Курстық жұмыс: Тарих | Араб-Израиль шиеленісі
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................61 ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы мен 70 жылдар арасындағы
Араб-Израиль шиеленісі ...................................................................................
1.1 1948-1949 ж.ж. Араб-Израиль соғысы.....................................................9
1.2 Египеттің Суэц каналын ұлттандыруға байланысты
Араб-Израиль қақтығыстары.........................................................................11
1.3 1967 ж. ,1973 ж. Араб-Израиль соғысы және АҚШ дипломатиясы...12
2 ХХ ғасырдың 70 жылдардыңекінші жартысы мен 90 жылдардың екінші жартысына дейінгі Араб-Израиль мәселесі......................................
2.1 1974-1982 жылдардағы Таяу Шығыс мәселесін бейбіт реттеу............15
2.2 1982 жылдан кейінгі жүргізілген бейбіт реттеу келіссөздері...............20
Қорытынды..........................................................................................................25
Қолданылған әбебиеттер тізімі ........................................................................26
Қосымша материалдар тізімі............................................................................27
1 ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы мен 70 жылдар арасындағы Араб-Израиль шиеленісі.
1.1 1948-1949 жылдарындағы араб-изриль соғысы.
1948 жылы 14 мамырда Израиль мемлекеті ресми түрде жарияланды. Бұл шешім жарияланғаннан кейін, ертесіне сионистер тАрабынан нағыз жарияланбаған соғыс басталады - Израиль мемлекететінің жариялануына дейін 250 мыңға жуық палестиналық арабтар өздерінің тұратын жерлерін тастап кетуге мәжбүр болады. Бұл соғыс негізінен империалистік елдер тАрабынан (Англия, АҚШ) ұйымдастырылып, шиеленістің күшеюін пайдалана отырып Таяу Шығыстағы осы маңызды аймақта өз үстемдігін орнатуды көздеді [1].
Израильдің Тәуелсіздік Декларациясында басшылық етуші сионистік орта жаңа мемлекеттің шекаралары жөніндегі сұрақты үнсіз қалдырды. Болашақ еврей мемлекетінің шекраларын БҰҰ-ның революциясы бойынша анықталған шекаралар сионисттерді қанағаттандырмады және олар өз алдыларына бүкіл Палестина территориясын иеленуді көздеді. Араб армиясына қарағанда Израиль қарулы күштері жақсы қаруланған және үйретілген болатын, ал Араб армиясы соғысқа дайын болмады. Өздерінің әскери шеберлігін пайдалана алған Израиль армиясы Палестинаның айтарлықтай бөлігін оккупациялады.
1948 жылы 14 мамырда Бэн-Гурионның Израиль мемлекетінің құрылғанын мәлімдегенннен кейін, араб лигасының елдерінің әскерлері: Египет, Иордания, Сирия, Ливан елдері Израильге қарсы әскери әрекеттерін бастайды. Сондай-ақ оған қарсы Сауд Аравия мен Йеменде соғыс жариялайды. 40 мыңға жуық әскері бар Иордания королі басшылығындағы араб лигасына 30 мың әскері Хагана ұйымы қарсы тұрды. Араб елдерінің әскерлері Палестинаның бір қатар оңтүстік және шығыс бөліктегі территорияларын сонымен бірге Иерусалимнің ескі бөлігіндегі кішігірім еврей кварталын иеленеді. Ал Израиль әскерлері бұл уақытта Иерусалидегі таулар арқылы өтетін басты жолдарды басып алады және арабтар шабуылына сәтті түрде тойтарыс беріп отырады.
Соғыстың алғаш кезеңінде әскери әрекеттер арабтардың жағынан күшті болғанымен, көп ұзамай жағдай өзгере түседі.
1948 жылдың маусым айларында Израиль өз әскерін 60 мыңға жуық жеткізіп, шілде айында ол үлкен шабуыл ұйымдастырып нәтижесінде Лидда (Лод)-Рашл аймағын (Шығыс Тель-Авив) басып алады және бұл жерден 100 мыңға жуық палестиналықтар қуылады. Ал Палестина әскерлері жақсы қаруланбаған, тек Иордания ғана сол заман талабына сай қаруланған болатын.
Еврейлердің қазан айындағы соңғы шабуылында, ол 1949 жыл басына қарай Израильдықтар Палестинаның бүкіл территориясын Ливанға дейінгі шекара және оңтүстікке Аккаба бұғазы мен Синайлық жарты аралға дейін басып алды.
1948 жылы 29 желтоқсанда қауіпсіздік кеңесі Палестинада қарулы қақтығыстарды тоқтату жайында резолюция қабылдайды. 1949 жылы қаңтарда Родос аралында Израиль мен Египет арасында, БҰҰ-ның қатысуымен, келіссөздержүреді. Содан кейін келіссөздер Израиль мен Иордания, Сирия, Ливан арасында болады. 1949 жылдың ақпан-шілде айларында Израильмен араб елдері ортасында бейбіт келісімдерге қол қойылады [2].
1948-1949 жылғы араб - Израиль соғысы нәтижесінде Израиль БҰҰ-ның шешімі бойынша араб елдері еншісіндегі 6,7 мың кв.км территорияны басып алып, 750 мың палестиндықтар туған жерлерінен көшіріледі. Кейіннен Газа секторы Египет бақылау сатына беріледі, ал Иордан өзенінің батыс жағалауы, сондай-ақ Иерусалимнің бір бөлігі Иорданияға біріктіріледі. Кейіннен Израиль тек қана араб елдері мен қарым қатынасты тұрақтандыруға ғана көңіл бөлмей, сондай-ақ территориялық экспансияға көшіп және аймақта өзінің үстемдігін орнатпақшы болды 1951 жылы мамыр айында Израиль Синай жартыаралының солтүстігіндегі Аль-Аудта әскер шығарылған аймақты басып алады.
Израильдің сыртқа саясаттағы негізгі бағыты империалистік елдер болды, яғни олардың саяси материалдық жағынан көмек беруі олардың сионистік ойларын жүзеге асыруда периалистік елдер Израильді Таяу Шығыстағы антиимпериалистік күштермен күресуде негізгі күш деп санады да Англия, Франция және АҚШ-тың үштік декларациясына қол қойылды. Бұл құжаттың көмегімен ірі державалы елдер Араб-Израиль шиеленісін бақылау құқығын алады.
1.2 50 жылдардың екінші жартысындағы Египеттің Суэц каналын ұлттандыруға байланысты Араб-Израиль қақтығысы.
1952 жылдың шілде айында революция нәтижесінде Египет үкіметіне Г.А.Насер келеді сыртқы саясатта ол Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуды мақсат етеді. Алайда Израиль Д.Бен-Гурион басшылығындағы үкімет оның бағытын қоштамай, керісінше бұл шиеленістің жалғасуын қалады Израиь Несер үкіметін құлату және Египет пен АҚШ, Англия арасындағы қарым-қатынасты бұзу мақсатында 1954 жылы шілдеде Каирдегі американ және ағылшын мекемелдерінде жарылыстар ұйымдастырады. Бұл реті олардың Египет пен қарым-қатынасының нашарлауына алып келеді. Египет Сириямен қорғаныс одағын құрады [3].
1956 жылдың шілде айында Насер үкіметінің ағылшындар мен француздар капиталының қол астындағы Суэц каналының кәсіпорнын ұлтандыру Англия, Франция және Израильдің ашық түрде агрессияға көшуге себеп болды. Ал АҚШ-қада бұл саясат ұнамай ол Египетті экономикалық блокадалауға көшті. 1956 жылы 29 қазанда Израиль әскерлері Синай жартыаралына басып кіреді. 31 қазанда Англия және Франция Египет жерлеріне аспаннан және теңізден оқ жаудырды. 5 қарашада ағылшын әскерлері Портсаида, ал француз әскерлері Портфуада ауданын да иеленеді. Израиль әскері Газа секторын және бүкіл Синай жартыаралын Суэц каналына дейін оккупациялайды.
Англия, Франция, Израиль әрекеттері бүкіл әлем наразылығын туғызады. 31 қазанда Совет үкіметі БҰҰ-на елдердің агрессиясын тоқтату жөніндегі шаралар қолдануын сұрайды. 2 қарашада БҰҰ-ның бас ассамблеясы қарулы әрекеттерді тоқтату жайында резолюция қабылдайды. 7 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қарулы қақтығыстарды тоқтату және Египеттен агрессорлардың әскелерін шығару жайлы жаңа резолюция қабылдайды. Содан соң ғана алдымен Англия және Франция әскерлерін (1956 жыл 22 желтоқсан), кейін Израиль әскері (1957 ж.8 наурыз) алып шығарылды.
50-60 жылдарында палестин халықтарының арасында ұлттық азат ету ұйымдары көптеген құрыла бастайды. Осы кезде Фатх ұйымы және басқа да ұйымдар құрылады. 1964 жылы мамырда Шығыс Иерусалимде алғаш Палестиналық ұлттық Конгресс болып онда Палестиналық азат ету ұйымы құрылады (ПАҰ). 1965 жылдың қаңтар айында Фатх Израиль жерінде портизандық әрекеттер жүргізе бастайды. Бұл Израильге таптырмас слтау болып, 1965 жылы мамырда Израиль армиясы Иордан өзенінің батысындағы Аль-Иизиух, Дженин, Калькимия пунктеріне шабуыл жасайды.
1967 жылы көктемде Израиль бірқатар Сириялық шекаралық халықтар мекендейтін пункттерге және ауадан елдің шеткі аймақтарын зеңбіректермен
жаудырады [4].
1.3 1967жылғы, 1973 жылдардағы Араб-Израиль соғысы және АҚШ диполоматиясы.
1967 жылы 5 маусымда Израиль Египетке, Сирия және Иорданияға қарсы агрессиясын бастады. Ол бұл елдердің әуе күштерінің бір бөлігін жойып жіберді. Артынша ол Синай жартыаралына басып кіреді және Шығыс Иерусалимге басқыншылық әрекеттерін бағыттап, екі күннен соң оны жаулап алады. 8 маусымға дейін Иордан өзеніне дейінгі территорияны басып алады. Израильдің агрессиялық саясатын сынға алып КСРО БҰҰ-на әскери қақтығыстарды тоқтатып 4 маусымға дейінгі шекаралға дейін агрессорлардың шегінуі жайлы резолюция қабылдануын құрайды. 9 маусымда Израиль БҰҰ-ның Египеттік және Иорданиялық майдандарда әскери әрекеттерді тоқтату туралы резолюциясына қабылдайды, бірақ ол агрессиялық әрекеттерді тоқтатпайтындығын және өз әрекеттерін Голандтық биіктерге бағыттады. Кеңес одағы оған жауап ретінде Израильмен дипломатиялық қарым-қатынастарды үзетіндіктерін мәлімдеді. Кеңес үкіметінің дәл мәлімдемесінен соң 10 маусымда әскери әрекеттерді тоқтатады.
Агрессия нәтижесінде Израиль 70 мың кв.км (Синай жартыаралы, Газа секторы, Иордан өзененің батыс бөлігі, Голанд биіктігі) территорияны басып алады және сол жерде қатаң әскери тәртіп орнатады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 1967 жылдың маусымында 100 мыңға жуық египеттіктер мен сириялықтар және 300 мың палестиналық басқындарға айналады [5].
Таяу Шығыс мәселесін шешуді қолына БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі алды, ал 1967 жылы 22 қарашада №242-ші резолюция қабылдайды. Онда қаралған мәселелері: Израиль әскерлерін оккупацияланған жерлерден шығару, Таяу Шығыстағы соғыс жағдайының тоқтатылуы, аймақтағы барлық елдердің саяси тәуелсіздігі және террриторияларына қол сұғылмауды қамтамасыз ету, басқындар мәселесін шешу. Резолюцияны жүзеге асыру үшін Таяу Шығысқа БҰҰ-ның бас секретарының өкілі, швед дипломаты Г.Ядринг жіберіледі. Бұл резолюцияны Египет және Иордани ешбір қарсылықсыз қабылдады. Ал Израиль оны қабылдап, бірақ өз талаптарын ұсынды. Ол 1967 жылы 5 маусымдағыға дейінгі территорияларға қайтып оралкмен келіспейтіндігін айтты. Израильдің кесірінен резолюция өз деңгейінде орындалмай қалады [6].
Израиль экспансиялық ойларын жүзеге асыру үшін оккупацияланған территорияларда әскери израильдық қоныстарды құра бастады. 1977 жылға қарай
48 қоныстар салынады. Осы аймақтарда араб халықтары қудалануға ұшырап, түрмелерге қамалды. Израиль агрессиясының күшеюіне АҚШ көлемі үлкен септігін тигізді. АҚШ-тың 1968-1973 жылға дейінгі әскери көмегі 1292 млн.долларды құрады.
1969 жылы көктемде Суэц каналы маңында Израиль әскерімен Египет әскерінің қақтығысы болады. Ал 1970 жылдың алғаш айларында Израиль Египеттің түкпір аймақтарын және Каирдың сыртқы аймақтарына оқ жаудырады. Египет әскерлеріне кеңес үкімет көмек беріп, Израиль түкпір аймақтардан бас тартуға мәжбүр болады. [7]
АҚШ-тың Израильді қолдау саясаты Никсон үкіметін қиыншылықтарға алып келеді, араб елдерімен қатынасында. Осы келеңсіз жағдайды жою мақсатында ол 1970 жылы 25 маусымда У. Роднерстің әскери әрекеттерді тоқтату және Ярринг миссиясын жапдандыруға бағытталған жоспарды қабылдады Никсон Израиль үкіметіне егер осы ұсынысты олар қабылдаса онда олар әскерлерін қайтаруға күштемейтіндігін және әскери, экономикалық көмекті күшейтетіндігін мәлімдеді. 31 шілдеде Израиль қабылдады. Египет және Иордания оқ атуды тоқтатуға келісіп, 7 тамызда әскери қақтығыстар тоқтатылды. 1970 жылдың қыркүйек айында бұл жоспардан бас тартады.
Мемлекеттік нышан Роджорстың 1971 жылдың көктеміндегі Египет пен Израильге сапары АҚШ-тың Араб-Израиль шиеленісінде араласуын білдірді. Вашингтон осы саясатымен араб елдері арасында өз беделін өсірмекші болды. АҚШ Египет үкіметіне Насерден соң келген Садат режиміне өз қысымын көрсетпекші болады. АҚШ өзінің мақсаттарын жүзеге асыруда Таяу Шығыстың шиеленісті шешуді пайдаланса, ал Израиль экспансиалық ойларын жүзеге асыруда күштеу саясатын таңдайды, дипломатиялық жолмен емес. Араб елдерінің оңайлықша жеңілуіне келіспейтіндігіне Израильдың көзі жетеді, 70 жылдың басында Тель-Авив қызуқанды дайындыққа көшеді. Израиль әскерлері бірнеше рет Оңтүстік Ливанға шабуыл жасайды, сондай-ақ халықтар мекендейтін Сирия және Ливан жерлерін бомбалайды, әсіресе сол жердегі палестиналық босқындар лагерін 1973 жылы сәуірде Израильдың диверсанттары Бейрутте ПАҰ (ООП) басшыларына қарсы террористік жарылыстар ұйымдастырады. Терроризм Израиль мемлекетінің саясатында қолдау тауып отырды.
Израильдың сөзсіз шиеленісті саяси тұрғыдан шешуден бас тартуы, араб территорияларын босатудан және палесталық мәселелерді шешуден бас тартуы Таяу шығыста 1973 жылы қазан айында жаңа соғыстың шығуына себеп болады. 1967 жылы соғыстан соң советтердің көмегінің нәтижесінде Египет және Сирия әскери әрекеттерін бастап, бірінші бөлімінде соғыстың айтарлықтвай жетітіктерге жетеді. Египет армиясы Суэц каналын сәтті босатты. Шығыс жағалаудағы Израильдің қорғаныс сызығын (Бар-Лева сызығы) бұзып өтеді және Синай жартыаралына 15-20 км-ге дейін жылжиды. Сириялық армия Голландтық биіктерге шабуыл ұйымдастырады.
Израиль әскерінің шегінуі және көп шығынға ұшырауы елде қолайсыз жағдай туғызды. Израиль үкіметі АҚШ-тан шұғыл шаралар қолдануды талап етеді. Никсон конгреске Израильдағы әскери көмек ретінде 2,2 млрд доллар беру туралы жолдау жиі береді. Конгресс өз кезегінде көмектің жартысын қайтарымсыз беру туралы жолдау жиі береді. Конгресс өз кезегінде көмектің жартысын қайтарымсыз беру туралы шешім қабылдайды. АҚШ әуе көпірін Израильде орналастырып, оны орналастыру мақсаты үшін жасалды. Американың көмегі Израильдің майданда күшетерін тең жағдайға келтіруге көмек берді, 15 қазанда Израильдің әсерлері Суэц каналының Батыс бөлігіне өтті.
Кеңес үкіметі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне әскери әрекеттерді тоқтатып қана қоймай, сонымен бірге бүкіл шиеленісті шешуге бағытталған резолюция қабылдайды ұсынды Москва қаласына 20-21 қазанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Киесинджердың сапарында жүрген совет-американдық келіссөздерден соң, қауіпсіздік Кеңесі 22 қазанда № 338-ші резолюция қабылданып, ол бойынша соғысушы елдерге тез арада әскери қақтығыстарды тоқтатып тән әйгілі резолюцияны орындауға әрекеттер жасауды ұсынады. Алайда Израиль әдеттегідей бұл резолюцияға бой сұнудан бас тартты. Американ президентінің кейбір әлемнің аймақтарында американ әскерлерінің дайын тұруы жөніндегі шешімі Израильдің позициясын жақтағандығын аңғартты. Совет Одағы қауіпсіздік Кеңесіне 25 қазанда № 340 резолюцияны қабылдауды сұранды.Осы резолюция ғана Израильді оқ жаудырудан тоқтатты. Қазан айындағы соғыс нәтижелері айтарлықтай Таяу Шығыс мәселесінде әсер етті. Ең алдымен Израильдың әскери доктринасы сәтсіздікке ұшырады. 1973 жылғы соғыс нәтижесінде Израиль 3 мыңға жуық адамын жоғалтып, 900 танкі, 250-ге жуық әскери самолеттер және т.б. Сонымен бірге араб елдерінің АҚШ-қа қарсы мұнай байкотын жариялауыда айтарлықтай әсер етті.
1973 жылғы соғыс нәтижесі Араб-Израильдік шиеленісті саяси тұрғыдан шешу мүмкіндігіне жақындатты. 1973 жылы 27 желтоқсанда БҰҰ-ның қолдауымен Кеңес Одағының және АҚШ өкілеттігімен Женевалық бейбіт кондоерекция ашылады. Алайда АҚШ пен Израильдің кесірінен бұл фумның жұмысы ұзаққа созылады, және нәтижесіз болды деседе болады. 1974 жылы 18 қаңтарда Каир-Су жолының 101-ші километрінде бірінші египеттік-суроильдік келісімге қол қойылады. Бұл келісімде бейбіт өмірге жасалып жатқан алғаш қадам ретінде көрсетеді. Алайда кейіннен байқалғандай, сол кезде АҚШ, Израиль және садаттық режим сепаратистік өзара келісімдерге алып келетін жағдайларды ойластырмақ болған.
Қазандағы соғыстан соң АҚШ Таяу Шығыста белсенді дипломатиялық әрекеттерді бастайды, оның мақсаты Кеңес Үкіметінің бейбітшілікті орнату процесінен шеттету, арабтардың бірігуіне жол бермеу және бейбітшілікті орнатуда сондай ұсыныс жасау, ал американ және израильдың ойынан шығуы керек болды. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру құралы ретінде мемлекеттік хатшы Г.Киссиндтердің жүргізген қадамнан соң қадам деген дипломатиясы болды. Оның міндеті шиеленіске қатысушы араб елдеріне американ-израиль ұсыныстарымен дайындалған келісімге келуін қамтамасыз ету. Негізінен бұл дипломатия Женева конференциясын қайта жандандырмауға бағытталады.
Қарама-қарсы позицияны Совет Одағы ұстанды. 1974 жылы көктемде ол сириялық және израильдық әскерлерінің Голандық биіктерде ажырасу жайлы келісімді қолдады. Синайда бірінші рет әскерді бөлуден кейінгі Голандтық биіктік аймағында Израиль әскері жьинақталуы осы кезеңде Сирияға қауіп төнгендіктен осы мәселені шешуде жедел қажеттілік туындайды. Нәтижесінде 1974 жылы 5 маусымда сәйкес келісімдерге қол қойылды. Сириялық басшылық Голланд биіктіктерді аймағындағы әскерлерді бөлу Таяу Шығыс шиеленісін реттеудегі барлық мәселелермен байланысты деп мәлімдеме жасайды.
2 ХХ ғасырдың 70 жылдарының екінші жартысы мен 90 жылдардың екінші жартысына дейінгі Араб-Израиль мәселесі.
2.1 1974-1982 жылдардағы Таяу Шығыс мәселесін бейбіт реттеу.
1974 жылы жазда Американ дипломатиясы Израиль мен Иорданияны әскерлерді бөлу туралы келісімге кіруіне итермелейді.
Сол арқылы Палестиналық проблеманы конструктивті шешуде ПАҰ (ООП) сыз шешу мүмкіндігін шешу. Бірақ Израиль үкіметі Иордан өзенінің батыс жағалауын және Газа секторын иннекциалауға талпынып бұл қадамға бас тартады. 1975 жылы қыркүйекте АҚШ жаңа Египет Израиль келісімінің бекітуіне қол жеткізеді. Ол бойынша Синай аймағындағы Израиль әскерлерін ұстауды шектеді және Американ персоналы бар ерте стратегиялық және тактикалық алдын ала жариялау. Станциялар жүйесін құруды ойластырды. Бұл құжатқа АҚШ пен Израиль үкіметімен қол қойылған екі миморандум толықтырады. Бірінші миморандум бойынша Американың Израиль алдындағы міндеттері қарастырылып, ол бойынша үздіксіз әскери көмек беру, сонымен қатар соңғы үлгідегі қару жарақпен қамтамасыз ету, мұнаймен қамтамасыз ету Суэц каналы арқылы Израильдың жүктерінің еркін өтуіне кепілдік беру. Екінші меморандум да американ-израильдің өзара түсінушілік және Таяу Шығыстың мәселені реттеу. Оның қатысушылары Женева конференциясының өтетін мерзімін белгілеу, жұмыс барысын анықтау секілді құқықтарын өздеріне иеленді. Сонымен қатар, АҚШ Израильге қарсы немесе оның мүддесіне сәйкес келмейтін әрекеттерге қатыспауды және ПАҰ (ООП)ны мойындамау және оны бейбіт конференцияға жолатпау жайында уәде берді. Екінші синайлық келісім Египеттің Израильдық агрессияның нәтижелерін жоюға бағытталған арабендерінің күресінен шығуға алып келді Садат режимі ашық түрде АҚШ және Израиль мүдделеріне сәйкес келетін саясат жүргізе бастайды.
Таяу Шығыс мәселесін реттеуге кедергі келтіру мақсатыныда АҚШ дипломатиясы Ливандағы ішкі жағдайдың бұзылуының күшеюін қолдап отырды, ол жерде 1975-1976 жылдары қанды шиеленге шығып, ол негізінен ПАҰ (ООП) на қарсы бағытталды. Израиль мен АҚШ-тың Ливан мәселесіне қатысты мақсаттарына сәйкес келеді. Басты назар аударатындары ол ұлттық-патриоттық ливан күштерінің әлсіздеуіне Палестина қарсылық қозғалысының Палестина қарсылық қозғалысының позицияларын әлсіздету, Таяу Шығыстағы күштердің ортақ балансының өзгеруі.
Израиль ПАҰ (ООП)ның реттеу процесіне қатысуына қарсы шығып, оның палестиналық халықтың өкілі ретінде санаудан бас тартады. АҚШ-та Израильдің билік басындағылары бұл әрекеттерін олар былайша түсіндіреді, яғни олар ПАҰ-ны террористік .........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | АҚШ тың әскери қозғалыстарына сын айтушылар
» Курстық жұмыс: Тарих | КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама қайшылығы
» Курстық жұмыс: Тарих | Хз.Омардың тұсындағы шайқастар
» Курстық жұмыс: Этнография | Шетелдік Азияның халқы
» Курстық жұмыс: Әдебиет | Абай жолы романындағы антропонимдер
» Курстық жұмыс: Экономика | АҚШ тың әскери қозғалыстарына сын айтушылар
» Курстық жұмыс: Тарих | КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама қайшылығы
» Курстық жұмыс: Тарих | Хз.Омардың тұсындағы шайқастар
» Курстық жұмыс: Этнография | Шетелдік Азияның халқы
» Курстық жұмыс: Әдебиет | Абай жолы романындағы антропонимдер
Іздеп көріңіз: