Курстық жұмыс: Әдебиет | Айбынды қазақ ханы Абылай
Мазмұны
1 Кіріспе :
1.1 Айбынды ќазаќ ханы – Абылай
2.Негізгі бҰлім :
2.1 АќылгҰй хан Ұмірі
2.2 Саясаткер Ғлы хан
2.3 Абылай хан мен Екатерина патшайым
3.Ќорытынды :
3.1 Ақылгөй бабам – Абылай
4. Пайдаланылѓан єдебиеттер
1.1 Айбынды қазақ ханы Абылай
Тарих – бұл өткен өмір бейнесі. Сол тарих көшін басқа арнаға бұрып ,оның алдыңғы дамуына һзінше серпіліс, өзінше өрнек беретін ұлы тұлғалар баршылық. Оларсыз адамзат тарихын көз алдыға елестету мүмкін емес .Содан болар,әлем тарихынан аздаған хабары бар жандардың ішінде: Александр Македонский,Юлиий Цезарь, Шыңғыс хан, Наполеондар жайлы білмейтін жандар баршылық.
Қазақ ұлтының ұлы тұлғасы, мемлекетіміздің символы, іспеттес аты аңызға айналған, қазақтың ұлы тұлғасы айбынды ханы - Абылай. Абылай туралы бүгінде аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.Абылайдың мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметіне әр уақытта әр түрлі баға беріліп келді. Егер ол қазақтың дастандарында қысылғанда қол бастаған - батыр, қиналғанда ел бастаған көсем, шаршы топта сөз бастаған шешен, елі үшін еңіреп туған ер. Бүкіл ғұмырын қазақтың бсын қосуға арнаған ақылгөй дана айбынды хан ретінде көтерілсе төңкеріліске дейінгі зерттеулерде оның тұлғасына негізінен осы халықтық шындық тұрғысынан баға берңліп келді .
Абылай тұлғасына сыңаржақ көзқарас орын алып, оның мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметін сынап - мінеу тенденциясы орныға бастады. Тек қазақт елі шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана Абылайдың қазақ тарихындағы айбынды рөліне тиісті баға беріліп, тарих төрінен өзіне лайықты орын алды.
Абылай есімін атағанда исі қазақ аталуының жадына “қазақ халқы” , “бостандық” сияқты қасиетті ұғымдар оралады. Аруақты Абылай бабамыздың есімі, рухы осы ұғымдардың синонимі емес деп ешкім айта алмас. Өйткені Абылай ханның - даңқы асқан батырдың, ақылды да айлалы қолбасшының, жоғары дәрежедегі мемлекет қайраткерінің, көреген дипломаттың бір ғасырға жуық қазақ халқының тағдырымен,оның ата тарихымен сабақтас .Шын мәнінде 18 ғасыр қазақ халқының тарихында Абылай заманы болып өтетіні орынды еді.
Шоқан Уәлиханов өзінің “Абылай”атты мақаласында: “Қазақтың ішінде Абылайдың даңқы өте зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналды ”деп жазған еді. Абылай ұлттық сананы оята алатын, ұлттық мақсатты асқар шыңға көтеріп,халықтың бірлігі мен тірлігін қорғай алатын мемлекет қайраткері ретінде танылды .
Абылай хан тұлғасы жалаң, жадағай идеологияландырылған шеңберге сыймайды. Ол өте алып та тұңғиықтай терең тұлға. Оны тудырған оның сол ғажйып қайшылықтарға, қиындықтарға толы заманасы. Аќылымен, ерж‰ректілігімен, табандылыѓымен ерекше кҰзге т‰скен. Абылайдың мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметіне әр кезеңде түрлі баға беріп келді. Кез келген халық тарихындағы оның бостандық іздеп шарқ ұрған кезеңдеріне теріс баға беріліп, сол азаттық туын көтерген ардақты перзенттерінің атына қара күйе жағыла бастады.
Абылай туралы орыс энциклопедиясының алғашқы мақаласында орыс-қазақ тарих ғылымында ол туралы бірден-бір дұрыс пікірдің қалыптасуына орасан зор еңбек сіңіңрген қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов еді. Шоқанның “Орыс ғалымдары мен әдебиетшілері құрастырған энциклопедиялық сөздік” деп аталатын орыс энциклопедиясының 1861 жылы 1-тамызда шыққан “Абылай”атты мақаласы орыс және қазақ тарих ғылымында абылайтанудың іргетасы болып қаланған бәрегей нңбек болып табылады.Абылайѓа баѓа бере келіп Шоќан: “Оныњ пайдалы кењестері мен стратегиялары ой-толѓамдары дана болѓандыѓын дєлелдей т‰седі. Абылай шын мєнінде кҰптеген сынаќ пен к‰ресті бастан кешірді. Сондыќтан ќазаќтар оны Ғлы істерді ж‰зеге асыруѓа жіберген деп есептеген”, - деп жазды. Екі рет тҒтќыннан босап шыѓып орыс пен ќытай сияты екі аждаханыњ ортасынан халќына тиімді жол тауып, Орта ж‰зге ѓана емес б‰кіл Ќазаќ хандыѓына ємір ж‰ргізген Абылайдыњ даналыѓы кімді де болсын тањѓалдырмай ќоймайды.
