Сатиралық ертегі: Алдар Көсе мен Қу бала
Күндерде бір күні Алдар көсе деген алдауыш бар, ешкім оны жеңе алмайды деген хабарды естіп, сол кезде аты шыққан Қу бала деген бала іздеп шығады. Қу бала, ақырында, Алдар көсені іздеп табады. Екеуі амандасып, көріседі. Алдар көсе баланың жөнін сұрайды. Қу бала:
– Алдар көсе деген сіз боласыз ба, мен жолдас болайын деп келдім, – дейді.
Алдар көсе:
– Маған жолдас болсаң, әуелі бастан бір сомға бір қой алып кел, – деп, Қу балаға бір сом береді. Бала бір сомды алып, жүгірумен қыр астындағы қойшы қартқа келеді. Қартқа амандасқан соң, қарт баланың жұмысын сұрайды. Қу бала:
– Ата, маған бір лағыңды сат, – дейді. Қарт:
– Бір сомға ал, – дейді. Қу бала лақты алып шығып, аз жүреді де, кері барып, қартқа:
– Ата, лағым да саған кетсін, бір сомым да саған кетсін, маған бір тоқты бер, – дейді.
Қарт:
– Ала ғой, шырағым, – дейді. Бала тоқтыны алып шығып, аз жүреді де, кері барып, қартқа:
Ата, лағым да саған кетсін, бір сомым да саған кетсін, тоқтым да саған кетсін, маған бір қой бере ғой, – дейді. Оқымаған, сан білмейтін шал өзінше бұның бәрі көп сықылды көрінген соң:
– Жарайды, бір қой ала ғой, – дейді.
Қу бала бір қойды алып, Алдар көсеге келеді. Алдар көсе:
– Жарайсың, маған жолдас болсаң, бола аларсың, – дейді.
Бұл екеуі көп уақыт жолдас болып, түрлі қызықтарды бастарынан кешірген екен дейді.
Күндерде бір күні Қу бала еліне қайтпақ болып айырылысады. Бірақ Қу баланың азғана заты (ақшасы) Алдар көсеге ауысып кетеді. Біраз уақыттан кейін Қу бала келіп, алып кететін болады.
Күндер артынан күндер, айлар артынан айлар өткен соң Қу баланың да келетін келісімді күні болып қалады. Бүгін Қу бала келеді деген күні Алдар көсе «ауырып», «өледі».
Қу бала да келісімді күні Алдардың үйіне келіп жетеді. Қу бала Алдардың үйіне кірсе, бұрышта бүркеніп, бұғып отырған Алдардың әйелін көреді.
Қу бала:
– Жеңешеке, есен-амансыңдар ма? Көсекем сау ма, үйде ме? – деп сұрайды. Алдар көсенің әйелі жыламсырап:
– Көсекем, бүгін дүниеден қайтты, молаға апарылған жоқ, – дейді.
Қу бала Көсекемді өз қолыммен қоямын, менің жан жолдасым еді деп, өтірік жылай түседі де, сол маңдағы елден төрт-бес қарттарды жинап, Алдар көсені арулауға кіріседі. Қу бала Алдардың денесіне ыссы суды батыра құйып та жібереді. Тәбітке Алдар көсені салып, бетін ақ шүберекпен жауып, бірнеше кісі болып көтеріп, молаға әкеледі.
Ол кезде мола үй сияқты салынған, төбесі жабылған, есігі, терезелері [бар] екен дейді. Өліктерді тәбітімен апарып, жарға қатарластыра сүйеп қояды екен дейді. Қу бала, оның қасындағылар Алдар көсені де тәбітімен жарға сүйеп қояды. Келгендер «өлікті» қойып, үйлеріне қайтып жатқанда, Қу бала:
– Өзім Көсекемді жайғастырып барам, – деп, мола ішінде қалады.
Қу бала Алдардың өтірік өлгенін біліп, бір басқа табыттың артына жасырынып отырады. Сол кезде моланың ішіне түстері қашқан алты адам дүниелерді арқалап кіреді. Олар ұрылар екен, алған ұрлық заттарын өзара бөлісе бастайды.
Бөлісте ұрылардың орталарында бір қылыш артық қалады. Алтауы «Бұны қалай бөлісеміз?» – деп кеңеседі. Біреуі ортасына шығып:
– Кімде-кім қылышпен мына өліктердің біреуін шауып түсіреді, қылышты сол алсын, – дейді. Шетте отырған батырсынған біреуі қылышты қолына алып, бір өлікке жақындап барады. Қалғандары:
– Жас өлікті тап, қылыш өтеді, ескі өлікке қылыш өтпес, – дейді. Қолындағы қылышы бар ұры өліктерді байқай келгенде, жас өлік – Алдар көсенің тәбітіне (гроб) келеді. Енді қылышын көтеріп, шабайын деп жатқанда, Алдар көсе қысылып кетіп:
– Оһ.., аһ... аһ... – деп, бақырып жібереді. Үрейі ұшып жүрген ұрылар зәресі ұшып, ұрлық заттарының бәрін тастай, моладан шыға қашады.
Алдар көсе де жалма-жан бетіне жапқан ақ шүберекті алып тастап, ұрылардан қалған заттардың шетінен ұстай бергенде:
– Көсеке, тіріліп те үлгердің бе? – деп, Қу бала да заттардың бір шетінен ұстай кетеді.
Кеткен ұрылар қарасын да көрсетпестен кетеді. Алдар көсе мен Қу бала ұрылар қалдырған заттарды бөліседі. Бөлісте Қу бала да Алдар көседен алажағын алып, қош айтысып, еліне келеді.
Сүйтіп, Алдар көсе де Қу баланы алдай алмаған екен дейді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: