Курстық жұмыс: Психология | Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы

Курстық жұмыс: Психология | Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................3-5

І. бөлім Елестетудің психологиялық-физиологиялық сипаттары
1.1 Елестетуге психологиялық сипаттама......................................................6-7
1.2 Елестетудің физиологиялық сипаты......................................................7-9
1.3. Ассоцациялық заңдылықтың елестетудегі орны мен маңызы...10-13

ІІ. Бөлім Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы
2.1 Елестетуді дамыту жолдары.................................................................14-20
2.2 Қиял елестету және оны дамыту жолдары.......................................20-24
2.3 Ес елестері.................................................................................................25-27

Қорытынды...................................................................................................28-29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................30-31

І. бөлімі Елестетудің психологиялық-физиологиялық сипаттары
1.1 Елестетуге психологиялық сипаттама
Адамда елестің болуы біздің қабылдауларымыздың ми қыртысында қандай да бір іздердің қалдыратынын, олардың бірсыпыра уақыт сақталатындығын көрсетеді. Біздің ойларымыз бен сезімдеріміз туралы да осыны айтуға болады. Есге сақтау және кейін оны жаңғырту немесе біздің бұрынғы тәжірибемізде болғанды білу — елес деп аталады.
Егер адамдар бұрынғы тәжірибені есте сақтамаса және өткен тәжірибесін жаңғырта алмаса, олардың ақылы ешқандай ілгері дамымас еді, білім жинақтай алмас еді, әрқашан да жаңа туған баланың интеллектуалдық дәрежесінде болар еді. Сондықтан әрбір адамның міндеті өзінің ой-өрісін байыта түсу болып табылады. В. И. Ленин: «Адам баласы жасап шығарған байлықтың бәрін білумен ой-өрісіңді байытқанда ғана коммунист болуға болады»,— деп тектен-текке айтпаған.
Есте қалдыру процесінде әдетте бір заттың немесе құбылыстың екінші бір заттармен немесе құбылыстармен байланысы жасалады. Мысалы, біздің жаңа танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін, біз белгілі бір атты ол адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны тарихтың басқа уақиғаларымен байланыстырамыз, оны белгілі бір кезеңге жатқызамыз т. с. с. Шетел сөзін, мысалы dаs Наus — деген сөзді есте сақтау үшін, бұл сөзді «үй» деген ұғыммен байланыс-тырамыз. Сөйтіп есте сақтау дегеніміз — жаңаны адамның санасында бұрыннан бар нәрсемен байланыстыру.
Ежелгі гректер елестің мәні заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасауда екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар деп аталатын болды. Ассоциацияның үш түрі айырып көрсетіледі: а) шектестігіне (немесе уақытына) қарай; мысалы, туған үйім туралы ойлағанда, мен онымен көршілес бау-бақшаны есіме түсіремін; белгілі бір уақиғаны еске түсіргенде сол кезде болған басқа бір фактілер ойыңа түсе кетеді; б) ұқсастығына қарай (таныс адамның суретін көргенде мен оның өзін есіме түсіремін) және в)контрастылығына қарай (у-шуы мол қалаға барғанда мен деревня өмірінің тыныштығын есіме түсіремін). Бұлай етіп жіктеуді ежелгі грек философы Аристотель (біздің жыл санауымыздан бұрынғы 384—322 жылдар) көрсеткен болатын.
Бұл байланыстардан басқа, психологияда мағына байланысы дейтінге үлкен мән береді. Бұлар ассоциацияны тек неғұрлым күрделі (комплексті) ассоциация деп ұғады. Олардың негізінде бір құбылыстардың екінші құбылыстарға тәуелділігін түсіну (себептес-нәтижелестік байланысын түсіну) жатады. Мысалы, оқушы теореманы білмесе, геометрия есебін шеше алмайтындығын біледі. Бұл байланыс (теорема мен есептің арасындағы) мағыналық себептес-нәтижелес байланыс болып табылады. Мұндай ассоциациялардың адам өмірінде үлкен маңызы бар.

1.2 Елестетудің физиологиялық сипаты
Елестердің физиологиялық негізі — заттар мен құбылыстарды қабылдаған үлкен ми сыңарлары кыртысында жиналған қозулар мен уақытша байланыстардың «іздері» осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Материалды есте қалдыру, есте сақтау және оны кейін жаңғырту— біздің миымыздың тамаша қасиеттерінің бірі. И. М. Сеченов елесті «жануарлардың, әсіресе адам организмінің нағыз маңызды кереметі деуге болады» деп тегін айтпаған.
Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерден миға баратын қозулар көп жылдар бойы (кейде бүкіл өмір бойы) есте сақталатын «іздер» қалдырады. Ми сыңарлары қыртысында қозулар үшін жол салынғандай болады, бұған байланысты нерв байланыстары онан әрі тез және жеңіл пайда болады. Егер қозулар қайталап тұрса байланыстар сақталып, күшейіп тұрады, егер қозулар қайталамаса байланыстар сөнеді. Бұл соңғы жағдайда білгендерін ұмыт болады. Уақытша байланыстардың жасалуы және сақталуы елестің физиологиялық негізі де болып табылады.
Сыртқы әсерлердің адамның ми қыртысында белгілі бір «із» қалдыратынын нейрохирургтер жасаған қазіргі кезгі тәжірибелер көрсетіп отыр. Мидың жеке бөліктерін электр тогымен қоздырған кезде ауру кейде өзі қатысқан уақиғаларды есіңе түсіреді. Ми сыңарлары қыртысында байланыстар жасалуының тездігі және олардың сақталуы мидың тітіркендіргіштерге жауап беру және бұрынғы қозулардың «іздерін» сақтау қабілеттілігіне тәуелді болады. Нерв системасының табиғи сапаларымен қатар мұнда адамның іс-әрекетінің сипаты, дағдылануы, машықтануы үлкен роль атқарады. Белсенді ой еңбегі, ми қыртысында көптеген байланыстардың болуы жаңа ассоциациялардың тууын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды. Білімнің белгілі бір саласын жақсы білетін мамандардың сол саладағы ғылымның жаңа мәліметтерін оңай және жете ұғынып алатындығы да міне осыдан. Мектеп оқушысы да егер өткен материалды жақсы білсе, жаңа оқу материалына жақсы түсініп, еске сақтайды.
Елесті есте қалдыру. Елеске мынандай психикалық процестср: елесті есте қалдыру, білгендеріп есте сақтау, білу және жаңғырту кіреді.
Елес процестері есте қалдырудан, яғни заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасаудан басталады. Елесті есте қалдырудың физиологиялық негізі — үлкен ми сыңарлары қыртысындағы уақытша нерв байланыстары.
Есімізде сақталғандардың көпшілігін біз ырықсыз есте қалдырғанбыз. Бұл - ырықсыз есте қалдыру деп аталатынның нәтижесі: Адамның ықыласын аударған немесе оның сезіміне байланысты нәрселер ерекше жақсы есте қалады. Егер жас өспірімнің ықыласы автомобильге ауса, ол арнаулы түрде оқып, үйренбей-ақ машинаның бөлшектерін, құрылысын және олардың атқаратын қызметтерін т. с. с. оңай біліп алады. Нақ сол сияқты бізде қуаныш немесе реніш туғызған уақиғалар есімізде жақсы сақталады.
Бірақ адамның өмірі мен іс-әрекеті ырықты есте қалдыру дегенді де керек етеді, мұнда өзіңді-өзің бір нәрсені есте сақтауға ұмтылдырасың. Мектепте ғылым негіздерін оқып-үйрену, белгілі бір мамандыққа даярлау жұмысы әдетте ерікті есте қалдыруды керек етеді. Мұнсыз қажетті білім алуға, дағдылануға, икемделуге болмайды.
Елесті есте қалдыру мағыналы және механикалық болады. Мағыналы елесті есте қалдыруда ойлау процесінің мәні зор болады. Мұнда адам әдетте есте қалдыруға керектілерді түсінуге тырысады, жаңа материал мен ескі материалдың арасында, белгісізден бұрыннан белгілінің арасында байланыс жасауға тырысады. Теореманың дәлелдерін есте қалдырған соң, оқулықта жазылғандардың бәрін қайталай берудің керегі жоқ, қайта ең алдымен онда не жөнінде айтылғанын түсіну, бұл дәлелдердің бұрын оқылған қандай математикалық ережелерге негізделгенін ойластыру қажет. Тек осыдан кейін ғана оны жақсы игеру үшін қайталау керек болады.
Механикалық елесті есте қалдыру тек қайталаудан тұрады, бұл көбінесе оқып отырған материалды түсінбей қайталау жағдайында өтеді. Мұнда қиын, түсініксіз материалды оқушы жәй жаттап алады. Мұндай есте қалдыру үшін әдетте көп еңбектену, көп уақыт жұмсау керек, ал игерілген материалдар тез ұмытылады. Бірақ кейде механикалық елестерді есте қалдыруды қолдану керек болады. Мысалы, бірнеше рет қайталау арқылы біз телефон нөмерін, таныс адамның адресін, сондай-ақ шетел сөздерін, қиын терминдердің т.с.с. елестерін есте қалдырамыз. Бірақ мұнда да есте калдырмақшы болғанынды, бұрыннан белгілі бір нәрселермен байланыстырып игерілгенді ойға тоқу керек болады, өйткені мағыналы елесті есте қалдыру механикалық елесті есте қалдырудан жемісті келеді.
Белгілі бір білім алу үшін жүйелі түрде жүзеге асырылып отыратын ерікті елесті есте қалдыруды жаттап алу деп атайды. Бұл мектеп оқушысының оқу жұмысының мақызды бөлігі болып табылады.
1.3 Ассоцациялық заңдылықтың елестетудегі
орны мен маңызы
Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары.мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы елес процесі деп аталады Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғаңдар еске түседі. Елестің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
Қайта жаңғыртуда тану мен елесті еске түсіру қызметі бірін бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселер елестерінің есте қалғаны елестің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны елестің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады. Елесті есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану елесс процестері болып саналады. Елес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Елесті есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның елесі үнемі дамып, жетіліп отырмаса онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің елес процесінсіз болуы мүкін емес. Елес осы заманғы психология ғылымы-ның даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналумен қатар, техникалық ғылымдар саласыңда да ерекше маңызды. Елесті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған – елесті есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.
Қазіргі кезде елес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт елес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен кон-цепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары елес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде елестің: механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, елесті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.
Елестің психологиялық теориясы елес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде елестің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал елес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың белсенділігін .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Психология курстық жұмыстар, Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]