Сатиралық ертегі: Жантөлі
Жантөлі деген қыз болыпты. Бойына ешбір жанды теңгермепті. Бір күні жігіттер ақылдасып:
– Осы қызды асқақтатып қоймай, біреуіміз алатын болайық. Елден кетірген ерге өлім емес пе, осыны елден кетірмейік, – десіпті.
Сол ақылмен ішіндегі біреуі айтыпты:
– Әуелі жеребе ұстайық, басқа шыққанымыз қызды алайық, өзгелеріміз оған көмектесейік, – депті.
Бұлар жеребе ұстайды. Ішіндегі денелі бір жігіттің қолы басқа шығады, бірақ таяқтың екі елі жері артық қалады, оны көрсетпеу үшін бұл жігіт қолын басып ұстайды. Оны сезген жігіттер таласады, ақыры, олай керісіп, былай керісіп, алғашқы жігітті бас етіп қояды.
Бұдан кейін бас жігіт қызға келіп, өзінің көңілін білдірмек болады. Жантөлі үйінің сыртындағы Талғар деген төбені көрсетіп:
– Мына төбені бұлтпен бүркемей, толық ассаң, тиген болар ем, – дейді.
Жігіт жолдастарына қыздың сөзін айтып, олардың ақылы бойынша төбені асып келеді, бірақ қыз «түсінбедің» деп, тимейді.
Жігіттер тағы ақылдасып, екінші таяқ ұстайды. Ішінде бір тапал жігіт бас шығады. Өзгелері қостап, о да Жантөліге барады.
Жантөлі:
– Осы үйдің тайы бір түлкіні теуіпті, сол тайдың қай жеріне тигенін білген болсаң, тиер ем, – депті.
Тапал жігіт жолдастарына айтады, жігіттер ақылдасқалы жонға шығып отырса, шекесін таяқ жарған суыр жатыр екен, мұны жігіттер: «Қыздың тай тепкен түлкі дегені суыр болып шықты ғой,» – деп күлісіп, тапалды қызға жібереді. Ол барып:
– Тайдың тепкені түлкі емес, суыр екен, таяғы шекесін жарыпты, – дейді.
Қыз:
– Түлкі емес, суыр екен дегенің білгендік, ал тұяқ оның шекесіне тигенін көре тұра, маған айтып келгенің білмегендік, тимеймін, – дейді.
Сол Жантөлі басқа бір арғыннан келген таз әрі жалақ біреуге тиіпті. Ойынында отырғанда ауылдың жігіттері мазақ етіп күліпті. Жездеміз көңіл тоярлық болмаса да, қара шыбынның қарнын қампитуға жарайды, – деп. Сонда қыз отырып:
– Талғардың төбесіне түлкі боп, асамын деген суыр күлкі боп түсті. Тайдың тұяғы шекесін жарған. Суырды көре тұра, тұяқ ізін қуған тышқанның үні өшті. Тазқара келіп еді (алғыр құстың аты), жан-жануардың мерейі өсті. Осыны шешіңдер, – депті.
Сонда Жантөлінің таз күйеуі:
– Тел емген тайдай сұлуға таласқан екен талайлар. Түлкідей айламен алам деп келген жіңішке ұзын жігіт суырдай сумаң қағып қалған екен. Соны көре тұрса да, сары майдан дәме еткен тышқандай тапал тиесі сыйын алған екен. Тазқарадай шүйгіген мен болдым. Тазымның іріңіне қара, маса қамписа, адамгершілік порымыма қарғам да қанған екен, – депті.
Қыз да, жұрт та бұл шешуге разы болады. Әлгі жігіттер өздеріне айтылған қыздың алғашқы сөздерін де түсініп, өте ұялып, айыбың деп, бір-бір шапан жапқан екен.
Қыздың ұзын жіңішке жігітке айтқан жұмбағы – жеребеде таяқтың артық қалған жерін қолыңмен тарбита ұстап, айлаламай келсең, тиген болар ем, – дегені.
Тапал жігітке айтқаны – сенен артықпын деген жігіттің көңілін қайтарғанымды көре тұра, сенің келуің – білмегендік.
Ал түлкі емес, суыр дегенің білгендігің, айламен алам деген жігіт суырдай сумаңдағанын біліппін, – дегені.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: