Сатиралық ертегі: Ұрының қолы
Бір ханның қолы ауырып, дәрігерлер:
– Енді қолың жазылмайды, кесу керек. Ал, қолсыз қалғың келмесе, жұртыңды жинап, бір оң қол сұра. Егер оң қолын беруші болса, онда ауру оң қолыңды кесіп, орнына сала қоярмыз, – дейді. Хан жұртын жинап, дәрігерлердің айтқанын айтып:
– Біреуің жәрдем етіп, оң қолыңды бер, – дейді.
Хан еліне қадірлі, елін жақсы ұстаған адам екен, жиналған халық қол тауып бермек боп таралады.
Хан:
– Қол берушіге жарты дүниемді берер едім, – дейді. Сол елде бір ұры адам бар екен. Ол өмірі еңбек етпей, жалқаулыққа салынып, тек ұрлықпен күнелтеді екен. Ханға уәде берген халық әлгі ұрыны шақыртып алып:
– Ханымыздың қолы ауырып, қолсыз қалғалы отыр. Елімізге жақсы хан еді. Оның кемтар болуы хандығына кемістік келтірер.
Дәрігерлердің айтуы бойынша, оның ауру оң қолын кесіп тастап, беруші болса, басқа біреудің оң қолы да жарайды екен. Ал, сен болса да, қолыңды еңбекке пайдаланып жүрген жоқсың, құр ұрлықпен елге жексұрын болдың. Сен ол қолыңды ханға бер, хан саған жатып ішуіңе өміріңе жетер мүлік береді, – дейді. Ұры жатып ішер малға қызығып:
– Бірақ, менің қолымның түрі қара, оның қолы ақ қой, менің қолымды алмас, алса, берер ем, – дейді.
Бұл туралы ханға хабарлаған соң хан:
– Терінің ақ-қарасына қарамаймын, сұрағанын беремін, – деп, көп мал беріп, ұрының қолын алады. Сөйтіп, хан қолды болады.
Бір кездері хан қонаққа барып келсе, әйелі оның шешкен киімінің қалтасынан әлгі шақырған үйдің үстелінде көрген ұсақ-түйек заттарды тауып алатын болады. Ханға «Қайдан алдың?» десе, хан: «Алғам жоқ, сол үйдің балалары салған шығар», – дейді.
Күндерде бір күндері, «Хан ұрлық қылатын болды» деген өсек дүңк ете түседі. Хан да, ханым да намыстанады. Сонсоң ханша ойлайды: «Әлде хан шын ұрлайтын болды ма, шынында, жұрттың жоғалтқаны осының қалтасынан шығып жүр ғой», – деп, хан қайда барса, бірге барып, бақылап отыратын болады. Сол уақытта барған жерде де, өз үйінде де оң қолының тыныш тұрмай, ылғи бірдеңені алып, оң қалтасына салып жүргенін көреді. Алғашқыда ханша тауып алған заттарды [да] ханның оң қалтасынан алған болатын. Сонсоң ханша ханға айтты:
– Е, жаным, ханзада, жұрттың өсегі рас екен. Өз көзіммен көрдім. Мен оң жағыңда отыр ем, оң қолыңмен жан-жағыңнан нәрсе ұрлап, қалтаңа салдың. Тіпті, менің сол қалтамдағы қол орамалымды да ұрлап, қалтаңа салдың. Мұның не, тегі, қияли шығарсың. Ел ішіндегі дәрежеңнен айырылдың.
Хан бұған таң қалды.
– Есің ауысқан шығар. Осынша дәулетіммен неге ұры қылайын? – деді.
Бірақ ханша нандырып айтқаннан кейін ойланып отырып, оң қолының өз қолы емес екендігі есіне түсіп, халықты жинап:
– Е, менің құрметті халқым, сендердің ұлы құрметтеріңді қырық жыл көріп ем, енді төрт-бес жылдан бері «хан – ұры» дегендеріңді де естідім. Бұл сөзді әйелім де айтты. Енді сендерден тілегім сол – мына менің екі қолымды қараңдар, не айырмашылық бар? – дейді.
Жұрт қарап:
– Бірі – ұзын, бірі – қысқа. Оң қолың – қара, сол қолың – ақ, – деген сияқты сөздер айтады.
Хан:
– Жоқ, сендер қолдың ақ-қарасын, ұзын-қысқасын айттыңдар. Бұл дұрыс емес, әуелі осы екі қол екеуі де менікі ме, осыны айтыңдар және оң қолды қандай адамнан алдыңдар, соны жасырмай айтыңдар, – деді. Сол жерде жұрт:
– Ойбай, ол оң қолыңыз біреуден алған қол еді-ау!
– Ойбай, оны берген аты шулы Қарақ ұры еді ғой!
– Бәсе, хан ұрлық қылушы ма еді, сол ұрының қолы сізге ұят келтірген екен ғой, – дейді.
Бұдан кейін хан өзінің оң қолын сол қолымен жұлып алады да, «Ұрыдан қол сұрама, бұғыдан жол сұрама» деген осы деп, лақтырып тастайды. «Ұры қол бір бас тұрсын, екі басқа сыйымсыз» деген мақал осыдан қалған екен.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: