Қазақша Жаңылтпаш: "Б" әрпі

Қазақша Жаңылтпаш: "Б" әрпі

Баласы шашын жібітіп отыр,
Атасы насыбайын үгітіп отыр.
Апасы түбітін түте алмай,
Ұрысып отыр.

Балтабай
Мал таба алмай жүр.
Баласы тал таба алмай жүр,
Ағасы бал таба алмай жүр,
Балтабай әлі мал таба алмай жүр.

Байтан тай таңдады,
Таңдаған тайы тайтаңдады.
Бұған кейіген Байтан тағы
Тайтаңдамайтын тай таңдады.

Бал аралар, бар аралар
Балалармен бірге бау аралар.
Бар балалар арамен ағаш аралар.

Барсакелмес - барсакелмейтін,
Келсе бармайтын жер емес.
Барып-келіп жүргендер де,
Барғысы келіп жүргендер де жоқ емес.

Барша шырша — жасыл шырша.
Жасыл шырша — асыл шырша.

Бидай көже
Сөк көже
Екеуі де
Тоқ көже.
Көзден ұшқан,
Жоқ көже.

Бөкпен жеген
Бөпем екен.
Бөпем бекпен
Төккен екен.

Бұзау бұлқынып,
Мойыншағын үзе ме?
Мойыншағын үзген соң,
Ол біреуді сүзбей ме, сүзе ме?

Біздің бағлан
Бапкер бағлан.
Бағы бітік,
Бақ бағынан.

Бір аға
Прагаға кетті.
Бұл аға Прагаға
Негізгі Құрамада кетті.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша Жаңылтпаш Б әрпі әріп буква б, жаңылтпаштар балаларға, жаңылтпаштар балаларға арналған, жаңылтпаш балаларға, жанылтпаштар қазақша, қазақша жаңылтпаштар жинағы қазақша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]