Курстық жұмыс: Информатика | Аптека жұмысының мәліметтер қорын құру

Курстық жұмыс: Информатика | Аптека жұмысының мәліметтер қорын құру

Мазмұны
Есептің қойылымы........................................................................3

1.Кіріспе.........................................................................................4

2.Теориялық бөлім........................................................................5
2.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесіне негізгі сипаттама......5
2.2.Database Desktop көмегімен кесте құру.................................7
2.3.ВDE Administrator программасы.........................................18
2.4.Delphi ортасында мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын жобалар құруға арналған негізгі компонентерге сипаттама....20
2.5 Берілгендер жиынымен жұмыс істеудің негізгі әдіс-тәсілдері.....................................................................................22
2.5.1.Мәліметтер жиынын сорттау............................................22
2.5.2.Жазбаларға фильтрация жасау.........................................23

3.Қорытынды...............................................................................24

4.Қолданылған әдебиеттер...........................................................25

5.Қосымша....................................................................................26

6.Программа листингі..................................................................3

Теориялық бөлім

Мәліметтер қорын басқару жүйесі – деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартуға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.Жалпы мәліметтер қорын басқару жүйесі ол көптеген қосымшаларға арналған, жалпыланған мәліметтер қорын құру оны әр кезде жұмыс жағдайында ұстау және пайдаланушылардың оларға берілген өкілеттіліктер шеңберінен аспайтын, ену мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін арнайы тұрғызылған жүйе. Delphi жүйесі мәліметтер қорын басқару жүйесі болып табылмайды. Бірақ ол толықтай мәліметтер қорын басқару жүйесінің мүмкіндіктеріне ие.
Delphi құралы локалдық және тораптық мәліметтер қорын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге, сондай-ақ кез келген мәліметтер қорымен жұмыс істей алатын қосымша құруға мүмкіндік береді.
Локалдық мәліметтер қорын басқару жүйесінің барлық бөліктері қолданушы компьютерінің мәліметтер қорында орналасады, егер бір мәліметтер қорына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса әрбір қолданушының компьтерінде локалдық мәліметтер қорын басқару жүйесінің көшірмесі болуы керек.
Тораптық мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі атрибуттары файл-серверлік, клиент-серверлік мәліметтер қорын басқару жүйелері болып табылады.
Аптекадағы дәрі–дәрмекке байланысты жалпы мәліметтер келесі кесте құрылымы түрінде берілген:

№ Түрі Тіркелген
№ Атауы Патент
телмеген
атауы Өндіруші
мемлекет Сақтау
Мерзімі Бағасы Саны Сатылу бағасы
1 Дәрі 29194 Мезим
Форте Панкреатин Германия 3 жыл 430тг 10 450тг
2 Дәрі 19255 Бисептол Ко-тримоксазол Польша 5 жыл 380тг 15 400тг
3 Мазь 20811 Долгит Ибупрофен Германия 3 жыл 520тг 12 550тг
4 Капсула 37253 Кетонал Кетопрофен Словения 3 жыл 300тг 6 350тг
5 Дәрі 54457 Андипал Қазақстан 4 жыл 30тг 14 50тг
6 Ампула 20334 Циано
кабаламин Беларусь 2 жыл 90тг 5 140тг
7 Ампула 78945 Цефалин Цефазолин Түркия 2 жыл 250тг 14 300тг
8 Ампула 481880 Кавинтон Винпоцетин Венгрия 5 жыл 400тг 10 450тг
9 Ампула 363834 Никомед Преднизалон Австрия 5 жыл 550тг 6 600тг
10 Дәрі 10577 Найз Нимесулид Индия 3 жыл 350тг 5 400тг
11 Ампула 65656 гентамицин санавита Германия 5 жыл 600тг 3 700тг
3.2.Database Desktop көмегімен кесте құру.
Database Desktop программасы - кестені құруға және редактірлеуге арналған,сонымен қатар SQL – сұрауымен және жасырын атпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Бұл программаны Delphi ортасындағы Tools / Database Desktop командасы арқылы шақыруға болады,яғни жіберілген файл dbd32.exe арқылы немесе негізгі менюдегі Программы/Borland Delphi 7/ Database Desktop командасы арқылы шақыруға болады.
Database Desktop программасында аптека жұмысын келесідей қадамдар арқылы орындаймыз.
Database Desktop программасын жүктейік.Содан кейін File / New командасын таңдау арқылы 1- суретте берілгендей қосымша менюді көре аламыз:

1- сурет
Онда берілген командалар келесі түрде сипатталады
QBE Query – визуальды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу.
SQL File – SQL-де сұраныстар жасау және оларды файлға жазу.
Table – жаңа кесте құру.
Бұл командалар ішінен Table командасын таңдап аламыз.Төмендегі суретте көрсетілгендей сұхбат терезесі ашылады. Сырғымалы тізімнен мәліметтер қорын басқару жүйесін таңдап алуға болады. Бірақ қалыпты жағдайда Paradox 7 – ні таңдап алып, ОК түймесін басамыз.
2- сурет 3- сурет
4- суретте көрсетілгендей кестенің құрылымын құрушы терезе ашылады.

4- сурет.
Мәліметтер қорын құрайтын кестелер негізінен дискілердегі каталогтарда орналасады.Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады, бірақ құжаттарға қарағанда мәліметтер қорының кестелері көп қолданбалы қатынау режимін қолдайды,яғни бірнеше қолданбалымен бір мезгілде жұмыс жасауға болады, бір кесте үшін бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішіндегі негізгісі болып, кестенің атымен аталатын мәліметтер файлы болып табылады.Мәліметтер қорының әр кестесі бағаннан және жолдан тұрады. Өріс - мүмкін болатын типтердің мәліметтерін қамтиды.Кестенің негізін, оның өрісінің сипаты құрайды.Әр кестенің кем дегенде бір өрісі болуы қажет.Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына Өріс сипаты, кілті, индекстері, кестелер арасындағы байланысты сақтау және т.б.кіреді.Кестені құрғанда аты және құрылымы беріледі.
6- суретте көрсетілгендей әр өріске ең алдымен ат (Field Name)
береміз.Ол өріс идентификаторы деп аталады және 25 символдан тұруы мүмкін және бос орыннан басталмауы қажет (ішінде бос орын бола береді). Менің жұмысымда ол идентификаторлар екінші жолда көрсетілген.
Содан кейін өрістің типін (Type) анықтау керек.Өріс типін тышқанның оң жақ түймешелігін немесе бос орын түймешесін басу арқылы контекстік менюден таңдап алуға болады.Paradox 7- де мынандай мүмкін типтер бар:

8.
Alpha – 1-255 аралығында берілетін жолдық өріс.(белгіленуі -A );
Number – (аралығындағы) нақты сандар.(белгіленуі -N);
Money – оң және теріс сандар, Number-ден берілу формасы мен ақша бірлігі символымен ерекшеленеді.(белгіленуі - $);
Short – (-32767 мен 32767) аралығындағы қысқа бүтін сандар.(белгіленуі - S);
Long Integer – (-2147483648 мен 2147483647) аралығындағы ұзын бүтін сандар.(белгіленуі - I);
BCD – BCD форматтағы сандар. Жоғарғы нақтылықты қажет ететін есептеулер үшін пайдаланылады.(белгіленуі - #);
Data – датаны көрсететін мән.( белгіленуі-D);

Time – уақытты көрсететін мән.( белгіленуі –Т);
Timestamp – (0-32) аралығындағы датаны және уақытты сақтайтын мән.( белгіленуі- @);
Memo – (1-240) аралығындағы ұзындығы шектелмеген мәтіндерге арналған өріс (белгіленуі-М);
Formatted Memo - (0-240) аралығындағы форматталған мәтіндер сақталатын өріс (белгіленуі-F);
Graphic – bmp форматтағы файлдағы суреттер (белгіленуі-G);
OLE – осы типті мәліметтер – суреттер, дыбыстар, құжаттар. Database Desktop бұл форматтарды қолдамайды. Бұл өрістер мәнін Paradox 7-мен Delphi жобаларында ғана көруге болады (белгіленуі-О);
Logical – логикалық өрістер. Қалыпты жағдайда – true және false деген екі мән қабылдайды (белгіленуі-L);
Autoincrement – 1 мөлшерге өсіп отыратын ұзын бүтін сан. Тек оқуға арналған. Өшірілген кезде қалған өрістердің мәні өзгермейді (белгіленуі- +);

5 – сурет.

Менің тапсырмамда бұл типтер келесі түрде көрсетілген:


№ Виды Регист.№ Торговое
название Непатентованное
название Производитель Срок
годности Условия отпуска из аптек Стоимость Количество Цена
+ А I A A A D A S S S
20 20 20 25 20

Кейбір типтерге, мысалы, Alpha типіне қосымша өлшемін беру қажет (Size).Ол символдардың саны.Ал кілттік өріс мына (*) символы арқылы беріледі
6- сурет.

6- суретте берілгендей файлдың атын,типін, өлшемін, кілттік өрісін бергеннен кейін, Save as командасын орындаймыз.Онда көптеген сақталатын орын берілген.Бұл кестеге локалдық диск (С:)-дан орын дайындадым,яғни папкаға мынадай (Anara) атау бердім, ал оның ішінде 6- суреттегі кестеге (apt1) деген атау береміз.
Жоғарғыда берілген кестені құрып, сақтап болғаннан кейін, негізгі кестені құрамыз. Бұл кестеге өрістің атауын, типін, өлшемін, кілттік өрісін тағайындаймыз.Ол 7- суретте көрсетілген.
Енді бағанағы локалдық диск (С:)-да дайындаған орындағы (Anara) папкадан осы кестеге (apt2) деген атау береміз.Бұл папка
8- суретте берілген.
7- сурет
8- сурет
9- сурет.

Берілген кестенің қасиеттерін беру үшін локалдық диск (С:)-да cақталған (Anara) папкадағы (apt1) файлын қайтадан ашамыз. Database Desktop ортасындағы Table/Restructure командасын орындаймыз.
10- сурет.
6- суреттің терезесінің оң жағында кестенің қасиеті берілген,яғни ол жоғарғы жағындағы сырғымалы тізім(Table properties)болып табылады.Кестенің қасиеттері мыналар:

13.
I. Validity Checks – мәндердің дұрыстығын тексеру үшін қолданылады.Бұл қасиеттің мынадй батырмалары бар:
 Required Field – бұл индекатор арқылы әр жазбада міндетті түрде болу керек өрістер белгіленеді
 Minimum value – ең кіші мән. Бұл қасиетті сандық өрістерге беру қажет.
 Maximum value - ең үлкен мән. Бұл қасиетті сандық өрістерге беру қажет.
 Default value – қалыпты жағдайдағы мән. Бұл қасиетті сандық, логикалық және кейбір символдық өрістерге беру қажет.
 Picture – мұнда мәліметтерді енгізу шаблоны беріледі.Мысалы, телефон номері берілген өріске беруге болады.
 Assist – Picture шаблонын беру үшін сұхбат терезесін шақырады.
2. Table Lookup – көру терзесі.Бұл қасиет кестедегі бір өрісті келесі бір кестедегі екінші өріспен байланыстыру үшін қажет. Table Lookup таңдағаннан кейін терезеде Define – анықтау батырмасы пайда болады. Осы батырманы шерткенде 10- суретте берілген кесте шығады.Drive or Alias сырғымалы тізіміне Browse батырмасын басу арқылы қосымша кесте (apt2) орналасқан папканы іздеп табамыз. Fields бөлімінен қосымша кестені (apt1) таңдап алып,стрелка орналасқан батырманы басу арқылы Field name өрісіне енгіземіз. Lookup table бөлігінен қосымша кестені (apt2) таңдап алып Lookup field өрісіне стрелка арқылы енгіземіз.Осыдан кейін ОК батырмасын басамыз.

11- сурет
II. Secondary Indexes – екінші индекс. Secondary Indexes қасиетін жасау үшін Define – анықтау батырмасын басу қажет. 11- суретте берілгендей терезе ашылады.Сол жақ терезеде Fields мүмкін өрістер тізімі берілген. Indexed fields - қажет деген өрістер тізімін реттеп орналастыруға арналған. Сол жақ терезеден оң жақ терезеге өрісті өткізу үшін оларды белгілеп алып стрелкасы бар батырманы басу қажет. Change order стрелкасы бар батырмасымен оң жақтағы терезедегі өрістердің орналасу ретін өзгертуге болады. Index options радиокнопкалар панелінің мынадай батырмалары бар:

 Unique –бірдей атпен берілмеуді қамтамасыз етеді.
 Descending – кесте кему ретімен реттеледі(қалыпты жағдайда өсу ретімен орналасады).
 Case Sensitive – символдардың енгізілу регистірі есепке алынатын батырма.
 Maintained – бұл опция белгіленулі тұрған кезде кесте өзгерген сайын индекс жаңарып отырады.
Secondary Indexes қасиет арқылы мен өз тапсырмамдағы аптека товарын номері бойынша реттедім.Бұл қасиетті орындап болған соң ОК батырмасын басамыз.Сонда Save Index As терезесі ашылады.Оған ат беріп (Dina) с
3.Referential Integrity – сілтеме деңгейіндегі бүтінділік.Сілтеме деңгейіндегі бүтінділік бөлек кестелердегі мәліметтердің өзара тұрақты байланысын қамтамавыз етеді. Егер екі кесте арасында осындай байланыс орнатылса, олардың бірі – негізгі (аналық),екіншісі – (көмекші),қосымша кестеде негізгі кестедегі кілттік өрістен ғана мәндерді ала алатын өріс көрсетіледі. Осындай байланысты орнату үшін ең алдымен екі кесте де орналасқан жұмысшы каталогты баптау керек. Ол File/ Working Directory командасы арқылы орындалады. Define – анықтау батырмасын басу арқылы (13- сурет.) ашамыз. Fields панелінен керек деген өрісті таңдап аламыз.Менің тапсырмамда ол (apt1) өрісі. Стрелка орналасқан батырманы басу арқылы ол өріс Child fields қосымша кестелер тізіміне енгіземіз. Оң жақтағы Table панелінен ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Аптека жұмысының мәліметтер қорын құру жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Информатика курстық жұмыстар, Аптека жұмысының мәліметтер қорын құру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]