Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша теориясының дамуы
Мазмұны
Кiрiспе
І-тарау. Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы
1.1. Ақшаның шығу тегi
1.2. Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi
1.3. Ақша айналысының жалпы сипаттамасы
ІІ-тарау. Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
2.1 Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы:
а) Ақшаның металдық теориясы
б) Ақшаның номиналистiк теориясы
в) Ақшаның сандық теориясы
2.2 Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен
түрлерi
Қорытынды
Қолданылған әдебиетте
І-тарау. Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы
1.1 Ақшаның шығу тегi
Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай).
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардң бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп , құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе ресiмделiнбеген ақша формасын , әр түрлi тауарлар қабылдады. Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады. Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия” негiзiнде жатыр.
“Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.
Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.
Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ кари көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардығ ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейнi өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ. 20 ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде бақалшақтардың үш түрi: ең арзаны – қара түстi (куррила), ақ түстi (галиа), аса қымбат - қызыл түстi (ронго) пайдалынады.
Әлемде әр түрлi экзоотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына кiретiн ява аралдарында осы күнге дейiн феи акша айналысыда қызмет етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрiнде келе отырып диiрменнiң тасын еске түсiредi. Мұндай монеталардың диаметiрi бiрнеше метрге жетедi. Сауда мәмiлесi орындалғаннан кейiн сатушыға феяға бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп, өзiнiң белгiсiн соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде құралдарды пайдалынған. Сонымен бiр құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екi қойға теңестiрiлген.
Өнер мен жер игертушiлердiң бөллiнуiмен эквиваленттiң жетiлуi жалғасты. Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi – зәйтүн майы , күрiш , кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.
Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады . Ежелгi Спартта, Жапонияда, Африкада темiр , мырыш ,қорғасын , мыс , күмiс алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды . Рим императоры Диониссий сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды . Қытайда және Ежелгi Римде мыс ақша ретiнде пайдаланылды . XYII ғасырда Солтүстiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн қолданылады .
Металл ақшаларының артықшылығы олар - бiркелкi , төзiмдi , ұсақталынады . Металл ақшалардың кен таралуымен ақша есебiнiң салмақтық жүйесi нақтылана түстi.
Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте басталды , өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие .
Әрине , металлдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ . Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi . Темiр ақшалар күрек, таға , шынжыр , шеге және т. б формаларда ұзақ уақыт бойы ғана сақталынды . Грек ақшасының атауы “ драхма” “ бiр уыс шеге ” деген мағынаны бiлдiредi . Мыс ақшалар қазындық , құмыры , қалқан түрлерiнде ғана айналысқа түстi . Күмiс және алтын ақшалар жүзiк , сырға , бiлезiк түрiнде пайданалынды .
Бiрақ б. Э дейiн XIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар пайда бола бастаған . Осындай себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi фунт стерлинг , ливр ( жарты фунт ) , марка ( жарты фунт ) салмақ бiрлiктерi атауымен аталады . Алғашқыда белгiлi массасы бар формасыз металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi масадағы бiркелкi формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады .
Монеталардың пайда болуы - құрылуындағы соңғы кезең болып табылады .
1.2. Ақшаның эканомикалық мәнi мен ақша қызметтерi.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi . Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады . Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi . Ақша айналысы болмаса , онда тауар айналысы да болмайды
Бiрақ XVI ғасырдың басында ( 1516 ж .) утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң “ Жаңа утопия аралы және мемлекеттiң үздiк құрылымы туралы алтын кiтап” деген еңбегiнде : “ Алдау , ұрлау , тонау ....кiсi өлтiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi , әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар жерде алдымен ақша құрымай , олар да жоғалмайды , сонымен бiрге ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы , қағысы , қиыншылықтары және ұйқысыз түндерi де ұмытылар едi . Егер ақша адам өмiрiнен алыстанатын болса , онда тiптi ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң өзi де жоғалар едi ” .
Ол аздай Т. Моор тағы былай дедi : “ Қай жерде барлық нәрсенi ақша өлшемiмен өлшейтiн болса , онда ол жерде мемлекеттiк табысы жiне дұрыс ағысының болуы мүмкiн емес ”.
XIX ғ. Социал утопистерi – Прудон , Оуэн , Грей және басқалар ақшаға терiс көз қараста болды . Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып ақшаның жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды .
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды . Қазан революциясынан (1917) кейiн , азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқалған кезде ақшаны жою сәтi келедi , яғни тарихтың өзi оыған алып келдi деген тұжырымдар пайда бола бастады . Керек десеңiз ауыл шаруашылық өнiмдерiн өнеркәсiп өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты . Шындығында , оның бәрi сәтсiз аяқталды . С.Г . Струмилин ақшаның орнына еңбек бiрлiктерi - тредаларды , ал ағылшын экономисi Смит Фалтьнер энергетикалық бiрлiктердi - энедаларда пайдалануға ұсынды .
Осыған байланысты К . Маркс былай дейдi : ақшаларды жоя отырып , бiз қоғамдық дамудың ең жоарғы сатысында болуымыз мүмкiн немесе ең сатыға оралар едiк . Қанша дегенмен коммунизм - ол , қиял сондықтан да ақша болған , олар бар және бола бередi.
Ақша тауардан дами отырып , тауар болып қала бередi , бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент .
Ақша - жалпы бiрдей эквивалент , ерекше тауар , онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .
Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген . Алтынның басқа таурлардың құндылығын бейнелеу қасиетi , оның табиғи қасиетi емес . К. Маркс айтқандай : “ Табиғат ақшаны жаратпайды . Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген ” .
Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр . Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға ие : бөлiнуi оңай , әдемi , бұзылмайды , тот баспайды , тек қана “ патша арғында” ( 2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында еридi . Екiншiден ең бастысы алтын жоғары құнға ие . Қанша дегенмен оның қорының аз болуы , алтынға кететiн еңьек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп соқтырады . Аотынды тұтынуға жылдан жылға қсуде .Ол әр түрлi салаларда пайдалыналады – электроникадан бастап зергерлiк iстерге дейiн , бiрде өте жұқа қалыңдықпен , бiрде балқытылған құймалар күйiнде кездеседi .
Ресей XIX ғасырдың 20 – жылдарында алтын өндiруден бiрiншi орында болды . Өткен ғасырдың 40- жылдарында оның дүниежүзiлiк алтын өндiрiсiндегi үлесi 40 % - құрады .
Алтын өндiру қиын және капиталды көп қажет етедi . Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар . Соның iшiнде 60 – сы жұмыс iстеп тұр және олардың жылдық өнiмi 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады .
Алтын тек қана алтын валюта резервтерiдi ғана құрамайды , сонымен бiрге электронды – есептеуiш және компьютерлiк техникалды , түнгi мезаникалық аспаптарды , синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де қолданылыда .
Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр эканомикалық қарым – қатынастарды көрсететiн , тарихи даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады . Эканомикалық категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады .
- жалпыға тiкелей айырбастау ;
- айырбас құнының дербес формасы ;
- еңбектiң сыртқы заттық өлшемi .
Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану кез – келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi . Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоңамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi . Кәсiпорындар жер , орман , жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады . Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен байланысты , жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi .
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес . Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары , олар несие беру ,бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу , мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстiң қарыздық берешектердi өтеу , мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру , өндiрiстiк және өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру . Ұлттық банктер несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б
Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң , олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi .
Ғалым – эканомистердiң алтынның ақшалай тауар ретiнде ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейiк. Құнның жалпы формасынан немесе ақшалай формасына қайтiп келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.
Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.
Ақша қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы.
Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбаста процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атғарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзiлiк ақша.
Ақша құн өлшемi ретiнде. Құннығ өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi.
Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.
Ақша түрiндегi көрiнетiн тауардың құны , оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.
Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша реформалары
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығындағы ұсыныс және сұраныс
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚШАНЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша теориясының дамуы Қазақстан Рсепубликасындағы ақша реформасы
» Курстық жұмыс: Экономика | Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша реформалары
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығындағы ұсыныс және сұраныс
» Курстық жұмыс: Қаржы | АҚШАНЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
» Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша теориясының дамуы Қазақстан Рсепубликасындағы ақша реформасы
Іздеп көріңіз: