Курстық жұмыс: Құқық | Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Курстық жұмыс: Құқық | Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

[b]
Мазмұны

Кіріспе

1. Тарау Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
1.1. Адам өлтірудің ұғымы
1.2. Адам өлтірудің объективтік белгілері
1.3. Адам өлтірудің субъективтік белгілері

2 тарау Адам өлтіруді топтастыру
2.1. Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларсыз адам өлтіру
2.2. Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру
2.3. Жеңілдететін мән жайларда адам өлтіру

Қорытынды

Библиография/b]
1 тарау. Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1.1. Адам өлтірудің ұғымы

Адам өлтіруді қарастыруды бастамас бұрын адам өмірінің бастапқы және аяққы кезеңдерін анықтау қажет.
Адамның өмірі биологиялық көзқарас жағынан, заттар, тағам және бөлінудің тікелей алмасуынан тұрады. Осы функциялардың тоқтауымен адамның өмірінің тоқтауы да жүреді. Адам өмірі осы сөздің биологиялық ұғымы адамның өмірінің шегін анықтау үшін маңызы зор. Өмірдің пайда болуы туу процессінің басталуымен байланысты. Өмірдің аяқталуының табиғи және заңды құбылысы болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі танылады.
Адам өлуі туындауының мәселесі медициналық әдебиеттерде даулы мәселе болып саналады. Авторлардың бір бөлігі адамның өлуі демалу және жүректің соғуының тоқтау сәтінен туындайды дейді. Басқалары жүректің соғуын өмірдің абсолюті емес дәлелдемесі деп санайды.
Бірақ бас миында және орталық нерв жүйесіндегі органикалық өзгерістердің әсерімен өлімнің туындауы талассыз екендігі мойындалған. Осы өзгерістердің туындалған уақытына дейінгі адам өлу кезенін клиникалық деп атайды.
Мынадай жағдай кездесуі мүмкін, клиникалық өлім туындаған кезден кейін тыныс алу және жүректің соғуын қалпына келтіре отыра адамның өмірін қалпына келтіруге болады. Әсіресе соңғы жылдардағы медицина ғылымы және реаниматология саласындағы тәжірибедегі жетістіктер. Бір сәттік құбылыс ретіндегі қатынастардың өзгеруіне көмектесті.
Адам өлімінің туындауы жөнінде тек биологиялық өлім ғана куаландырады, яғни ағзаның біртұтастық ретіндегі қалпына келмейтін өлу жағдайы, жүрек қызметінің тоқтауы ірі артериялар соғуының жоғалуы тыныс алудың тоқтауы, орталық нерв жүйесі функциясының жойылуын айтамыз.
Өмірден құқыққа сай айыруға, бақытсыздық жағдайға және өзін-өзі өлтіруге қарағанда, адам өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінде көзделген құқыққа қайшы іс-әрекет ретінде қарастырылады. Кінәнің болмауына байланысты құқыққа сай адам өмірін айыру және бақытсыздық жағдайында өлуді адам өлтіруге жатқызбас үшін С.В. Бородин былай деп санайды: адам өлтіруді анықтау барысында өмірдің кінәлі айыруына баса көңіл аудару қажет деп санайды. Өзін-өзі өлтіруді ажырату үшін басқа адамның өмірін айыру жөнінде сөз болуы керек.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде адам өлтіру ұғымының анықтамасы берілген, онда осы бап бойынша, адам өлтіру деп құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады және қылмыстың ұғымын нақты береді. Осы үғымнан мынаны анықтауға болады, адам өлтіру деп басқа адамға қасақана қаза келтіруді айтамыз. Яғни адам өлтіру тек қасақаналықпен жасалынады, ал абайсыздықта адамға өлім келтіру зерттеудің басқа объектісін құрайды.
М.Д. Шаргородский өзінің «Денсаулыққа және өмірге қарсы қылмыстанң деген монографиясында адам өлтіруге сонымен бірге тек басқа адамға қаза келтіруді жатқызады, абайсызда адам өлтіруді ол осы ұғымның шегінен тыс қалдырады.1
Бұл жерде бірқатар авторлар адам өлтірудің ұғымын толық емес деп санайды. Бородин С.В. былай деп жазады: «Адам өлтірудің заң анықтамасында, біздің қөзқарасымызда іс-әрекеттің құқыққа қайшы және кінәлігіне нұсқауы жетпейді деп атайдың.2

