Курстық жұмыс: Психология | Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері

Курстық жұмыс: Психология | Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері

Мазмұны

І Кіріспе
Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері.....................................3-5
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Сананың негізгі қасиеттері..........................................................................6-8
2.2. Адамның санасы мен тілі..........................................................................8-11
2.3. Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы..........................................11-15
2.4. Жануарлардың құбылмалы дара мінез-құлқы.......................................15-20
2.5. Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы....................................21-27
ІІІ Қортынды бөлім......................................................................................28-31
VI Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі.........................................................32

2.1. Сананың негізгі қасиеттері.
Еңбек әрекеті — қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықта жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасьіп тіршілік етуге, біріне-бір бірлесіп кемектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп «өндірістік» қарым-қатынасқа ауысты. Адамның
нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі — еңбек.
Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Эволюциялық дамудың ең жоғағы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы тусінетін болды, сөйтіп, акиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. Өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жоғарыда аталғандай, жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланды. Өз қолынан шыққан құралдары оның қимылын, әрекетін дамытып, материалдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпақда түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға шоғыр-ланып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті — еңбек. Қоғамның бастапқы даму сатысы деңгейінін төмен болуына орай алғашқыда ойлаудың да әресіз болғаны анық. Өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.
Қүрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады. Іс-әрекеттердің буындарға тарамдалуы өндіріс құ-ралдарының түр-турін: шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыратын денгейге жетті. Мұндай қажеттіліктер адамдардың абстрактылы ойлау әрекетінін дамуына да пайдалы, әсерін тигізеді. Осы орайда, К. Маркстің адам табиғатқа әсер ете отырып, өз табиғатын да дамытады дейтін пікірі — өте дұрыс қағида. Адам мен табиғат арасындағы қатынас өндіріс әрекетімен ұштасады. Енді сол адамдар өздерінік зат алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетеді. Табиғаттан өз қажеттерін өтейтін заттарды өңдіріп, іске жарату процесінде адам өзінің бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың, дамып жетілуіне пайдалы әсердің барын біледі. Дене: мүшелері әр алуан қимылды козғалыстар үстінде өзгерістерге ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың атқаратын жаңа қызметтері қалыптасады, ептілігі артып, анамомиялық өзгерістерге ұшырайды. Қол мен иықтың, білектің көлемі өзгеріп, буындар шапшаң козғалатын болады. Қол заттарды ұстау органы қызметін атқарумен "бірге" адамның таным құралына да айналады. Саусақтардың жетілуі адамның сипап білу сезімдерін жетілдіре тжеті. И. М. Сеченев қолдың түрлі қызмет атқаруына баса мән беріп, оны сипап сезінудің нәзік органы деген болатын.
Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, турлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік ссзіне алатын болды. Сондай-ақ, қол материалдық дене жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ған емес. Оның еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамнын бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдын ас күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетіліп адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді.
Қолмен істелетін сан қилы еңбек әрекеті көздің бақылауымен ұштасып, адамның көру органынын дамуын әсеріш тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын реттеп отырады да, оның танымдық әресін кеңейтеді. Сөйтіп, оның сезіну қызметінін өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінін арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекетін реттейтін орталықтын жасалуы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенін сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктердің бәрі — адамнық еңбек әрекетінің жемісі. Еңбек ету нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі құрылды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы — олардың дыбысты тілі, жетіліп, адам сана арқылы болмыстың: шындығын тепе-тең етіп бейнелей алатын болады. Еңбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейнелеу формалары жетіле түсті.
Тарихи даму проиесінде екі шешуші фактор — еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгереді.
Сана— психика дамуының ең жоғары сатысы. Ол тек ақыл иесі — адамдарға ғана тән қасиет.
2.2. Адамның санасы мен тілі.
Тілдің пайда болуы - адамныңда болуы адамның күрделі құрылымды саналы әрекетін қалыптастыратын екінші шарт. Сыртқы әлем нәрселері, олардың әрекеттері, сапалары, өзара қарым-қатынастары белгіленетін белгілер (символдар) жүйесін тіл деп түсінген жөн. Сөйлемге біріктірілген сездер - адамға ақпаратты сақтауға, беруге және басқа адамдардың тәжірибелеріп меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі қатынас сүралы болып табылады. Тілдің шығу тегі туралы сауалдар көптеген болжамдар мен теориялардың тақырыбы болды. Кейбіреулер оны рухани өмірдің көрінісі деп санап, оның "құдайдан келгенін" айтты. Басқалары тілді жануарлар элемінің эволюциясынан шығаруға тырысты. Бірақ тілдін шығу мәселесінің ғылыми шешімін - адам тарихына өтуде алғаш пайда болган қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеу керек.
Тіл алғаш рет адамдардың еңбек ұрдісі кезінде жасайтын қарым-қатынас түрлерінен шықты деп болжауға негіз бар. Күнделікті бірлесіп әрекет жасау, бірлескен еңбек әрекетіндегі нәрселерді білдіретін ақпаратты біреуге беру қажеттілігіне әкелуі сөзсіз. Нәрселердің бұл алғашқы белгілері жай дыбыстар тұрінде болды. Тек бірнеше мың жылдан кейін ғана дыбыстық тіл жекелеген түрде практикалық әрекеттен бөліне бастады.
Заттарды, олардың қимылдарын, сапаларын немесе қатынастарын білдіретін белгілер жүйесі, ақпаратты беру құралы ретіндегі тіл, адамның саналы әрекетінін ары қарай қайта күрылуында маңызды болды. Сондықтан еңбекпен бірге тіл де сананың қальштасуының негізгі факторы болып табылады.
Тілдің пайда болуы адамның саналы әрекетіне үш маңызды өзгерісенгізді:
- тіл сыртқы элемнің заттары мен құбылыстарын жеке сөздер немесе олардың тіркестері түрінде көрсете отырып, бұл заттарды бөліп алуға, оларға зер салуға және есте сақтауға мүмкіндік береді. Тіл қабылданатын элемді еселеп, алынған ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді және ішкі дүниелердің әлемін жасайды;
- тіл сөздері нақтылы заттарды білдіріп қана қоймай, олардың маңызды ерекшеліктерін абстракциялайды, қабылданатын заттарды белгілі бір дәрежелерге жатқызады. Сонымен, тіл арқылы абстракциялау мен қорытындылау үрдістері жасалады. Тіл қарым - қатынас құралы ғана емес, ойлаудың да маңызды құралы болады;
- тіл адамның қоғамдық тарихында жинақталған ақпараттарды беруші негізгі құрал болып табылады. Адамда тілдің пайда болуы жануарларда болмайтын психикалық дамудын мүлдем жаңа түрін тудырады, сананы дамытудың маңызды құралы болып табылады.
Сананың болуы, өзімен бірге еңбек үрдісі кезінде пайда болатын тілдің болуымен ғана байланысты. Бірақ адамның жеке санасынын болуы қоғамдық сананың болуымен байланысты.
Сана адамның барлық психикалық функцияларының жалпы сапасы болып табылатын бейнелеудің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі. Өзара қатынастағы барлық психикалық функциялардың дамуы, адамда сыртқы элемнің іштей бейнеленуі қамтамасыз етеді.
Психологияны қызықтыратын жеке сананың дамуы мен қальштасуы қоғамдық санамен үздіксіз байланыста болады. Сана — бірлескен психика түрі, адамның еңбек әрекетінде қалыптасуының тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Сана - қоғамдық болмыс.
Сананың төрт негізгі сипаттамасы бөлінеді:
1. Сана - қоршаған әлем туралы ілімдердін жиынтығы. Сана құрылымына барлық танымдық үрдістер енеді: түйсік, қабылдау, ойлау, қиял, ес.
2. Санада субъект пен объект айырмашылықтарының бекітілуі. Органикалық әлем тарихында тек адам ғана қоршаған ортадан өзін беліп, оған өзін қарсы қоя алады. Тіршілік иелері ішінен тек адам ғана өзін тануға қабілетті, яғни өзінің психикалық әрекетін өзіне бағыттай алады.
3. Мақсатты іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді. Сана қызметі: әрекеттің мақсатын, онын мотивтерін қалыптастырады, еріктік шешімдер қабылдайды, әрекеттерді орындалу барысын қадағалайды және т.б.
4. Сондай-ақ, сана құрылымына белгілі бір қатынастар да енеді.
Тіл - сананың барлық аталған арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен болуының міндетті шарты. Тіл - тарихи-қоғамдық тәжірибені немесе қоғамдық сананы білдіретін ерекше объективтік жүйе екені белгілі. Нақтылы бір адам меңгеретін тіл осы адамның шынайы санасы болады.
Тілдің белгілері жоғары жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
Сөйлеу тілінде таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың' пәрменді жэне нақтылы-бейнелі ойлауынан өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау Дегеніміз - сананың өзегі.
Тіл біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас үрдісінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау - қоғамдық өмір факторы. Қарым-катынас үрдісінде психологиялык қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
Философ Ю.К.Мельвиль: "Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас үрдісінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да қалыптасады", - деп атап керсетті.
Тілдің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жинақтап, сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінін нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті, жоспарлай алатын болды.
2.3. Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы
Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің (алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді.
Неғұрлым қарапайым омырткасыздардан (құрттардан), өткен кезеңдегімен салыстырғанда......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Психология курстық жұмыстар, Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]