Сатиралық ертегі: Молданың тобасы
Ертеде бір молда есегімен келе жатып, ескі қыстауға кез болыпты. Келсе, ешбір қыбырлаған жан жоқ. Тек ұшып-қонып, шықылық қаққан құстарды көреді. Жағалай қораның ара-арасымен өтіп, көгалдау жерге келіп, түседі. Түсіп, есегінің ауыздығын алады. Есегі оттап жатады, өзі судың басына келіп, дәрет алып отырады. Бұл молданың бет алысы Топар бойында біреу шақырған екен, шақырған себебі – шақырған кісінің бір баласының сұлу әйелі болады, ол баласын менсінбейді екен. Содан молдаға:
– Дуа оқып, басын айналдырып бер, – деп, шақырған екен. Сонымен молда шақыруын қабыл етіп, жол шегіп, келе жатқан екен. Дәретін алып болып, молда бесін оқуға кіріседі. Есегі оттап тұрады, содан төскейге қарай бетін түзеп, намазын оқуға кіріседі, әуелі азан айтып алады, екі құлағын ұстап, азанын айтып болған соң «Аллау әкбар», – [деп], қолын жайып, бата қылады. Сәждеге басын қойып, бір-екі еңкейе бергенде, артынан біреу келіп, түртіп қалады. Бірақ молла пісмілләсін айтумен намазын оқып, тұра береді. Әлгі түрткі қайта-қайта молданың арқасынан жыбырлата түседі. Молда қарайын десе, намазы бұзылатын, қарамайын десе, тиыштық бермей барады. Бір мезгілде:
– Аһ-һ, бісміллә, – деп секіріп, анадай жерге түседі. Қараса, шашы дудыраған, жалаңаш бір адамзат пиғылы бар біреу екен. Молда жиырма шақты қадамдай жерге барып, ақырады:
– Кімсің, жөніңді айт. Шайтанбысың, адамсың ба, кімсің, айт жөніңді, – деп.
Тобылғы сап қамшысын бүктеп тұрады:
– Айтасың ба, жоқ па? – дейді. Жалаңаш адам бетін басып, жүресінен отырып:
– Сен кімсің? – дейді.
– Менің кім екенімді қайтесің, ал, қушы, – дей бергенде, жалаңаш адам есекке қарғып мініп, тұра қашады. Молда тұра қуады, бірақ жете алмай, еңкілдеп, жыламсырап, шаршап, өкпесі өшіп, бір тасқа келіп отырады. Әлгі жалаңаш адам тау асып, кете береді.
Молда тегі бұрқырап, қатты ойлай бастады:
– Япырмай, мені осы жерге айдап келген кім екен? Итке қайдан барамын деп едім, ажалым ба, бейнетім бе, мені осы жерге бір қатер айдап келді-ау... Бұл қалай болады, қайда барамын, ел болса, алыста, о жерден бір түстік жер, – деп, біраз уақыт ойланып отырады. Көз алдына түрлі керемет нәрселер елестейді. Молда қорқады.
– Япырмай, мен бүгін өледі екем, бұл айқын іс болды, енді қайтем, – деп, өзінен-өзі қыңсылайды. Осы тұңғиық ортасында отырғанда молда шөлдейді, әлгі қатты жүгіргені өзін өте қатты шаршатып тастайды. «Ауып» деп, ұшып түрекеле бергенде, басы айналып, көзі қарауытып, құлауға айналады. Сол мезгілде аузынан пісмілдасын қап-қап қылып шығарады.
Молда су ішпек түгіл, жанымен қайғы болады. Көз алдына үй-іші, елі-жұрты, байдың үйінде шариғат айтып, қымыз ішетіні, есегіне мініп алып, ауыл-ауылды қыдыратыны – бәрі молданың көзіне елестейді.
– Иа, дүниа ...иа, дүниа, өткенің бе? – деп, молда екі қолымен жүрегін басады. Жүрегі лүпілдеп, ұшып, біртүрлі қорқақтықта отырады. Әлі құрып, басын тасқа сүйеумен біраз отырып, есін жияды. Күннің ыстықтығы әуе айналып жерге түскендей, содан молда қораға қарай өн бойынан тер ағып, келе жатады. Аузы кезеріп, шөлдегеннен сөз айтуға шамасы келмей, қораның көлеңкесіне келе жығылады. Сол жерде шаршағандығынан молда ұйқыға кіріседі.
Ұйықтап жатса, түсінде есегі бір теңіздің ішінде жүзіп, теңіздің ар жағына өтіп бара жатады. Ал молданың өзі жаман қалың тікеннің ішінде жалаңаш тұрды, содан әлгі түсті көріп жатып, шошып оянады, оянса, түн болған, ай көзге түртсе, көргісіз, жан-жағына қарайды, ештеңе тықыр білінбейді. Күн ептеп сіркіреп жауып тұрады, күн күркіреп тұрады, молда анда-санда, «Астапыралла», – деп айтып, шапанын бүркеніп, жата береді.
Бір мезгілде көзін ашып қараса, күн ашылған, айнала жап-жарық, қып-қызыл тәрізді. Басын көтеріп қараса, қораның күнбатыс жағында дауылдатып жанған от көзіне түседі. Басын көтеріп, отқа көзін тігіп отырады. Екі қолымен бет-аузын сипалап, есінеп отырады. Мәсінің қайысын тартып, алақанымен сылап-сипап қояды. Содан орнынан тұра келіп қараса, таң да бозарып, ақ жиектеп қалған екен, кішкене жүрегіне қуаныш енгендей болады. Содан біраз қайыра жатып, таң атқанша көзі ілініп кетеді. Ұйықтап жатса, тағы түс көреді. Түсінде есегіне мініп, үйіне келіп, отыр екен. Бірақ шекесін біреу жарып кетеді. Сөйтіп жатып, шошынып оянады, оянса, күн сәске болып қалған екен.
– У-у, – деп керіліп:
– Ойбай-ау, намаз өтіп кеткен екен ғой, – деп, жалма-жан демімен дәрет алады. Сөйтіп, намаз оқиды. Намазын оқып болған соң қораның бұрышын айналып, тау жаққа қарай жүрсе, өзінің кешегі келген жағында есегі жайылған жерге қалың малы бар бір үй, қырық-елу адамы бар, қонып жатады. Сол жерде молда бір жаман ойға батады.
Әлгі үйдің артында оңашалау жерде бір ат ер-тоқыммен жайылып тұрады.
– Не болса да, осыны мініп, қашайын, – деп, молда үйдің сырт жағымен айналып барып, атты міне қашады. Үй-ішінен «Аттан» деген шу шыға қалады. Тарсылдата молда шауып кетіп бара жатыр. Аты сүрініп, молда атымен құлап, сол жерде қаза табады. Өлер алдында:
– Өзі жалаңаш, шайтан тоба, – деп, ол дүниеге сапар шегеді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: