Курстық жұмыс: 3 сыныпта математика сабақтарында техникалық құралдарды қолдану жолдары

Курстық жұмыс: 3 сыныпта математика сабақтарында техникалық құралдарды қолдану жолдары

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Педагогика тарихында құралдарды қолданудың зерттелу жайы
1.2.Бастауыш мектептің оқыту процесінде техникалық құралдарды қолданудың шарттары

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. 3-ші сынып математика оқулығы бойынша озат мұғалімдер тәжірибесі
2.2. 3-ші сыныпта математиканы оқыту барысында техникалық оқыту құралдарын пайдалану

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ


Оқушыларын оқу еңбекке баулуда, олардың білімге құштарлығын, өзара жарасымды достығын, эстетикалық сезімін тәрбиелеудегі ролі орасан зор.
Бастауыш сыныптарда техникалық оқу құралдарын қолдану мәселесі мүлдем назардан тыс болды деп айта алмаймыз. Арнайы зерттелмесе де, бұл мәселенің маңыздылығына мән беріп, тілге тиек еткен ғалымдар
С. Рахметова, Б. Құлмағанбетова, Н. Оралбаева техникалық құралдардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларына мазмұндама жаздыруға болатындығын өз еңбектерінде қамтып көрсеткен.
Сонымен қатар «Бастауыш мектеп», «Начальная школа» журналдарының жекелеген тақырыптарында оқыту барысындағы техникалық оқыту құралдары мен көрнекіліктердің маңызы жайлы мақалалар кейінгі кезде жиі кездесетін болды. Дегенмен де, бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында техникалық оқыту құралдары мен көрнекілік принципіне байланысты мәселелерді ары қарай да зерттеп қарастыру, педагогикалық мәңгі проблеманың бірі. Сондықтан да «3- сыныпта математика сабақтарында техникалық құралдарды қолдану жолдары» атты тақырыпты зерттеуді қажет деп есептейміз.
Зерттеудің мақсаты – бастауыш оқыту процесінде техникалық оқыту құралдарын қолданудың теориялық негіздерін анықтап, математика сабақтарында техникалық құралдар арқылы оқыту құралдарын пайдаланудың жолдарын көрсету.
Осы мақсатқа орай алдымызға мынандай міндеттер қойылды.
Зерттеудің міндеттері:
1. Техникалық оқыту құралдарының зерттелу жайына шолу жасау.
2. Бастауыш оқыту процесіне қатысты техникалық оқыту құралдарын анықтап жүйелеу.
3. Математика сабақтарында техникалық оқыту құралдарын пайдаланудың әдіс-тәсілдерін саралау.
4. Озат мұғалімдердің техникалық құралдарымен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сатыдағы оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Математиканы оқыту барысында техникалық құралдарды пайдалану.
Зерттеу әдістері:
а) Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып талдау.
ә) Озат іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау.
б) Бақылау, әңгіме.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тармақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Педагогика тарихында құралдарды қолданудың зерттелу жайы

Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқыту процесіндегі басты міндеті – балаладың анық естіп, қабылдауы мен сөйлеу қабілетін дамыту.Баланы тәрбтелеу, білім беру міндеттері мектепте оқушыларды оқыту жәнеғ оқу уақытынан тыс жүргізілетін оқу процесінде шешіледі. Мұғалім мен оқушылардың әрқайсысының өздерінің айырмашалықтары мен ерекшеліктері болады, алайда олар өзара бөлінбестей бір-бірімен байланысты. Олар бірігіп біртұтас оқу-тәрбие процесін құрайды. Оқыту, мұғалімнің ерекше бағдарлы мақсат көздейтін қызметі ретінде оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен және оларды танымдық, шығармашылық қабілеттілікпен қаруландыратын кең мағынадағы тәрбиенің біртұтас бөлігі болып табылады.
Бастауыш сыныпта оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістерін жасап шығару проблемасының ғасырлар бойы адазаты толғандырып отыратын мәселелер болып келді. Білімді жаңа жолмен оңай және ұғымды етіп оқыту үшін, оқытудың жолын жаңа негізін салу мақсатымен ұлы ағартушы педагогтар көрнекі оқыту әдісінің негізін салды.
Қарастырылып отырған техникалық оқыту құралдарының негізі көрнекілік принципі болғандықтан бұлар бір-бірімен тығыз байланысты біз осы мәселені негіз етіп қарауымыз керек.
Көрнекілік принципін ғылыми педагогикалық тұрғыдан негіздеген Ян Амос Коменский. Ал оны И.Г.Песталоцци және К.Д.Ушинский өздерінің педагогикалық еңбектерінде әрі қарай дамытты. И.Г.Песталоцци оқудың негізін оның көрнекі болуы деп санады. Көрнекі кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасап, бұл принципті жаңа сатыға көтерді. Оқытудағы көрнекілік – Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты фактілерге, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді.Ушинский көрнекілік әдіске, психологиялық анализ жасай келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді сынады, себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса, зат, я құбылыс жөніндегі қабылдаған ұғым, түсінік есімізге соғұрлым берік, тиянақты орнығады да кейін олар оңай еске түседі. Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, оңай, қолмен жазу т.б. сезім мүшелеріміз белсенді қатысуы тиіс, егер де педагог баланың есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, онда ол көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарын, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қатыстыруға тырысуы керек,- деген Ушинский.
К.Д.Ушинскийдің көрнекілік мәселелеріндегі ең құнды көзқарасы – ол оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады, бастауыш мектептердегі көрнекілікті қолданудың әдістемесін жасады.
Техникалық оқыту құралдар арқылы қолданылатын көрнекі құралдар оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және материалды түсіну жолдарын оңайлатады.Педагогикалық тәжірибелерге қарағанда техникалық оқыту құралдарын тиісті орнымен пайдаланып өткізілетін сабақтар оқушылар үшін өте нәтижелі боланытдығы белгілі.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский : «Балаға өзіне таныс емес бес сөзді үйретіп көріңіз, ол көп уақыт тектен-тек, әлгі сөздерді жаттаймын деп әлек болады, ал сондай жиырма сөзді көркем суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны тез үйреніп алады.Бір оқи ғаны қабілеті бірдей екі балаға біреуіне картинамен, екіншісіне картинасыз сөз жүзінде әңгімелеп айтып беріп байқасаңыз, бала үшін картинаның маңызы бар екенін сонда ғана ерекше бағалай аласыз»,- дейді.
Ал көрнекіліктің атасы атанған ұлы педагог Я.А.Коменскийдің «Видимый мир в картинках» атты еңбегінде 150 түрлі – түсті сурет берілген және ол ғасырлар бойы бүкіл Еуропа елдеріндегі мектептерінде кеңінен қолданылып келеді.
Я.А.Коменский бұл еңбегінде көрнекі құралдардың пайдасы туралы былай деген: «Мұның бәрі мұғалімнің іскерлігін кемітеді деп қорқуға болмайды... Балаларға сол көрнекі құралдарды мұғалімнің өзі істеді ме, әлде оны біреулер күні бұрын дайындап қойды ма дегеннің бәрі бос, тек іске қажет болған жерде соның бәрі оның қолында болса болғаны. Мұғалім сол құралдардың қалай қолданылатынын ғана дәл көрсетіп үйретеді. Балалардың қолында дайын құралдардың болуы жақсырақ, ол кезде дайын құралдарға сүйенген бала қателік жіберемін деп саспайды, одан қалса, тәжірибелік жаттығуларға уақыт көбірек жұмсалмақ .
Көрнекі құралдарды тек мұғалім ғана емес, сондай-ақ білімдерін бекітіп тексергенде оқушылар да пайдаланады.
Техникалық оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптар: ғылыми мазмұны, оқу бағдарламасына қатысып, оқушылардың жас ерекшелігіне сай келуі, көрнекілік құрылымы, ішкі көрінісі, алыстан жақсы көрінуі, қолданудың ыңғайлылығы.
Техникалық оқыту құралдарын қолданудың қажеттілігі төмендегі мәселелерге негізделген:
1. Техникалық оқыту құралдарын қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады.
2. Техникалық оқыту құралдары арқылы көрсетілетін көрнекілік оқушылардың ойлау қабілетін арттырып дамытады.
3. Сабақты техникалық оқыту құралдары арқылы өткізудің негізгі мақсаты оқушыларға жаңа материалды терең түсіндіру.
4. Техникалық оқыту құралдары арқылы көрсетілетін көрнекілік оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыруда қолданылатын ерекше әдіс.
5. Оқытудағы техникалық оқыту құралдары оқушылардың теориялық материалдарды терең түсініп, практикада саналы пайдалануда әсерін тигізеді.
Ян Амос Коменский осы принциптерді мынадай психологиялық талаптармен байланыстырады.
1. Дүниетаным , әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікті болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы құрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасаудан бастау керек.
2. Ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді.
3. Түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін, тікелей сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.
Көрнекі түрде оқыту оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп
оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.
