араб
тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдайды. Мүхаммед өкіметін мойындайды. Мекке мүсылман дінінің орталығына, бүкіл мүсылмандардың "қасиетті" қаласына айналады. Мүхаммед мемлекет пен мүсылман мешітінің басқарушысы болды. Мүхаммед өлгеннен кейін (632) көп үзамай, мүсылмандар бүкіл Аравияны өзіне бағындырып алды. Араб мемлекетін "халифат" ("пайғамбардың орынбасарлары") басқарды.
Арабтардың жаулап алу алғышарты VI-VII ғғ. Араб қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық алға жылжуы болды. VII ғ. Басында Аравия жарты аралының түрғындарының көп бөлшегі көшпенділер (бедуиндер - "сахарада түрушы") еді.
Олар негізінен түйе және ешкі, аздаған қой және жылқы өсірді. Оңтүстік Аравияда (Иемен, Ходрамаут және Махра), сонымен қатар Аравия оазистерінде арпа, қүрма ағашын, жүзім, аздап бидай және жеміс ағаштарын өсіретін араб жер иеленушілері болды. Арабтардың үлкен бөлігінде бедуиндерде, сонымен қатар жер иеленушілерде VII ғ. тайпа және руға бөліну сақталды. Бүл патриархалды-ру қауымы мүліктік және әлеуметтік жіктелу процесін басынан кешті, тайпа ішінен тайпа ақсүйектері - ірі атар және қүлдары бар, көбіне керуен саудасымен айналысатын байлар ерекшеленді. Таптық қоғам Аравияның оңтүстік-батыс, Иемен, Жарты арал мен Индия елдерімен керуен-теңіз сауда жолы жатқан Арабияның экономикалық және мәдени салалары дамыған облыстарында болды.
Кеңес ғалымдарының ішінде араб қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы екі көзқарас қалыптасқан. Кеңес ғалымдарының бір тобы (А.Ю.Якубовский, С.П.Толстов, Б.Н.Заходер, Е.А.Беляев) арабтардың жаулап алу жорығына дейін феодализмнің нышаны байқалмайдыдейді. Аравияда қалыптасқан қүл иеленушілік қатынас көрші елдерден жеке жатқанда үстемдік етуші өндіріс тәсілінде дамыр еді. Бірақ, VII-VIII ғ. Басында үлкен жаулап алушылық нәтижесінде Аравия және арабтар Таяу және Орта Шығыста болған феодалдану процесіне тартылды және арабтарда қүл иеленушілік ескі қүрылыста қадды.
Басқа кеңес ғалымдарының ойынша (Н.В.Пигулевская, т.б.) араб қоғамында жаулап алу жорығына дейін (VII ғ.) феодалдық қатынас дамыған. Бүл проблема әлі де болса жете зерттелмеген.
Бірінші халиф Абу Бәкір Аравияның толқуларын басып, ішкі іспен айналысса, ал Омар, Осман, Әли кезінде назар Византия облыстарына - Сирия, Палестина, Египет, сонымен қатар Иран жағына әскери жорыққа аударылды. Жаулап алушылық жорықтың инициативті рөлі - олжа және эксплуатациялау үшін жаңа жер алуға үмтылды.
VII ғ. бірінші жартысында араб әскері Византияның, парсылықтардан ерекшеленді.
Араб әскері жаяу және солтүстік атты әскерден қүралды, бірақ арабтарда алғашқы кезде ат аз болғандықтан, салт аттылардың көбі түйелерді пайдаланды. Әскер үйымы ру-тайпалық сипатта болды, яғни рудан және тайпадан қүралды. Үсақ әскери бірліктерден, ондықтар бір ру мүшелерінен қүрылды. Ал ірі бірлестіктер бір тайпадағылар болды. Көбінесе үрыста жақсы таныс және жақын жерлестер, руластар бір-бірімен қатар түрды, бүл үрыс алаңында коллективті үйымдастырды. Оңтүстік арабтар және солтүстік арабтар тайпалары арасында жауластық болды. Бүл әсіресе омиядтар династиясы (661) кезінде күшейді.
Араб әскері өздерінің қарулануы жағынан Византия және парсы әскерінен әлсіз болды. Византиялықтар мен парсылар секілді арабтарда керекті қылыш, қаруланған атты әскерлері болмады. Бірақ араб әскері сан жағынан қарсыластарынан басым болды. Араб әскерлері үрыс алаңында босаған аттарды үстап алып, өздерінің атты әскерін толықтырып отырды. Араб әскеріне тән ерекшелік олар тез қамданып, қимылауға епті болды. Оларда арбалы керуен болмағандықтан, шөл дала мен сусыз жоталардан тез өтті, бірақ таулы жерлерде көп қиыншылықтарға тап болған. Араб әскерлерінің ептілігі олардың қарсыластары үшін қауіпті болды, өйткені арабтар қарсыласының тылына оңай кіріп, жойып және олардың арбалы керуенін жаулап, тонап алып, оның коммуникациясын қүртты.
Араб жаулап алушылығын Иран және Византия мемлекеттерінің әскери және саяси, сонымен қатар осы елдердің сыртқы қайшылықтары да жеңілдетті. Керісінше, арабтардың әлеуметтік қайшылықтары салыстырмалы түрде терең болмады.
Араб жаулап алушылығы ол кезде қоршаған дүние жүзіне қүлақ естіп, көз көрмеген дәрежеде жүрді. Негізгі оқиғалар Омар, Осман және Әли халифтер түсында болды. 635 жылы арабтар Дамаскіні, 636 жылы Палестинада Ярмук елінде Византия императоры Ираклидидің әскерін талқанады, 636 жылы Антиохияны, 640 жылы палестиналық Кесариді, 640 жылы Армения мен Египетке басып кірді. Нәтижесінде VIII ғ. Басында арабтар Византияның 3/2 бөлігі - Арменияны, Сирияны, Палестинаны, Египетті және Солтүстік Африканы тартып алды.
Халифаттағы барлық жер әуелде халифаттың меншігі болып есептелді. Ол елді наместниктері арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен әскер үстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың түрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілік пен суармалы жерлерде ғана шүғылдануға болатын еді. "Сусыз жер - өлі жер" дейді араб мақалы.
Халифатта түтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Олар кен қазу жүмыстарында істеді: батпақтарды қүрғатты, каналдар салды. Қүлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті қорғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бүқарасының басым көпшілігі қүлдар емес, тәуелді шаруалар еді. Халиф өз әскер басшылары мен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. Ол үлес "ихта" деп аталды. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін болды. Омар халиф (634-644) ол иелікті игеруге міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын болды. Бүқара халық үшыр (қүшыр), зекет, харадж (қалан), т.б. салықтар төледі. Ұшыр - жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мүсылман болса бүл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жинаған өнімнің үштен бірін қүрайтын. Зекет - шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал салығы.
Бастапқыда халифат ішіндегі әрбір ел өз бетінше, бүрынғы қалпымен өмір сүре берген еді. Жағдай аббасилер (750-1258) әулетінің билікке келуімен өзгерді. Осы кезде барлық мүсылмандардың қүқықтық жағынан теңестірілуіне байланысты халифаттың барлық аймақтарында ислам діні қарқынды түрде тарап, қасиетті қүран мен пайғамбар хадистерінің тілі - араб тілі кеңінен енгізілді. Халифаттың батыс бөлігінде - Месопотомия, Сирия, Египет, Солтүстік Африкада ол бірте-бірте жергілікті халықтың ана тіліне айналды. Сөйтіп, Аббаси халифатының ыдырауы қарсаңында, яғни IX ғасырдың екінші жартысында оның батыс бөлігі біржолата арабтандырылды. Жаулап алушылардың аз ғана тобы аса көп жауланып алынған халықтардың арасына сіңісіп кетпегені былай түрсын, керісінше, оларды өз этнографиялық ықпалына бағындырды. Оның үстіне араб тілінің жеңісі араб үкіметі шараларының нәтижесінде емес, керісінше оның еркіне қарсы іске асты. Жаулап алынған халықтар арасында ислам дінінің таралуы халифаттың бүкіл қаржы жүйесін бүзды; үкімет мүсылман емес халықтардың арасында мемлекеттік тілдің тарауын тіпті де қаламаған еді: христиандарға арабша сөйлеуге және өз балаларын мүсылман мектептерінде оқытуға тиым салынды.1 Соған қарамастан ислам орасан көп халықтың дініне айналды және халықтың ислам дінін қабылдамаған бөлігінің өзі араб тілін қабылдады (мысалы, Ал-Андалустағы мосарабтар).
II тарау. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы
Араб халифатының Аравия түбегінде VII ғасырдың 20-жылдарында діни реформатор Мүхаммед пайғамбардың қызметінің нәтижесінде пайда болған және пайғамбар қайтыс болғаннан кейінгі 20 жыл ішінде сол дәуірдегі аса қуатты державалар - сасанилік Иран мен Византия империясының айтарлықтай бөлігін жаулап алған мемлекеттің - бір қарағанда, орта ғасырлардың басында бірінен кейін бірі пайда болып, бірақ елеусіз жойылып кетіп отырған көптеген мемлекеттерден еш ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Атлах шайқасы «халықтар шайқасы» болды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)
» Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Л әрпі бойынша ат қою)
» Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Х әрпі бойынша ат қою)
» Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Х әрпі бойынша ат қою)
» Сабақ жоспары (ұмж): Атлах шайқасы «халықтар шайқасы» болды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)
» Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Л әрпі бойынша ат қою)
» Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Х әрпі бойынша ат қою)
» Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Х әрпі бойынша ат қою)
Іздеп көріңіз: