Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен. Түлкі бір тамға кіреді. Аю да тамға кіремін дегенде тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай қалады. Ал, түлкі болса, басқа бір тесігінен жылт етіп шығып, айналып, есікке жақындайды. Есіктен не әрі, не бері шыға алмай ілініп жатқан аюды түлкі әжуалап.......
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп......
Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның үш қызы, әйелі болған екен. Патша қалаға түспек болып, үш қызынан сұрапты: — Қыздарым, не алып келейін қаладан базарлыққа? Үлкен қызы түрегеліп: — Әке, маған маржан алып кел! – депті. Кейін патша ортаншы қызынан: — Қызым, саған не алып келейін? – деп сұрапты.......
Орманның ішінде бір кішкене үйшік бар.Онда түбір өмір сүреді.Оның достары басқаша түрленбейді екен.Түбір олар өзгерсе қалай болады екен деп ойлайды. Түбір бір күні орман ішінде ......
Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады. Шал: – Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды. Сонда тазша: – Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді. Шал: – Ендеше, балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тазшаны .......
Ертеде өз еңбегімен күн кешірген бір кедей шал болыпты. Шал өмірінде бір шыр еткен көрмепті. Бар тілегі бір бала екен. Шалдың кәсібі отыншылық екен. Отын алғалы сайға кетіп бара жатса, жолдың шетіндегі бір топ шидің түбінде ораулы жатқан бір затты көріпті. Алып қараса, жаңа туылған нәресте бала екен. Шал қолына алысымен, бала шырылдап жылай бастапты. «Құдайдың бергені» деп, шалдың қуанғаны соншалық, отын алмастан баланы қойнына салып алып үйіне қайтыпты. Өмірі бала көрмеген шалдың кемпірі де жүрегі жарыла қуаныпты. Үйіне келген соң, маңайдағы көршілерін шақырып той жасапты. Шал баласының бақытты болуын тілеп, оның атын «Бақтыбай» деп қойыпты. Күн өтіпті, ай өтіпті, жылдар өтіпті. Бақтыбай есейе бастапты, әкесі Бақтыбайды оқуға беріпті. Бала өте зерек, алғыр болып өсіпті. Өзі тұстас балалардан ақылы анағұрлым артық болыпты. Басқа балалар.....
Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күні-түні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп пен жылы жерде жатып алады. Бір күні ит қасындағы мысыққа: — Осы тышқанның жұмысы таусылмайды, тіпті. Күйбеңдейді де жүреді, – деп, қынжылады. Сонда мысық: — Өзіміз шолжиып жатып біреуді күндейміз.......
Қашаннан бері жатқаны белгісіз, балауыздың сөреде жатқанына көп болды. Ешкім оны керек етпейді. Жарқыраған электр жарығы бар. Бірақ, балауыз ешқашан да үмітін үзген емес. Осы үйдегі адамдардың тіршілігін сырттай бақылап, кәдеге жарар күнін сабырмен күтіп жата берді.
Бұл үйдің де жандары өзге отбасылар секілді, күндіз ата-анасы жұмыста, балалары сабақта болатын. Кешке бәрінің басы жиналғанда, кешкі астарын іше салып, балалары......
Бір шалдың үш ұлы болыпты: екеуі ақылды, үшіншісі ақымақ Емеля. Ол күні бойы пе үстінде жатудан басқа түк те істемейді екен. Бірде бауырлары базарға кетеді де, жеңгелері: - Емеля, су алып келші, әйтпесе ағаларың базарлық әкелмейді,-дейді. Емеля пештен түсіп, шелек пен бала алып, өзенге кетеді. Емеля мұз ойығынан шелекпен су алып шыққанда, шортан ұстап алады.......
Ертеде бір мүйізсіз лақ болыпты. Оның барлық отбасы мүшелері мүйіздермен болған. Бұл айырмашылығын көріп, кішкентай лақ соған өте қапаланған. Сол жағдайды түзету үшін, лақ өзіне жаңа мүйізді іздеуге шығып, орманға қарай қашады. Орманға келгенде кішкентай лақ көп ағаштардың бұтақтарын көріп, «Қалай олар.......