Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесінің мәні және түрлері
Мазмұны
КІРІСПЕ
Ақша нарығы
1. Ақша жүйесінің мәні және түрлері
2. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
3. Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
АҚША НАРЫҒЫ
1. Ақша жүйесінің мәні және түрлері
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, иена, крона және т. б ) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Меттал ақшалар аиналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
2. Несие және қағаз аұша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтының өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде 16-19 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. 19 ғасырдың соңында куміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметтализмді монометаллизм мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл – алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.
Монометаллизмнің үш тірі белгілі: біріншісі- алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталады. Екіншісі- алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшінші- алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.
20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның аиырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығаруы; жеке кәсіпкерлерге, мемлектке несие беру мақсатында ақша эммисиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу.
Қазіргі кезде қағаз бен несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы – халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Ақша массасы құрылымының белсенді – активті бөлігіне шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары рөлін атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен (25%-тей), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экокномикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточкалары және т.б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті төлеуде сатып алушы чекпен несие карточкасы арқылы банктерге өз депоизитінен қажетті сомманы сатушының есепшотына аударады немесе қолма қол беруді бұйырады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұймдарын қаржылар, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненнтері «квази-ақша» деп аталады. Ақша айналымы құрылымдағы ең қомақтысы да және ең тез өсетін бөлігі де осы квази-ақшалар.
Профессор П.Самуельсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түрінде айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі – ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға – үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды «мұздатылған» құралдар деп атайды) жатады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымды мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп атайды. М1 – мағынасындағы ақшаны басқаша «ескерлік ақша» деп атайды. Бұл қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы есепшоттағы депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады. М2 – кең мағынадағы ақша, ол М1-дің барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы салымдармен салыстырғанда жоғары проценттік табыс табады, бірақ олар салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан мерзімдік жинақ есепшоттағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М1 және М2-лердің айырмашылығы М2-квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес.
Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категорияларды ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына негіздельді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзак мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде мемлекеттің ақша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.
12-кесте АҚШ-та ақша агрегаттары мен өлшемді ақша айналымының динамикасының өзгерісі көрсетілген.
Кесте 1 – АҚШ-тағы ақша массасы және оның жылдық
өсу қарқыны, млрд. долл.
жыл М1/М2 М1 Өсімі % М2 Өсімі %
1960
1970
1980
1981
1982
1983
1984
1985 45,4
34,4
25,4
24,6
24,6
24,1
23,5
23,4 141,8
216,6
414,8
441,8
480,8
528,0
558,5
626,3 0,6
5,2
6,6
6,5
8,8
9,8
5,8
12,1 312,3
626,2
1631,4
1794,4
1954,9
2188,8
2371,7
2654,1 4,9
6,6
8,9
10,0
8,9
12,0
8,4
8,1
Бұл деректер АҚШ-та 1960-1985 жылдар арасында ақша массасының едәуір өскенін көрсетеді. Осы кезде М1 көлемі 44 есеге, ал М2 көлемі 8,5 есеге артқан, демек квази-ақшалардың өсу қарқыны қолма-қол ақшалардан әлдеқайда жоғары болған.
Ақша массасы көлемінің тез ұлғаюы себебі неде?
Бұл процесс қалай жүреді? Бұл сұрақтардың жауабы мынада: мемлекеттік банктің эмиссиялық қызметінен тыс ақша массасының өсуі коммерциялық банктердің несие беруін кенейту есебінең жүреді. Банктер жаңа ақшалар шығарады, ол қарыз беру деңгейінен көрінеді және, керісінше, ақша массасы қысқарады, ол банкке бұрын алған ақшаларын қайтару кезінде байқалады. Банктің жаңа ақша жасау процесін кенірек мына мысалдан көруге болады. Нью-Йорктегі «Нэшнлсити банктің» 100 мың дана активі бар делік. Мұның жартысын банк қор ретінде сақтауы тиіс, оны ағымдағы шығындары үшін пайдалануына болады, бірақ ол төленбеген сұраныс қаупін азайту үшін керек. Резерв қорының ең аз мөлшері АҚШ-та заң бойынша тағайындалады және ол шешуші –реттеуші рөл атқарады (активтегі резерв үлесі 3 тен 20 процентке дейін болады). Егер резерв дәрежесі 10 процент болса, «Нэшнлсити банк» клиенттерге қарызды 90 мың долл. Көлемінде береді, ал 10 мың доллар резерв қорына қалады. Қарыз бергенде банк сомманы ағымдағы есепке аударады, оны клиент кез келген уақытта пайдаланады немесе қолма-қол төлейді. Банк әрекетінің нәтижесі 90 мың долллар көлеміндегі жаңа ақшалардың пайда болуынан көрінеді. Банктен ағымдағы есепке аудару немесе қолма-қол беру арқылы 90мың доллар алынып клиентке беріледі. Резервтік ереженің мүлтіксіз орындалуын орталық банк (АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі) қадағалап отырады. Сонымен қатар қарыз мерзімі бітіп, 90 мың долларды клиент банкке қайтарғанда, айналымдағы ақша саны сонша көлемде кемитінін де ескеру керек. Банк жүйесінен тыс ақшалар ғана ақша массасын көбейтуге қатыса алады. Алайда жаңа ақша жасау процесі мұнымен аяқталмайды. Осы бағытта «Нэшнлсити банкісі» депозитіндегі алғашқы ақшаның соммасы ең сонында мультипликациондық нәтиже арқылы жаңа ақша қорының жасуына әкеледі. Айталық «Нэшнлсити банктің» 90 мың доллар алған клиенттері бұл ақшаларды тауар және қызмет көрсеткен әр түрлі нақты адамдарға төлейді, ал олар түскен ақшаларды «Ферст трест банкінің» депозитінде қалдырды делік. Банктегі депозиттердің өсуі оғон жаңа қарыздар беруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар резервке депозит соммасының 10% дейін жіберу керек (9 мың доллар) . Демек 81 мың доллар көлемінде жаңа қарыз берілген, ал жалпы ақша массасының өсуі (екі банк операциясын қоса есептегенде) 171 мың долларға тең болады.
Келесі кезеңде төлем ретінде 81 мың доллар алған кісілер тағы да оларды «Сити-трест» банк депозитіне салады, ал енді берілетің қарыздың көлемін 72,9 мың долларға ұлғайтады (81 мың доллар резерв қорында қалады деп есептегенде). Ал бұл банктер жасаған жаңа ақша соммасын 243,9 мың долларға көбейтеді. Әңгіменің қисыны мынадай қорытындыға әкеледі: банктердің жаңа ақша жасау процесі жалғаса береді, бірақ белгілі шамаға дейін бұл процесс банктің депозиттер ұлғаюының мультипликациондық әсерін сипаттайды және оны резервтік талапты ескере отырып есептейді.
Банктік депозиттердің ұлғаюы шегі:
100 мың долл. + 90 мың долл. + 81 мың долл. + ... -100мың долл.
Сонымен, резерв ережесінің 10% деңгейндегі 100 мың доллар алғашқы депозит ақша массасының ұлғаюы мультипликациондық тиімділікті 1 млн долларға жеткізеді.
Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшаларымен ұлғаюы нақты бақылау мен ақша ұсыну мультипликаторлары немесе банктік мультипликатор (m) арқылы жүреді.
Ол мына формуламен есептеледі m= 1/r*100 мұндағы r- түріндегі міндетті резервтік норма % немесе m=M/k мұндағы М- депозиттердің өсуі, R- резервтердің өсуі.
Біздің мысалымызда m=10, резервтегі әрбір доллар депозиттінің 10 долларға өсуіне әкеледі. Демек, мультипликатордың көлемі міндетті резервтік талаптарға кері тәуелділікте. Егер резервтің ставкалары 5 процентке төменднсе, онда m=20, ал 20проценке көтерілсе m=5-ке төмендейді.
Нақтылы өмірде банк депозиттері ұлғаюының мультипликациондық әсерінің нәтижесі көбінесе күнделікті айналымға түскен ақшаның көлеміне байланысты, өйткені банктен қарыз түрінде алынған ақша депозитке түгел қайтарылмай қолма-қол ақша ретінде де жүре береді. Біздің мысалымызда клиенттердің ағымдағы есепшоттан алғандары ескерілмецді, ал олар банктердің қарыз беру мүмкіндігін азайтады. Ең соңында, банк резервтерінен ақшаларды алу жағдайында мультипликациондық әсер қарама-қарсы бағытта әсер етеді. Мысалы, коммерциялық банктің федералдық резерв жүйесінен 1000 доллар құны бар мемлекеттік облигацияны сатып алу банктің резервтік ресурсын осы соммаға азайтады, нәтижесінде 10 мың доллар банктік депозиттің жойылуына әкеледі (10проценттік резерв ставкасында).
Банктердің жаңа ақша жасауларының демек, ақша массасының өзгеруінің негізгі факторларына мыналар жатады: резерв ставкасының ең төменгі мөлшері және заемщиктер тарапынан жаңа қарыз алуға деген сұраныс. Бұдан әрі біз осы тұтқаларды пайдалана .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША НАРЫҒЫ ОНЫҢ ТЕПЕ ТЕҢДІК САҚТАУ ПРОБЛЕМАСЫ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақшаның қажеттілігі пайда болуы және мәні
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША НАРЫҒЫ ОНЫҢ ТЕПЕ ТЕҢДІК САҚТАУ ПРОБЛЕМАСЫ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақшаның қажеттілігі пайда болуы және мәні
Іздеп көріңіз: