Курстық жұмыс: Тарих | АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін
Мазмұны
КІРІСПЕ3-9
БІРШШІ ТАРАУ АҚШ XX ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДА
1.1. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс0-21
1.2. Демократтардың өкімет басына келуі 22-26
ЕКШШІ ТАРАУ ФРАНКЛИН РУЗВЕЛЬТ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
2.1. Ф.Рузвельт «Жаңа бағыты» және саясаттағы бетбүрыс27-35
2.2. Ф.Рузвельт өкіметінің сыртқы саясаты және АҚШ екінші дүниежүзілік
соғыс жылдарында36-42
ҚОРЫТЫНДЫ43-47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР48-50
І- ТАРАУ. АҚШ XX ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРДА
І.І. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы. Саяси экономикалық дамуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегеилі өзгеріске әкелді - АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуір айында кірді. 1917 жылы көктемде Америка әскерлері Еуропа құрлығына шілде-тамыз айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерін қамтыған жоқ, экономикасы ешқандай зиян шекпеді. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс майданында 50 мың адам өліп, 230 мың адам жараланды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ-тың өнеркәсіп орындары тоқтаусыз жұмыс істеп Еуропа елдерінің соғыс тапсырмаларын орындап отырды. Сондықтан американдық корпорация иелері шексіз таза пайдаға кенелді. 1914-1918 жылдары АҚШ-тың таза кірісі 33,5 млрд доллар болды. Өнеркәсіптің дамуының дүниежүзілік саладағы үлес салмағы өсті. 1919 жылы АҚШ дүниежүзінде өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің, оның ішінде көмірдің 50%, шойын мен болаттың -5/3; мұнайдың 3/2 —; автомобильдің 85% шығарды. Соғыстың қорытындысында АҚШ-тың экономикалық күш қуаты артты. Сонымен қатар, АҚШ каржы саласында Еуропа елдеріне көптеп инвестиция арқылы көмектесіп. өндірісін дамытуда. Олар каржы саласында АҚШ-қа теуелді болды. АҚШ инвестицшсы Еуропа елдеріне:
- соғысқа қажетті заем 11 млрд долларға жетті;
- Қанада мен Латын Америка елдеріне жеке инвестиция мөлшері 7 млрд доллар болса, 20 жылдарда дүниежүзі елдеріндегі АҚШ инвестициясыныц мөлшері 18 млрд долларға жетті. Соғыстың АҚШ үшін қорытындысы, Еуропа елдеріне Америка капиталының көп мөлшерде шығарылуы, АҚШ қарыз беретін елге айналды. Соғыстың қорытындысында АҚШ дүниежүзіне өзінің саяси экспанциялық саясатын нығайта түсті. Дүниежүзілік рынокты өз қолына ала бастады. АҚШ президенті Вильсонның сөзімен айтқанда: «Біздің міндетіміз дүниежүзіне ақша беру болса, ақша берген ел әлемді билей білуі керек». Бұл саясаттың негізі - АҚШ-тың дүниежүзілік гегемондық билікке шығуы болды.
Соғыстан кейін АҚШ президенті Вудро Вильсон (1856-1924) болып қалды. Ішкі саясатта либерал-реформаторлық бағыт ұстап, Американың қаржы капиталының мүддесін қолдады. Сыртқы саясатта Латын Америкасы елдеріне қарсы экспанциялық саясат жүргізді. 1918 жылы қаңтарда атақты «14 пүнкт» - бағдарламасын ұсынып, Париж конференциясына қатысты.
1920-1921 жылдарда АҚШ-та экономикалық дағдарыс кен етек алды, Елде ереуілдік қозғалыс күшейді. 1919 жылы елде 210 мың өнеркәсіп орындары болса, ол 1921 жылы 192 мыңға қысқарды. Жұмыссыздық 5-6 млн адамға жетті. Ереуілдік қозғалысқа қатысқан адамдар саны 4,5 млн жетті. 1921 жылы АҚШ-та екі коммунистік партия бірігіп, бір партияға айналды. АҚШ-та дағдарыс жылдарында демократиялық қозғалыс кең етек алды. Ереуілдік қозғалысқа Америка Еңбек конфедерациясы (АЕК) кәсіподақ ұйымы басшылық жасады. Экономикалық дағдарыс президенттік сайлау қарсаңында демократиялық және республикалық партия арасында саяси күресті күшейте түсті. Вильсонның демократиялық партия үкіметінің, халықтың алдында беделі түсе бастады.