Абылайдың еңбегіне лайықты баға беру үшін оның өмір сүрген заманы мен билік басына қалай келгендігі туралы назар аударған жөн. Абылайдың қайраткерлік рөлін айқындауға ұлы тұлғалар: Қозыбаев, Сүлейменов, Моисеев т.б көптеген еңбек сіңірді. М.Қозыбаев: “Абылай хан - өте алып та ,тұңғиықтай тереі тұлға” десе Р Сүлейменов: “Хан Абылай - қазақ елінің өткен тарихында елеулі із қалдырған тұлға ” деп ерекшелеген. Абылайдың қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметі 18 ғасырда Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара сияқты ақын-жыраулар, поэзиясында ғана жырланып қалмады, кейінгі ғасырлардағы тарихи жырлар мен дастандардың да өзегіне айналды.
Абай: “Абылай мен Кенесары - қазақ халөының қаһармандары ”. Олардың істері мадақтауға лайық деп ой тастады.
Кеңестік саяат Абылайды жалаң, идеологияландырылған,
қайшылықты тұлғасанаған кезде ақын – жыраулар поэзиясындағы Абылай бейнесіне, атап айтқанда Марғұлан, Мағауин және т.б талдау жасады.
Соңғы кездері Абылай жайлы халық-ауыз әдебиеті мұраларының Абылай өміріне, заманына қатысты тарихи деректердің молынан жарық көруі жаңа зерттеуді қажетсінді. Абылайнамалық мол туындыларды жинақтап, екшеп, Абылай заманына сипаттама жасап, шығармалардағы әдеби шындықтың тарихи шындықпен сәйкестігін бағалап, Абылай өмірін қайта саралау міндеті тұрды. Сондай–ақ ел егемендігін алған шақта 1991 жылы 9-сәуірде қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев: “...Абылай секілді хандарымызды тек һзіміз ғана біліп қоймай, Қазақстанның барлық халқына танытайық”, -деп Абылай ханды жан-жақты зерттеу қажеттігін көрсетті.
2.1 Ұлы ханның өмірі
18ғасырда Шығ,ыс әулетінен тараған ханзадалардың құны құлдыраған кез еді.Бай феодалдар болса жүз елу жылдан астам жаугершілік кезінде бір жұрттық емес , бір шабудан қалмайтын. “Байтал түгіл,бас қайғы кез еді ” деген.
Абылай қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына ке лтіріп,өз хандығы кезінде елдің саяси және экономикалық дамуына түбіріл өзгерістер енгізген.
Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы Абылай (Әбілмәнсұр )1711 жылы дүниеге келген .Атасы -Түркістан қаласының билеушісі, әскери жорықтарда аса қатыкездігімен көзге түсіп “қанішер”атанған.Абылайдың он үш жасында ауылын жау шауып, әке-шеше, туған-туыстарынан айырылған Абылай әкесінің сенімді адамдарының арқасында жаудан жасырынып құтылған. Осы кезден-ақ бойынан ірі қайраткекрге тән қасиеттер байқала бастады.Ақылымен, ер жүректілігімен көзге түскен. Қашып жүргенде аты жөнін жасырып, “Сабалақ” атанған Абылай әкесімен ағайындас Орта жүз ханы Әбілмәмбет сарайындағы ақсүйектерге келіп қосылады.
Абылдайдың өмірі мен ерлігін жырлаған Бұқар жырау оның жас кезіндегі ауыр өмірін төмендегі шумақтармен бәлдәрген:
Әй, Абылай, Абылай
Сені алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің…
…Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің
…Абылай атың жоқ еді,
“Сабалақ” атпен жүр едің…
15 жвасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене ат салысқан Абылай жоңғар шабуылдарын құтқарып ,ел тыныштықғын, ел бірлігін қамтамасыз етуді өзіне бір ұлы мақсат еткен.Екі ірі мемлекет –Цин империясы және Ресей империялары арасында қыспақта тұрған елдің жағдайын тұрғылықты ұстау еді.Абылай ел мүлдесі үшін Ресейге арқа сүйеуге тырысты.Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың бар мақсаты – мемлекет бірлестігін спақтап қалу.Дипломатиялық шаралардың асқан шебері Абылай хан, хан болып сайлануға дейін де, Тарбағатай таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан тарихи қазақ жерін қайтаруда қыруар еңбек сіңірді. Жоңғария тарихи сахынадан жоғалып , оның жерін басып алған Маньжур – Цин империя билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгілейді.
1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қахзақ руларын батысқа қарай ығыстырады. Абылайдың мақсаты – жоңғар шапқыншылығы кезінде жоңғарлар басып алған шекаралық өңірдегі қазақтардың тарихи иелігін қайтарып алу.
1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салады. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие болған Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлайды.
Абылай хан қазақ хандығын билеуде бірқатар өзгерістерді зандастырды.Есім ханның ескі жолында Қасым ханның қасқа жолында , атақты даналар Қазыбек би және Төле билердің қатысуымен қабылданғани Тәуке ханның Жеті жарғы заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындаған Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне Абыай шек қойды.Өз сарайында топтасқан батырларының қолдауына сүйеніп, Абылпай ойлаған жоспарларын еш қиындықсыз іске асырып отырды.
Абылай хан 1771 жылы дүние салып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленеді.Артыда 30 ұл, 40 қыз ұрпақ қалдырады. Оның мирасқоры Уәли сұлтан әкесінің жолын бас алмайды.
2.2 Саясаткер - ұлы хан
18 ғасырдың берген қырықыншы жылдарықазақелі үшін ең қауіпті жау – қалмақтар болып қала берді. 1727 жылы Себен - Рабданды жас тоқалы Еділдегі қалмақ-торғауыттардың ханы Аюкеннің елшілерімен бірігіп ,у беріп өлтіреді. Бұл сөз - әкесінің тағына отырған Қалдан –Сереннің мәлімдемесі. Ресеймен дұрыс қарым-қатынас орнатып, қазақтарға тақымын батыруға тырысады. Қалдан-Сереннің тұсы-Жоңғар хандығының мұртынан құрты түсіп, Қытайдың өзімен иық тіресетіндей ірі мемлекет болған кезі еді. Осы Қалдан-Серен 1740 жылы он бес мың қолмен Ертіс пен Есіл бойында көшіп жүрген керей-уақтың жерінде отырған Әбілмәмбет ханды шабады. Егер аманат бермесең, сені де құртамын деп Әбілқайыр ханға ескерту жасайды. Ал Ресейден зеңбіректер мен оны пайдаланатын зеңбіркекшілер сұраған Әбілқайыр: “Әзірше өзімізге де жетпей жатыр ”-деген жауап алады.Қалдан-Серен қазақтарға щабуылын қоймайды. Абылай сұлтан отыз бес жолдасымен Ұлытау маңында саясатта жүргенде қапыда қолға түседі. Тұтқын Абылый үлкен төзімділік, қайрат - жігеркөрсетеді, өзінің ар-намысын таптатқызбай биік ұстайды, бекзадалығын байқатады. Жігері құм болған, Әбілмәмбет хан Абылайды босатып алуға ешбір әрекет жасай алмайды.
1742 жылы екінші қыркүйекте Орынбор комиссиясының төрағасы И.Неплюев орыс мемлекетінің қол астындағы қазақтардың ісіне араласпаңыз деп хат жазады: ”¦лы мәртебелі ұлыста ұсталып отырған Абылайды босатсаңыз екен ?”- деп патша ағзамның құрметіне, тату көршілік хақысы үшін сіздің сұрайды. Осы сәлемді жеткізу үшін сол жылдың кыркүйегінде Қалдан-Серенге майор К.Миллер аттанады, бірақ қонтайшы бізді шешек ауруы басып жатыр деген желеумен оны қабылдамай қояды. Ал, Абылай тұтқында қала береді. Абылай үшін осы бір ең ауыр кезең туралы халқымыздың жадында көп аңыз -әңгіме сақталған. Соның бірі: “Абылайды Қалдан-Серен Шарыш деген баласын өлтіргні үшін тұтында ұстаған деседі. Оны жаңа ғана сойылған бұзау терісімен қаптап ,бір тамшы су бергізбей,ыстық күн астына қақтайды. Бір күні ит-қорлыққа шыдай алмаған Абылай: “Сендей күннен туған жаман бала қай жерде өлмеген”, деп ханның бетіне түкіріпті ...
Ұзақ уақыт жүргізілген келіссөздерден кейін (Абылайдың ролі зор болса керек), 1743жылы ол тұтқыннан босап шығады. 1743 жылы тамыздың соңында Орта жүзге барып қайтқан Иван Лапин: “Абылай жоңғарлардан зор сый-сияпатпен оралды. Атап айтқанда оған апталған киіз үй, қамқа ішік, жиналмалы шатыр, сауыт және басқа бұйымдар сыйға тартылды”,- деп жазды .
Тұтқынан оралғанан кейін Абылай ағасы Әбілмәмбет хан мен алғашқы рет сөзге келеді . Босатуға ешбір әрекет жасамағанына ренжиді,“Менің орнымда сіз тұтқынға ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Тарих | Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер
» Курстық жұмыс: Тарих | Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Мағауиннің зерттеу еңбектерін саралап қарастыру
» Курстық жұмыс: Тарих | Шыңжан өлкесіндегі қазақтар
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі
» Курстық жұмыс: Тарих | Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер
» Курстық жұмыс: Тарих | Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Мағауиннің зерттеу еңбектерін саралап қарастыру
» Курстық жұмыс: Тарих | Шыңжан өлкесіндегі қазақтар
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі
Іздеп көріңіз: