Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық ғылымы
Мазмұны
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқық ғылымы
2. Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні ретінде
3. Азаматтық құқық — оқу пәні
4. Қазақстан Республикасының азаматтық кұкық ғылымы
III Қорытынды
Азаматтық құқық ғылымы
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған кұқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтыц тарихы, оның даму келешегі мен тожірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық қүқық үғымының өзі қүкықтың саласы және заң ғылымыньщ жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде қүқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білшнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық ғылымы сол қүқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетендікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар Азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Цивилистикалық ғылымда жалпы ғылыми тәсілдермен қатар талдаудың жеке құқықтық әдістері де пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдіске материалистік және тарихи әдістер жатады. Жеке құқықтық әдіске азаматтық құқықта қолданылатын құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, соңдай-ақ нақты социологиялық зерттеу әдістері (мысалы, статистикалық мәліметтерді сараптап бағалау) жатады.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.
Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні ретінде
Азаматтық құқық ғылым ретінде
Азаматтық құкық және азаматтық, зандар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқык ғылымы деп атайды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті – азаматтық - құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық - құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық кұқықтың ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы — нақ азаматтық –құқықтың өзі болып табылады (азаматтық-кұқықтың) анықтамасы I тарауда берілген). Әлбетте, бұл пән азаматтық- құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастарды да, бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін де, олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де, оларға сын тарапынан берілген бағаны да және жетілдірілу мүмкіндіктерін де қамтиды.1
Азаматтық құқық ғылымы бұрын қолданылып келген кұкыктық жүйелерді, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін, даму бағыты мен оған ықпал ететін факторларды бағалай келе, азаматтық-құқықтың даму тарихына айтарлықтай көңіл бөледі. Азаматтык-құқықтың даму тарихын зерттеуде ғылымның өзінің, оның жасаушылары мен зерттеушілерінің тарихы, ғылыми тұжырымдамалар мен көзқарастардың тарихы едәуір орын алады. Біздің замандасымыз, қазір АҚШ-та тұратын, Ленинград мемлекетгік университетінде көп жыл жұмыс істеген, Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымының дамуына тікелей белсене қатысқан профессор О.С. Иоффе азаматтық-құкықтық ғылымның осы саласына зор үлес қосты.2
1 Красавчиков О.А. Советская наука гражданского права (понятие, предмет, состав и система). Свердловск, 1961.
2 Иоффе О.С. Развитие цивилистической мысли в СССР. Ч. 1. Л., 1975, Ч. 2. Л., №78 (Бұл ғылыми еңбек АҚШ-та қайта басып ш
КСРО-ның құқықтық ғылымының дамуына А.В. Венедиктов, С.Н. Братусь, Р.О. Халфина, О.А. Красавчиков, Ю.Х. Калмыков секілді цивилист-ғалымдар зор ықпал етті. Бұлар цивилистік ақыл-ойға идеологиялық және мемлекеттік қысым жасалып тұрған жағдайлардың өзінде қазіргі кезде ТМД елдерінің азаматтық-құқықтық ғылымының, оның ішінде Қазақстан ғылымының дамуына жәрдемдескен шынайы азаматтық-құқықтық тұжырымдамаларды қорғай алды.
Азаматтық құқық ғылымы дүние жүзі құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін зерттейді, мұндай ерекшеліктердің пайда болу себептерін анықтайды, оларды салыстырады және бағалайды. Азаматтық-құқықтық ғылымның бұл саласы салыстырмалы құқықтану ғылымының едәуір бөлігін құрайды.
Азаматтық құқық ғылымы қолданыстағы азаматтық заңдарға және оның практикалық тиімділігіне сыни баға беруге зор көңіл бөледі, заң актілерін дайындау барысында жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді, құқықты қолданудың нақты саяси, экономикалық жөне әлеуметтік жағдайларына заңдардың сәйкестігін анықтайды, зандардағы олқылықтарды көрсетеді және оларды жою жолдарын ұсынады, құқықтық нормаларды жетілдіруге жәрдемдеседі; осы мақсатпен дүниежүзілік төжірибе байыппен зерттеледі.
Азаматтық құқық ғылымы қашан да ғылыми көзқарастардың, мектептер мен бағыттардың күрес жүргізуі жағдайында дамыды. Мұндай күрес ғылыми ұстанымдар мен идеялардың әлсіздігін анықтауға, ғылыми ақиқатты дәлелдеуге мүмкіндік береді. Ол әдетте ғылыми пікірталастар, айтыстар түрінде, арнаулы ғылыми жарияланымдар мен мерзімді баспасөз беттерінде, ғылыми конференцияларда, семинарларда, талқылауларда, басқа да ғылыми кездесулерде, аудиторияға, ғылыми қарсыластар мен оппоненттерге ғалымның пікірін жеткізуге, өз атына айтылған сын пікірлерге жауап беруге, өзінің ұстанымдары мен тұжырымдамаларын қорғауға мүмкіндік беретін өзге де түрлерде жүргізіледі..,
Кеңестік цивилист-ғалымдардың атап өтерлік жақсы қасиеті - олар тіпті қатаң цензура және партиялық-мемлекеттік идеологияға сай келмейтін пікірлер басып-жанышталатын кезеңнің өзінде өздерінің идеялары мен көзқарастарын ашық қорғай білді. Сол кездегі ғылыми пікірталастарда айтылған көзқарастардың көпшілігін азаматтық құқық ғылымы жаңа, қазіргі даму жағдайларында да түсіністікпен қабылдады. Мысалы, цивилист-ғалымдардың "шаруашылық құқығы" (бұл тұжырымдама туралы осы оқулықтың I тарауында айтылады) тұжырымдамасына қарсы ондаған жылдарға созылған ғылыми күресін, азаматтық құқық пәні және қоғамдық қатынастарды реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі туралы, заңды тұлғаның, әсіресе, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің мәні және басқалары туралы қызу пікірталастарын атап керсетуге болады. Сол пікірталастар үстінде ұсынылған көптеген қағидалар қазір де Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымның қаруы болып келеді.
Қазақстан Республикасының азаматтық кұкық ғылымы
Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы мұнда жоғары заң білімі алғашқы қадамдарын жасаған 30-жылдары пайда болды. Сондықтан Қазақстанның алғашқы заң жоғары оқу орындарының оқытушылары алғашқы қазақстандық цивилист-ғалымдар болды. Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымының бастауында қазақстандық цивилист-ғалымдар М.А. Ваксберг, Г.М. Степаненко, А.И. Беспалова, Б.В. Покровский, И.Д. Фондаминский, М.Г. Масевич, Ю.Г. Басин тұрды. Олардың жүмыстары Қазақстанның азаматтық құқығының ерекшеліктерін зерттеуге бастама болды. Мұнда Алматы мемлекеттік заң институтының жас жетекшісі, Қазақстандағы заң ғылымының ең алғашқы кандидаттарының бірі (қазір — Ұлттық ғылым академиясының академигі) С.З.Зимановтың осы саладағы белсенді қызметі шешуші рөл атқарды. Оның қайратымен жөне күш-жігерімен Алматы мемлекеттік заң институтының бір топ жас оқытушылары Мәскеуде кандидаттық диссертациялар дайындап, ойдағыдай қорғап шықты.
50-жылдардың басынан бастап азаматтық-құқықтық проблемалар бойынша ғылыми жарияланымдар пайда болды. Алматы мемлекеттік заң институты ғалымдарының ғылыми еңбектерінің шығарылымы 1955 ж. жарық көрді. Құқықтың түрлі салаларындағы мамандар еңбектерінің ішінде С.З.Зиманов пен А.Ерсеновтың жерге феодалдық меншік құқығы туралы, М.А.Ваксбергтің сауданың құқықтық мәселелері туралы, Г.М. Степаненконың азаматтық кодекстердің мәтіндері туралы, Б.В.Покрозскийдің колхоздармен жасалатын шарттар туралы жүмыстары болды.
50-жылдардың аяғы — 60-жылдардың басына қарай Қазақстан цивилистерінің құқықтық зерттеулері едәуір дамытылды. Қазақстандық заңгер-ғалымдардың ғылыми және оқулық кітаптары негізінен Мәскеуде жарық көре бастады, мысалы: "Правовые вопросы организации и деятельности совхозов" (1959 ж.); "Правовые вопросы проектирования в строительстве" (1962 ж.); "Комментарий к Положениям о поставках продукции производственно-технического назначения и товаров народного потребления" (1962 ж.).
Сол жылдары КСРО-ның барлық одақтас республикаларында қабылданған азаматтық кодекстерге берілген түсіндірмелердің алғашқысы — Азаматтық кодекске Түсіндірме айтарлықтай практикалық маңызы бар сүбелі ғылыми еңбек болды. Көлемі 50 баспа табаққа жуықтайтын ҚазКСР АК-на түсіндірме авторлар ретінде сол жылдары Қазақстанда жұмыс істеген азаматтық құқық саласының барлық ғылыми мамандарын біріктірді. Олардың ішінен Б.Б.Базарбаевты, Ю.Г. Басинді, А.И.Беспалованы, М.А. Ваксберггі, М-Г. Масевичті, С.И.Меерзонды, Н.Г. Мурзинді, Б.В. Покровскийді, Ғ.И.Төлеуғалиевты атауға болады. Ленинград мемлекетгік университеті азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі, азаматтық құқық саласының КСРО-дағы ең көрнекті өкілі — профессор О.С. Иоффе де авторлық ұжымға қосылды. 1972 ж. оның қатысуымен "Қазақ КСР-інің Неке жөне отбасы кодексіне Түсіндірме" жарық көрді.
Авторлық ұжымы айтарлықтай өзгерген "Азаматтық кодекске түсіндірмеңің" жаңа нұсқасы 1990 ж., ал "Неке және отбасы туралы кодекске түсіндірменің" жаңартылған түрі — 1989 ж. жарияланды. У.К. Ихсанов, Н.Б.Мухитдинов, К.Н. Наменгенов, М.К. Сүлейменов секілді көрнекі зертгеуші-ғалымдардың есімдері белгілі бола бастады. . Соңдықтан 60-жылдары қазақстандық цивилистикалық мектепті құру жөнінде сөз қозғау мүмкіндігі туды.
60-жылдардың ортасынан бастап қазақстандық азаматтық құқық проблемаларын талдауға республика Ғылым академиясының Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтының цивилистері белсене қатысты. Осы институттың азаматтык, құқық мамандары көбіне Қазақ мемлекеттік университетінің азаматтық құқық оқытушыларын қатыстыра отырып, сол жылдардағы бірқатар ерекше өзекті проблемаларды талдады. Ғылыми зерттеулер мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:
— шаруашылық тетікті жетілдіру;
— материалдық-техникалық жабдықтауды құқықтық реттеу;
— Күрделі қүрылысты қүқықтық ретгеу;
— Тұрғын үй заңдарын жетілдіру;
— Ғылыми-техникалық шығармашылықтың құқықтық нысандары және оның өндірісте пайдаланылуы.
Бұл ғылыми бағыттардың әрқайсысы көптеген жылдар бойы жан-жақты талданды; осының нәтижесінде бүкіл елімізге жақсы мәлім мамандардың көптеген іргелі монографиялары жарық көрді (олардың кейбіреулері шетелдерде басылып шықты) және баспасөз бетіңде жақсы бағалаңды.
Ең алдымен шаруашылық тетігін жегіддіру құқықтық проблемалары зерттелді. Зерттеудің басты тақырыбының ортақтығына байланысты жұмыстар циклін Ғылым академиясының екі жетекші қызметкері — М.К. Сүлейменов пен Б.В. Покровский дайындады, оларға түрлі жұмыстарды дайындауда М.Г. Масевич, Н.М. Мухитдинов, Ю.Г. Басин және басқа ғалымдар қосылды. Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелеріне мынадай монографияларды жатқызуға болады: "Кәсіпорыңдарды материалдық ынталандырудың құқықтық мәселелері" (1972 ж.), "Өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың шаруашылық есеп жүргізуінің құқықтық нысандары" (1975 ж.), "Құрылыс ұйымдарының шаруашылық есеп .......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық жүйесінде «Азаматтық құқықтың» орны
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастары
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтың мазмұны субъектілері және объектілері
» Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық жүйесінде «Азаматтық құқықтың» орны
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастары
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтың мазмұны субъектілері және объектілері
» Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
Іздеп көріңіз: