Сатиралық ертегі: Көлдің күйгенін көрген адам
Бір күні бір жаққа барам деп, атқа мініп, ен далада жалғыз өзім келе жатыр едім, бір мезгілде бір нәрсе, «Бақ» еткендей дыбыс естілді. Жан-жағыма қарадым, еш нәрсе көрінбеді. Тағы жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Қарадым, дәнеме жоқ. Және жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Тоқтап тұрып, бұл немене, анықтап байқайын деп, жан-жағыма айнала қарадым. Еш нәрсе көрінбеді, сонан соң ойладым – құстың дауысы ма деп жоғары, аспанға қарасам, жүк артып, тізілген түйе көшкен ел, үй, Алла-ай, аспанмен ел көшеді екен-ау, – деп ойлап, ауған жүкті әлді өңкей бозбалалар түзетем деп, басқанына «Бақ» еткен түйенің дауысы екен. Сонда білдім – тағы ойладым: әкем айтып отырушы еді-ау, әуеде өзіміздей ел болады деп. Сонда әкеме осы кәрі кісі не боса, соны айтады, басып жүретін жері жоқ, қалай жүре алады деп, нанбаушы едім. Ел болатыны шын екен ғой деп келемін.
Алдымда бір белге шықсам, ар жағында бу ма, түтін бе, будақталған бірнеме
көрінеді. Жақындап келсем, бу мен түтін аралас шықты, қасына жақын келсем, бір көл қамысы, суы аралас жанып жатыр. Соның буы мен түтіні екен. Бір сыпыра қарап, байқап жүрдім. Сумен қамыс аралас біткен көл екен. Қамыс жанып, суы қайнап, бұрқылдап жатыр. Ары-бері аралап жүріп, көріп болдым ғой деп кеттім.
Баратын жеріме барып, қайтып келе жатып, суы жоқ бұрынғы көлдің орны құр тақырға кез болып, тақырдың үстімен жүріп келе жатсам, тақырдың әрбір ойдым-ойдым жерінде жылқының бір жерде тұрып тышқан, кепкен тезегіндей үйіліп, өліп жатқан бақа. Аттан түсіп көрсем, бәрінің де артқы аяғы мен көттері күйген. Атыма мініп, жүріп келе жатып ойладым. Тағы әкемнің сөзі есіме түсті: балық пен бақа сусыз жерде жан сақтай алмайды дейтіні осы екен. Балығы жоқ, бақасы көп көл өртенген соң қамыс қалың, шетінің жалынының күшті қызуынан қашып, суға тығылып, көзі көретін бас жағы оттан қашып, теріс қарап жатып өліп, судағы тығылып жатқан аяғы, көті күйіп, пысылдап, су бітіп, бақа үйіліп қалған. Сөйтіп, көлдің өртенгенін көзбен көрдім.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: