Курстық жұмыс: Құқық | Апелляциялық сатыда іс жүргізу

Курстық жұмыс: Құқық | Апелляциялық сатыда іс жүргізу

I Апелляциялық іс жүргізудің мәні, маңызы.

Тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарды анықтайтын сот шешімі барлық жағдайларда материалдық ақиқатқа сәйкес келе бермейді. Сондықтан заң мүдделі тұлғаға шешімді жоғары инстанция сотына шағымдану мүмкіндігін береді.Шағымдануға құқықтық тиісті дәрежеде жүзеге асырылу заңдылығын және негізділігін тексеру мақсатында бірінші инстанция сотының ұйғарымдары мен шешімдерін қайта қарауға негіз болады.Бұл заң актілерімен бекітілген әдістермен бірінші инстанция сотымен азаматтық істерді қарау және шешу барысында жіберілген қателіктерді түзетуге мүмкіндік береді. Аталған әдістердің біреуіне- апелляциялық өндіріс жатады.Апелляциялық іс жүргізу келесідей қажеттіктерден туындайды:
Біріншіден: іс бұл сатыда мәні бойынша қайта қаралатындықтан сот қорғауына құқық толық көлемде жүзеге асырылады.
Екіншіден: апелляция институты әділдікті жүзеге асыруда толықтылық пен нақтылықты қамтамасыз етеді.Себебі апелляциялық сот істі қайта қарау мен шешудің нәтижесінде бірінші инстанция сотының шешімін өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.

Апелляция институты дегеніміз – заңды күшіне енбеген бірінші инстанция соты ұйғарымдары мен шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру және істі мәні бойынша қайта қарау мен шешу бойынша апелляциялық соттың қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы.
Процессуалдық сатысы ретінде апелляциялық өндіріс – жеке мақсатқа жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің нақты аясын қамтитын сот өндірісінің бір бөлімі.
Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру институтының мақсатына мыналыр жатады :
1. Бірінші инстанция сотының заңды күшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдардың заңдылығы мен негіздерін тексеру.
2. Бірінші инстанция соттарының дұрыс шешім шығаруын қамтамасыз ету.
3. Іске қатысушы тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік беру.
4. Бірінші инстанция соттарының қызметін бақылап ,басшылық ету .
Апелляциялық инстанция қызметінің негізгі бағыты – заңды күшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдардың заңдылығы мен негізділігін тексеру.Апелляциялық сот істің жаңа мән- жайлар бекітіліп жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы , яғни апелляциялық сатыдағы сот істі мәні бойынша қайта қарап шешеді. Сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін апелляциялық немесе наразылық шегінде тексереді.
1.1. Апелляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы.
Шағымның наразылық мазмұны және оларды берудің тәртібі.

Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру құқығы дегеніміз - заңды күшіне енбеген бірінші инстанция соттарының шешімдері мен ұйғарымдарын тексеру бойынша апелляциялық инстанция сотының қызметін қозғауға құқық. Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру құқығының туындауы үшін шағым немесе наразылық беруге өкілетті тұлғаның бірінші инстанция соты шешімін дұрыс емес деп тануы жеткілікті. Апелляциялық шағымдардың немесе наразылық келтірудің объектісіне апелляциялық тәртіпте шағымдануға наразылық келтірудің заңды күшіне енбеген шешімдер жатады.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 332 – бабына сәйкес апелляциялық шағымдардың нормаларына келтірудің объектілеріне мыналар жатады:
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттармен шығарған шешімдер.
2. Облыстық және оларға теңестірілген соттың бірінші саты бойынша шығарылған шешімдер.
3. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 335 – бабының 1- тармағының 6 – бөліміне сәйкес соттың шешімі толық немесе оның бір бөлігі.

Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды келесі соттар қарайды:
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарылған шешімде - облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы.
2. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың бірінші инстанция бойынша шығарған шешімдерін Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы.
Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім шығарған тұлғалар да апелляциялық шағым беруге құқылы. Наразылық келтіру құқығы істі қорғауға қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасның Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокуроры және оларға теңестірілген прокурор және олардың орынбасарлары өзінің құзіреті шегінде істі қорғауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы. Апелляциялық шағымның , наразылық келтірудің мерзімдері азаматтық іс жүргізу кодексінің 334 – бабының 3-ші тармағымен анықталады. Шағым немесе наразылық соты түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін он бес күн ішінде беріледі. Заңда бекітілген бұл мерзімнің өтуі апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру құқығына жатады. Мерзім өтіп кеткеннен кейін берілген мағлұматтар мен наразылықтар оны берген тұлғаларға қайтарылады. Шағым, наразылық берудің заңмен бекітілген мерзімі дәлелді себептермен өткізіліп алынса, сотпен қалпына келтірілуі мүмкін .
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 325 – бабының 1-ші тармағына сәйкес апелляциялық шағымданудың, наразылықтың мазмұнында ауқымды және сипаты бойынша күрделі мәселелер қамтиды:
1. Шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы. Бұл жағдайда қай сотқа жіберілгендігі нақты көрсетілуі керек.
2. Шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы. Егер апелляциялық шағымдар заңды тұлғамен берілсе оның орналасқан жері, толық атауы, реквизиттері көрсетіледі. Шағым жеке тұлғамен берілсе оның аты – жөні, тегі және мекен – жайы көрсетілуі тиіс. Себебі апелляциялық шағымды беруші тұлғаның процессуалдық жағдайының көрсетілуі міндетті. Апелляциялық наразылықта прокурордың лауазымы және прокуратураның атауы көрсетілуі керек.
3. Шағым жасалатын немесе наразылық келтіретін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы. Шағымда немесе наразылықта қандай іс бойынша шешім шығарғандығы және қандай сотпен қашан шығарылғандығы көрсетіледі.
4. Істі қараудың дұрыс еместігі неде екенін көрсету. Яғни, тұлға шешімнің қай бөлігімен келіспейтін немесе азаматтық істі қарау барысында қандай процессуалдық кемшіліктер жіберілгенін көрсетуі қажет.
5. Заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы мен негіздігі неде екендігінің негіздемесі. Шағымда немесе наразылықта тиісті тұлғаның шешімімен келіспеуін негіздейтін заңды мотивтері көрсетілуі керек .
6. Шағым жасайтын наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету.
Шағымда немесе наразылықта қоса тіркелетін құжаттардың тізімі көрсетіліп, тағайындаушы, наразылық келтіруші тұлға қол қоюы керек. Апелляциялық шағымға мемлекеттік баждың төленетіндігін куәландыратын құжат тіркелуі тиіс. Бұл талап апелляциялық наразылыққа қолданылмайды. Шағымдарда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтатын куәларды шақыру туралы өтінішінің де болуы мүмкін. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғаның санына қарай көшірмелерімен сотқа беріледі. Қажет болған жағдайда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны шағымға немесе наразылыққа қоса тіркейтін жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмемен беруге міндеттей алады.
Шағымдар, наразылықтар шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағымдар, наразылықтар, заң талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберіледі. Апелляциялық өндірістің туындауы үшін шағым немесе наразылық апелляциялық шағымның, наразылықтың мазмұнына қойылған талаптарға жауап беруі тиіс. Аталған талаптарды сақтамау шағымды немесе наразылықты қараусыз қалдыруға негіз болады. Заң талаптарына сай келмейтін шағым немесе наразылық берген жағдайда судья шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырып тиісті тұлғаға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындалады. Егер шағым немесе наразылық берген тұлға белгіленген мерзімде шешімді түзетсе, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы табыс ететін күндерде берілген болып есептелінеді. Шағымның, наразылықтың мазмұнына қойылатын талаптарды сақтаумен қатар мүдделі тұлға заңмен көзделген апелляциялық шағымдарды наразылық беру құқығының жүзеге асыру шарттарын сақтауы тиіс. Аталған шарттарға мыналар жатады:
1. Апелляциялық шағымдарды немесе наразылықты берудің заңмен бекітілген мерзімін сақтау.
2. Шағымды немесе наразылықты оны беруге құқығы бар тұлғалардың біреуі.
3. Апелляциялық шағымдарға, наразылық келтірулерге жататын шешімге шағымдану, наразылық келтіру.
Көрсетілген талаптарды сақтамау апелляциялық шағымдарды наразылықты қайтаруға негіз болады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 337-бабына сәйкес шағым немесе наразылық мынадай жағдайларда қайтарылады:
1. Шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның қаулысындағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;
2. Шағымды, наразылықты берген (келтірген) тұлғаның өтініші бойынша;
3. Егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтініш болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;
4. Егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразалық беруге (келтіруге) құқығы жоқ тұлға берсе (келтірсе) қайтарылады.
Апелляциялық шағымды берген тұлғамен процесте бір жақты болумен бірге қатысушылар мен үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру жолымен қосуға құқылы. Қосылу туралы арызға мемлекеттік баж салынбайды. Іске қатысушы тұлғалар қосылысты растайтын құжаттарды бере отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа жазбаша түрде қарсылық білдіруге құқылы. Қарсылық пен оған қоса берілген құжаттар іске қатысушы тұлғаның санына қарай көшірмелерін бірге беруі тиіс. Қарсылықтар апелляциялық инстанция сотына істі дұрыс қарап, шешуіне ықпал етеді. Мерзімінде берген және заң талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды , наразылықты алғаннан кейін бірінші инстанция соты азаматтық іс жүргізу кодексінің 338 – бабына сәйкес мынадай әрекеттерді жасауы тиіс:
1. Шағымның немесе наразылықтың және оған тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамға жібереді;
2. Шағымға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жіберу;
3. Іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы хабарландыру.
Істің апелляциялық сатыда қаралатындығы, күні туралы хабар іс апелляциялық сотта зерделенетіндей, ал іске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкіндігіне ие бола алатындай есеппен берілуге тиіс. Апелляциялық шағымға наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, келіп түскен шағыммен және оларға білдірілген қарсылықтармен танылуға құқылы.
II. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау тәртібі мен
мерзімдері.

Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өткеннен кейін апелляциялық шағымдар мен наразылықтар іспен бірге апелляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі. Шағымдар немесе наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән – жайларының анықталуының материалдық – құқықтық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай – ақ іске қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының дұрыс сақталуын тексереді. Шағымға немесе наразылыққа заңмен қойылған талаптардың сақталғандығын тексеріп болғаннан кейін судья істі апелляциялық сатыдағы соттың қарауына әзірлейді. Апелляциялық сатыдағы судья істің материалдарын апелляциялық шағымның немесе наразылықтың дәлелдерін және оларға қоса берілген материалдарды зерделеп және істі белгілеген мерзімде қарау мүмкін болмаған жағдайда іске қатысушы адамдарға істі қараудың жаңа уақыты мен орны туралы хабарлайды. Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы сотпен келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қаралуы тиіс. Нақты іс бойынша әділдікті атқару кезінде апелляциялық сот өзінің құқықтары мен міндеттерін алқалы құрамда жүзеге асырылады. Істі апелляциялық тәртіпке қорғаудың шектері азаматтық іс жүргізу кодексінің 345 – бабымен реттелген. Аталған бапқа сәйкес істі апелляциялық тәртіппен қорғау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігіне толық көлемде тексеріледі. Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап және тараптардың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдерді зерттеуге құқылы. Тараптар өздеріне бірінші сатыдағы сот дәлелдемелерді сұратып алдырудан бас тартқан өтініштерін апелляциялық сатыдағы сотқа бере алады. Шағымның немесе наразылықтың мотивтерін жоққа шығарған немесе бекітетін қосымша материалдар апелляциялық сотпен істі қарау аяқталғанға дейін табыс етілуі тиіс. Істі апелляциялық саты сотында қарау төрт бөлімнен тұрады:
1. Дайындау бөлімі;
2. Апелляциялық шағымдарды немесе наразылықты мәні бойынша қарау;
3. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы;
4. Апелляциялық сот актілерін шығару.
Сот отырысының дайындық бөлімінде апелляциялық шағымды немесе наразылықты осы сот отырысында қарау мүмкіндігі анықталады. Дайындық бөлімінде сотпен мынадай негізгі сұрақтар шешіледі:
1. Бекітілген сот құрамымен істің қаралу мүмкіндігі ;
2. Іске қатысушы адамдардың біреуінің немесе өкілдер келмеген жағдайда істің тыңдалу мүмкіндігі.
Төрағалық етуші апелляциялық сатыдағы сот отырысын ашып және қандай іс, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралып отыр, сондай- ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және істің қаралуына қатысып отырса прокурорды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды хабарлайды. Бұдан кейін төрағалық етуші іске қатысушы адамдардың қайсысы келгенін құжаттары бойынша анықтап, өкілдердің өкілеттілігін тексереді және олардың судьяларға, прокурорға, сарапшыларға, маманға қарсылықтары мен өтініштерінің бар немесе жоқ екенін анықтайды. Егер қарсылықтар жарияланса олар азаматтық іс жүргізу кодексінің 42 – бабына сәйкес шешіледі. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті дәрежеде хабарланған іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, сот келмеген себебін дәлелді деп таныса істі қорғауды кейінге қалдырады. Істі талқылау кейінге қалдырылған жағдайда апелляциялық іске қатысушы адамдарға соттың қайта өткізетін отырысында істің қаралу уақыты мен орны туралы хабарландырылады. Бұл жағдайда істі талқылау басынан бастап жүргізіледі. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты беруге қарамастан бұрын сот келесі мәселелерді шешеді:
1. Шағымды берген тұлғаның шағымды қолдайтындығы немесе прокурордың наразылықты қайтарып алмайтындығы;
2. Талапкердің талаптан бас тартпайтындығы;
3. Тараптардың бітімгершілік келісімге келу ниеттерін.
Биліктік әрекеттерді жасау немесе жасамау бойынша тұлғаның ниеттерін анықтау апелляциялық өндірісте диспозитивтілік қағидасы толық әрекет ететіндіктен міндетті түрде қажет болып табылады. Апелляциялық шағым берген тұлға өз шағымынан іс апелляциялық сатыда қаралғанға дейін және апелляциялық қаулы шығаруға дейін бас тартуға құқылы. Егер бұл биліктік әрекет заңға қайшы келсе немесе өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот шағымынан бас тартады деп қабылдамайды және апелляциялық тәртіпті қарастыруды жалғастырады. Апелляциялық наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуды соттың қабылдамауына құқығы жоқ. Сондықтан сот іске қатысушы тұлғаларға наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы хабарландырады.
Талапкердің талаптан бас тартуы тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісімі апелляциялық сатыдағы сотқа жолданған жазбаша арызда көрсетуге тиіс. Талапкердің талаптан бас тартуы қабылданса немесе тараптардың бітімгершілік келісімдерін бекіту апелляциялық соттың бір ай сатыдағы соттың шешімінің күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға негіз болады. Талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісім заңға қайшы келсе немесе өзге тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса судья оларды қабылдаудан бас тартып, іс жүргізуді жалғастырады. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың екінші бөлімі – апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау сот отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктерін тыңдаудан басталады. Апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда бірінші болып талапкер сөз сөйлейді. Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі мен шектерін іске қатысушы тұлғалардың пікірлерін ескере отырып, сот белгілейді. Сот істе бар және тараптардың жаңадан табыс еткен дәлелдемелерін тексереді. Сотқа қосымша дәлелдемелерді табыс еткен тұлға олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер ұсыну қажеттігі қандай мән – жайларға байланысты туындайтынын көрсетуге міндетті. Дәлеледемелерді зерттей келіп сот іске қатысушы сот отырысына келмеген тұлғалардың түсініктемелерін, сондай – ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың ұйғарымдарын жариялайды. Егер бұл түсіндірмелер мен айғақтар бойынша тараптар .........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Апелляциялық сатыда іс жүргізу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Құқық курстық жұмыстар, Апелляциялық сатыда іс жүргізу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]