1919 жылы қараша айының 2-і күні АҚШ-та президенттік саилау өтті. Сайлауда республикалық партияны қолдап 16 млн дауыс берсе, демократиялык партияны қолдап 9 млн сайлаушылар дауыс берді. 8 жыл елді басқарған демократиялық партия жеңіліс тапты. АҚШ президенті болып республика партиясынан Уоррен Гардинг (1865-1923) сайланды. Вице-президенті болып Калвин Кулидж болды. Республикалық партия үкіметі келген- кейін де елдегі экономикалық дағдарыс жалғасты. Ірі монополияға сенім артқанымен, Гардинг үкіметі қарсылыққа душар болды. 1923 жылы елді аралап жүрген кезде, аурудан Гардинг қайтыс болып, оның орнына вице-президент Кулидж тағайындалды.
Капитализмнің уақытша тұрақтану кезіндегі АҚШ
1924 жылы АҚШ-та президенттік сайлау болып, республикалық партия екінші рет жеңіске жетіп, Кулидж президент болды.
1924 жылы АҚШ-та капитализм уақытша тұрақтану кезеңіне өтті. Буржуазияның саяси ықпалы күшейді. Ереуілдік қозғалыс жеңіліс тапты. Жалпы демократиялық қозғалыс сайлаудан кейін әлсіреді. Экономикалык өрлеу үшін АҚШ буржуазиясы қаржы бөлуге кірісті. Экономика құрылымын өзгертіп, ішкі өндіріске капиталды салып, жаңа технологияны енгізіп, өндіргіш күштің тез өсуіне жағдай жасады. Өнеркәсіптің жаңа салалары: ауыр өнеркәсіп, автомобиль, машина жасау, энергетиканың дамуына көңіл бөлінді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру тез өсті. Мысалы: 1923 жылмен салыстырғанда болат қорыту 45 млн т; 57 млн т артты; электр энергиясы 71 млрд квт сағ, 117 млрд квт сағатқа өсті. Жалпы өнеркәсіп өнімі 70% артты. АҚШ өнеркәсібі дүниежүзінде өндірілген өнімнің 48%-ын шығарды. Сөйтіп, капиталистік елдердің арасында бірінші орынға шықты. Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің өндіріске тез енгізілуі автомобиль шығару Америка қоғамынын мақтанышына айналды. Автомобиль өндірістің негізін қалаушы Генри Фордтың атымен шықты. Жаңа конвейерлік жүйенің енгізілуі, өндірістің үздіксіз жургізілуі өндіргіш күштердің артуы, АҚШ-ты автомобиль шығарудан дүниежүзінде бірінші орынға алып шықты. Мысалы: 1913 жылы 485 мың. ал 1921 жылы, 1.6 млн, 1929 жылы 5,4 млн автомобиль шығарылды. Форд автомобиль заводында кейбір кезде күніне 25 мың автомобиль шығарылатын болды. Өнеркәсіптің химия, самолет жасау, радиотехника салалары қарқынды дамыды. 1928 жылы капитализмнің тұрақтануы өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетті. «Американдық гүлдену заманы басталды» деп түсіндірді АҚШ президенті Кулидж.
1928 жылы АҚШ-та кезекті президенттік сайлауда республикалық партия жеңіске жетіп Герберт Гувер елдін президенті болып сайланды. Гувер укіметі сайлаушылардын үмітін ақтай алмады. АҚШ экономикасындағы дағдарыстан шығудын жолын іздеген «миллионер үкіметі» одан еңбекші халық арқылы шығудың жолын таңдады. «Қатал индивидуализм идеясы елдің дағдарыстан мемлекеттік қолдау арқылы шығуынан бас тартты. Еңбекші халықты әлеуметтік жағынан қолдауга және жұмыссыздарға көмек керсетуге қарсы болды. Гувер үкіметі реакциялық саясат ұстады. АҚШ фермерлерінің талабын орындау үшін 1929 жылы маусым айында конгресс арқылы «Ауыл шаруашылык тауарларын өткізу туралы» заң қабылдады. Жаңа заң бойынша федералдық фермерлерді басқару басқармасын құрды. Фермерлердің өнімдерін сатып алу жэне рыноктағы артық астықтың мөлшерін азайту үшін мемлекет фермерлерге 500 млн доллар бөлді. Фермерлерден сатып алынған ауыл шаруашылығы тауарлары мемлекеттік қоймаларда сақталды. Қоймаларға 257 млн т. бидай, 1,3 млн т. мақта жиналды. Халыққа қажетті азық-түлік тауарларын базарға шығаруды тежеді. Халық арасында аштық басталды. Үсақ және орта фермерлердің жағдайы нашарлады. Мемлекеттік қолдау саясаты уақытша ғана қолданылып. көп кешікпей тоқтатылды.
Гувер үкіметі ішкі саясатта миллионерлерді колдап, ірі монополия иелеріне жеңілдіктер жасады. Жеке меншік компанияларына жеңілдетілген несие берсе, корпорация иелеріне салық мөлшерін азайтты. Шет елдің тауарларына баж салығын өсіріп, ірі өнеркәсіп монополиясы тауарларының бағасын кетерді. Ірі монополияларды мемлекеттік субсидия (көмек) арқылы қолдап отырды. Гувер үкіметі дағдарыс жылдарында мемлекеттік-монополиялық саясатты жүргізуге мәжбүр болғанымен, оған шектеу қойып отырды. Бұл саясатты АҚШ-та кейіннен Рузвельт үкіметі толық жолға қоя алды.
Гувер үкіметінің сыртқы саясаты 20-жылдары басталған экспанциялық бағытта жүргізілді. Қаржы-ақша саясаты АҚШ-тың халықаралық қатынастағы орнын нығайтты. Шет елдерге АҚШ инвестициясы көптеп шығарылды.
1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшері 16,5 млрд доллардан 27 млрд долларға өсті. Американ капиталы Латын Америкасы елдеріне көптеп шығарылды. Бүл АҚШ монополистеріне шексіз пайда әкелді. Экономикалық -экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейтті. АҚШ үкіметі Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсіретіп, Вашингтон конференциясынан кейін Қытайда өз беделін көтеруге қол жеткізді. Бұл саясат Қытайда 1924-1925 жылдарда халық көтерілісінің басталуына әкеліп соқты.20-шы жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерінде беделі нығая түсті Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның экономикалық дамуын күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы несие қаржы-ақша көмегі берілді. Еуропада Германия арқылы АҚШ тың гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзінің антисоветтік саясатын жалғастыра берді.
1929-1932 жылдар АҚШ тарихына ұлы депрессия деген атпен енді. Дәл осы жылдары АҚШ-ты экономикалық дағдарыс жайлады. Ол дағдарыс Нью-Иорк биржасында акция курсының құлауынан басталды. Дағдарыс банк жүйесін, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын қамтыды. 1929 жылдың күзінде Нью-Йорктің қор биржасында қауіпті күндер басталды. Президент Гувер АҚШ-тың гүлденуі туралы 4 жылға арналған экономикалық жоспар қабылдаған соң 4 ай өтпей жатып Америка дағдарысқа ұшырады. Американдық гүлдену күйреу табалдырығының алдында тұрды. Уолл-Стритте аласапыран басталды. Осы уақытқа дейін күн бойы сатылған акцияның саны 8200 мыңнан асқан жоқ. 2 қазанда 12800 мың акция сатылды. АҚШ-тың ірі банкі Митчелл бастаған банкирлердің тобы биржаны миллиондаған долларлармен ұстап тұруға тырысты. Экономист Дж. Кейнс акцияның құлдырауы алып сатарлықты жойды. Биржаның алып сатарлық жолмен тапқан қаржысы өндірісті инвестициялауға жұмсалды. Алайда осыған қарамастан қаржыландырудың біраз бөлігі Уолл-Стритке жұмсалды. 1929 жылы 29 қазанда 16400 мың акция сатылды. Дәл осы күні сатылған құнды қағаздардың саны 24 қазанға дейін әр күні сатылғандардан екі есе көп болды. Құлдырау едәуір алып компанияларды да қамтыды. Едәуір алып компаниялардың өнеркәсіптік акциялары 53%-ке құлады. 24 және 29 қазандар арасындағы құлдырау көптеген бағалы қағаздық жағдайларды жойды. Мыңдаған американдықтар кедейлерге айналды. АҚШ-тың капиталистік экономикасы дағдарыс жағдайына енді. Оның басты қайшылығы өндірістің қоғамдық сипаты мен иеленудің жеке меншіктік формасы арасында көрініс тапты. Жалпы дағдарыс кезеңінде буржуазиялық қоғамның экономикалық қайшылықтарының шиеленісуінің көріністері:
• капитапистік рыноктың тұтыну көлемінен қалып қоюы;
• өндіріс қуатының үнемі артық болуы;
• өндіріс даму қарқынының баяулығы;
• негізгі капиталдың артықтығы;
• өндірісті шектеп, жоғарғы монаполиялы бағаның сақталуы;
• сатып алу қабілеттілігінің құлдырауы;
1929-1933 жылдардағы АҚШ экономикалық дағдарыстың алғы шарттары 20 жылдардағы өнеркәсіп өрлеуі кезеңіндегі капитализм ішінара тұрақтану кезеңінде туындаған. І-дүниежүзілік соғыс кезеңінен бастап АҚШ-та өндірістің өсуі байқалған. Өндірістің өсуіне І-дүниежүзілік соғыс және техникалык прогресс әсер еткен. АҚШ І-дүниежүзілік соғыстан бастап капиталистік дүниенің орталығына айналды және соғыста байыды. Соғыстан кейін АҚШ сыртқы сауда экспансиясын жүргізді. Осы кезеңде АҚШ-тың ықпал аймағы және Американ континеті мен одан өзге жерлерде капитал салуы өсті. Ішкі рынок кеңейді. Американ инвестициялары автомобиль, химия, мұнай, көмір салаларына салынды. Кәсіпорынның күші өндірістің қуаттылығынан қалып қойды. Техникалық прогресс капиталдың құрылымдық өзгерісін тудырды. Оның тұрақты бөлігінің үлесі ауыспалы бөлігі арқылы көбейді. Оның нәтижесі жұмысшы күштерін өндірістен ығыстырды, жалдамалы еңбек рыногында сұраныс қысқарды. АҚШ өндіріс мүмкіндігінің өсуі ішкі рынокты кеңейтті. Тұтынушылардың сатып алу қабілеті кеңейген рынокқа жауап бермеді. 20-жылдары өндірісті рационализациялау арқылы жұмысшылар көп шығара бастады. Бірақ олардың жалақысы аз мөлшерде өсті. Соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-та товарларды ұзақ уақытқа кредитке бере алды. Өнеркәсіп өнімдерін өткізу қиындығы американ империализмін экспанцияға итермеледі. Отарлы және тәуелді елдердің дамуы, империалистер арасында бәсекелестіктің өсуі халықаралық товар айналымы механизмінің бұзылуы және төлем баланстарының өзгеруі-осылардың бәрі сыртқы рынокта АҚШ жағдайын күрделендірді. Қоғамдық ұлғаймалы өндіріс процесі бұзылды. Көптеген сауда және өнеркәсіп кәсіпорындары, транспорттық компаниялар, банктер кедейленді. Заводтар мен фабрикалар жабылды. Баға адам айтқысыз құлады. Жалақы азайды, жұмыссыздық көбейді. Солай бола тұрса да үкімет жұмыссыздықты мойындамады. 1932 жылы АҚШ-та өнеркәсіп өндірісі 46%-ке қысқарды. Дағдарыс банкроттықтың жаппай толқынын бастады. 1929-1933 жылдары 135 мың фирма күйреді, 5750 банк кедейленді. Сыртқы сауда айналымы 3,1 есе кеміді. Жұмысшылардың жағдайы олардың өмір сүру деңгейі төмендеді, елде ашаршылық және жұмыссыздық өсті. Өнеркәсіп дағдарысы аграрлық дағдарысқа ұласты. Бидайды жинау 36%-ке азайды. Жүгеріні жинау- 45%-ке құлдырады. Ауылшаруашылық өнімінің бағасы 58%-ке, фермерлер табысының 40%-ті қарыздары мен салықтарын төлеуге кетті. 1930 жылы орын алған қүрғақшылық 30 штатта егінді құртты. Бірақ құрғақшылық ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын құлдырауын тоқтата алмады. Елдегі жағдай қиындады, шара қабылдау қажет болды.
Өндірістің жоғарғы шоғырлану өнеркәсіп салаларында бағаның құлдырауы өндірістің қысқаруымен салыстырғанда онша айтарлықтай болмады. Ұлы депрессияның алғашқы жылдарында өндірістің шоғырлануының төмен болған салаларында баға қатты төмендеді. Жұмысшылардың нақты жалақысы 60%-ке азайды. 1933 жылы жұмыссыздардың саны 17 миллионға жетті. Фермерлердің жеке табысы екі есеге дейін азайды. Оның салдарынан қарыздарын төлей алмаған 1 миллионнан астам фермерлер (жанұя мүшелерін қосқанда) жерлерінен айрылды. Жерден айрылған фермерлер күн көру жолдарын іздеп қалаға ағылды. Жұмыс таба алмаған олар жұмыссыздар армиясының санын көбейтті. Жұмысыздардың жағдайы өте нашар болды. Мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру саясаты болмаған соң мемлекеттен көмек ала алмаған олар қайыршыланды, ашаршылыққа ұшырады. Пәтер ақысын төлей алмағандар қаланың сыртындағы аймаққа орналасты. Олар жәшіктер мен құрлыс қалдықтарынан үйлер соқты. Оны «президент Гувер поселкалары» деп атады. 1929-1933 жылдардағы дағдарыс өнімді артық өндіру мен товарлардың рынокқа көптеп түсуінен болды. Артық өндіру тұтынушыларды қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болған жоқ. Халықтың сатып алу қабілетілігінің төмендігінен туған еді. Қоймаларда сатылмаған азық-түліктер үйіліп жатты. Бағаның төмендеуін және товар артықшылығын қысқарту үшін бидайды жақты, сүтті төкті. Дағдарыстан ұсақ және орташа фирмалар зардап шекті. Монаполиялар туындаған қиындықтарға қарсы тұра алды. Ірі капитал иемденген олар корппорациялар өндірісті қысқартты, рынокқа ыңғайлана алды, бағаның құлдырауын тежеді. Дағдарыстың соңында өздерінің бәсекелестерінің жағдайын пайдаланып ірі монаполия иелері өз мүмкіндіктерін пайдаланды. Соның бірі-«Янгустаун» компаниясы.
Г.Гувер үкіметі дағдарысты банкирлер мен өнеркәсіп иелеріне финанстық көмек көрсету арқылы бәсеңдетуге тырысты. Осы мақсатта кредиттік компанияларды банкроттықтан сақтау үшін «Реканструктивная финансовая корпорация» құрылды. 1930 жылы шетелден АҚШ-қа әкелінетін товарларды қысқартатын жоғарғы таможниялық тариф қабылданды. Осы шаралардың бәрі экономикалық дағдарысты тоқтата алмады. Экономикалық апаттан шайқалған экономистер дағдарыстың себебін анықтауға, одан шығу жолдарын іздеуге және оның қайталанбау құралдарын іздеді.
20-жылдарда Американың дамуы берік және тұрақты болып көрінді. Тіпті 1929 жылы қазан-қараша айларында биржа дүрбелеңі «Ұлы депрессияның» басы ел басшыларының оптимистік болжамдар жасауын тоқтатпады. Алайда депрессия күшейе берді: миллиондаған ақша салушылар өздерінің өмір бойы жинаған қаржыларынан айрылды. 1932 жылға қарай жоғалтылған бағалы қағаздардың нарықтык бағасы 75 млрд. долларға жетті. Іскерлер кеңселері жабылды, фабрикалар жұмыстарын тоқтатты, банктер күйзеліске ұшырады, миллиондаған жұмысшылар көшелерде ақша табудың қамын ойлап босып жүрді. АҚШ тарихы баяғыда ұмыт қалған 1870 жылғы депрессиясын санамағанда мұндайды көрмеген еді.
Бірінші қолбалжулардан кейін есін жинаған адамдар болған жағдайдың себебін іздей бастағанда, елдің гүлдену барысында зиянды үрдістердің бары да анықталды. Мәселенің негізі өндіріс күштерінің өсу деңгейі мен тұтыну деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылықта болды. Соғыс кезінде және онан соң өндірісті техникалық қайта жарақтандыру есебінен шығарылған өнімнің мөлшері американ фермерлерінің, жұмысшылары мен қызметкерлерінің сатып алушылық қабілетінен асық түсті. Байлар мен орташа топтың мол ақшасы ақылмен қолданылмады. Оларды акциялармен, қолғалмайтын мүліктермен алып-сатарлық жасауға жұмсады. Бағалы қағаздар нарығының құлдырауы, биржалық алып-сатарлықтың іргесі шайқалған мекемесін жермен-жексен еткен бірінші жарылыстардың бірі болды.
1932 жылы президент сайлауы «Ұлы депрессиядан» шығудың жолдары мен себептерін талқылау айтысьшда Герберг Гувердің жолы болмады - ол президент орнына биржалық күйзелістің алдында 8 ай бұрын келді де, индустрия дөңгелегін қайтадан айналдыру үшін бар күшін салды. Алайда Гувер экономикадағы федералды үкіметнің ролі туралы дәстүрлі тұжырымдардың ықпалында болып, шешуші дараларды қабылдай алмады. Оның демократиялық партиядан шығып, күйзелістің бірінші жылдары Нью-Йорк штатының губернаторы орнында атағы шыққан оппоненті Делано Рузвельт депрессия америка халық шаруашылығындағы ішкі процестердің салдарынан басталып, 20-жылдардағы республикашылардың саясатының арқасында күшейгенін дәлелдеумен болды.
Экономикалық дағдарыс елдің ішкі саяси жағдайына едәуір ықпал етті. 1930 жылдың өзінде-ақ демократиялық партия конгресстен көп орынды жеңіп алды және республикандықтармен сенімді күреске түсті. Республикандықтар бұл кезеңде жергілікті жерлердегі жергілікті баскару органдарға жауап беретін болса да, сайлаушылар оларды онша көп қолдамады. Биржаның күйреуінен туындаған қорқыныштан есін жинаған демократиялық партияның босстары қалыптасқан жағдайды пайдаланып республикадықтардан Ақ үйді жеңіп алуға тырысты. Демократиялық партияның маманданған насихатшылары Гуверге «жалқау-президент" деген ат тақты, сол тағылған аты оған көпке дейін сақталып қалды [7]. Елдегі жағдай және қоғамның республикандық әкімшілікке көзқарасы демократиялық партияның жоспары мен үмітін жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызды. Демократтардың Ұлттық комитетінің пресс - хатташысы Михелъсон мұны былай деп сипаттады: "Стол был накрыт, нам оставалось только есть"[8].
14 маусым 1932 жылы республикандық делегаттар Чикагоға жиналып, партия босстары жасап қойған таңдауды бекітті. Осы жылдың көктемінде басталған партияның ішінде Кулидждің кандидатурасын ұсыну қозғалысын Гувердің белсенді жақтастары ебер басып тастай алды. Сенаторлар Норрис, Лафоллет, Костиган бастаған республикавдық партияның "прогрессистері" партиялық аппаратқа да бақылау қоюды қолдан шығарып алды, Гуверді қайта ұсынуды тоқгата алмады. Чикаго жұмыссыздары делегаттардың лимузиндермен съездің бір залынан ек шні залына дейін қайта-қайта ағылғанын қынжыла бақылады. Қаланың атмосферасы өте шиеленісті тұрды. Съездің жұмысы әбден дайындалған жоспар бойынша өтті. Партияның саяси платформасы президент Гувердің ішкі және сыртқы саясатын барынша қорғады, американ халқының басына түскен экономикалық қиындықтарға Европадағы жағдай мен Европа үкіметтерінің экономикалық саясатын айыптады. Съезд жұмысының үшінші күні делегаттар кандидатураларды ұсынуға көшті. Төрағалық етуші трибунадан салтанатты түрде Гувердің кандидатурасын ұсынды. Гувердің саяси қарсыласының бірі съездің басқа делегатының кандидатурасын ұсынған кезде залдағы барлық микрофондар кенеттен өшіп қалды. Бұрынғы президент Калвин Кулидждің кандидатурасын ұсынған екінші бір делегатты полиция залдан қуып шықты. Партияның саяси босстары мен съезді ұйымдастырушылардың сақтық шаралары өз нәтижесін берді. Съезд делегаттарының басым көпшілігі өз дауыстарын Герберт Гуверге берді. Ешқандай қиындықсыз Гувердің "әріптесі" Чарльз Кертис кандидатурасы да бекіді. Республикандық партияның мүшелері 1932 жылғы партияның ұлттық съезі туралы өкінішпен еске алады. Чикагалық "Трибюн" газеті республикандық платформаны "дөрекі алаяқтық" деп көрсетті [9].
Белгілі американ журналисті Уилл Роджерс 1932 жылғы президенттік сайлау алдындағы республикандық партияның кездескен қиындықтарын былай сипаттайды: "Демократтар сайлауыларға жеңіске жеткен күнде істейтін жұмыстары туралы уәде бере алады. Ал республикадықтардан олар алдымен не істей алатындығы, содан соң неге істей алмағандығын түсіндірулері талап етіледі". Сайлау алдындағы жағдайдың осындай ерекшелігі демократиялық партияға көп көмектесті.
1932 жылғы сайлауға демократиялық партия республикадықтарды өкімет басынан кетіремін деген үлкен сеніммен келді. Партияның финанстық қайыршылық жағдайымен және елдегі кең танылуына байланысты, сенатор демократтардың бір былай деп айтты: "Біздің бақытсыздығымыз сонда, бізде дауыс бар да, ақша жоқ. Қазіргі туындаған жағдайда менің ойымша президент Гуверге партияға кажетті ақшаның жартысына миллион дауысты сату керек, біз дауыстарды жоғалтамыз, ал ақша бізге қажет болып табылады"[10].
Республикандық съезд аяқтала салысымен, Чикагаға демократиялық партияның делегаттары ағыла бастады. Журналистер республикадықтарға қарағанда демократтардың белсенді әрі жас екенін көрсетті. Съездін атмосферасының белсенді өтуіне республикадықтарды жеңуі жақын екендігіне сенім де әсер етті. Демократтардың кандидаттары аз болған жоқ. Сонда да, Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасы ә дегеннен-ақ басым түсіп жатты.
Президенттік сайлаута дауыс берген кезде, "өз бетінше жүріп-тұра алмайтын мүгедектің президенттік креслоға" отыратындағы туралы американың қоғамдық пікірі ешқандай шешуші роль атқармауға тиіс болатындығы дайындалды. Қоғамдық пікірді дайындауға ерекше маңызды мән берідді, Рузвельттің жақын көмекшілері үш ірі медик-мамандардан консилиум ұйымдастырды. Рузвельтті медициналық тексерудің нәтижелері баспасөзде кеңінен жарияланды. Оның үстіне эксперттер Рузвельт барлық жағынан алып қарағанда да, қандай жауапты қызмет болса да атқара алады деген тұжырым жасады. Дәрігерлер өз бетінше жүре алмайтындығы туралы, бұл нақты жағдайда ешқандай кедергі келтірмейді, ол бір көзі жоқтықтай ғана әсер береді, деген қорытындыға келді.
Басқа кандидаттарға қарағанда 49 жасар Рузвельттің көп артықшылығы бар еді — бүкіл елге әйгілі фамилия, оның дара тұлға ретінде және саяси танымалдығы, республикандықтарды басымдылықпен жеңгендігі және ауыр сырқатты жеңе білгендігі, елдегі атақты адамдар арасында туыстық-семьялық байланыстар.
1931-1932 жылдары белгілі американ газеттері қоғамдық пікірді сұрағаңда, көптеген америкаңдықтар Рузвельт пайдасына өз симпатияларын білдірді. 1932 жылы Скриппс-Говард газет концерні жүргізген сұрау бойынша саяси топтар мен АҚШ-тың қалың көпшілігі алдыңғы нәтижені толық дәлелдеді.
Съезде Рузвельттің басты қарсыласы бұрынғы оның одақтасы және қамқоршысы Альфред Смит болды. Оны елдің Шығыс штаттарының делегаттары жөне АҚШ-тың Оңтүстік штаттары қолдаған өкілдер палатасының спикері оңтүстіктік Джон Гарнер қолдады. Дауыс берудің үш турынан кейін претенденттердің ешқайсысы көпшілік дауысқа ие болмады. Сондықтан Гарнер өзіне ұсынған вице-президенттік постқа келісіп, өз жақтастарының дауысын Рузьвельтке берді. Бұл съездегі күрес барысын шешті. Франклин Рузвельт АҚШ президенті қызметіне кандидат болып бекітілді. Съезде қабылданған саяси платформа "құрғақ заңды" алып тастады, экономикалық сипаттағы көп проблемаларды шешу жөніндегі шараларды қарастырды. Оның ішінде жұмыссыздар мәселесі, антитрестік зандарды күшейту, және монополия қызметіне бақылау қою, мемлекеттік шығындарды қысқарту сияқты мәселелер бар. Демократиялық партияның платформасы мәні жағынан республикандық әрекеттің программасына қарама-қарсы болып көрінеді. Республикандық платформасында бұрынғысынша Гувердің американдық индивидуализмі жатты. Чикагодағы съездің соңғы күнінде қалыптасқан традицияға қарамастан Рузвельт Чикагоға ұшып келіп, өз кандидатурасын бекітуге тікелей катысты. Съезд залындағы трибунаға шығып, ол; "Мен, кандидаттың оған ресми мәлімделгенге дейін бірнеше апта бойы бар жайдан хабарсыз қалуға тиіс, деп көрсетілген қалыптасқан традицияны бұзып, біздің алдымызда тұрған міндеттерді шешу бойынша жұмысқа кірістім. Сіздер менің кандидатурамды бекіттіңіздер, мен мұны білемін, сондықтан маған білдірген сенімдеріңіз үшін, алғыс айтқалы сіздердің алдарыңызда тұрмын. Мейлі менің тардицияны бұзғаным да символистік болып табылсын. Осы кезден бастап ақымақтықпен жасалған традицияларды бұзу біздің партияның міндеті болып табылады". Оның микрофон алдындағы жағымды қоңыр даусы бүкіл елге жайылды, Рузвельт алғаш рет американ халқына "жаңа бағыт" уәдесін берді [11].
Демократтар съезді аяқталысымен Рузвелът бүкіл елді аралауға шықты, президенттік сайлау күнге дейін 36 штатты шығыс жағалаудан батысқа дейін аралап, 27 программалық баяңдама және көптеген қыска хабарламалар жасады. Саясат және экономиканың әртүрлі салаларында маманданған қабілетті және ширақ кеңесшілер тобының аркасында демократтық кандидаттың сөздері мен баяндамалары өте мәнді болды жөне американ қоғамын толғандырған көптеген сұрақтарға жауап берді. Рузвелът таңдаған "ми трестінің" жоғары интеллектуалды және кәсіби қабілетін атап көрсете отырып, демократ кандидатының өзінің жеке кабілеті мен саяси төжірибесін бағаламауға болмайды. Өйткені ол кез-келген жағдайда қажетті ойды айта алды. Сайлау алдындағы компания кезінде адамның іс үшін, жігерін, қабілетін, денсаулығын кажет еткен жұмыстарды атқарған Рузвельт, өзі туралы АҚШ президентінің жауапты және күрделі міндеттерін атқаруға денсаулығы жетпейді деген алып-қашпа сөздерді жоққа шығарды. Әсіресе тағдырдың ауыр соқысына қайыспаған шешен сөзді, жігерлі адамның трибунаға шығуы, маңызды психологиялық сәт болды. Демократтар кандидатының түр сипаты станцияларда Рузвельттік поезды күтіп алған халыққа оған деген сенімді ұялатты. Халық осындай ауруды жеңе білген адам, ауруға .......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
» Курстық жұмыс: Экономика | АҚШ тың I ші және II ші дүниежүзілік соғыс аралығындағы жалпы жағдайы
» Курстық жұмыс: Тарих | Мюнхен келісімі
» Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халық
» Курстық жұмыс: Тарих | АҚШ пен Жапонияның экономикасы
» Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
» Курстық жұмыс: Экономика | АҚШ тың I ші және II ші дүниежүзілік соғыс аралығындағы жалпы жағдайы
» Курстық жұмыс: Тарих | Мюнхен келісімі
» Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халық
» Курстық жұмыс: Тарих | АҚШ пен Жапонияның экономикасы
Іздеп көріңіз: