Курстық жұмыс: Менеджмент | АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУ

Курстық жұмыс: Менеджмент | АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУ

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандыру қызмет нарығының қалыптасуы
1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
1.1.2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
1.2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
1.3 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және деректерден алудан қорғау
1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы

2. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны
2.2 Есептерді орнату

3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандырудың қызмет нарығының қалыптасуы

Сақтандыру объектісі бойынша сақтандыру қатынастарының барлық жиынтығын екі үлкен салаға бөлуге болады: автокөлікті сақтандыру мен жеке тұлғаны сақтандыру.
Автокөлікті сақтандырудағы сақтандырушылық қатынастардың объектісі - оның барлық түрлеріндегі автокөлік болып табылады. Автокөлікті сақтандырудың экономикалық бағыты – сақтандырушылық жағдай салдарынан пайда болған зиянның орнын толтыруда қорытындылады.
Сақтанған болып сақтанушының меншігіндегі, сондай-ақ оның сеніміндегі, қолдануындағы және өкілеттігіндегі автокөлік бола алады. Сақтандырушылар болып – тек қана автокөлік меншіктері ғана емес, сонымен қатар автокөліктің сақталуына жауап беретін басқа да заңды және жеке тұлғалар бола алады
2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 7 бабына сәйкес автокөлікті сақтандыруға сонымен қатар кәсіпкерлік тәуекелдерді және азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру да жатады
Кәсіпкерлік қызметте кәсіпкер контрагенттерімен өздерінің міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерге тәуелді емес жағдайлардан осы қызмет шараларының өзгеруінен күтілетін табыстарды алмаумен тәуекел сақтанады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтандыру объектісі болып басқа адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіру салдарынан пайда болатын, сонымен қатар келісімдерден немесе басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі болып табылады.
Сақтандыру түрлерінің саны тәжірибеде шектелмеген және әлеуетті сақтанушылардың мүдделерінің шексіз әртүрлігіне адекватты болып табылады
Мысалға, бізде ең көп таралған сақтандырудың кейбірін келтірейік.
Заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруда бұл көлік құралдарын, материалдарды сақтандыру болып табылады. Жауапкершілікті сақтандыру бойынша – автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, тасымалдаушылардың жауапкершілігін сақтандыру, жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру, үшінші жақтарға зиян үшін кәсіпорындардың азаматтық жауапкершілігін сақтандыру (экологиялық сақтандыру), кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, зейнеткерлік қорлардың жауапкершілігін сақтандыру болып табылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандырудың түрлері өндіріс үрдісінде немесе қызметтерді ұсынудағы нақты тәуекелдерге байланысты. Олар: жаңа техниканы иемдену, валюта бағамдарының ауытқуы, өндірістегі үзіліс және т.б.
Қауіптер сипаттары бойынша сыныптау тек қана автокөлікті сақтандыруды қамтиды және бір-бірімен иерархиялық байланыста емес бес негізгі буындарды бөледі. Олар:
1. Оттан және стихиялық жағдайлардан сақтандыру.
2. Зиянкестердің және тиімді емес табиғат жағдайларынан сақтандыру.
3. Көліктің барлық түрлерін апаттардан, айдап кетулерден және басқа да қатерлерден сақтандыру.
4. Техногендік апаттар мен катастрофалардан сақтандыру.
5. Қаржылық тәуекелдерден сақтандыру.
Қауіптер сипаттамасы бойынша сыныптау зиянды анықтау мен сақтанушылық орны толтыру әдістерін дамыту үшін қолданылады. Келтірілген буындардың әрқайсысының өзі берілген сыныптама шеңберіндегі сақтандырудың жеке түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру бизнесін реттеудің заңдық жүйесін дамыту үрдісі созылып кетті. “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы” алғашқы Заңы тек 2002ж. 3 шілдесінде ғана қабылданды және іске 1 қыркүйекте енгізілді. Жалпы заң сәтті болмады. Басқа да кемшіліктермен қатар онда бастысы – сақтандырушылық ұйымдарды тіркеу, сақтандырушылық қызметті лицензиялау механизмдері мен мемлекет тарапынан бақылау болмады. Негізінен осы себептен заң жұмыс істемеді. Ол адал бәсекелік күресті қамтамасыз еткен жоқ. Көбінесе, сақтандыру компаниялары бір-бірімен бәсекелесіп, сақтандырушылар мүдделері зиян кескен жағдайларға алып келді.
Істе болған “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы” Заңындағы кемшіліктер мен есептемеулер белгілі бір мөлшерде 2004ж. 16 сәуірінен №1658 “Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен түзетілді.
Осы Жарғыға сәйкес сақтандырудағы лицензиялау мен бақылау органының өкілеттіктерімен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіндегі сақтандыру Департаменті дамытылды /1/.
Сақтандырудың құқықтық негізін қалыптастыру үшін тығыз фундаментті қалаған заң актісі болып 2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болды. Ол мемлекеттік, сондай-ақ жеке сақтандырушылық ұйымдардың еркін адалдық бәсекелестігі үшін нақты жағдайлар дамытты, шетел инвесторлары үшін ішкі сақтандырушылық нарықты ашты.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы сақтандырушылық туралы заңы Азаматтық кодекстің сәйкес баптарынан (ерекше бөлігі), 2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынан (әрі қарай – “Сақтандыру туралы” Жарлық немесе Жарлық), Қазақстан Республикасы Президентінің және үкіметінің, сондай-ақ өкілеттік мемлекеттік органның заң актілері мен оларға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерден тұрады
Сақтандырушылық қатынастарды реттейтін негізгі заң акітелрі болып табылатын “Сақтандыру туралы” Жарлықтың сипаттамасы.
Сақтандыру келісімінің нысаны мен мазмұнына Жарлықпен белгілі бір талаптар қойылады. Келісімге сақтандыру қатынастары жүйесінде негізгі орын беріледі, өйткені нақ келісім нысанында сақтандыру тәжірибелі жүзеге асады.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлегеннен кейін, ал оны төлеу кейінге қалдырылған кезде – бірінші сақтандырушылық салым мерзімінен бастап сақтандыру келісімі күшіне енеді және жақтар үшін міндетті болып табылады және бірінші болған сақтандырушылық жағдайдан сақтандырушылық орнын толтыруды төлеу мерзімінен бастап, егер міндетті сақтандыру туралы келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса, өзінің қызметін тоқтатады.
Сақтандырушылық қорғаудың қызмет ету кезеңі, егер міндетті сақтандыру туралы келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса келісім қызметі мерзімімен сәйкес келеді.
Сақтандыру территориясы Қазақстан Республикасының территориясымен, егер сақтандыру объектісі сипатынан басқадай шықпаса немесе келісімде қарастырылмаса сәйкес келеді
Жарлықпен келісімді мерзіміне дейін тоқтату және оны жарамсыз деп тану тәртібі бекітілген.
Азаматтық кодекспен қарастырылған міндеттері тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа сақтандыру келісімі келесі жағдайларда тоқтатылады:
- сақтандыру объектісі жойылған кезде;
- оны ауыстыру болмаған жағдайдағы сақтандырушы болып табылмайтын сақтанушының өлімі;
- егер сақтандырушы сақтанушының ауысуына қарсы болып, ал келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса, сақтандырушының мүліктік сақтандыру объектісінен бас тартуы жағдайында;
- егер басқа жағдайлар қарастырылмаса, сақтанушымен кезекті сақтандыру салымдарын бекітілген мерзімге дейін төлемеуі;
- сақтандырушы мен сақтанушының талаптары, егер бұл сақтандыру шарттарымен, сондай-ақ жақтардың келісімі бойынша қарастырылса.
Келісімнің қызмет ету кезеңінде сақтандырушының сақтандыру сомасын көбейту талабына сәйкес, онымен негізгі келісімнің аяқталу мерзіміне дейінгі кезеңге қосымша келісімге қол коюға болады. Бұл кезде негізгі және қосымша келісім бойынша сақтандырушылық сома берілген автокөлікті сақтандыру нұсқасы үшін бекітілген мөлшерден жоғары бола алмайды.
Бір жылға келісілген келісімдер бойынша сақтандырушылық төлемдер сақтанушымен бекітілген ставкалар бойынша төленеді.
Бір жылдан аз мерзімге қол қойылған келісімдер бойынша сақтандырушылық төлемдер жылдық төлем сомасынан келесі мөлшерлерден төленеді:
2 айға – 30%,
3 айға – 40%
4 айға – 50%
5 айға – 60%
6 айға – 70%
7 айға – 75%
8 айға – 80%
9 айға – 85%
10 айға – 90%
11 айға – 95% мерзімдеріне сақтану кезінде.
Жоғарыда көрсетілген мөлшерлерде және сақтандырушылық сомалардың жоғарылауына сәйкес келісілген қосымша келісімдер бойынша сақтандырушылық төлемдер төленеді. Осы кезде толық емес ай үшін төлем толық ретінде төленеді /19/.
Тәжірибеде сақтандырушылар 2 немесе 3 жылға келісілген мерзімімен автокөлікті сақтандырудың жалпы келісімдері бойынша төленген соманың 10%-ке дейін, ал 4 немесе 5 жылға – 15%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады.
Бес және одан да көп өткен жылдар бойы үздіксіз автокөлікті сақтандырудың келісімдеріне қол қойған және осы уақыт ішінде сақтандырушылық орнын толтыруды алмаған тұрақты сақтандырушыларға жаңа келісімге келу кезінде төленген соманың 20%-не дейін жеңілдік беріледі.

1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу

Өз сақтанушыларына кездейсоқ оқиға басталған жағдайда жоғалған, бүлінген көліктер үшін материалдық өтем беруге кепілдік бере отырып, сақтандыру ұйымдары олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асырады әрі мұны барынша толық көлемінде істеуге күш салады. Осы тұрғыдан алғанда азаматтар мен барлық жүйелердегі кәсіпорындардың автокөліктерін ерікті сақтандыру қызметінің кейбір жеке түрін кіргізу жөніндегі ұсынысқа назар аударуға болады.
Міне осылайша, жер сілкінісі – адамдардың кездейсоқ оқиғадан қорғана білуінің бір тәсілі болып табылад. Осы себепті Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы Қазақстанда жер сілкіну жағдайындағы ерікті сақтандыруды енгізді.
Осыған байланысты жер сілкінісінің зардабын жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың тәртібі, зардаптарды анықтау мен құрылыстарға, үй мүліктеріне, малдарға, көлік құралдарына жеке сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеу жолдары жан – жақты түсіндіріледі.
Жер сілкінуден автокөліктерді сақтандыру жекеменшік иесін, жалгерлерді өрттен, ұрлық пен өзге де осындай қауіп түрлерінен сақтандырумен айналысатындар арқылы, сол секілді сақтандыру үшін жеткілікті капиталы бар адам арқылы жүргізуге болады.
Жер сілкінуден сақтандыру, шын мәнінде үлкен зияннан емес, орасан зор апатты оқиғадан сақтандыру болып табылады, сондықтан да сақтандыру куәлігі франшизбен берілуге тиіс, яғни оны сақтандыру сомасының белгілі проценті немесе сақтандырушыға төленетін белгілі сома құрайды.
Жер сілкіну қатерінің сақтандыру шарттарының барлық түрлері бойынша шығындарды өтейтін ақша бар. Жер сілкінуден сақтандыру объектісі болып - өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығы-ның, көліктің, өзге кәсіпорындар мен ұйымдардың, көлік құралдарының мүліктері, кооперативтік, акционерлік, жекеменшік, ұжымдық қоғамдардың және т.б. ұйымдардың мүліктері табылады. Бұдан басқаны айтқанда, сақтандырудың объектісі болып құрылыс пен автокөлік, азаматтар, олардың өмірі мен денсаулықтары табылады.
Біздің алдымызда жер сілкінуден болған зардаптардың мөлшерін анықтап және де зиян шеккендерге ақшалай қаржы төлеуді жүргізу міндеті тұр, бұл орайда мемлекет пен халыққа тиесілі құрылыстар мен автокөліктер бағаланады.
Жер сілкінудің салдарынан болған нақты зиянды анықтау орасан зор көлемді жұмыстарды орындауды талап етеді. Біздің ойымызша бірінші кезекте құрылыстар, көлік құралдары мен үй мүліктері бойынша зиянды анықтау үшін әкімшіліктердің басшыларында арнайы комиссиялар құрылуға тиіс, олардың құрамына сақтандыру ұйымдар-ының, техникалық инвентаризация бюросының қызметкерлері, депутаттар, қоғамдық өкілдер кіргізілер еді.
Әрине, мүмкін – қадірінше бұл комиссияларды мейлінше тәжірибелі, білікті мамандардың басқарғаны жөн, өйткені зиянды анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу жұмыстарының негізгі ауыртпашылығы сақтандыру ұйымдарының өздеріне түседі. Бұл жұмыстарға кіріспес бұрын, сақтандыру өтемі мен зиян сомасы есебінің актілері мен есептерін жасауға шақырылған қызметкерлерге жан – жақты нұсқау беріп, оларды осы жұмысқа сай келетін нормативтік құжаттармен, актілердің бланкаларымен және оларды толтыру тәртібімен, есептеуді құрып, бағалау нормаларының жинақтарын пайдаланумен, сақтандырудың бағалық парақшасымен, жеке үй құрылыстарының техникалық инвентаризациясының паспорттарымен таныстырады. Әсіресе, жергілікті елді мекендердің қызметкерлер еңбек етуге тиіс жердегі ерекше жағдайлармен танысуға айрықша көңіл бөлу қажет.
Сақтандыру өтемін уақтылы әрі толық төлеу сақтанушыға бүлінген автокөлікті қысқа мерзімде жөндеп немесе жойылғанның орнына жаңасын сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан жер сілкінудің салдарынан болған зиянды анықтау сақтандыру ұйымдарының өте күрделі әрі жауапты жұмыстары болып табылады.
Жер сілкінудің нәтижесінде зардап шеккен азаматтардың жекеменшігінде құрылыстарға сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеуді анықтау мен беру бірінші қатер жүйесі бойынша жүргізіледі, яғни сақтанушыға нақты зиянның толық көлеміндегі құн өтемақыландырылады, бірақ шартта келісілген сақтандыру сомала-рынан жоғары емес. Жер сілкіну нәтижесінде бір мезгілде құрылыстың үлкен бір бөлігі құрып кетеді немесе бүлінеді, міне осыны есепке ала отырып, ұйымдастыру жұмысында тәртіп орнату үшін зиянды анықтаудың тәртібін өзгерту керек, сөйтіп барлық құрылыстың аулаларын аралап, көріп, әр үйдің рет нөмірлерін, әр көшені, әр кварталды қарап, оқыс оқиғадан бүлінгеннің бәрін есепке алып, құрылыс пен автокөліктің жойылғаны туралі акті жасайды.
Жұмыстың мынадай тәртібін, яғни үй құрылыстарының өзге де объектілердің көзге түспей, есепке кірмей қалғанын болдырмайтын жағдайын қарастыру керек, яғни бүлінген немесе жойылған құрылыстарды қайыра тексеріп, бір құрылыстың өзіне бірнеше қайтара актілер жасауға тура келеді
Зиянды анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу әдеттегідей Қазақстан Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы ойластырған немесе бекіткен Ережелер бойынша жүргізіледі. Жер сілкіну кезінде бұл ережеден әртүрлі ауытқулардың болуы даусыз. Осы орайда жұртшылыққа, кәсіпорын-дар мен шаруашылықтың әртүрлі нысанымен айналысатын ұйымдарға ұғымды пайдалануға оңтайлы түрде жеткізуге күш салады. Бұған байланысты төменде келтіріліп отырған жер сілкіну кезінде болған зардаптың салдарын жою жөніндегі ережеден ауытқу, сөз жоқ осы жұмыстарды жүргізу кезінде басшылыққа алу тұрарлық.
Мұның негізі етіп техникалық инвентаризация бюросының бағасын алу керек. Бұл жерде зиянды анықтау мен сақтандыру төлемін төлеуге мынадай кезеңдер алынады:
- сақтандыру оқиғасының қолда барын түгендеуді және автокөліктің жойылуы мен зақымданып бүлінуінің себебін анықтау;
- зиянның сомасын анықтау;
- сақтандыру өтемінің сомасын есептеу;
- сақтанушының есептелген өтемінің толық немесе жартылай сомасын алуға деген құқын белгілеу;
- сақтанушыға сақтандыру өтемін төлеу.
Келтірілген зияндар мен сақтандыру өтемін бөлек – бөлек қараудың қажеттілігі мынадан келіп шығады, көптеген жағдайларда сақтандырудың жекелеген түрлерінің белгіленген келісімдеріне орай немесе сақтандыру қамтуының мынадай жүйесін қолдануға байланысты олардың мөлшері сәйкес келмеуі мүмкін. Бірақ сақтанды-ру өтемінің сомасын есептеу үшін бастапқы көрсеткіш болып табылады.
Құрылыстың бүлінгені немесе жойылғаны жөніндегі акті белгіленген нысандағы бланкіде бір дана болып жасалады. Актіні жасаушылар бланкіде көрсетілген барлық сұрақтарға нақты жауаптар беруі керек, сол үшін де жеке бөлімдерді толтыру кезінде мыналарды назарға алған жөн.
Сақтанушының жойылған немесе бүлінген құрылыс және сол құрылыстың оған жекеменшік, құқ ретінде жататыны анықталады:
- ауылдық, селолық жерлерде – сақтандырудың бағалау парақша-сы мен ауыл – село әкімшілігі басшысының шаруашылық жөніндегі кітапта көрсетілген деректер бойынша;
- қалада – техникалық инвентаризацияның паспорты, техникалық инвентаризация бюросының инвентаризациялық бағалау құжаттарындағы жазбалар бойынша, аудандық немесе қалалық әкімшілік басшыларының жеке құрылыс салуға жер бөлгендігі туралы шешім, сондай-ақ салық салынғаны жөніндегі аудандық және қалалық салық инспекциясының құжаттары бойынша.
Автокөлікті ерікті сақтандыру өтемін сақтандыру оқиғасы сақтанушыға тигізген нақты зиян құрайды, бірақ шартта көрсетілген сақтандыру сомасынан артық бола алмайды. Қазіргі уақытта автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтанды-ру компаниясы басқармасы ойластырып әрі бекіткен ережелермен, шартта көрсетілген жағдайларға сай жүргізіледі. Осы ережелермен келісе отырып акт жасалады, оған міндетті түрде сақтанушы немесе оның отбасынан кәмелетке толған біреу және де екі куә қатысады. Акті бүлінген мүлікті немесе одан қалғанды қарап, көру негізінде жасалады. Жекелеген жағдайларда оған білікті органдардың сақтандырылған ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау
» Курстық жұмыс: Ақпараттандыру | Алматы қаласы бойынша Салық комитетің қызметіақпараттық жүйені жобалау
» Курстық жұмыс: Ақпараттық жүйе | БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі

Іздеп көріңіз:
курстык АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Менеджмент курстық жұмыстар, АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]