Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығындағы ұсыныс және сұраныс
Мазмұны
Кiрiспе
1 Ақшаның даму эволюциясы, қызметi, нарықтағы рөлi
1.1 Ақшаның даму кезеңдерi, қызметтерi және экономикалық мағынасы
1.2 Ақша -өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтығ экономикадағы рөлi
2 Ақша нарығындағы ұсыныс және сұраныс
2.1 Ақшаға сұраныс және оның негiзгi мотивтерi
2.2 Өтiмдiлiктi таңдау теориясы және ақша нарығындағы тепе-теңдiк
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi
1 АҚШАНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ РӨЛI
1.1 Ақшаның даму кезеңдерi, қызметтерi және экономикалық мағынасы
Ақша – ежелгi заманнан пайда болған ерекше тауар болып саналады. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн өндiрiлген еңбек өнiмi.
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестiру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бiр немесе осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы бола алады. Тауар айналысының тарихи-эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық-эквивалеттiк немесе ресiмделмеген ақша формасын әр түрлi тауарлар қабылдады. Әр елдiң географиялық орналасу жағдайына байланысты олардың жалпы эквивалент рөлiндегi ақшалары әр түрлi болды.
Кейiн келе, жалпы эквивалент ретiнде – металл ақшалар қолданыла бастады. Ежелгi Спартада, Жапонияда, Африкада темiр, мырыш, қорғасын, мыс, күмiс, алтын түрiндегi ақшалар пайдаланды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйдырған. Қытайда және кейбiр ежелгi мемлекеттерде мыс – ақша ретiнде пайдаланды. XVII ғасырларда Солтүстiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелешiктер қолданылды /1, 11 б/.
Кейiннен металдардың арасында басты рөл алтын мен күмiске өте бастады, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн керек аса қажеттi сапаларға ие едi.
Сөйтiп, монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып саналады.
Ақшаның түпкiлiктi мағынасын ұғыну үшiн, алдымен оның атқаратын қызметтерiн айқындап алу керек. Ақшаның әрбiр қызметi – оның тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк-экономикалық маңызының белгiлi-бiр жағын мiнездейдi. Мысалы, К.Маркс өзiнiң әйгiлi еңбегi Капиталда- ақшаның 3 формасын: алтын, қағаз, несие және 5 қызметiн: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қор жинау және әлемдiк ақшалар деп атап көрсеткен. Ендi, осылардың әрқайсысына тоқталып өтейiн.
Ақша – құн өлшемi ретiнде. Құнды өлшеу қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. өзiнiң жеке құны бар тауар ғана құн өлшемi бола алады.
Ақша – құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады. Сөйтiп, құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлеу қажет болғаны.
Сонымен, құн өлшеу қызметi – жалпы эквивалент ретiндегi ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi.
Айналыс құралы. Бұл тауар айналысындағы ақшаның атқаратын екiншi қызметi. Бұл жерде тауарлар бiр-бiрiмен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейiн тiкелей тауар айырбастау Т-Т тауар айналысы формасына Т-А-Т айналды. Бұнда екi акт бар: бiрiншiсi Т-А - ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екiншiсi А-Т – ақшаға басқа қажеттi тауарды сатып алу. Ақшаның бұл қызметi тауар айналымына сапалық өзгерiстер енгiздi. Атап айтқанда:
Бiрiншiден, Т-А – процесi өнiм өндiрушiнiң өнiмдi өндiруге жұмсаған еңбегiн қоғам таныды деген мағынаны бiлдiредi.
Екiншiден, бiр нарықта тауарды сатып алып, басқа бiр нарыққа сатып, ақша түрiне айналдырып алуға мүмкiндiк туады.
Үшiншiден, тауарды ақшаға айналдырып Т-А, қажет тауарды сатып алғанға дейiн қалдыруға болады.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады /1,20 б/.
Төлем құралы. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейдi. Төлемдi кешiтiре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметi тек тауар айналысын қамтумен шектелiп қана қоймай, сонымен бiрге ақша қаржылық және несиелiк қатынастарға да қызмет етедi. Ақшаның төлем құралы қызметiнiң айналыс құралы қызметiнен айырмашылығы, бұл қызметiнде ақша сату сатып алу процестерiн аяқтайды және қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүредi.
Дамыған нарық жағдайында iрi сауда келiсiмдерiнде ақша көбiне төлем құралы ретiнде қолданылады. Несие қатынастарының дамуы қолма-қол ақшаны қатыстырмастан қарыз мiндеттемелерiн мысалы, вексель өзара есепке алу жолымен өтеуге мүмкiндiк туғызады.
Сөйтiп, ақшаның төлем құралы қызметi несие қатынастары мен несие жүйесiн дамытты.
Қорлану және қазына жинау құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметiн орындауы үшiн қажеттi мөлшерде белгiлi-бiр уақытта ақша қорын жинау керек. Әр түрлi жағдайларға байланысты тауар айналысы Т-А-Т тоқтап Т-А қалуы мүмкiн. Осының нәтижесiнде ақша айналысы да тоқтап, белгiлi-бiр тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлi нақты себептерге байланысты.
Тауар айналымының үзiлiссiз бiрқалыпта жүруi үшiн қажеттi ақша мөлшерi өзгерiп отырады. Сондықтан, бiр кезде айналысқа қосымша қосып, кейде, керiсiнше ондағы ақшаны шығару қажет болады.
Қазiргi жағдайда, қазына жинау қызметi айналыстағы ақша массасын реттегiш рөлiн атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң болуына кепiлдеме бередi. Қазiр Қазақстан Республикасының Ұлттық банктегi алтын резерв қоры 7 млрд. 707 млн. теңгенi құрайды.
Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметi арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестерi жүредi.
Дүниежүзiлiк ақша. Халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң дамуы, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдiк нарықтың пайда болуына әсер еттi. Бұл экономикалық қатынастар – ақшаның дүниежүзiлiк қызметiнiң алғы шарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетедi.
Кейбiр елдердiң ұлттық ақша белгiлерiнiiң дүниежүзiлiк ақша ретiнде қолдануының себептерi:
Бiрiншiден, бұл елдердiң дүниежүзiлiк сауда мен несие қатынастарында жоғары үлестi салмағы бар;
Екiншiден, бұл елдердiң басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкiндiгi бар /2, 23 б/.
Бiр сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдiк нарықтағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердiң ұлттық валютасы дүниежүзiлiк ақша бiрлiгi ретiнде жүредi.
Жоғарыда айтып өткендей, ақша – бұл тарихи дамыған экономикалық категория. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды бiлдiредi. Қоғам – экономиканың әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Мысалы, орталықтанған жоспралы экономикада керiсiнше ақшаның мәнi шектеулi болды.
Ал, қазiргi жағдайдағы нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi, әр түрлi меншiк жағдайында мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды.
Сондықтан да, ақша – нарықтық экономикада ақша-несиелiк реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу және өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылады.
1.2 Ақша - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi
Ақша – бұл төлем құралын атқаратын активтер болып саналады. Ал, өтiмдiлiк - өзiнiң номиналды құнын жоғалтпай тез, әрi ыңғайлы есеп айырысу құралын атқаратын активтердi бейнелейдi. Яғни, ақша - өте өтiмдi активтер болып табылады /3,230 б/.
өтiмдi түсiнiгi – ақша категориясын анықтау үшiн маңызды. Қандай болмасын мүлiктiң немесе активтiң өтiмдiлiгi дегенде, оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түрiне айналу мүмкiндiгiн айтады /4,370 б/. Демек, активтердiң ең өтiмдi түрi – ақша болып табылады. Сол сияқты, жоғары өтiмдi мүлiктерге: алтын, бағалы метелдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Ал, өтiмi төмендеу болатындарға: үйлер, құрал-жабдықтар бизнесмендер оларды мұздатылған құралдар деп те атайды жатады.
Фирмалар, үй шаруашылығы немесе мемлекет иелiгiндегi кез-келген мүлiктi сатуға болатындықтан, ал келген түсiмдердi басқа заттарды сатып алуға жұмсауға болатындықтан, оны сатып алу мүмкiндiгiнiң қор жинау құралы ретiнде қарастыруға болады. Әйткенмен де, ақшаның басқа ешқандай активтер ие бола алмайтын 2 қасиетi бар:
Бiрiншiсi, ақша – жаратылысынан айналыс құралы болып табылатындықтан, оны басқадай активтерге айырбастаудың қажеттiгi жоқ;
Екiншiсi, актив ретiндегi ајшаның бұл ерекшелiгi – олардың номиналды құны не өсе алмайды, не азая алмайды. Бұл расында да осындай, себебi ақша құн өлшемi болып табылады және барлық номиналды бағаларды анықтау үшiн қолданылады /5, 175 б/.
Актив өтiмдiлiк қасиетiне ие болады, егер ол төлем құралы ретiнде қолданылса немесе оңай төлем құралына айналса және өзiнiң номиналды құнын жоғалтпаса. Бiрақ, ешқандай да актив ақша деңгейiндегiдей өтiмдiлiкке ие емес және ие бола алмайды.
өнеркісiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша банкноталар, тиындар, ал кейбiр мемлекеттерде қазыналық билеттер және банктiк ағымдағы шоттардағы салымдар жатады;
М2 – М1 + мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинық салымдары жатады;
М3 - М2 + арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ салымдары кiредi;
L – М3 + iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сертификаттары қосылады;
Қорыта айтқанда, әрбiр ақша агрегаты өзiнен алдыңғылардың барлық элементтерiн өзiне бiрiктiрiп үлкен ақша жиынын құрайды.
Ақшаға нарықтық экономикада өте маңызды үлесi тиедi. Оның негiзгi төрт себебi бар:
Бiрiншiден, ақша – экономикалық жүйеде тауар өндiрушiлер арасындағы қатынасты байланыстырушы құралы болып табылады;
Екiншiден, ол сапалы болып келетiн жаңа рөлге ие болады. Осылайша, кәсiпорында өндiрiлетiн тауарлардың құны ақшалай көрiнiс табады және де құн өлшемi мен ақша капиталы қызметiн атқарады;
Егер де кәсiпорын өнiмi нақты ақшаларға сатылып және түскен ақшаға өндiрiске шикiзат сатып алынатын болса, онда ақша айналыс құралы мен капитал қызметiн атқарады. Ал, егер өнiм несиеге алынып, белгiлi бiр мерзiм көлемiнде ақшалай төленiп отыратын болса, онда ол төлем құралы болып табылады.
Үшiншiден, ақшаның көмегiмен ұлттық табысты мемлекеттiк бюджет, салық және заемдар арқылы құру және бөлу үрдiсi жүзеге асырылып отырады;
Төртiншiден, ақша – интернационалдау жағдайындағы шаруашылық байланыстардың жұмыс күшi мен капитал алмасудың және тауар қозғалыс үрдiстерiн жүзеге асырып отырады /6,100 б/.
80-жылдарда әлемнiң басты елдерi монетарлық концепция көзқарасында тұрған кездерi, экономиканы мемлекеттiк реттеуде ақша-несие саясаты ең басты .......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚШАНЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша реформалары
» Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақшаның ролі
» Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақшаның ролі
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша теориясының дамуы
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚШАНЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша реформалары
» Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақшаның ролі
» Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақшаның ролі
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша теориясының дамуы
Іздеп көріңіз: