Мысал ертегі: Әркімнің туған жері өзіне жәннат

Мысал ертегі: Әркімнің туған жері өзіне жәннат

Өткен заманның заманында торғай мен бұлбұл дос болыпты. Күндердің күнінде бұл екеуі бір-біріне туған мекендерін көрсету үшін қонақ шақырысатын болыпты. Алдыңғы кезекті бұлбұл алып, торғайды әнімен қарық қылып орман-тоғайдың ішімен бір жеміс бағына әкеліпті. Бұл кезде бұлбұлдың жағымды әні онан ары сорғалай түсіпті. Кеудесін қуаныш кернеген бұлбұл қанша сайрағанымен торғай қабағын бір ашпапты. Бұны байқаған бұлбұл:

– Ой, досым, неге қабағыңды ашпайсың? – деп сұрайды. Сонда торғай:

– Осыны да туған мекенім бар деп масаттанып төбең көкке жеткендей болып кеттің ғой, менің туған жеріме салыстырғанда бұл жерің неге тұрады? – дейді де отыра беруге тақат ете алмай, өзінің туған мекенін көрсету үшін алдыға түсіп пырылдап ұша жөнеліпті. Бұлбұл артынан қуа еріп отырыпты. Бұлар ұша-ұша талай шөл даладан өтіп, ес кетіп, жан шыққанда, ішерге суы, теруге түйір дәні жоқ құмдағы жалғыз бүргеннің түбіндегі ұясына алып барыпты. Сонда торғай екең:

– Міне, жердің жәннаты, кең дүние, көсіліп ұшқанға да... – деп ұясының маңайынан құрт-құмырсқаларды теріп жеп, қуанышы қойнына симай жырғап қалыпты.

Бұны көрген бұлбұл «Е, әркімнің туған жері өзіне жәннат екен ғой» деп ойлапты.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Әркімнің туған жері өзіне жәннат туралы Мысал ертегілер, Мысал ертегілер текст, ертеги Аркимнин туган жери озине жаннат туралы Мысал ертегилер, Әркімнің туған жері өзіне жәннат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]