Курстық жұмыс:Қаржы | Ақша қаражатының аудиті
Мазмұны
Кіріспе
1. Аудит даму кезеңі, мәні және мақсаты
1.1 Ақша қаражатына жалпы сипаттама
1.2 Аудиттің пайда болуы
1.3 Аудиттің түрлері
2. Ақша қаражатының аудиті
2.1 Банк операцияларының аудиті
2.2 Кассалық операциялар аудиті
2.3 Ақша қозғалысының аудиті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
І – тарау. Аудит даму кезеңі, мәні және мақсаты.
1.1. Ақша қаражатына жалпы сипаттама.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Таура – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келегн заттауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіденген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әр бір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. “Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлінеп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша”.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрге болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және тауарлар формасын нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас прцесінде бір –бірін табады және өзара бір – біріне ауысады.
Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпықұндық формасы ақша формасына айналды.
Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді күн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшалар “өгіз” деген атауға ойып өрнектеленіп жазылап жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда ақша метал ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж былай деген “біздің жинаған малымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп аталынды.
“Капитал” сөзінің шығуыда малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Құс жүні Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халқында жалпы эквивалент түрінде қолданылды. Жүн ақша Монғолияда, Тибетте, және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасына мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде боқалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендер Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппи аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет – кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Балқаштарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Поленезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас туралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып
табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат – қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі “экзотикалық” ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Ява аралында осы күнге дейін фей ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай “монеталардың” диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмлесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшірііп, өзінің белгісін соғады.
Юрий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спарттада, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырлардағы ағылшан корольдары мырыш ақшаларды құрайды. Қытыайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. 17-ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Бірақ б.э дейін ХШ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағыдағы белгілі массасы бар формасыз метал ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар метал ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасында белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні, оның үш қасиетінің біруігімен көрініс табады.
- жалпыға тікелей айырбастау;
- Айырбас құнының дербес формасы;
- Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындарының ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндірісі қаражаттарының бөлінуін қарастырады. Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тайар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындармен қаржы несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады.
Қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. 1 ғ. тән, ол яғни ол кездегі теріден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.
ХIII ғ. Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын. Бұл ақшалардың төрт бұрышты пластин формасы және олардыңерекше белгілері мен мөрі болған. Олардың сатып алу қабілеті де әр түрлі болды.
Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғысханның немересі Хубила ханмен байланыстырады.
Қағаз ақшалар 1690 ж. Солтүстік Американың Британиялық отар елдерінде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та, 1762 ж. Австралияда пайда болды. Халық арасында оларды “катенька” деп атады, себебі оның бетінде императордың суреті болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақшалар барлық елдерде болды. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.
1964 ж. Экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкінің құрылуымен байланысты, 1991 ж. Дейін Экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше елдердің арасында көп жақты клирингтік есеп айырысу үшін қолданылатын ақша бірлігі – аудармалы рубль енгізілді.
1992 ж. Бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республиканың жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығару үшін ағылшынның “Хариссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100
теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізутуралы” жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.
КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашадан сағат 18-де аяқталды.
Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдары мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.
15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды.
Кәсіпорындардың баланстарындағы рубльмен берілген активтер пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар= 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақыда өсті.
Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж. 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына никельден жасалған 1, 3, 5, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында “Жібек жолы” жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды.Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10мың теңгелік монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар тұрды.
Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы
болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама тұрақты валюталар құрамына кіреді.
Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
1.2. Аудит даму тарихы.
Еліміз экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылым мен білімнің практикалық қызметінің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуға алып келді. Тәуелсіз бухгалтер – аудитор кәсібі өткен ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамында пайда болды. Мұның өзі акционерлік қоғамның есептілігін объективті баға беру, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы шынайы деректер алу қажеттілігіне байланысты болды. Мұндай обьективті мәліметтерді кәсіпкерлерге тәуелсіз маман ғана бере алады.
Аудит сөзінің өзі латынның audio деген сөзінен шыққан, мұның өзі сөзбе – сөз “ол естиді” дегенді білдіреді. Бастапқыда ол “тыңдаушы” деген мсөзді, яғни бір нәрсені тыңдап отырған адамды білдіретін аудитор сөзі туындаған.
Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған бухгалтермен есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та қоғам бухгалтері, Францияда – бухгалтер сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және т.б деп атады. Аудитордың ең негізгі мақсаты аудиторлық қорытанды жасау. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсеттеді: бухгалтерлік есеп жұмыстарын ұйымдастыру туралы, салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес беру сияқты т.б. сонымен қатар шаруашылық субъектілеріне өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктер кеңес ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қажеттілігі және экономикалық маңызы
» Курстық жұмыс: Экономика | АҚШАНЫҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қажеттілігі және экономикалық маңызы
» Курстық жұмыс: Экономика | АҚШАНЫҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
Іздеп көріңіз: