Қазақша ертегі: Ай астындағы Айбарша сұлу
Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяуханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан қолмен аттанған екен.
Жарты жолға жеткен соң, Баяуханның пір тұтып жүрген бір абызы бар екен, сол есіне түседі. Баяухан: «Қой, мен қайда барсам, не істесем де абыздан рұқсат алушы едім ғой. Қате болған екен, абыздан бата, ақыл алмай кеткенім», – деп, әскерін сол араға қалдырып, бас уәзір екеуі абызға келіпті.
Абыз: «Уа, ұлым, қайда аттандың?» – деп сұрапты.
Баяухан:
— Уа, баба, сізден бата ала кеткелі келдім. Жер қайысқан қол жиып, дүниеге тыныштық, әділдік орнатқалы аттандым, – дейді.
Сонда абыз отырып: «Ә, балам, тыныштық па, әділдік пе, ә, тыныштық, әділдік орнатам деп соғысқа аттандым де», – деген екен де үндемей отырған екен.
Сонда Баяуханның тыныштық орнатам деп, жер қайысқан қолмен қырғынға аттанған қатасы ойына түсе қалып: «Енді аяғын айтпаңыз, абыз, мен тоқталдым, өз жазамды өзім айтайын, менің жазам өмір бойы күлмеу болсын», – деген екен.
Баяухан сонан былай тәубаға келіп, әскерін таратып, Күлмесхан атаныпты.
Күлмесханнан содан кейін бір ұл туып, абызды шақырып, оның атын абыз «Өлмес» деп қойыпты. Өлмес он беске келген соң, қасына нөкер ертіп, аңға шығатын болады. Жүйрік атпен киік қуғанды жақсы көреді екен. Бір күні аңнан еліне қайтып келе жатса, дәл шаһарының сыртынан бір жалғыз ағаштың түбінен басы алтын, арты күміс бір киік тұра қашады. Өлмес нөкерімен жабыла қуған екен, қарасын бір-ақ үзіп, киік жоқ болыпты. Қанша ұмтылып, соңынан қалмаймын десе де ізін таптырмай, адастырып кетіпті. Амалы жоқ, санын бір соғып ханның баласы дал болып қала беріпті. Содан кейін ханның баласы бірнеше рет сол жермен жүрсе, жүрген сайын әлгі басы алтын, арты күміс киік қашатын болыпты. Қандай жүйрік тұлпармен қуса да жеткізбейді, құс екенін, жын екенін білмейді, жоқ болып қарасын үзеді де кетеді. Тағы бір күні ханның баласы есепсіз көп әскермен ерте келіп, киік жататын жерді алыстан ине шаншар жер қалдырмай қамайды, содан соң бәрі бірден киікке қарай жүреді.
Сонда ханның баласы әмір қылыпты: «Кімде-кімнің басынан киік қарғып кетсе, сол адамның басын аламын», – депті.
Бір заманда киік орталарында қалған екен, ерсілі-қарсылы шауып, қайтерін білмей жүріп, әбден қысылған кезде ханның баласының басынан бір-ақ қарғып, жоқ болыпты. Содан кейін ханның баласы барлық нөкерін еліне қайтарып, қос тұлпармен қару-жарағын, қанша алтын алып, азық-түлігін бір тұлпарға теңдеп, кеткен жобасына киікті іздеп жөнеліпті. Бірнеше күн жүріп келе жатса, алдында жиылған қалың топ көреді. Жақындай келсе, бір жалаңаш адамды шынжырлап байлап, жан-жағынан найзамен шаншып алып келе жатыр екен дейді.
Ханның баласы жиылған топқа келіп:
— Бұл қандай адам, мұнша қинағандай не жазасы бар? – деп сұрапты.
Сонда жиылған топ шуылдап қоя беріпті:
— Мұның жазасы көп, істемегені қалмады, не керек қылса да сұраусыз алып жүре береді. Қыран қарақшы деген жүгенсіз жүйрік қарақшы осы. Жүйріктігі сондай, ел болып неше жылдай ұстай алмай жүр едік. Бүгін ұйықтап жатқан жерінен қамап тұрып ұстап алдық. Босатсаң, қолға түсуі жоқ, – депті.
Содан кейін ханның баласы Қыран қарақшының тегін адам емес екенін біліп, мынадай қорлық көргенін аяп, бірнеше ділдә алтын беріп, сатып алмақ болыпты. Жиылған жұрт: «Алсаңыз ал, бірақ қол-аяғын босатқан соң, біз міндетті емеспіз. Бұл бәрібір сізді де алдайды, тұлпар тұрсын, құсқа да жеткізбейді», – дейді.
Оған болмай «қайтсе де ризамын» деп ханның баласы Қыран қарақшыны босатып алыпты. Қол-аяғы босауы-ақ мұң екен, Қыран қарақшы алдындағы тауға қарай бір-ақ зырлайды. Соңынан қос тұлпармен Өлмес қуған екен, шаңын бір-ақ көрсетіпті. Содан кейін ханның баласының салы суға кетіп, жылай-жылай, соның кеткен жолымен тоқтамай жүре береді. Түн болыпты, сонда да келе жатса, бір таудың арасында екі шырақ от болып жанып тұр екен. Не болса да соған жетейін деп, тұп-тура соған қарай жүреді. Әлгі жанып тұрған от олай-бұлай қозғалғандай болады. Ханның баласы келуін келсе де «бұл жын ба, пері ме, әлде жезтырнақ па» деп, қорқып тұрып қалыпты.
Сонда: «Е, мырза, ханның тұқымы ер келмей ме, қорықпа, мен өзің босатқан Қыран қарақшымын», – депті. Сонда ханның баласы қуанып, аттан түсіп, құшақтасып, Қыран карақшымен қияметтік дос болысады. Екеуі тамақтанып, тұлпарларды аунатып, сол жерде қоныпты.
Қыран қарақшы отырып: «Ал, достым, мен жайымды айтайын, тыңда», – депті. Ханның баласы тындады. Қыран жайын айтады.
— Мен үлкен адам, ғалым адамның қолына түсіп, ес білгенше оқыдым. Әке-шешемнің кім екенін де білмеймін. Содан жер үстіндегі ғылымды тауысқан соң, жер астына түсіп, жер асты ғылымын оқи бастадым. Бір күні ұстазымның қызына көңілім ауып, ұстазым оны біліп қалды да жер үстіне шығартып жіберді. Бұрын кәсіп қылып көргем жоқ, сондықтан дүниенің төрт бұрышын кезіп, көрінгенді алып қашып күн көрдім. Менің үйі-күйім - осы таудың іші. Егер де сіз кездеспегенде, бағанағы жұрт мені өлтіретін еді. Сен мені ажалдан құтқардың, кәне, достым, не мұңың бар, айт, қолымнан келгенше аянбаймын, – депті. Сонда ханның баласы бастан-аяқ іздеп шыққан киіктің оқиғасын баяндайды.
Қыран қарақшы айтты: «Мен оны білем, ол Құддыс ханның қызы екен ғой. О да пері оқуын оқыған адам. Ол саған ғашық болған екен, оны қолға түсіру аса қиын», – дейді де жүгіріп кетеді. Әлгідей болмай, үйме қылып етегіне тезек толтырып әкеледі. Үш рет сүйткен екен, үш отаудай тезекті үш жерге үйіп тастапты.
Сонан соң ханның баласына айтады:
— Сен мына тезектің бірін тұтат, осы күлге айналып, шоғы басылғанша келсем, келдім, келмесем, жоқ. Өйткені, ол қыздың шаһарының айналасында неше қатар күзеткен әскер бар. Одан кейін қыздың үйі тоғыз есік, әрбір есігінде күзетші бар. Ең түпкі үйдің есігінде бір мыстан жатады. Бәрінен қиыны - мыстан кемпір. Егер оның қолына түсетін болсам, маған тіршілік жоқ, – дейді.
Ханнын баласы Қыран қарақшы айтқанындай, тезектің бірін жағады. Қыран қарақшы екі етегін түріп алып жоқ болады.
Құддыс ханның шаһарына келеді, айнала күзет екен, әзер дегенде ұрланып кіреді. Тоғыз есіктен өтіп келсе, Айбарша сұлу алтын тақтың үстінде ұйықтап жатыр екен. Қыран қарақшы Айбаршаны қолтығына қысып ала жөнеліпті. Мыстан кемпір қолын ұйқылы қолымен сермеп қалғанда, Қыранның оң етегі ілініпті. Оң етегі мыстанның қолында қала береді.
Қыран әскердің бірінің басын, бірінің иығын басып құстай ұшып, Айбарша сұлуды алып жоқ болыпты. Ханның баласының оты қызыл шоқ болып, енді қайтер екен, күл болып сөнсе, Қыранның біткені ғой деп қорқып отырғанда, Қыран қарақшы айдай Айбарша сұлуды қолтығына қысып, бұрқ етіп жетіп келеді. Ханның баласы шаттанып, бұрынғысынан да артық нұрына келіпті.
Сонда Қыран қарақшы айтыпты: «Ендігі міндет өзіңде, мен міндеттен құтылдым, жалғыз-ақ айтатыным мынау, бүгін түнде қалай да болса ұйықтама, күн шығып, таң әбден атқан соң ұйықтарсың, әйтпесе, Айбаршадан айырыласың. Бұл қанша айтқанмен, перінің шәкірті, көргенін істейді. Көзіңді жұмсаң, ол саған дұшпан, қашып кетеді», – депті.
Ханның баласы: «Достым, мақұл», - деп алтын шатырды құрып, Айбаршаны қасына алып жатады. Таң білінгенше, көзін жұмбай жатып, дәл күн шығарға таянғанда, болар-болмас қалғып кетсе керек, көзін ашса, қасында Айбарша сұлу түгіл сайтан да жоқ. Ойбайды салып, зар илеп, жүгіріп барып Қыран қарақшыны оятыпты. Сонда Қыран қарақшы: «Тезектің енді ана ортадағысын тұтат», – деп, құйынша шаңды боратып жоқ болыпты. Ханның баласы тезекті жылдам тұтатып жаға бастайды. Бір заманда тезек қызып жанып орталай бергенде, Қыран қарақшы Айбаршаны алып тағы жетіп келіпті.
Ханның баласына айтыпты: «Енді ұйықтап айырылсаң, маған айтпа, менің күшім жетпейді, осы әкелуім ең соңғы әкелу», – дейді. Содан кейін ханның баласы осы түн ұйықтамасқа бекиді де Қыран қарақшыға сенім беріпті. Күндіз ойнап-күліп отырып, кеш батқан соң, ханның баласы мен Айбарша алтын шатырға тағы жатады. Енді мен бүгін қайтсем де шыдайын деп, ханның баласы бекініп ұйықтамады.Таң атып, күн батуға таянғанда, азғана көзі жұмылып кетіп еді, Айбарша тағы да жоқ болды. Ханның баласы ойбай салып, зарлай түрегеледі. Қыран досына тағы да жалынады.
Қыран қарақшы енді дауа жоқ десе де досын қимай, үшінші үйген тезекті тағы тұтаттырып, ханның баласына айтты:
— Егерде мына тезек жанып күл болғанша мен келмесем, мені де, Айбаршаны да күтпе, үйіңе қайтып жүре бер. Енді үміт аз, ол бүгін жетіп қалды, мыстан кемпірге жетсе, мен ала алмаймын. Қолына түссем, өлтіреді, – депті. Сонан соң шаңын аспанға шығарып, Қыран қарақшы жоқ болыпты. Ханның баласы отты жағып, жанып бітуі жақындаған сайын жаны шығып, екі көзі Қыран қарақшының кеткен жағында болады. От қызыл шоқ болып күлге айнала бастады, Қыраннан әлі белгі жоқ. Ханның баласы күдерін үзіп, зарланып жылай бастады. От сөніп, күлдің сырты бітіп, астында ғана аздап шоқ қалды. Ханның ұлы жер бауырлап жылаудан басқаны білмеді. Әбден үміт үзіп, Қыран қарақшы мен Айбаршаны енді көру жоқ деген кезде, күннің оңтүстік жағынан бұрқыраған шаң көрініпті. Ханның баласы қуанғаннан есі кетіп, тала берген екен дейді. Айбаршаны қолтығына қысып Қыран қарақшы көзді ашып-жұмғанша қасына жетіп келіпті.
Сонда Қыран қарақшыны қыздан бұрын құшақтап, ханның баласы шын достығын көрсеткен екен дейді.
Қыран қарақшы айтыпты:
— Енді менің саған бұдан артық достық істеуге, жолдас болуға уақытым жоқ. Осы жолы ажалдан аз қалдым. Айбарша шеттегі күзеткен әскерінен өтіп, сарайына енді кіре бергенде ұстадым. Мыстаны түскір күтіп отыр екен, сермегенде қолы маған жетпей, сол жақ өңірімді ұстады. Өңірім сол қалпымен қолында қалды. Қалың әскерден құстай ұшып, бірінің басынан қарғып, бірінің арасынан өтіп, зорға құтылдым. Садақтың оғынан жараланбаған жерім жоқ, енді айырылсаң, өз обалың өзіңе, – деп, Қыран қарақшы қош айтпастан шаңды аспанға шығарып жоқ болды дейді.
Ханның баласы досы Қыран қарақшыға бір ауыз сөз айта алмай, шерменде болып қала берген екен. Келер түні ханның баласы қалай да болса шыдап ұйықтамай, көрер таңды көзімен атқызып, күн шыққан соң, Айбаршамен далаға шығады да жан-жаққа қарап, Қыран досын арман қылып ойлап отырған екен.
Айбарша сұлу айтыпты: «Мен енді сенікі болдым, бірақ бір тілегім бар, соны орындасаң тиемін», – депті.
Ханның баласы айтады: «Сен мендік болсаң, әуелі перінің кебінін маған бер, әйтпесе сен адам калпыңнан өзгеріп, тағы да қашып кетесің, берген соң мен сенің тілегіңді орындаймын», – депті. Айбарша сұлу қанша жалынса да ханның баласы көнбей, Айбаршаның киік суретіне түсетін кебін шешіп алады.
Сол уақытта: «Досым, рас, ханның баласы екенсің», – деп Қыран қарақшы жетіп келіпті. Содан кейін ханның баласы Айбаршаның кебін бойына сақтап бекітеді де Айбаршаның тілегін сұрайды.
Айбарша сұлу айтыпты: — Осы күн жақта бір шаһар бар, ол шаһардың патшасы менің үлкен ағам болатын еді. Қап тауындағы дәулер біздің тұқымымызды құртуға қам қылып, менің сол ағамның шаһарын қатырып қойды. Менің әкемнің інісі де пері оқуын оқыған еді. Барлық шамасы келгені, осы күнде сол қатып қалған шаһардың маңында сандалып жүр. Ешбір сырын айтпайды. Міне, менің тілегім осы, – депті.
Сонда ханның баласы жауап бермей ойланып отырып қалған екен, Қыран іле-шала жұлып алғандай: «Мен білемін оны, орындайық», – деп ханның ұлының бетіне қарапты. Ханның ұлы: «Иә, орындайық», – дейді. Содан былай үшеуі сол Айбаршаның ағасының шаһарына жөнеледі. Бірнеше күн жүріп, алты айда келіп жетеді. Шаһарға келсе, бау-бақшасы райхан гүлін төккен сипатты, адам есінен танғандай екен, барлық адамдары тұрған-тұрған жерлерінде қатып қалыпты. Біреу жүріп бара жатып, біреулері сөйлеп тұрып, тағы басқалары сауда-саттығын істеп жатып, сол қалпында қалған екен, шаһардың неше түрлі алтын сарайлары бар екен. Ханның баласы, Қыран қарақшы, Айбарша үшеуі таң-тамаша қалып аралап жүрсе, сақалы белуарына түскен бір қария бір сарайдан: «Қош келдіңіздер», – деп шыға келіпті. Қариядан жөн сұрап, үшеуі ортаға ала бастайды.
Онда қария айтыпты: «Шырақтарым, мен Құддыс хан деген ханның досы едім. Оның туысқанын дәулер қатырып кетті, мен осылардың шаһарының күзетшісі болып жүрмін. Сендер тегін адамдар емес шығарсыңдар, қонақ болып жата беріңдер, мен енді қырық күнде келемін, оған шейін осы шаһарда болыңыздар, менің баратын зәру жұмысым бар еді, жалғыз-ақ анау тұрған алтын сарайды ашпаңдар, одан басқаларын аралауға болады», - депті.
Ханның баласы: «Мақұл, қария», – деп, шалға рұқсат беріп, өздері сол шаһарда қала береді. Үшеуі шаһардың барлық тамашасын көріп, саяхат құрып, бірнеше күн жүргеннен кейін, ханның баласы айтыпты: «Осы қария бізге барлық жердің, бау-бақшаның, хан сарайларының бәрін көруге рұқсат қылды да сонау сарайдың кілтін берместен кете берді. Мұнда не сыр бар, біздің мұны білмей қоюымыз дұрыс емес», – деп, Қыран мен Айбаршаны бастап, бағанағы «ашпаңдар» деген сарайдың құлпын бұзып, қақпасын ашады. Қақпаны ашса, екі қара арғымақ шынжырлаулы, байлаулы тұр екен, қабырғалары қабысып арып, жүдеп қалған екен.
Ханның баласы Қыран қарақшыға: «Тез екеуін де босат, бұл жануарлардың не жазығы бар», – деп бұйырғанда, Айбарша: «Ойбай, босатпа», – деп ара түседі.
Ханның баласы: «Ей, әйелдікпен айтасың, малда не жазық бар», – деп босаттырады. Екі арғымақ босанысымен сілкініп, екі дәу болып, көз алдарында ұшып жүре беріпті. Үшеуі не қыларын білмей, дәулердің жолына қарап, дал болып қалады.
Содан кейін баяғы күзетші шал келіпті.
— Өзгенің бәрін араласаң да осы сарайдың маңына келмеңдер дегенім қайда, осы шаһарды қатырған екі дәу еді, ол дәулерді қапылыста суға түсіп жүрген жерінен арғымақ суретіне түсіріп байлаған мен едім. Сол екі арғымақ аштан бұралып өлген күні осы шаһардың барлық адамына жан бітетін еді. Енді бұл дәулердің қолға түсетін дауасын мен таба алмаймын, – дейді.
Ханның баласы қатты қайғырып, шерменде болып тұрғанда, Қыран қарақшы мен Айбарша: «Дәулердің кеткен жөнін іздейік, бәлкім, табармыз», – дейді. Содан кейін үшеуі сол дәулерді іздеп, кеткен жағына қарай жүріп береді. Содан бірнеше ай жүріп, арып-ашып келе жатса, бір-екі аққу сыңқылдап ұшып барады екен. Қыран қарақшы зулап екеуінің астында көп уақыт бірге ұшып отырады. Қыран құстың тілін біледі екен. Тыңдаса, екі аққу сөйлесіп, біріне-бірі айтыпты: «Мынау келе жатқан Қыран қарақшы, ханның баласы мен Айбарша үшеуі шаһарларын қатырып кеткен дәулерді іздеп келеді. Бұлар осы бетімен жүре берсе, алдындағы дарияның жағасында бір қара апан бар, сол апанның ішін ақтарса, толған балық, ең астында бір қара балық бар, соны алып, ішін жарса, алдындағы дариядан екі дәудің жанын сақтаған екі алтын сандық су бетіне шығады. Сол екі сандықта екі шабақ бар. Шабақты қысса, екеуі жалынып, жетіп келеді. Не айтқандарын істеп береді. Ол дәулерге бір шаһарды екінші жерге көшіру көзді ашып-жұмғанша ғана жұмыс, егерде шабақты турап өлтірсе, екі дәу де өлер еді», – дейді.
Содан Қыран карақшы Айбарша мен ханның ұлына қуанып келіп, айтып береді. Үшеуі сол бетімен тоқтаусыз жүріп, дарияға келген екен, келіп қарап жүрсе, айтқанындай бір қара апан бар екен дейді. Бетін ашып көрсе, толған балық екен. Бетінен бір-бірлеп алып лақтыра беріпті. Әбден бәрін алып болғанда, ең астынан үлкен қара балық шығыпты, алып, ішін жарған екен, дарияның беті шымырлап, қайнап, екі алтын сандық судың бетіне шығыпты. Сандықты дариядан алып, ашып жіберсе, бір ақ бас, бір қара бас шабақ жатыр екен. Балықты алып, қысып-қысып қойған екен, теңіздің үстінен бұлт болып көрініп:
«Алдияр, не қыл дейсіз?» – деп, екі дәу жетіп келіпті.
Сонда ханның баласы айтыпты: «Тез, ана шаһардын қатып қалған адамдарын тірілтіп, баяғы қалпына түсір», – депті.
Екі дәу бұлт боп кетіп, әлгідей уақыт болмай қайтып келіп: «Тақсыр, айтқаныңыз орындалды», – депті.
— Енді үшеумізді қазір сол шаһарға жеткіз, – депті ханның баласы.
— Көздеріңізді жұм, – депті, үшеуі көзін жұмып, ашса, баяғы қатып қалған шаһарда хан сарайының алдында тұр екен. Ханның баласы балықты қысып-қысып қойған екен: «Тақсыр, алдияр, не қыл дейсіз?» – деп екі дәу жалыныпты. Ханның баласы айтыпты: «Менің әкемнің шаһарын және Айбаршаның шаһарын сол қалпында тез осы жерге орнат», – дегенде, бір түннің ішінде орнатыпты.
Таңертең ханның баласы далаға шықса, әкесінің және қайын жұртының шаһары түгелімен көшіріліп орнатылған екен.
Өлместің әкесі Күлмесханның екі көзі көр болып көруден қалған екен дейді. Жалғыз баласы Өлместен тірідей айырылған соң, қайғырып жатып қалған екен. Ұлы Өлместі көргенде, екі көзі шырадай ашылып, өткен қайғыларын ұмытып, жасарған екен. Ханның баласы, Қыран қарақшы екеуі әбден тілегін орындаған соң, дәудің жаны екі шабақты турап-турап өлтіргенде, қаны сыртына шығып, екі дәу жерге түсіпті. Өлмес қарындасы Қаламқасты Қыран қарақшыға беріп, әкесі Күлмесханның орнына хан болады. Үш шаһардың ханы Өлмес, оның бас уәзірі Қыран қарақшы болып, екеуі барша мұратына жеткен екен.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: