Курстық жұмыс: Құқық | Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Мазмұны
Кiрiспе
1. Адам кұқықтары және мемлекеттердiң сыртқы саясаты
2. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың жұмысы
3. Адам құқықтары туралы халықаралық Билль
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тiзбесi
1. Адам кұқықгары және мемлекеттердiң сыртқы саясаты
Жалпы адам құқықтарын қорғау мәселесi тек қана азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығы ретiнде, яғни дербес негізгі бiр құқық саласы ретiнде ғана танылып қоймай сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының дұрыс орындалуын көздейтін аса тиiмдi құқықтық-ұйымдастыру тетіктері болып қалыптаса бастағаны белгiлi.
Халықаралық құқық саласы шегiнде дүние жүзі қауымдастығының адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің ішкі жұмысына араласа алуы мүмкiндiгiн соңғы жылдардың ең бiр үздiк әлемдiк жетiстiктердiң бiрi деп қарстыруға болады.
Мәселен әмбебап сипаттағы көпжақты келісімдер, аймақтық ке¬лісімдер, екіжақты келісімдер халықаралық әдет-ғұрыптар адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша тікелей немесе жанама мамандандырылған халықаралық ұйымдардың шешімдері халықаралық құ-қықтың негiзгi қайнар көздерiнiң бiрi болып табылуда.
Бүгiнгi күнi халықаралық іс қағаздарда белгіленген адам құқықтары каталогы ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі демократияның нормасы ретінде қалыптаса бастады деуге болады. Барлық кездерде тұлға мен билік арасындағы карым-қатынастардың реттеу әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болып келгенi белгiлi. Мәселен, қоғамдық прогресс пен адамзаттың әлемдiк қауымдыстығының дамуы және олардың бостандық жолында мемлекеттің тұтас билігін тежеу талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік іс-әрекетінен адамдарды сақтау және тұлғаға барынша өз тағдырын өзі шешуте кең түрдiк беру айқын көріне бастады.
Әрбір адам туылғанынан бастап белгілі бір мөлшердегі (материалдық және рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Әрқашан да бұл игіліктердің мөлшері ма¬териалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеумет¬тік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы күрт өзгерістер, өркениет өзге¬шелігі, формальды теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан-жақтылық белгісін берген жоқ.
Дегенмен 5-6-ғасырларда ежелгі полюстерде демокра¬тия идеясы мен азаматтық қағидалары алғаш рет дүниеге келген жерде (Афины, Рим) адам құқықтары тұжырымдамасының пайда болуы прогресс пен бостандық жолындағы үлкен қозғалыс болды.
Ежелгі полюсте азаматтық пен саяси құқықтар байланысты болды: бостандық, мемлекеттік істерді шешуге арналған құқық, әділеттілікті орнатуға қатысу құқығы және т.б. Сонымен қатар, мұндай құқықтарды қара жұмыспен айналыспаған адам ғана иеленеді.
Адамдар құқықтардың кейбiр мемлекеттерде шектеулі болатындығына қарамастан, мұндай институт барлық кезде қоғам мен мемлекеттiң өркениетi жолмен тұрақты дамуына толық оң ықпал жасайтындығы сөзссiз. Ендi жалпы адам құқықтары мен оны қорғаудың тарихи қалыптасу мен даму кезеңдерiне қатысты бiрер мәселелерге тоқталып өтелiк. Мәселен сонау ертеректе заңдылыкқа ерекше көңіл бөлiгенi белгiлi, мысалы азаматтық және адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың полюске деген қамқорлығы сол кездiң өзiнде теория жүзінде пайда бола бастағаны белгi (Платон, Сократ, Аристотель, Перикл және басқалар). Кейiннен қоғамның дамудың келесі кезеңдерi адам құ¬қықтары мен заңның үстемділiгiнiң бір-бірімен тығыз байланысты екендiгi айқындала бастады.. Бұл ежелгі ойшылдардың мемлекеттік, бостандық және ізгілік бағытындағы қарқынды дамуының басты белгісі бола бастады деуге болады. Тарихи дамудың баспалдағы адам құқықтарына жаңа қасиет бере отырып, ол субъектілердің жаңа топтарына таратылды. Әриен бұл таптардың, сословиелердің өз құқықтары үшін, бостандықтары үшін әрi олардың өздерiнiң баюы үшін болған күрес екендiгi айтпаса да түсiнiктi.
Гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқық¬тары тұңғыш рет Ұлы бостандық хартиясында (1215 ж.) мазмұндалып, ағьлшындардың құқықтар туралы билльмен (1689 ж.), Егемендік декларациясымен (1776 ж.), американдықтардың Құқықтар туралы билльмен және адам мен азаматтардың құқықтары декларациясымен дамытылды . Бұл игіліктердің генезисін көре тұра, адамдардың табиғи құқықтарын оқып зерттеуге талпыныс берген ежелгі гректердің философиясын, әлеуметтік әділдік пен тендіктің жорамалдарын қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды, әрине еске түсірмеуге болмайды.
1919 ж. Ұлттар Лигасының жарғысы адам құқықтарын жинайтын жалпы ережелерді қосқан жоқ. Ол кезде адам құқықтарын халықаралық түрде қорғау туралы ойды Ұлттар Қауымдастығы мойындаган жоқ еді, сонымен қатар ол келісімнің құрастырушылары оған үлкен мән берген жоқ. Бірақ ол келісімде адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына әсер ететін екі ереже болды (22 және 23-баптар).
Мәселен, 22-бапқа сәйкес, Ұлттар Лигасының жарғысымен Лига мандаттарының жүйесі құрылды. Бұл ереже тек Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңілген, бұрынғы отар мемлекеттерге ғана қолданылды. Бұл қағидаға сәйкес, отар мемлекеттер Лигаға тәуелді аумақтар болып қайта құылып, ол мемлекеттердің басқаруын жеңуші державаларға берді, ол өз кезегінде жыл сайын Лигаға олардың міндеттерді қалай орындағаны жөнінде баяндайтын. Лиганың ыдырауымен бұл мандаттар жүйесі де жойылды. Ал Ұлттар Лигасы жарғысының 23-бабы әйелдерге, ерлерге және балаларға әділетті және адамгершілікті жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге арналған. Сонымен қатар, бұл бап айтылған мақсаттарға жету үшін, халық¬аралық ұйымдарды құруды көздейді. Бұл қызметті Ұлттар Лигасы құрылған уақытта құрылған Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) өзіне алды. ХЕҰ-ның заң шығару міндеті және оның құрған халықаралық еңбек стандарттарын қадағалайтын жүйе еңбек шарттары мен адам құқықтары туралы халықаралық зандардың дамуына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, Ұлттар Лигасы азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйенің дамуында үлкен рөл атқарды. Ұлттар Лигасының жарғысында бұл мәселе қарастырылған жоқ. Бұл өкілеттілікті Ұлттар Лигасы бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі қол қойылған келісімдер арқылы алды. Сол соғыстың салдарының бірі, Еуропа мен Таяу Шыгыстың саяси картасының өзгеруі болды. Жаңа мемлекеттер пайда болып, көптеген мемлекеттер өз тәуелсіздігін ал¬ды. Көпшілікте олардың құрамына этникалық, тілдес және мәдени азшылықтар кірді. Жаңа саяси тәртіптің болуы олардың мәдени өмір сүруіне қауіп-қатер туғызады деген байсалды, тарихи күмән болды. Сол үшін жеңуші державалар одағының өкілеттіліктері, жаңа мемлекеттерді өздерінің этникалық, тілдік, діни құқықтарын қорғайтын арнайы келісім-шартқа қол қоюды кеуделеді. Бұндай келісім-шарттарға қол қойылды. Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйені қолданатын мемлекеттер азшылық жөніндегі кемсітушілікке жол бермеуге, азшылықтың этни¬калық, діни, тілдес бірлестігін сақтап қалу үшін ерекше құқықтар беруге міндеттенеді.
Ұлттар Лигасының келісімі бойынша екі жақ өз міндеттерінің орындалуына кепіл берді. Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйе Үлттар Лигасымен бірге жойылды.
Сонымен, халықаралық құқықтардың ішінде түрлі топтардың құқықтарын қорғайтын институттар мен доктриналар пайда болды. Халықаралық құқықтардың бұл аспектілерінің теория мен іс жүзінде қолданылуы, адам құқықтарының дамуына концептуалды және институционалды негіздер қалады.
2. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы
халықаралық ұйымдардың жұмысы
Бұл қарастырылмақ мәселе төңiрегiнде айтпас бұрын алдымен бiздер қазіргі адам құқықтары туралы заңдардың тек екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда болғанын еске түсiрiп кеткiмiз келедi. Әрине, халықаралық қауымдастықтың мұндай заңдарды қабылдауына түрткі болған Гитлер заманындағы адам құқықтарының жан түршігерліктей бұзылуы еді. Бірақ, БҰҰ-ның жарғысында жазылған адам құқықтары туралы ережелер әскери уақыттың сенімін ақтаған жоқ. Мұндай нәтижені күтуге болатын еді, өйткені әрбір Ұлы державаның адам құқықтары туралы маңызды мәселелері болды. КСРО-да - ГУЛАГ, АКДІ-та -нәсілдік кемсітушілік, Ұлыбритания мен Францияда - отар иеліктері болды. Сондықтан олар адам құқықтарын орындауға және қорғауға коп көңіл бөлді. Бұл мемлекеттер жарғының зерттелуін қолдаған жоқ еді, өйткені жарғы, кейбір кіші демократиялық мемлекеттер қолдаған, адам құқық¬тарын жақтайтын халықаралық жүйенің құрылуына алып баратын еді.
Бірақ БҰҰ-ның жарғысы қазіргі адам құқықтары туралы заңдардың тұжырымды және заңды негізін қалады. Сонымен БҰҰ-ның жарғысында жазылған мақсаттардың бірі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, Гуманитарлық мәселелерді шешуде, нәсілі, жынысы, тілі, діні жағынан бөлмей, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қолдап, құрметтеуде бірге жұмыс істеу болып табылады. БҰҰ жарғысы адам құқықтары мәселесін интернационалдандырды, басқаша айтқанда, әр мемлекет көпжақты келісім болып табылатын жарғыға қосылғанда адам құқықтары туралы мәселелерді мемлекеттің ішкі ісі деп қарамай, халықаралық мәселе болып танылатынын мойындады.
БҰҰ-ның мүше мемлекеттерінің 56-бапқа сәйкес, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының дамуына атсалысудағы міндеттері және мүше мемлекеттердің ұйыммен қарымқатынас жасауы БҰҰ-ға бұл заңдарға анықтама беруге және кодификациялауға керекті заңды өкілдік береді.
Адам құқықтары туралы халықаралық билльдің және қазіргі қолданылатын адам құқықтарын қорғайтын көптеген келісімдердің қабылдануы осындай атсалысудың нәтижесі болды.
Бұдан әрі қарай, БҰҰ өзінің өмір сүруі барысында, адам құқықтарының дамуы жөнінде, БҰҰ мүшелерінің міндеттерін көрсетіп, оларды ұлғайтып, жарғының ережелеріне сәйкес адам құқықтарының орындалуын қадағалайтын институттарды құрай алды. Бұл институттар: БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы, азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шағын комиссия, әйелдердің әл-ауқаты және жоғарғы комиссардың адам құқықтарын басқару туралы комиссиясы.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия Экономикалық және әлеуметтік кеңестің қамқорлығында жұмыс істейді. Ол мынадай мәселелермен шұғылданады: ЭКОСОС-қа зерттеулер жүргізіп, баяндамалар дайындайды, конвенциялар мен декларациялардың жобасын дайындайды және адам құқықтары жөнінде басқа да жұмыстармен айналысады.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия БҰҰ-ның күн тәртібін кеңейтуде үлкен рөл атқарып, адам құқықтарын бұзушылықпен күресуде жаңа халықаралық тәсілдерді қолданды (Нақты жағдайлар және мемлекеттер бойынша ман¬дат берілген жұмысшы топтардың және баяндамашылардың торабын ұлғайту). Халыкдралық қауымдастықтың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі — адам құқықта¬рының қорғалуы болуы, сонымен қатар адам құқықтары туралы БҰҰ жарғысы ережесінің қолданылуының кеңейтілуі — бұл комиссияның зор еңбегі.
Азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөнін¬дегі шағын комиссия 1946 ж. құрылды. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырумен айналысады:
1. Адам құқықтары мен нәсілдік, ұлттық, діни және тілдес азшылықты қорғауға байланысты адам құқықтары жөніндегі комиссияға сипаттама беру және зерттеулерге кірісу.
2. ЭКОСОС немесе адам құқықтары жөніндегі комиссияның кез келген басқа да жұмыстарын атқару.
Шағын комиссияның құрамына 26 сарапшы кіреді. Шағын комиссия жылына бір рет сессия өткізеді. Оның басқа жоғарыда айтылған адам құқықтары туралы БҰҰ институттарынан негізгі айырмашылығы, ол өз үкіметінің атынан жұмыс істемей, комиссия мүшелері өз беттерінше бөлек жұмыс істейді.
Әйелдердің әл-ауқаты жөніндегі комиссия 1946 ж. құрылды. Комиссияның қызметі қоғамның барлық салаларындағы әйелдердің құқығы қорғалуының жүзеге асырылуы жөнінде ЭКОСОС-қа баяндама мен ұсыныс дайындау болып табылады. Комиссия мүшелерін (ЭКОСОС) Кеңес 4 жылға сайлайды, олар үкіметтің сарапшылары болып келеді.
Комиссияның қамқорлығымен Әйелдердің құқықтарына байланысты көптеген конвенциялар мен декларациялар зерттеліп дайындалды. Мысалы, 1952 ж. Бас Ассамблея Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция қабылдады, 1957 ж. Күйеуге тиген әйелдердің азаматтығы туралы конвенция, 1967 ж. Әйелдер жөніндегі кемсітушілікті жою, Әйелдер мен ерлердің заң алдындағы құқықтарының теңдігі және балалар жөніндегі құқық пен міндеттердің теңдігі туралы декларация.
Адам құқықтары туралы жоғарғы комиссар, Адам құықтары туралы Жоғарғы комиссар басқармасы 7.01.94 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен құрылған болатын. Жоғарғы комиссар БҰҰ Бас хатшысының басқаруындағы, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі істерді қадағалайтын лауазымды тұлға болып келеді.
Өз міндеттерін орындау барысында жоғарғы комиссар Бас Ассамблеяның, ЭКОСОС және адам құқықтары туралы комиссияның шешімдері мен өкілдіктерінен шықпай жұмыс істейді. Бұл өкілдіктің арқасында жоғарғы комиссар бүкіл дүние жүзінде адам құқықтары туралы кез келген мәселені алып, адам құқықтарының бұзылмауы үшін күш салады.
Сонымен, Жоғарғы комиссар лауазымының құрылуы БҰҰ-ның адам құқықтарының бұзылуымен күресудегі үлкен кадам болып табылады.
3. Адам құқықгары туралы халыкаралық Билль
БҰҰ жарғысының адам құқықтары туралы ережелеріне толықтыру болып келетін адам құқықтары туралы Билль адам құқықтарының жалпы декларациясынан, адам құқық¬тары туралы екі пактіден және азаматтық саяси Пактіге арналған екі факулътативті хаттамадан тұрады.
Адам құқықтарының жалпы декларациясы.
Сан-Францискода өткен конференцияда БҰҰ жарғысына "адамдардың негізгі декларациясын" қосу туралы пікірлер айтылған, бірақ олар қабылданған жоқ. Бұл мәселе БҰҰ-ның бірінші жиналысында қайта көтерілген болатын. Осыдан кейін, адам құқықтары туралы қайта құрылған комиссияға Адам құқықтары туралы халықаралық бильді дайындау берілді. Комиссия декларацияны заңды міндеттемелік келісімге қарағанда кепілдемелі түрде қабылдау оңай болатынын түсінді. Сондықтан ол бірінші декларациямен, одан соң бір немесе бірнеше келісімнің жобасымен жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыстың нәтижесінде Жалпыға бірдей құқықтар декларациясы жасалды. Ол декларацияны БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 ж. 10 желтоқсанда қабылдады. Бас Ассамблея бұл күнді Адам құқықтары күні деп тағайындады.
Декларация бір қағидаттар мен нормалардың басқа қағидаттар мен нормаларға бағынуын айта келіп, адамның әр құқығы бөлек және маңызды игілік болып табынатынын атап көрсетті. Бұл құжатта көрсетілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, азаматтық және саяси құқықтар, әлеуметтік экономикалық, мәдени кұқықтар етіп топтастыруға болады.
Декларация бостандық пен теңдік, кемсітушілікке жол бермеу, тұлғаның ар-намысын құрметтеу қағидаттарын бекітуден басталады. Бірінші баптардан бастап: өмір сүру құқығы, бостандық құқығы, жеке адамның дербес құқығы, тұлғаның өмірінің қорғалуын жариялап, адам құқықтарының заңды кепілдігі, әділеттіліктің ресімдік кепілдігі, тұлғаны қинап, аяусыз қарауға тыйым салынады. Жоғарыда айтылған құқықтар дербес құқықтар мен бостандықтардың тобын құрайды.
Тұрғын орынды таңдау және көшіп-қону құқығы, ар бостандығы, ой мен көзқарас бостандығы, мемлекеттік билік органдарына сайлану және сайлау құқығы, азаматтық құқық Жалпыға бірдей декларацияның 6, 13-21-баптарында азаматтық және саяси бостандықтарын құрайды.
Әлеуметтік-экономикалық құқықтарға Жалпыға бірдей декларация мынадай құқықтарды жатқызады: еңбек құқығы, жұмыссыздықтан қорғалу құқығы, еңбек үшін әділ ақы төлеу құқығы, демалыс алу және демалу құқығы, білім алу құқығы, әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы. Бұл құқықтар декла¬рацияның 22, 28-баптарында көрсетілген. Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау халықаралық қатнастардың жаңа бір кезеңі болды. Жалпыға бірдей декларация БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары ретінде қабылданды, сондықтан БҰҰ жарғысына сәйкес кепілдемелі түрде жазылған. Бірақ оның ережелеріне баға беруде, халықаралық құқықта келісімдермен бірге заң шығару процесінде, мемлекеттердің халық¬аралық практикасында дәстүрдің пайда болуы, кейіннен міндетті нормаға айналатынын ескеру керек. Осыған ұқсас, қазіргі кезде Жалпыға бірдей декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтар, заңды міндетті немесе келісімді нормалар ретінде қарастырылады.
Жалпыға бірдей декларацияны қабылдағаннан кейін, Бас Ассамблея Адам құқықтары комиссиясына адам құқықтары туралы екі пакт дайындауды ұсынды. Бұл мемлекеттер құқықтары кешендернiң заңды міндеттемелігінің әр қалай түсінуіне байланысты болды. Мысалы, АҚШ және БҰҰ мүшелігіндегі кейбір мемлекеттер азаматтық және сая¬си құқықтардың барлық мемлекеттермен жедел және міндетті түрде орындалуын, ал әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтардың стандарт ретінде қойылып, оларға жету үшін Экономикалық дамуына байланысты әрқашан тырысу керек деп түсінді. Бұндай түсінік ол кезде басым болды. Соған байланысты Бас Ассамблея 1966 ж. 16 желтоқсанда екі келісім қабылдады — Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және экономикалық, әлеу¬меттік, мәдени құқықтар туралы пакт. Одан кейін бұл пактілердің күшіне енуі үшін 35 мемлекет саны жиналып, бекіткенше 10 жыл өтті.
Пактілерде көрсетілген қүқықтардың жиынтығын түрлі талқылауға қарамастан, халықаралық келісімдердің .......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Курстық жұмыс: Құқық | Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері
» Сабақ жоспары (ұмж): Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Халықаралық жария құқығы түсінігі 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Курстық жұмыс: Құқық | Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері
» Сабақ жоспары (ұмж): Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Халықаралық жария құқығы түсінігі 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
Іздеп көріңіз: