Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУ
Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Акша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны.......................5
1.2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі.....................................................10
2 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
2.1 Ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер...................................13
2.2 Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру..............................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................30
1 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны
Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырма болып табылады.
Ақшалай ағымның бағалану көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді.Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:
1.Координациялық және басқадай мамандығы бойынша;
2.Экономикалық көріністермен көрсетілген көріністермен дайындалған дайындықпен;
3.Қарсыластық тенденциялық бағалау формасы .
Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға келу үшін ақша ағымы қажет.Мысалы: бухгалтер өзіндік кірістерді, олар ақша жүйесінде жүреді, олар ақша ағымдарына байланысты емес жартылай айналыстағы ағымдар кредит арқылы жасалады. Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді.
Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының ағынына жатады:
- түсімдеріне өнімдерді өткізуден алынған түсім тауарлы – материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен аванстар: түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен рояльтилердің проценттері басқа да және өткізуден тыс табыстар басқа түсімдер.
- жұмсалуына жатады өндірістік шығындары; тауарлы – материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар, материалдар мен тауарлар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер, жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер, бюджетпен әлеуметтік сақтандыру органдарымен бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу проценттерді төлеу басқа да төлемдер [1].
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен
сату өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады. Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттары қозғалысының мысалы:
1.Ақша қаражаттарының түсуі:
- негізгі құралдары басқада ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатудан түскен түсімдер;
- қаржылық инвестицияларды өткізуден;
- басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу;
- басқа түсімдер;
2.Ақша қаражаттарын алу:
- күрделі жұмсалымдар;
- негізгі құралдарды басқа ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатып алу;
- қаржылық инвестицияларды сатып алу;
- басқа заңды тұлғаларға несие беру;
- басқа да төлемдер болып табылады.
Ақша ағынымен қатар инвестициялық жобаларды қорланған ақша
ағымы пайдаланылады оны сипаттайды:
- қорланған түсім;
- қорланған жұмсалу және қорланған сальдо.
Олар есепті кезеңінің әр қадамына берілген және барлық өткен қадамдарда сәйкес ақша ағымдарының қосындысы болып табылады.
Есепті кезең қадамдарға уақыттың бөліктеріне бөлінеді. Сол уақыт ішінде қаржы көрсеткіштерді бағалау үшін пайдаланылатын деректер жиналады.
Ақша ағымы ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы. Әр қадамында ақша ағымының мәні сипатталынады:
- тұсімнен осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен;
- жұмсалумен – осы қадамдағы төлемдерге тең;
- сальдо түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.
Ақша ағымы әдетте кәсіпорынның әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:
1.инвестициялық қызметтен ақша ағымы;
2.операциялық қызметтен ақша ағымы;
3.қаржы қызметтен ақша ағымы.
Операциялық қызметі – кәсіпорынның, ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржы қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.
Инвестициялық қызметі – ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.
Қаржы қызметі – меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі.
Ақша ағымдарын орындармен орналастыру. Қаржылық анализ ақшаның уақытша құнын көрсетеді, осыған келе арасындағы жағдай. Бұлардың арасындағы ақша ағымдарының ай сайын, немесе қозғалмалы ағымды көрсетеді [2].
Кесте – 1 Ақша ағымдарының активтермен ауысуы мың
Жыл
0 1 2 3 4 5
Ақша ағымдарының бір жүйені жүйелеген кезде
1.Салықты қосқанда
18
18
18
18
18
Шығындардың азайуы
2.Жаңа амортизация 20 20 20 20 20
3.Ескі амортизация
5
5
5
5
5
4.Амортизацияның өзгеруі
15
15
15
15
15
5.Амортизацияның өзгеруінен салықтың кішіреуі
6
6
6
6
6
6.Таза ақша ағымдары 24 24 24 24 24
Ақша ағымдарының аяққы жүйесі
7.Жаңа станогтың ликвидтік жүйесі
20
8.Ликвидттік станогтың салықтық
-8
9.Кіріс немесе таза капитал
10
10.Ақшалай ағым операциясы
22
Таза ақша ағымы
11.Бірлескен таза ақша ағымы
46
Қайнар көзі: Е.С. Финансовый менеджмент 1998.33-41 бб.
Ақша ағымын бағалау көптеген көріністер көрсетеді. Ақша ағымдары бюджетпен капитал құнының бағалануынан көрінеді. Менеджерлер өзіндік көрсеткіштерде кірістер көтерілсе ал керісінше болса ол түсуі мүмкін. Бұның бірі менеджерлердің айлық көрсеткіші олардың жұмыс көрсеткішіне қарай.
Сонымен қатар 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК – ның 200,0 млн теңгеге бағаланған вексельдерін өтеді.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттаиды
1.2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін , жалпыға балама айрықша тауар.
Ақшанын объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бул тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай – ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
- жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбек өлшемінің эаттай (материалдану) формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген
материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар [4].
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс және жаны гурт деп аталады.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
- құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметіне мыналар
жатады:
1.құн өлшемі және баға масштабы;
2.айналыс құралы;
3.төлнм құралы;
4.қорлану және қор жинау құралы;
5.дүниежүзілік ақша [5].
Ақшаның құн өлшемінің қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері сондықтан олардың құнын өзіндік құны нақты ақшалар өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен
анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдық баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді [6].
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі:
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті қашаннан алтынға жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1.Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ депозиттік шоттардағы сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2.Банктегі халық салымдарында облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында [7].
2 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
2.1 Ақша ағымдарын жоспарлаудың негізгі мәселелері
Ақша ағымындағы шығындардың құрамы әртүрлі және өнімдердің өзіндік құнына жатқызу әдісіне өндірістік көлеміне байланысты жіктеледі.
Қаржы менеджментінде ақша ағымдағы шығындарды басқару өндіріс әрекетінің нәтижесіне қатаң байланыстылықта қаралады.
Ақша ағымдағы шығындардың құрамын құрылымын және көлемін жоспарлауға шешім қабылдау үшін төмендегі мәліметтерді қолданады:
- өнімдердің нақтылы өзіндік құны және алған пайда туралы
мәліметтер;
- болатын шығындар және табыс туралы ақпарат.
Егерде өндіріс көлемімен оны сатудың айырмашылығы жоспарланбаса, онда шығын көлемі туралы шешім қабылдауға өткен кезеңдегі мәліметтерді пайдалануғаболады. Өндіріс бағдарламасы біршама өзгерсе онда шығындарға нақтылап талдау жасалынады. Олардың өндірілген көлемі оның бағасы еңбек ақысы және басқа факторлардың олардың тиімділігіне әсерін бағалайды [8].
Осы жағдайларға қарай қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ақша ағымдағы шығындары төмендегіше бөлінеді:
- шартты-өзгермелі;
- шартты-тұрақты;
- аралас.
Шартты-өзгермелі шығындар өндірілген өнімдердің көлеміне байланысты және өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей пропорционалды өзгереді. Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты олар ұлғаяды және керісінше өндіріс көлемінің азаюына байланысты кемиді. Атап кететін жай өзгермелі шығынның өнімдердің бірлігіне қатынасы тұрақты шамада болады.
Шартты-өзгермелі шығындар өндірістік және өндірістік емес сипатта болады.Өндірістікке қатысты өзгермелі - өзгермелі шығындарға жататындар: шикізаттар және материалдарды сатып алу, технологиялық жанармай және энергия өндірістегі жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және т.б.
Өндіріске жатпайтын шартты - өзгермелі шығындарға жататындар: транспорт шығыны, сатуға кеткен сауда комиссиялық жинау және басқадай шығындар, әлбетте олар сатылған өнімдерден түскен түсімнің көлеміне байланысты болады.
Тұрақты шығындардың үлесінің өсуі өндірістік тұтқаның әсер ету күшін оннан аса көбейтеді. Осыған байланысты келесі қорытынды туады:
- өндірістік тұтқаның әсер ету күші кәсіпорынның активтерінің құрылымына және айналымынан тыс активтердің үлесіне байланысты. Неғұрлым негізгі қордың құны көп болса соғұрлым тұрақты шығындардың үлесі көп болады;.......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АҒЫМДАРЫ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы түсінігі және теориялық негіздері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы механизімінің қосалқы жүйесі
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақшаның қажеттілігі пайда болуы және мәні
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АҒЫМДАРЫ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы түсінігі және теориялық негіздері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы механизімінің қосалқы жүйесі
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақшаның қажеттілігі пайда болуы және мәні
Іздеп көріңіз: