Курстық жұмыс: Менеджмент | АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау

Курстық жұмыс: Менеджмент | АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау

Мазмұны

Кіріспе
1. Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі коэффициенттерінің теориялық негіздері
1.1.Қаржылық коэффициенттерге сипаттама
1.2. Қаржылық коэффициенттердің сыныпталуы және қаржылық талдау әдістері

2.АҚ «КазМұнайГаз»-дың қаржылық жағдайына талдау
2.1. Компанияның қызметіне сипаттама
2.2. Компанияның балансын қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып бағалау

3. Компанияның қызметтерін оңтайландыру шаралары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі коэффициенттерінің теориялық негіздері.
1.1. Қаржылық коэффициенттерге сипаттама.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тұрғыдан анықтауға болады. Бірінші жағдайда қаржылық жағдайды талдау критерийі - өтімділік және төлем қабілеттілік болады.
Көптеген еліміздің мамандарының айтуы бойынша өтімділік және төлем қабілеттілік ұғымдары теңестіріледі. Өтімділік ұғымын активтердің белгілі бір уақытқа байланысты ақшалай қаражаттарға айырбасталу мүмкіндігі. Мерзім аз болған сайын активтердің өтімділігі жоғары деген сөз. Баланстың өтімділігі дегеніміз ұйымның міндеттерін активтермен жабу мүмкіндігі, яғни міндеттердің өтелу мерзімінің активтердің ақшаға айналу мерзіміне сәйкестігі.
Ұйымның өтімділгін айтқан кезде қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін айналыстағы қаражаттардың жеткіліктігі болып табылады. Сандық өтімділік арнайы өтімділік коэффициентімен сипатталады.
Төлем қабілеттелік дереу өтелуге міндетті несиелік қарыздарды төлеу үшін ұйымдағы ақша қаражаттарының болуы. Осыған байланысты төлем қабілеттіктің негізгі көрсеткіштері: а) есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының жеткіліктік мөлшері; б) мерзімі өтіп кеткен несиелік қарыздардың болмауы.
Яғни өтімділік пен төлем қабілеттілік коэффициенттері бір- біріне тең емес.

Баланстың өтімлігін талдау.
Баланстың өтімділігін талдау өтімділік дәрежесі төмендеуге байланысты топтастырылған активтік қаражаттарды өтелу мерзімінің ұзаруына байланысты орналастырылған пассивтік қаражаттардың арақатынасын салыстыру арқылы анықталады.
Өтімділік дәрежесіне байланысты,яғни ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігіне байланысты ұйымның активтері келесі топтарға бөлінеді:
А1. Өтімділігі өте жоғары активтер- оларға барлық ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар (бағалы қағаздар) жатады.
А2. Тез сатылатын активтер- қолма- қол қаражаттарға айырбастау үшін уақытты қажет ететін активтер.Бұған есеп беру кезеңінен кейін 12 ай ішінде өтелетін дебиторлық қарыздарды жатады.
А3. Жәй сатылатын активтер- өтімділігі төмен активтер- ҚҚС қорлары, дебиторлық қарыздар( есептік кезеңнен кейін 12 айдан асатын уақытта қайтарылатын) және басқада айналым активтері.
А4. Қиын сатылытын активтер- ұзақ мерзімде шаруашылық қызметте қолданылатын активтер. Бұл топқа айналымнан тыс активтер жатады.
Активтерддің алғашқы 3 тобы шаруашылық мерзімінің аралығында үнемі өзгеріп тұруы мүмкін, сондықтан олар ағымдағы активтер деп аталады. Басқа активтермен салыстырғанда ағымдағы активтердің өтімділігі жоғары.
Баланстың пассивтері олардың төлену мерзімінің дәрежесіне байланысты анықталады:
П1. Тез өтелетін міндеттемелер- оларға кредиторлық қарыздар жатады.
П2. Қысқа мерзімді пассивтер- қысқа мерзімді қарыз қаражаттары, басқа да қысқа мерзімді пассивтер, дивидендтер бойынша төлемдер.
П3. Ұзақ мерзімді пассивтер-банктердің ұзақ мерзімді қарыздық кредиттері және басқа да қысқа мерзімді пассивтер.
П4. Тұрақты пассивтер-болашақтағы пайдалар, пайдалану қорлары, келешектегі шығындардың пассивтер.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер бірге алғанда сыртқы міндеттемелер болады.
Кәсіпорын өтімді болады,егер ағымдағы активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден көп болса. Кәсіпорын жоғары дәрежеде және төмен дәрежеде өтімді болады.Баланстың өтімділігін анықтау үшін пассивтер мен активтер топтарын теңестіру керек. Баланс абсолютті өтімді болады, егер мынандай теңсіздік орындалса:
А1>=П1; А1>=П2; А3>=П3;А4>= П4;

Егер осы теңсіздік орындалса, яғни ағымдағы активтер сыртқы міндеттемелерден жоғары болса, мұның терең экономикалық мәні бар: фирманың меншікті айналым қаражаты бар екендігін көрсетеді, қаржылық тұрақтылықтың минималдық шарты орындалады.
Осы үш теңсіздіктің біреуі орындалмаса, баланс абсолюттік сипаттан алшақтайды.
Өтімді қаражаттардың міндеттемелерге теңестірілуі:
- ағымдағы өтімділік,қарастырылған мерзім аралығында ұйымның төлем қабілеттігі(+) немесе төлем қабілетсіздігі(-). АӨ=(А1+А2)- (П1+П2);
- перспективалық өтімділік-төлем қабілеттілікті болашақ түсімдер мен төлемдер арқылы салыстыру. ПӨ=А3-П3

Баланстың өтімділігін талдау келесі кестеде көрсетіледі.
1- кесте

Актив Мерзім басында Мерзім аяғында Пассив Мерзім басында Мерзім аяғында Артық және жетіспеушілік
1 2 3 4 5 6 7=2-5 8=3-6
Өтімділігі өте жоғары активтер(А1) Х1.1 Х1.2.
Тез өтелетін міндеттемелер(П1) У1.1 У1.2.
Тез сатылатын активтер(А2) Х2.1 Х2.2. Қысқа мерзімді пассивтер(П2) У2.1 У2.2
Жәй сатылатын активтер(А3) Х3.1 Х3.2 Ұзақ мерзімді пассивтер(П3) У3.1 У3.2
Қиын сатылатын активтер(А4) Х4.1 Х4.2 Тұрақты пассивтер(П4) У4.1 У4.2
Баланс Баланс


1 топтағы активтер мен пассивтерді теңестіру арқылы ағымдағы төлем қабілеттілік пен түсімдерді анықтауға болады. 2 топтағы пассивтер мен активтерді салыстыру арқылы, яғни А2 мен П3, жақын арадағы ағымдағы өтімділіктің өсуі мен кемуін анықтауға болады. 3 және 4 топтағы активтік және пассивтік қорытындыларды салыстыру арқылы болашақтағы төлемдер мен түсімдерді анықтауға болады. Жоғарыдағы схеманы талдау уақытылы төлемдерді өтеу мүмкіндігін сипаттайтын қаржылық жағдайы анықталады.
Бұл схема арқылы талдау жақындатылған талдау болса, нақты талдау төлем қабілеттігін қаржылық коэффициенттердің көмегімен талдауға болады.

Төлем қабілеттілік коэффициенттерін анықтау және есептеу.
Төлем қабілеттілік коэффициенті нормативтер арқылы талданады.

Қаржылық коэффициент нормативі (2 кесте)
Көрсеткіштер атауы Есептеу әдісі Оңтайлы шектеулер
Өтімділіктің жалпы көрсеткіші L1=(A1+0.5*A2+0.3*A3)/(П1+0.5*П2+0.3*П3) L1>=1
Абсолюттік өтімділік коэффициенті

L2= A2/(П1+П2)

L2>0.1-0.7

«Нашар» бағалану коэффициенті L3=(A1+A2)/(П1+П2)

0.7-0.8 жіберіледі, мүмкіндігіншеL3~1
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
L4=(A1+A2+A3)/(П1+П2) Қажетті1; тиімді L4~1.5-2
Коэффициенттердің мәнін ашып айтайық. Абсолютті өтімділік коэффициенті(L2) жақын уақыт аралығында ұйым ақша қаражаттарының көмегімен қысқа мерзімді міндеттемелердің қаншалаықты бөлігін өтей алатындығын көрсетеді. Нашар бағалану коэффициенті(L3) төлемдер бойынша түсімдер және басқа да шоттардың арқасында тезарада міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарын ауыстыру арқылы ағымдағы міндеттемелерді орындау жағдайы.
Өтімділікті жиынтық бағалау үшін төлем қабілеттілік коэффициентін қолдану керек (L1). Оны бағалау арқала ұйымның қаржылық жағдайы өзгереді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (L4) осы барлық көрсеткіштерді жалпылайды және бухгалтерлік баланстың оңтайлы( оңтайлы еместігін) көрсетеді. Бұл төлем қабілеттіліктің негізгі көрсеткіші.

Қаржылық тұрақтылықты талдау
Ұйымның қаржылық жағдайын талдаған кезде қаржылық тұрақтылықты қарастырмай өтуге болмайды.
Ұйымның қаржылық тұрақтылығы- жеткілікті тәуекел деңгейін ескере отырып төлем қабілеттілік және несие қабілеттілік жағдайын сәйкестендіре ұйым капиталы мен пайдасы өсуге бағытталған ұйымдық ресурсты дұрыс орналастыру және бөлу кезіндегі жағдай.
Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мақсаты болып активтер мен пассивтердің құрылымы мен көлемін бағалау болып табылады.Бұл мынандай сұрақтарға жауап береді: активтер мен пассивтердің өсу деңгейін анықтауға көмектеседі. Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффициенттерді анықтайық.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері қорлар мен шығындардың құралу көздерін көрсеттеді.
Қорлар мен шығындардың құрылу көздерін сипаттау үшін бірнеше көрсеткіштер бар олар әртүрлі көздерді сипаттайды.
1. Меншікті айналым қаражаттары:
МАҚ= капитал және резерв- айналымнан тыс активтер;
2. Меншікті және ұзақ мерзімді қарыздар, қорлар мен шығындардың құрылу көздері және әрекет етуші капитал.
МҚ= МАҚ+ ұзақ мерзімді пассивтер;
3. Қорлардың құрылу негізгі көздерінің жалпы көлемі.
НК=МҚ+ қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар;

Осы үш көрсеткішкі қамтамасыз етуші үш көрсеткіш бар:
1. Меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы немесе жетіспеушілігі.
+(-)Фc =МАҚ –ҚҚ
2. Қорлар мен шығындардың құрылу көздерінің меншікті және ұзақ мерзімді қарыздардың артықшылығы немесе жетіспеушілігі:
+(-)Ф т=МҚ- ҚҚ
3. Қор және шығын құрау үшін меншікті қаражаттың артықшылығы немесе жеткіліктігі.
+(-)Фо= НК-ҚҚ
Осы көрсеткіштердің көмегімен қаржылық тұрақтылықтың үш деңгейлі жағдайын анықтауға болады:
1, егер Ф>0
S(Ф)=
0,егер Ф=0; +(-)Фт>= 0; +(-)Фо>=0
Яғни үш деңгейлі жағдай S=(1;1;1)
2. Жақсы тәуелсіздігі қаржылық жағдайдың, төлем қабілеттілікті кепілдендіреді: +(-)Фс=0; +(-)Фо>=0 немесе S=(0; 1; 1)
3. Тұрақты емес жағдай, төлем қабілеттілік бұзылады, бірақ дебиторлық қарызды азайта отырып, қордың айналуы тездетіліп, тұрақтылық орнатылады:+(-)Фс ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау
» Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЙ КҮЙІН БАҒАЛАУ
» Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | ЖШС «Құрылыс Консалтинг» қаржылық-экономикалық жағдайын талдау
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Іздеп көріңіз:
курстык АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Менеджмент курстық жұмыстар, АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]