Техникалық оқыту құралдары және көрнекі құралдармен жұмыс істегенде мұғалім ең кемі мынадай үш нәрсені есепке алғаны жөн:
1. Көрнекі құралдың мазмұнына талдау жасау;
2. Оқушылардың ойы көрнекі құралдың нақты заттың өзіне өтуі керек, яғни оқушының ойлау әрекетін басқару керек;
3. Қалыптастырылатын сезімдік бейнені оқу міндетінің орындалуымен байланыстыру керек.
Мұғалім сөзінің көрнекілікпен дұрыс ұштасуының үлкен маңызы бар. Дидактикада сөз бен көрнекілікті ұштастырудың екі жолы белгілі. Бірінші жолы- көрнекі құралдарды көрсету мұғалім сөзінің алдынан келеді. Бұл жағдайда мұғалім оқушыны байқауына басшылық етеді, ал байқаулардың барысында олар қажетті білімдерді алады; екінші жол – сөзбен түсіндіру құралдарды көрсетудің алдынан келеді. Бірінші жол неғұрлым тиімді саналады, өйткені бұл білімдердің хабарлауын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай- ақ оқушылардың байқағыштығын дамытуға жол ашады. Бірақ екінші жолды да толығынан қолдануға тұрады, уақытты аз керек етеді және материалдың сипаты мен оқыту жағдайларына қарай пайдалануға болады.
Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұшырастыру проблемасы Л. В. Занковтың «Мұғалімнің сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ісіндегі ұштастығы» және «Оқыту ісіндегі көрнекілікпен оқушылар белсенділігін көтеру» деген еңбектерінде анағұрлым толық талданған.
Сөз оқушылардың назарын ең басты және маңызды нәрселерге аударуға, көрініп тұрған құбылыстардан оқыту мақсатына қажеттіні таңдап алуға көмектеседі. Сондықтан сөз бен көрнекілік оқыту ісіндегі өзара тығыз байланыста болады.
Әдетте, көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті сандар мен таңбалар, тұлғалар басқа түспен жазылады, асты сызылады. Мұндай тәсілдер жазылғанды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді. Алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып, істің мәнін біршама түсінуге көмектесетін болса ғана пайда келтіреді.
Бұл жерде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін де естен шығармау керек. Оқытудың сапасы мектептің оқу – техникалық құралдары мен көрнекілікке байланысты.
Көрнекі құралдардың түрлері: плакаттар, диаграммалар, кестелер, жануарлардың тұлыптары, гербарилер және т.б.
Оқыту құралдары: диапозитивтер, слайдтар, диафильмдер кинофильмдер, видеофильмдер, күйтабақтар және т.б.
Оқушыларға ең алдымен нақтылы (өсімдіктер, минералдар т.б.) немесе мектептен тысқары жердегі объектілер (табиғатқа, музейлерге, экскурсияға шыққанда); нақтылы заттардың шартты көлемді бейнелері (катиналар, суреттер); диапозитивтер, диафильмдер және экрандық басқа да оқу құралдары; түәініктер мен құбылыстардың, нақтылы объектілердің схемалық – графикалық бейнелері (схемалар, таблицалар); дыбыс бейнелері жазылған сөз, дыбыс көрсетілуі мүмкін. Көрсетілген объектілер барлық оқушыларға көрінетін болуы, анағұрлым маңызды болып табылатын белгілері оқушыларға көбірек әсер ететіндей болуы тиіс.
Мектепте көрнекіліктің әрқилы түрлері пайдаланылады:
1.Жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар объектілермен өсімдіктермен, хайуанаттармен т.б. сынып және мектептен тыс жерлерде табиғатқа шығып, экскурсия жасау кезінде таныстыруды көздейді. Оның әр түрлі эксперименттік көрнекілік болып табылады. Онда оқушылардың шын мағынасында өтіп жатқан процестерімен және құбылыстарымен таныстыру негізгі мақсат болып табылады.
2.Көлемдік көрнекілік. Онда шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсаты бар (фото, суреттер, картиналар).
3.Символикалық және графикалық көрнекілік абстракты ойлауды дамытуға әсер етеді, өйткені бұл түрдегі құрал нақты болмысты шартты қорытылған символикалық түрде көрсетеді (мысалы: карталар, чертеждер,схемалар, таблицалар). Абстрактылы – теориялық білімнің жедел дамуына байланысты көрнекіліктің бұл түрінің маңызы барған сайын арта түсуде. Сондықтан да бұлар сабақта жиі қолданылады.
4.Техникалық көрнекі құралдар. Бұларға оқу фильмдері, диапозитивтер, диафильмдер, транспоранттар, эпипроекторлар арқылы көрсетілетін көрнекіліктер жатады. Бұл құралдар оқушылардың танымдық қызметін жандандыруға себебін тигізіп, оқытудың жалпы тиімділігін атқарады.
Соңғы кезде оқытудың бұл құралдарына ерекше көңіл бөлініп отыр, мұның өзі жастарды оқытумен және тәрбие берумен шұғылданатын барлық мекемелерде оқытудың қазіргі замандағы құралдарын пайдалануды жақсартуды міндеттейді.
Мұғалімнің еңбегі өте ауыр еңбек. Ол жүйке жүйесі мен дауыс желбезектеріне, көзге үлкен салмақ түсіреді. Оқыту процесінің өзі әлі де болса оқушылардың белсенділігін жете жандандырмайды, сондықтан да үнемі нәтижелі бола бермейді. Ал техникалық оқыту құралдары болса, мұғалімнің қолы жүктің бір бөлігін босатуға көмектеседі, оқушылардың оқу материалын қабылдауын күшейтеді және олардың оқу еңбегінің тиімділігін арттырады.

1.2.Бастауыш мектептің оқыту процесіне техникалық құралдарды қолданудың шарттары

Оқу ісіне техникалық оқыту құралдарын қолдану мәселесі 50-ші жылдардың аяғынан бастап бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселенің бірі екендігі белгілі. Осы мәселемен айналысқан көптеген ғалымдар (Л.Д.Цесарский, Н.М.Шахмаев, Г.В.Карпов, Г.И.Рах, М.А.Құдайқұлов, К.Өстеміров және т.б.) техникалық оқыту құралдарын әр қырынан зерттеп, олардың түрлерін белгілі бір көрсеткіштерге байланысты топтастыруға тырысқан. Ғалымдардың еңбектерінен техникалық оқыту құралдарын топтастыруда олардың көзқарастары әртүрлі екендігін байқауға болады. Мысалы Л.Д.Цесарский техникалық оқыту құралдарының барлық түрлерін негізгі екі топқа бөледі.
1.Дыбысты жазатын және қайта естіртетін аппаратура.
2.Проекциялық аппаратура.
Бірінші топқа грамжазбаларды тыңдататын электроойнатқыш, магнитофон және радио жатқызылған.
Екінші топты ғалым екіге бөледі: статикалық проекциялық аппараттары және динамикалық проекция аппараттары. Статикалық аппараттарға фильмопроектор, эпипроектор, диапроектор және графопроектор жатқызылған.
М.В.Ляховицкий менг И.М.Кочиман барлық техникалық оқыту құралдарын жарықтық техникалық және дыбыстық техникалық деп бөледі. Бірінші топқа кинопроекциялық аппарат, диапроектор, графопроектор, фильмопроектор, эпипроектор сияқты аппараттар кіреді.
С.Г.Шаповленко техникалық оқыту құралдарын атқаратын қызметтеріне қарай былайша топтастырады:
-ақпараттық техникалық құралдар;
-бақылаушы техникалық құралдар;
-оқыту техникалық құралдар;
М.А.Даниов өзінің әдістемелік оқулығында техникалық құралдарын былайша топтастырады:
1.Экрандық
2.Дыбыстық.
Г.В.Карпов, Романин, Г.И.Рах, М.А.Құдайқұлов техникалық оқыту құралдарын есту, көру және көру-есту құралдары деп бөледі. Есту құралдарына электоройнатқыш, магитафон, лингафон кабинетін жатқызған.Көру құралдарына диапроектор, эпипроектор, графопроектор кіррген. Көру – есту құралына кинопроектор, телевизор жатқызылған.
Б.Құлмағанбетова сабақта қолданылатын техникалық оқыту құралдарының дыбыстық және проекциялық түрлерін атайды. Дыбыстық аппараттарға магнитафон, электроойнатқышты жатқызған. Проекциялық аппараттардың құрамына диаскоп, эпископ, фильмоскоп, диапроектор, кодоскоп сияқты құралдар кірген.
Жаңашыл ғалымдар техникалық оқыту құралдарын екі топқа бөліп көрсетіп отыр: техникалық құралдар (фильмопроектор, диапроектор, эпипроектор, графопроектор, кинопроектор) – аппаратуралар және оқыту құралдары (диапозитив, диафильм, кинофильм, суреттер, текстер, слайдттар).
Жоғары келтірілген классификациялардан байқағанымыз, техникалық оқыту құралдарына нені жатқызу керек екендігі туралы пікірлер әртүрлі. Кейбір ғалымдар техникалық оқыту құралдары қатарына тек аппараттарды жатқызса енді біреулері олардың қосымша құралдарын (мысалы, грамжазба, бейнежазба т.с.с) аппарат ретінде жазған. Мысалы, грампластиканы, біздің ойымызша, дыбыстық аппараттарға жатқызуға болмайды. Өйткені, грампластика- дыбыс жазбасы түсірілген құрал. Ал бұл құралдың жұмыс істеп, дыбыс шығаруын қамтамасыз ететін аппарат – электроойнатқыш. Электроойнатқышсыз грампластиканы тыңдау мүмкін емес.Сондықтан аппараттардың құрамына грампластика емес, электроойнатқыш жатқызылуы керек.
Жоғарыда ғаламшардың техникалық оқыту құралдарын әртүрлі атаумен беруі кездеседі. Техникалық оқыту құралдарының түрліше аталуы ғаламшардың бұл құралдарды жасалуына қарай, жұмыс істеу принципіне қарай, оқушылардың мәліметті қабылдау рецепторларының түрлеріне қарай атауына байланысты сияқты.
Дегенмен қарастырылған классификациялардың айырмашылығынан ұқсастығы көп. Әрина ғылым мен техниканың дамуына байланысты, заман талабына сай, кейбір техникалық құралдар қолданыстан шығып қалды. Олардың орнына оқу процесін жандандыра түсетін жаңа аппараттар, әдістемелік мүмкіншіліктері күшті құралдар ене бастады. Осындай өзгерістер мен жаңалықтарды ескере отырып, бастауыш мектепке қолданылатын техникалық оқыту құралдарын төмендегідей топтап көрсетуге болады:
1.Дыбыстық аппараттар – электроойнатқыш, магнитафон,, лингафондық кабинет және олардың қосымша құралдары (күйтабақ, таспалық жазба т.б.).
2.Проекциялық аппараттар:
а) статикалық аппараттар;
ә) динамикалық аппараттар және осылардың қосымша құралдары.
Статикалық аппараттың өзі екіге бөлінеді: диаскопиялық және эпископиялық.
а) диаскопиялық құралдарға, диаскоп және олардың қосымша құралдары – диафильм мен диапозитив жатады.
ә) эпископиялық құралдарға – эпипроектор, графопроектор және олардың қосымша құралдары – транспаранттар, текстер, суреттер, графиктер жатады.
Динамикалық техникалық оқыту құралдарына – кинопроектор, бейнемагнитафон және олардың қосымша құралдары – оқу кинофильмдері мен бейнежазбалары жатады.
Техникалық оқыту құралдарының қайсысы болса да, оқу процесін жандандыруда, оқушылардың білім меңгеру сапасын жақсартуда мұғалімге зор көмекшілік қызмет атқарады. Дегенмен, ғылыми – техникалық прогрестің дами түсуі оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін, техникалық оқыту құралдарын, басқаша айтқанда, оқытудың жаңа технологиялық ізденістер, тиімді пайдалануды талап етеді. Осыған байланысты, әрбір техникалық құралға сипаттама бере отырып, салыстыру негізінде бастауыш мектеп оқыту процесінде техникалық оқыту құралдарының тиімдірек болатын түрлерін атауды жөн көрдік.
Электроойнатқыш- граммафондық жазбаларды тыңдауға арналған аппараттар. Грамжазбалар механикалық жолмен күйтабақтарға жазылған. Бұл оқушыларды тыңдау әрекетіне үйтеру жақсы құрал болып табылады. Алайда күйтабақтардың аздаған кемшіліктері бар, күйтабақтарды жиі ойнату олардың тез істен шығуына әкеп соғады. Бір күйтабақтағы материал екінші күйтабаққа көшіріліп жазылмайды. Осы аталған кемшіліктер электроойнатқыш пен күйтабақтарды оқу процесінде кеңінен қолдануға кедергі келтіреді.
Магнитафон- дыбысты магниттік жолмен жазу мен қайта естіртуге қолданылатын аппарат. Магнитафонның жұмысын басқару өте жеңіл, салмағы да, көлемі де үлкен емес, бір орнынан екінші орынға оңай апарылады.
Енді проекциялық аппараттарды қарастырып көрейік.
Статикалық аппараттарға диаскоп, диапроектор жатады. Диаскоп дегеніміз-диапозитивтерді көрсететін проекциялық аппарат. Бұл жеке бір оқушы көруге ғана арналған аппарат. Диапроектор-диапозитив пен диафильмді көрсететін аппарат . Диапозитив деп отырғанымыз –фотография арқылы түсірілген суреттер, схемалар, графиктер, таблицалар.
Диафильм дегеніміз-кинопленкаға түсірілген, белгілі бір сюжетке, тақырыпқа құрылған диапозитивтер. Оқушыларға сабақты қолданбалы түрде меңгеруде диафильмдердің маңзы зор. Диафильмдерді қолдану оқу процесін түрлендіруге көмектеседі.
Диапроекция құралдарына эпипроектор (бұрын эпидиаскоп деп атап келді) және графопроектор (кодоскоп) жатады.
Эпипроектор арқылы көрсетілетін материалдарға суреттер, открыткалар (ашық хат), газет-журналдардан қиылып алынған көрнекіліктер т.с.с. жатады. Бұларды құрастыру арқылы эпифильм жасауға болады. Эпифильмдердің диафильмдерден артықшылығы, оны мұғалімнің өзінің құрастыруында. Мұндай көрнекіліктерді үлкейтіп көрсету үшін, мұғалімнің өзі-ақ қағазға қажетті схеманы, таблицаны сызып дайындай алады.
Графопроектор – сабақта кеңінен қолданылатын техникалық құралдардың бірі алғашқы шыққан аппаратты кодоскоп деп атады. Мұғалім мұны сабақ кезінде әртүрлі таблицаларды, схемаларды, текстерді, сурет сияқты көрнекіліктерді көрсету керек болғанда қолданылады. Қажетті көрнекілікті қолдан фломастер немесе арнаулы қарындаш арқылы арнаулы пласмассалы пленкаға немесе полиэтилен пленкаға жазып көрсетуге болады.
Графопроектормен жұмыс жұмыс мұғалімді қосымша жұмыстардан - әр сабақ сайын тақтаға жазып, сызып көрсетуден босатады. Бұл мұғалімнің уақытын, әр күшін үнемдеуге көмегін тигізеді. Дайын материалды (транспорант) әртүрлі топтарда бірнеше рет қолдану мүмкіндігі бар.
Енді графопроектордың дидактикалық мүмкіншіліктерін қарастырып көрейік.
1) Сабақ барысында транспоранттағы бейнелерге кез келген өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болады. Оның ішіндегі астын сызу, бос орындарды толтыру және т.б. Мұндай өзгертулер арқылы мұғалім оқушылардың назарын маңызды немесе қиын мәселелерге аударып, тапсырманың орындалу барысында көмек көрсете алады. Бейнені бұлай өзгерту диафильмдер мен диапозитивтерді қолданғанда мүмкін емес.
2) Транспоранттарды қолдана отырып, көру мәліметінің мазмұны бір кадрдан кейін екінші кадр «бөліктен тұтасқа» бірізділігімен беріле алады. Алайда графопроектордың ерекшелігі: транспорантты қолданғанда материалдың бір үзіндісін ғана көрсетумен қатар, тұтас өзін көрсету мүмкіндігі бар. Мұғалім өзінің қалауы бойынша және сабақтың әдістемелік міндетіне қарай, мәліметті беру тәсілін таңдай алады.Мысалы, жай есепті бірінен соң бірін беруге де тұтас таблица етіп көрсетуге де болады.
3) Графопроектор арқылы көру мәліметінің әртүрін көрсетуге болады. Осыған байланысты транспоранттарды суреттер, текстер немесе сызбалар түсірілген транспорант деп бөледі.
4) Транспоранттардың әр түрін (қара-ала түсті ғана емес, түрлі-түсті етіп те) қолдан дайындау мүмкіндігі оқытушы үшін өте маңызды. Өйткені, оқу процесін қызықты етіп ұйымдастыру мақсатында оқытушы өзінің ойындағы жұмыс түрлерін іске асыра алады.
Қоғамдық өмірдің барлық саласында, оның ішінде білім беру саласында, компьютерді қолдану күннен-күнге кеңейіп отыр. Соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдерінің компьютердің оқу процесін жандандыру құралы ретіндегі мүмкіншілігі көбірек қызықтырады. Мұның бірнеше себебі бар. Олар компьютердің көбірек қызықтырады. Мұның бірнеше себебі бар. Олар компьютердің техникалық артықшылықтарына, мұғалімдер үшін аса маңызды дидактикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Соларды қарастырып көрейік.
Компьютердің техникалық сипаттарынан біз үшін мыналар маңызды:
1) Қазіргі компьютердің магниттік және дискілі жадыларының көлемі үлкен, бұл оқу материалдарын көп мөлшерде сақтауға және керегінше пайдалануға мүмкіндік береді.
2) Компьютер өте жылдам жұмыс істейді, аз ғана уақыт ішінде мыңдаған операцияларды орындайды.
3) Компьютердің мультимедиа қосымшалары арқылы дыбыс мәліметіне байланысты жұмыстарды орындауға болады.
Компьютердің көмегімен оқудың мотивациясын күшейтуге болады. Компьютермен жұмыс істеудің басқа дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда жаңашылығы мен өзгешелігі оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады. Мұның өзі әртүрлі факторлармен байланысты. Мысалы, кейбір оқушылар компьютер сияқты басқа да күрделі техникалық құралмен жұмыс істеуді мақтаныш санаса, енді біреулері оқу мәліметінің өзгеше берілу әдісін қызық көреді.
ХХ – ХХ1 ғасырдың ең үлкен жетістігі - әлемдік компьютерлік техникалардың пайда болуымен қатар олардың дамуы мен өркендеуі әлемдік ақпараттық қоғамдастықпен көрінбек.
Қоғамдағы болашақ омикалық дамудың көзі ақпараттық технологиялардың дамуымен қатар оларды жете меңгеру сияқты іргелі үрдістерден көрінбек. Міне, сол себепті интернет қызметінің маңызы ұлғая түспек.
Елбасының мектептерді компьютермен қамтамасыз ету туралы бағдарламасында көрсетілгендей, Қазақстан мектептерін компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, соған байланысты бағдарламалар жасауы тиіс.
Бүгінгі күннің талабына сай компьютер құралдарын игеру қажеттілігін отандық мектептерде кеңінен қолданысқа енуі негізгі факторға айналып отырғандығы шындық. Қазіргі кезде дүние жүзінде шет тілдерін оқытуда ең қажетті техникалық оқыту құралдарының ішіндегі негізгісі компьютер болып есептеледі. Оқыту мотивациясы мен оқушылардың жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін компьютерлік оқу ойындарының алар орны ерекше. Сонымен оқыту барысында компьютерлік техникалық құралдардың көмегі арқылы (кесте, сызбанұсқа, алгоритм және т.б.) көрнекі құралдарды қолдануға болады.
Демонстрациялы көрнекі құралдарды оқып отырған пәнге алуан түрлі суреттер мен бейнелерді ұсынады. Компьютердің көмегі арқылы біз ақпарат алатын мәтіндермен танысып қана қоймай, сонымен қатар оқушыларға әр түрлі тілдік құбылыстарды да көрсете аламыз.
Мектеп курсының жекеленген тақырыптарды немесе тарауларын компьютерді қолданып оқыту С.В.Ашкинузенің (есептеу техникасын қолдану арқылы математикалық анализ курсының негізгі ұғымдарын қалыптастыру), Б.Б.Бесединнің, М.Вахидовтың, М.С.Степановтың, Ю.А.Дробышевтің, Л.Л.Якубовтың (математикадан білімдерді жүйелеу және жалпылау) және т.б. жұмыстарында зерттелген.
Бұл зерттеулерде компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану, көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды меңгеруді жеңілдету, оқу іс-әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы көрсетілген.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепке ақпараттануды енгізуге Ж.А.Қараев және оның шәкірттерінің еңбектері үлкен рөл атқаруда.
Бастауыш мектеп – орта мектептің алғашқы баспалдағы.
Қазақстанда математикалық білім беру оның ішінде бастауыш сектеп стандартын жасаған белгілі ғалым Е.О.Медеуовтің айтуы бойынша бастауыш мектептегі оқушылардың математикалық дайындығы орта және жоғарғы сыныптардағы математика курсын оқып үйренудің негзі болып табылады.
Бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруде РЕсейде М.И.Моро, А.М.Пышкало, М.А.Бантова т.б., Қазақстанда Т.Қ.Оспанов, Ж.Т.Қайыңбаев, К.А.Утеева, К.А.Ерешова және т.б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлес қосты.
Бастауыш мектептегі оқу құрал-жабдықтар кешеніне дербес компьютермен жұмысты кірістіру мәселесінің маңызы ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьютерлік оын ойнап, микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығын арттыра түспек.
Демек, компьютерлік техниканы оқу құрал-*жабдықтар кешеніндегі басты буынның бірі ретінде қарастырып зерттеу, бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және бастауыш мектеп мұғалімінің практиккалық іс-әрекетіндегі маңызды әлеуметтік-педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір мәселе болып табылады.
Соңғы кезде Россия ғалымдары А.А.Кузнецов пен А.М.Пышкалоның басшылығымен төменгі сыныптардағы математика пәнін оқытуда компьютерлік техниканы оқыту құралы ретінде пайдалануға байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, Ю.А.Ивановтың зерттеулерінде математика пәнін оқытуда компьютерді пайдалану арқылы төменгі сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін қалыптастырудың кейбір ерекшеліктері анықталған.
Алайда, осы бағыттағы ең бір көкейкесті мәселелердің бірі – дербес компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың теориялық та практикалық жақтары жан-жақты зерттеліп, жеткілікті дәрежеде шешімін таба қойған жоқ. Бастауыш мектеп оқушыларын оқытуға арналған педагогикалық бағдарламалық материалдар жазылған әдебиеттерге талдау, негізінен алғанда компьютерді әр түрлі ойын элементтерін қолдану және пәндік білім, біліктілік пен дағдыларды тексеруге бағытталғандығын көрсетеді. Бұл педагогикалық бағдарламалық құралдарда бастауыш мектеп оқушыларын осы заманғы компьютерді қолданып оқыту жеткілікті дәрежеде орын таппай отыр. Бастауыш мектепте компьютерді падаланып оқыту оқушылардың жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері қарастырылмаған. Бұл жағдайдың орын алу себебі, бастауыш мектеп пәндерін оқыту үрдісінде дербес компьютерді пайдалану проблемасының әлі де болса ғылыми негізделген шешімін таппай отырғандығымен түсіндіріледі. Қазақ бастауыш мектептерінде математика пәнін оқытуда дербес компьютерді оқу құралы ретінде пайдалануға арналған зерттеулер жоқ. 80-жылдардың бас кезінде белгілі ғалым - әдіскер А.М.Пышкалоның еңбектерінде компьютерді өте бір керемет оқу құралы ретінде оқыту мақсатында да туындайтын пәнді анықтау керек деп айтқан.
Мұғалім көрнекілікті шектен асырып қолдануға тиіс емес. Бала сандарға амал қолдана алатын жерде, техникалық оқыту құралдарын қолдану артық жұмыс болып табылады. Бірақ өткен материалды пысықтағанда мұғалім оқушылардың бір мәселені шала ұққанын байқаса, тағы қайта түсіндіру үшін көрнекі құралдарды пайдаланатын жағдайлар болады, бұл жерде техникалық оқыту құралдарын пайдалану өте орынды. Техникалық оқыту құралы баланың жұмысқа деген ынтасын арттырады, бұл – оқудың ойдағыдай нәтижесі болуының шарты. Оқып отырған материалды техникалық оқыту құралдары арқылы суреттеп отыруда математиканы бастап оқытқаннан – ақ қолданып, барлық оқу жылдарында да, ол жұмыс, тиісті орын алып отыруы тиіс.
Техникалық оқыту құралдары арқылы көрсетілген көрнекі құралдар тиісті мақсатқа сай болуы үшін:
а) құрылысы, формасы, бояуы жағынан қарапайым болуы керек;
ә) балалар орындарында отырып экрандағы құбылысты жақсы көре алатындай болуы керек;
б) бір орыннан екінші орынға оңай көшіріп апаруға ыңғайлы болуы керек;
в) жеке бөліктері оңай қозғалатындай болуы керек;
г) құрама бөлімдері жеңіл ауыстырылатын болуы тиіс.
Көрнекілікке қойылатын талаптар жайында, ұлы ағартушылар, алдыңғы қатарлы зиялылардың еңбектерін де көруге болады. Ұлы Абайдың алдыңғы «Адам баласы – көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады,»- деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен ұштасады. Көрнекілік арқылы берілген нәрсе заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді еске берік сақтауға үлкен ықпал жасайды. Оқыту барысында әрбір нәрсені игеру үлкен жетістіктерге жетудің бірден – бір кепілі болады. Сондай-ақ Мағжан Жұмабаев та «Педагогика» атты оқулығында көрнекіліктің бала ойына әсері жөнінде былай дейді:
«Ойлау- жанның өте бір қиын терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлауын өркендеткенде сақтықпен, басқышпен іс істеуі керек. Өркендетудің бірден – бір жолы баланың дұрыс әсерленулер және ашық суреттеулердің көп болуына жағдай жасауы керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс әрі ашық болмаса, баланың ұғым, қорытынды жасау әрі ой шығаруы қате болады. Қанша дегенмен адам суреттер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір пікірді айтуда қасиет жоқ, бала пікірді көрнекілік көмегімен шығарып алғаны дұрыс. Көп мәселенің түйіні сол көрнекі құралдардың сипатына тәуелді болады» - деп тұжырымдайды.
Қорыта келгенде, техникалық оқыту құралдарының әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкіншілігіне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде қолдану қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдын қойылатын әрбір танымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлікке қол жеткізуге болады. Көрнекіліктің әр түрлі оқыту құралдарын комплекісті түрде қолдану қажеттігі оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың (көру, есту, қозғалу, сөйлеу) бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етуіне байланысты. Сонымен бірге оны пайдалануда үлкен шеберліуті қажет етеді.
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бірінші сыныпқа арналған оқу әдістемелік құралдар
» Курстық жұмыс: Математика | Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс 3 сыныпта математика сабақтарында техникалық құралдарды қолдану жолдары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар курстық жұмыстар, 3 сыныпта математика сабақтарында техникалық құралдарды қолдану жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]