Ертегілер

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ертегі: Бұлбұл жарқанат және қарақұрт

Бұрынғы өткен заманда гүл-бәйшешегі жайқалған жалпақ бір аңғарда таңдайынан күй төгілген әнші бұлбұл болыпты. Өз тұқымының ішінде одан асқан әнші болмапты. Жалпақ аңғардағы орманды аралап, ағаштан-ағашқа қонып, күні-түні тыным таппай, сайрайды да жүреді екен. Мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіпті. Таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алады екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Аңқау мен ұры

Баяғыда бір аңқау есегіне мініп жолаушылап шығады. Келе жатып тауға шығарда есегін аяп жетектеп өтпекші болады. Мұны екі ұры көріп есекті ұрламақшы болады. Екі ұры аңқауға білдірмей келіп, біреуі есектің ноқтасын сыпырып жіберіп өзі киіп, аңқаудың артынан жүріп отырады. Екіншісі есекті......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ақ ниет пен Қара ниет

Ертеде Ақ ниет пен Қара ниет жолдас болыпты. Бір күні азық-түліктерін жабдап алып, екеуі ұзақ сапарға шығады. Бірнеше апта өткеннен кейін Қара ниет:
— Азығым таусылып қалды, – деп, Ақ ниеттен тамақ сұрапты.
— Өле жегенше, бөле жейік. Менің азығым таусылғанша діттеген елдің шетіне ілігерміз, – деп Ақ ниет азығын аямай беріпті.
Бір адамның өзі үшін әзірлеген азығын екі адам жеген соң, қашанға жетуші еді, көп ұзамай Ақ ниеттің де азығы таусылады. Қоржынның түбін қағып екеуі бөліп жейді де, келесі күні аш жүріпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Шаһимардан патша

Бұрынғы өткен заманда бір молда болыпты. Дүниеде онан асқан молда жоқ екен. Бір күні қатынына айтыпты: «Мен өлемін. Мен өлгеннен кейін бір бала табасың. Қазір мен саған тұмар жазып беремін. Егер ол бала ұл болса, тұмарымды оң жағына тағасың, қыз болса, сол жағына. Ол бала менен асқан молда болады», – дейді.

Бір күні шал ауырып, бір ай жатып өледі. Арада ай өтіп, жыл өтіп, бір бала табады. Ол баласы ұл екен. Тұмарды оң жағына асады. Жеті жасқа келгенде......
Ертегілер
Толық
1 0

Ертегі: Бөдененің құйрығы неге келте

Бұл былай болған екен. Ертеде бір биік тау болыпты. Ол таудан ары қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті.
Бүркіттің атақтысы келіпті, аса алмапты.
Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Үш таз

Ертеде бір ғарып шал болады. Шалдың жан дегенде жалғыз қызы, мал дегенде бір көк сиыры болады. Шал бір күні көк сиырын өзенге суарып, судың жағасында дем алып отырады. Судың жанында шалдан бұрын келген үш таз отыр екен. Қасына келіп отыра бергенде бір таз «өлтіремін» деп жабыса кетеді. Шал байғұс жалынып: «Көк сиырымды берейін, қоя бер», – дейді. Қоя бермейді. «Қызыңды берсең, қоя беремін», – дейді. Шал байғұс қорыққанынан......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Сүлеймен патша мен байғыз

Жер бетіндегі адам баласы мен аң-құсты түгел билеген Сүлеймен деген патша әйелін өте жақсы көреді екен. Не қаласа, бәрін орындай беріпті.
Бір күні еріккен әйел Сүлеймен патшаға былай депті:
– Маған тек қана құстың сүйегінен сарай салдырып бер!
Патша шабарманы қаршығаны шақырып алады да құс атаулыны түгел жинап келуге бұйырыпты. Патша әйелінің сөзін дуал үстінде отырған байғыз естіп қойыпты. Қаршыға ой мен қырды шарлап, құстарды тегіс жинапты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Залым түлкі

Бір күні Арыстан ұйқыдан жаңа оянып, есінеп отырса, салып ұрып Түлкі келеді.

— Сәлеметсіз бе, Арыстан аға, әдейі іздеп келдім, – дейді.

— Жай ма? – деп сұрайды Арыстан.

— Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Бұдан шыға берісте, көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында мыңғырып жайылып жүрген сансыз көп қой бар. Қасыңызға біраз......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Бөдененің түлкіні тойғызуы

Бір түлкі тоғайды аралап келе жатып, қалың шалғынның арасында жүрген бөденені ұстап алыпты. Үрейі ұшқан бөдене:
– Түлкіжан, тимеші, екеуіміз дос болайық, – депті, құтылудың амалын іздеп.
– Ендеше, мені тойғыз, – депті түлкі.
– Онда ер соңымнан, анау қыздарға барайық, – депті, бөдене жаңа қонып жатқан бір ауылға ерулік алып бара жатқан қыздарды көрсетіп. Оны көріп:
– Ал, баста! – дейді де түлкі соңынан ілеседі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Бөгелек

Ерте, ерте, ертеде жәндіктер өздерін-өздері мансапқа қойыпты. Сона – хан, бөгелек – уәзір, шіркей – жасауыл сайланыпты.
Күндердің күнінде ызылдап ұшқан бөгелек өрісте жайылып жүрген жылқыны, сиырды, есекті кездестіреді. Қараса, жылқыға жал, сиырға жая, есекке қоң біткен. Бөгелекті мүлде әкім екен деп танымайды. Бұған қаны қайнап, көзі алайып кеткен бөгелек ызыңдап, әрқайсысына бір төнеді. Оған жылқы да, сиыр да, есек те мыңқ етпейді.......
Ертегілер
Толық
0 0