1.2. Адам өлтірудің объективті белгілері
Адам өлтірудің объектісі

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық объектісі болып қылмыстық заңмен қорғалынатын қоғамдық қатынастар делінеді.3
Адам өлтірудің объектісі болып адамның өмірі танылады. Қылмыстық заң өмірді туғаннан бастап қаза болғанша қорғайды. Өмірдің басталуы деп физиолгиялық туудың басталуы танылады.
Өмірдің аяқталуы деп орталық нерв жүйесі қызметінің толық тоқтатылуын айтамыз, ағзада қайталанбайтын процестер жүреді және өмірдің қызметін қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Адамның өмірі ұғымын тек биологиялық процестерге әкеп тіреу дурыс емес болар еді. Адамның өмірі қоғамдық сипатқа ие, оны қорғау қоғамдағы билік етуші қатынастармен анықталады, Б.С. Никифоров адамның мүддесін өзінен анықтау мүмкін емес және қоғамдық қатынастардың шеңберінде адамды шығуды дұрыс санайдың4 Адамның өмірі қоғамдық қатынастардын ажырағысыз, сондықтан адам өлтіру барысында қылмыстық қол сұғушылықтық объектісі болып осы игіліктерді қамтамасыз ететін адамның өмірі және қоғамдық қатынастар танылады.
Адамның өлуіне байланысты оның өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау тоқтайды.

Адамның өмірі қоғамдағы және мемлекеттегі ең құнды және игілік болады, оны қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында белгіленген.
Қазақстан Республикасы 15 бабы былай дейді:
«ªркҢмнің өмір құқығы бар. Ешкім де адамның өмірінен айыруға құқы жоқң.

Адам өлтірудің объективтік жағы

Қылмыстың объективтік жағы заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамға - қауіпті және құқыққа қайшы қолсұғушылық процесін айтамыз және құбылыстардың рет-ретімен даму көзқарасы бойынша, субъектінің қылмыстық әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталады және қылмыстық нәтиженің зардабымен аяқталады.5
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамның өмірін айырудан тұрады. Адам өлтіру әрекет немесе әрекетсіздік арқылы да жасалады. Ең алдымен адам өлтіру басқа адамның өмірлік маңызды органдарының функциясын немесе анатомиялық біртұтастығын бұзуға бағытталған әрекет жолымен жасалады.
Адам өлтірудің объективтік жағының белгісі ретіндегі іс-әрекетінің тәсілін анықтау оны саралау үшін елеулі маңызы бар. Бірқатар адам өлтіруді жасау барысында адам өлтіру тәсілі сараланған мән-жай болып танылады.
Адам өлтірудің объективтік жағын талдау барысында әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың тек сыртқы белгісі болып танылатындығын ескеру қажет.
Бұл ең алдымен оның қоғмға қауіптілігі ең соңында жәбірленушінің өлуіне байланысты келтірілген зияннан көрінеді. Оның туындауы қылмыстық іс-әрекеттің зардабы ретінде адам өлтірудің объективті жағының міндетті белгісі болып танылады.
Кінәлінің әрекет (әрекетсіздігі) нәтижесінде мұндай зардаптың туындамауы қылмысты аяқталған деп мойындауын және адам өлтіруге дайындалу немесе оқталудың болуы Қазаақстан Республикасы кодексінің 24 бабын қолданып саралауға әкеледі.
Адам өлтіру барысында объективтік жақтың тағы бір белгісі болып кінәлінің әрекеті (әрекетсіздігі)нің арасындағы себепті байланыс және жәбірленушеге қаза келтірудің туындауы танылады. Іс-әрекет және туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыс мәселесін шешу барысында оның объективті түрде өмір сүретіндігін ескеру қажет.
Іс-әрекет және жәбірленушіге туындаған өлімнің арасындағы себепті байланыстың болмауы немесе өмірінен айыруға байланысты қылмыстық жауаптылықты толық жоққа шығарады, немесе басқа да саралауға әкеледі.
Объективтік жақтың сипаттамасына адам өлтіруді жасаудың нақты жағдайы да жатады. Ол себепті байланыстың болуы немесе болмауы мәселесін шешу үшін маңызға ғана ие емес, осы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе осы қылмысты саралау үшін белгілі бір жағдайларда маңызды.


Адам өлтіру субъектісі

Қылмыстың субъектісі болып заңмен белгіленген жасқа толған есі-дұрыс адам болады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабындағы адам өлтірудің субъектісі болып ақыл есі дұрыс қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толған адам, адам өлтірудің қалған барлық түрлері бойынша тиісінше 16 жас таңылады.
Бірақта жас және есі-дұрыстық қылмыс құрамының белгілеріне жатпайды, тек қылмыстық жауаптылық туындататын шарты болып танылады. А.Н. Трайнин жас және есі-дұрыстық тек қылмыстық жауаптылық тудыратын субъективті шарттары болып танылады, қылмыстық заң қылмыскерді белгілі бір жасқа толғаны үшін немесе есі-дұрыстығы үшін емес, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыстығы шартында қылмысты жасағандығы үшін жазалайды деп дұрыс атап корсетті.6
Жасты және есі дұрыстықты бұлай түсіндіру, жасөспірім және есі-дұрыс емес адаммен жасалған басқа адамның өмірін айырудағы кез келген іс-әрекет оның қоғамға қауіптілігін жоққа шығармайды, тек қылмыстық жауаптылықты азайтады.
Адам өлтірудің субъектісіне қатысты заң жоғарыда келтірілгендерден басқа ешқандай шарттарды ұсынбайды. Заңда тек осы қылмысты саралауға әсер ететін адам өлтіру субъектісінің жекелеген белгілері ғана аталады. Бұрын адам өлтіруді жасаған адамның қайталап адам өлтіруі Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі «иң тармағына сәйкес саралауғы әкеледі, өйткені субъектінің бұл белгісі заңда ауырлататын адам өлтіру ретінде тікелей көрсетілген.

Адам өлтірудің субъективтік жағы

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективтік жағын субъектінің өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қасақаналық және абайсыздық зардабына психологиялық қатынасы ретінде деп атап көрсетеді.7
Адам өлтіру субъективтік жағынан тек қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі басқа адамның өміріне қол сұғатындығын сезінеді жәбірленушіге өлім келетіндігі нақты мүмкіндігін көре біледі және
оның туындауын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе саналы түрде жол береді (жанама қасақаналық).
Адам өлтіруге оқталу тек тікелей қасақаналықпен болуы мүмкін.
Кінәлінің қасақаналығының ниетінің мазмұнының мәселесіне шешу барысында қылмыстардың барлық мән-жайларының жиынтығынан шығуы керек, нақтырақ айтқанда кінәлі және жәбірленушінің мінез-құлқына алғышарт болатын, олардың өзара қатынасын, қылмыстың іс-әрекетін тоқтатылу себептері, қылмысты істеудың әдісі құралы, жарақаттың сипаты және көлемі, мысалы өмірлік маңызды органдарға, сондай-ақ кінәлінің одан кейінгі мінез-құлқы.
Адам өлтіруге оқталудың дәлелденген жағдайында жәбірленуші үшін туындаған зардаптар үшін қосымша саралау талап етілмейді.
Адам өлтірудің субъективтік жақты сипаттайтын мән-жайларға, сондай-ақ ниет. Мақсат, эмоция да кіреді.
Олар құрамның міндетті белгілері ретінде болуы мүмкін (мысалы, басқа қылмысты жасыру мақсаты адам өлтірудің міндеті белгісі болып танылады, Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі «кң тармақшасы бойынша сараланады,жан күйзелісі жағдайынды - Қылмыстық кодекстің 98 бабының міндетті белгісі) немесе жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде жазаны даралауда ескеріледі.
2 тарау. Адам өлтіруді топтастыру

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі тек қасақана адам өлтірулерді ғана қамтиды. Абайсызда адамға өлім келтіруді жұмыс істеп-тұрған Қылмыстық кодекс адам өлтіруге жатқызбайды.
Қасақана адам өлтіруді келесі үш түрге бөледі:
1) Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз адам өлтіру (қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі);
2) Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі);
3) Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 97-100 баптары)
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде көздеген адам өлтіру немесе «жайң адам өлтіру осы қылмыс түрлерінің негізгі құрамы деп аталады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігінде көздеген адам өлтіру осы қылмыс түрінің сараланған құрамы деп танылады. Баптың осы бөлігі ауырлататын он үш мән-жай тармақтан тұрады.
Жеңілдететін мән-жайларда осы қылмыс түрлерінің (басымдық) құрамына жатады. Қылмыстың осы түріне Қылмыстық кодекстің 97, 98, 99, 100 баптарында көзделген адам өлтірулер жатады.
Әр адам өлтіруді қарау осы ретпен жүргізіледі.

2.1. Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз адам өлтіру

Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде көзделген адам өлтіру немесе «жайң адам өлтіру қылмыстың осы түрінің негізгі құрамы боп аталады. Сондықтан адам өлтіруді саралау барысында туындайтын мәселелерді қарауды осыдан бастаған жөн.
Жай адам өлтірудің кең тараған түрлері ретінде төмендегілерге тоқтала кетуімізге болады.

Қызғаныш салдарынан адам өлтіру

Қасақана адам өлтірудің ниеті ретінде қызғаныш әдебиеттерде әртүрлі бағалауға ие болды. Э.Ф. Побегайло қызғаныш өзінен өзі пайдақорлық көзқарасы. болып танылмайды деп есептейді. М.К. Аниянц «қызғаныш - адамда қандай себепте туындамауына қарамастан ол ескінің жағымсыз қалдығы, осындай ниетте адам өлтіру қатаң жазалануы тиіс деген пікірдең.
Адам өлтірудің ниеті ретінде қызғаныш осы мән-жайлардың күшінде жағымсыз бағалауға ие болады.8 Бірақ та бұл жеке қарауды жоққа шығармайды, қызғаныштан адам өлтірудің қоғамға қауіптілік дәрежесі, кез келген өлтірудегідей жасалған қылмыстың нақты мән-жайларымен байланысты анықталуы тиіс. Сондықтан қызғаныштың пайда болу себебін назардан тыс қалдыруға болмайды, қызғаныш ниетінен адам өлтіруді жасау барысында немесе жасау алдында жәбірленушінің ролі және мінез-құлқын ескермеу қателікке жол берілетін еді. Қызғаныштың пайда болу себебі тек кінәлінің жаза шарасына ғана емес, оның әрекетін саралауға да әсер етеді.
Еркек және әйелдің қарым-қатынасына байланысты адам өлтірулер көбінесе эротикалық қызғаныш нәтижесінде жасалады. Ол сүйікті адамының нақты немесе сезіктену барысында уайымдану кешенінен тұрады және күрделі психологиялық құрылыммен, эмоциональдық әсер ету және жағдайлармен (көре алмау, қызғаныш, дабыл, ашу және т.б.), қиналу арқылы күмәндану, интеллектуалды және еріктілік салаларындағы күрделі көріністермен, мінез-құлықтың күрделі нысанымен, адам өлтіруді қосқанда әлеуметтік қауіптілікті түрінде сипатталады.
Бірақ эротикалық қызғаныш әділетті атап өтілгеніндей жұбайына деген мұқият қатынасқа түрткі болуы мүмкін.9
Психиатрлар қалыпты қызғаныш, он бағалы (сверхценный) қызғаныш осы және сандырақ (бред) қызғанышы деп ажыратады. Адам өлтіру істерін тергеу және соттық қарау барысында қызғаныштың сипатын анықтау қажет. Соңғы екі жағдайларда адам өлтіру есі-дұрыс еместік жағдайында келтірілуі мүмкін. Бірақ қызғанышты тудыратын жағдайды шектеу дұрыс емес болар еді. Жасөспірімдермен жасалған қызғаныш ниетіндегі бірқатар адам өлтірулер бізге белгілі, өлтірілген (ағасына немесе қарындасына) ата-анасы немесе басқа да туысқандар осы қылмысты жасаған адамға қарағанда «жақсы көзқарастаң болғандығы анықталған.
Қызғаныштан адам өлтіруге түрткі болып көбінесе жалған немесе нақты көзіне шөп салу танылады.
Мынадай фактілер де кездесуі мүмкін, жәбірленушінің тұрмысқа шығуына немесе жәбірленушінің үйленуіне бас тартқан жағдайда адам өлтіру қызғаныш арқылы жасалды деп танылады.
Қызғаныштан адам өлтіруге басқа да түрткі болып жәбірленушінің бірге тұрудан бас тартуы болуы мүмкін.
Бірге тұрудан бас тартқандығы үшін адам өлтіруді сот тәжірибесінде қызғаныштан адам өлтіруге.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Құқық курстық жұмыстар, Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]