Ертегілер

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ертегі: Бақытты басқа тепкен адам

Бағдат шаһарында бір жігіт болған екен. Бір күні түсінде Қызыр жолығып: «Мен Ніл дариясының жағасында бір бәйтеректің қасында тұрамын, сен маған кел, саған батамды беремін. Сен бақытты боласың», – дейді. Жігіт оянып көзін ашса, таң атып келе жатыр екен. Жігіт:

«Япыр-ау, бұл түсім қалай түс, мүмкін, рас түс болып шығар, мен сол бәйтерекке барып көрейін», – деп, шаһардың ұзын көшесімен жүгіре басып келе жатса, Бағдат шаһарының патшасы терезесін ашып қойып, көшеге қарап отыр екен. Асыға басып бара жатқан жігітті көріп, патша шақырып алады:

— Сен, жігіт, жұрт тұрмай, асығып қайда барасың, бір нәрсеге қуанып барасың ба, я болмаса бір нәрседен қорқып, қашып барасың ба? – дейді. Жігіт:

— Тақсыр, патша, мен бүгін түсімде Қызырды көрдім, ол кісі: «Мен сені Ніл дариясының жағасында күтемін, сен маған кел, мен батамды беремін, содан соң сен бақытты боласың», – деді. Осы түсім рас болар деп, сол Қызырды іздеп барамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Айлалы тазша

Өткен заманда бір тазша болыпты. Оның сұлу әйелі болыпты Заманындағы ханның баласы сол әйеліне ғашық болып жүреді екен. Хан баласы бір түнде келіп, тазшаның әйелін оятыпты.

Сонда әйелі тазшаға:

— Ханның баласы менің мазамды алды, – дейді.

Тазша айтыпты:

— Олай болса, мен бір жаққа жолаушылап кетейін де түнде қайтып келіп, аңдиын. Егер хан баласы келе қойса, оны ұстап алып өлтірейін! – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Алып қара құс – Cамұрық

Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты – Асан, ортаншысының аты – Үсен, ал ең кенже баласының аты – Хасан екен.

Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақкөңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен, Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Бекболат

Ертеде бір кедей болыпты, оның төрт баласы болыпты. Кішісінің аты Бекболат екен. Бір күні ол кедей «тілімді алмайсың» деп Бекболатты үйден қуып жібереді. Бекболат қаңғырып келе жатып, көлдің жиегіндегі жалғыз үйге сәлем беріп, кіріп келсе, бір шал мен кемпір отыр екен. Олар жөн сұраса, Бекболат:

— Әке-шешем жоқ, қаңғырып жүрген жетім баламын, баласы жоққа бала болар едім, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Күлсе аузынан будақ-будақ гүл түсетін жыласа көзінен моншақ-моншақ маржан түсетін құс

Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты Асан, ортаншысының аты Үсен, ал ең кенже баласының аты Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақкөңіл бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен, Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса, маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жарлы Сүлеймен

Ертеде Сүлеймен пайғамбардың заманында бір Сүлеймен деген жарлы кісі отын арқалап сатады екен. Бір күні отыны өтпей балалары аш қалыпты. Сол күні түнде Сүлеймен пайғамбар әскерлерімен әлгі жарлы үйінің қасына келіп қоныпты. Таң атқасын жарлы Сүлеймен пайғамбарды көріп арызын айтқалы жүгіріп келеді. Есік алдындағы кісілер оны тінтіп көрді де жіберді...

Жарлы Сүлеймен келіп:

— Тақсыр, сенің де атың Сүлеймен......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ғылманның өнері

Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әртүрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен. Бір күні патша үлкен уәзірін шақырып алып:

— Бұл Ғылман өте ақылды және өнері де көп адам екен. Осыны уәзір етсек қайтеді? – дейді. Уәзір патшадан бұл сөзді есіткен соң: «Ғылман уәзір болса, бізді орнымыздан түсірер», – деген ойға келеді де:

— Ей, патшам! Бұл Ғылманнан мен қорқамын, өйткені басқа адамдар істей алмаған нәрселерді бұл істей алады. Сондықтан бір күні сізді де, бізді де өлтіріп, өзі патша болып алар деп қорқамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Білу және түсіну

Үкі бәрін, тіпті одан да көп білетін. Оны ешнәрсемен таң қалдыруға болмайтын. Кез-келген жаңалықты ол құлықсыз тыңдап, үнемі былай дейтін:
— Мұның бәрін мен осыдан жиырма жыл бұрын білгем.
— Сен білесің бе?.. деп біреулер сұрайтын.
— Баяғыдан білемін, басқа жаңа бір нәрсе айтпайсың ба, — деп жауап қатушы еді.
Тіпті керемет оқымыстылардың өзі, Үкі оларға сұрақ қойғанда өздерін ақымақ сезінетін.
— Сен білесің бе, -деп сұрайтын олардан үкі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жас алып

Бір шаруаның бойы шынашақтай ғана баласы болса керек. Жыл артынан жыл өткенмен, баланың бойы өспей, сол құртақандай қалпында қала береді.

Бір күні әкесі жер жыртуға бармақшы болғанда, бала:

— Әке, мені өзіңмен бірге ала кетші!— дейді.

— Қой, балам,— дейді әкесі,— одан да үйде қал, сен құртақандайсың ғой, жазатайым жоғалып кетіп жүрерсің.

— Жоқ, жоғалмаймын, ала кетші,— дейді бала.

Амал нешік? Баласын жан қалтасына сап алып, егістікке......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Көпес қазы мен молда

Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ол заманда хан серіктерімен жүреді екен. Хан серіктерімен бір үлкен тауға келіпті. Оның бауырында бір үлкен өзен бар екен. Хан өзенді жағалап сейіл құрыпты. «Бұған сен бас бол!» деп біреуді хан қойыпты. Ол өңірде бір үлкен көпес бай бар екен. Көпестің жалғыз қызы бар екен. Қызы оқымысты, дүниенің тілін біледі екен.

«Мен өлгенде, әйеліме зорлық қылмасын» деп көпес ханмен тамыр болыпты. Сол шағында бай дүниеден......
Ертегілер
Толық
1 0