Қазақша ертегі: Күшік пен мысық
Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:
– Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
– Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік.
Қасқыр:
– Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
– Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті.
– Сенің екі көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан, – депті күшік.
– Мен не қылар екем, соны қара, – депті де, қасқыр шапшып барып, бір бұзаудың тамағына жабысады да, тұншықтырып өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды.
– Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін. Қош бол! – дейді де, қасқыр желе жортып, кетіп қалыпты.
Күшік бұзаудың жемтігінің қасында қалып, үш күндей тегін етке тойып жатыпты. Ақырында, іші пысқан соң, қаңғып жортуылға шыққан екен, бір аш мысыққа кез болып, оған:
– Ей, мен сені жеймін! – депті.
– Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – депті мысық.
– Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, – депті күшік.
Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.
Күшік:
– Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым, қандай екен? – депті.
– Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, аузың айқайып тұр, тілің салақтап, құйрығың салбаңдап тұр, – депті мысық.
Сонда оған күшік:
– Енді мен не қылар екенмін, көр! – депті.
Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты:
– Әй, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жемеймін, – депті.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ертегі: Күшік пен мысық
» Ертегі: Түлкі мен қасқыр
» Ертегі: Арыстан қасқыр және түлкі
» Ертегі: Қой мен қасқыр
» Ертегі: Үш аю
» Ертегі: Күшік пен мысық
» Ертегі: Түлкі мен қасқыр
» Ертегі: Арыстан қасқыр және түлкі
» Ертегі: Қой мен қасқыр
» Ертегі: Үш аю
Іздеп көріңіз: