Қиял-ғажайып ертегі: Алтын құс пен сұр қасқыр
Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан.
—Әй, әзиз ұлдарым, қайсыңыздың қолыңнан келеді екен, бақшаға келіп жүретін алтын құсты маған тірілей ұстап беруге. Қайсыңыз ұстасаңыз өз өмірімде жарты патшалығымды беремін һәм өлген уақытымда барлық патшалығымды өсиет айтып қалдырамын,— деген. Осы сөзді патшадан ұлдары есітіп: «Қайғырмаңыз, не қылсақ та ұстармыз»,—деген.
Бұлар кезек қарауыл тұра бастайды. Әуелі үлкен ұлы бақшаға барып, түнде қарауыл тұрған. Әлгі алма ағаш түбінде отырды. Патша ұлы ұйықтап кеткен. Сол арада алтын құс келіп алмаларын қиып, бір алмасын алып кеткен. Патша ұлы оянып кеткен. Көрді, алмалар қиылған. Бір алмасы жоқ ертеңгісі. Патша тұрған, үлкен ұлын шақыртқан һәм сұраған, «Әй, сүйікті ұлым, әлгі құсты көрдің бе?» деген. Ұлы жауап берген нысап қылып айтқан: «Ей, ғазиз ата, көрмедім» деген. Екінші күні қарауылға екінші ұлы кеткен. Әлгі алма ағашы түбіне барып отырған. Біраздан соң тағы ұйықтап кеткен. Сол арада құс келіп алманы қиып, бір алмасын алып кеткен. Ертеңгісі патша ұлын шақыртқан. Үлкен ұлы секілді жауап берген. Үшінші ұлына кезек келіп, үшінші ұлы бақшаға барып алма ағашы түбінде еш ұйықтамаған, біраздан соң бақшаға от секілді жалт етіп жарық болған құс келіп қонған да алмаларды қия бастаған. Патшаның ұлы хайла қылып құйрығынан ұстаған. Бірақ ұстай алмай қалған. Алтын құс олай-бұлай етіп ұшып кеткен. Патша ұлының қолында қалған бір қауырсын. Патша тұрған, ұлын шақыртқан, ұлы әлгі қауырсынды алып барып атасына берген. Патша қайран қалып тіпті қуанған. Өйткені ол қауырсын қараңғы түнді күндізге айналдырған. Патша осы қауырсынды өзі отыратұғын үйге қойған «бұл қауырсын жоғалуға тиіс емес» деп. Мұнан соң алтын құс бақшаға тіпті келмеген. Көп уақыт өткен соң патша жанына ұлдарын шақырып айтқан: «Ей, менің сүйікті ұлдарым, не болса да сол алтын құсты тірілей ұстап әкелгеніңізге бұрынғы айтқан өсиетімді орнына келтіремін»,—дейді. Сол арада үлкен ұлы мен ортаншы ұлы інісіне жүдә ашуы келіп, не болса да бірге іздейміз деп кеңес етіп айтып қойған еді. Мұнан соң үлкен ұлы мен ортаншы ұлы атасынан рұқсат сұрап һәм қабыл дұғасын алып алтын құсты іздеп шығып кеткен. Ағалары шығып кеткен соң патшаның кіші ұлы атасына жалына бастады: «Ай, ата, мені де жібер іздеуге». Атасы айтқан: «Сүйікті ұлым, сен жас баласың, ұзақ жолға жүріп көрмегенсің, межелі жерге әлі ағаларың бармаған да болар»,—деген. Күн сайын, сағат сайын кіші ұлы атасынан өтініп тілеген: «Не болса да батаңызды беріп, рұқсат етіңіз»—деп. Ақыр патша кіші ұлын жібермесе болмайтын болды. Атасы көп қайыр дұға қылып, кіші ұлы бір атқа мініп жолға шығып кеткен. Бара-бара өзі де қай жаққа барғанын білмеген. Кетіп бара жатып ойлай бастаған: «Алыс па екен, жақын ба екен, биік пе екен, аласа ма екен?». Жүріп барып бір жерге жеткен. Ол бір жақсы сахара—жасыл шөпті, бұлақтар ағып тұрған. Ертеңіне тағы бір кеш жүрген, алдынан тақыр шөл кездескен. Біраз демін алған соң әлгі тақыр шөлден кеткен. Біраз барған соң бір биік ағашты көреді. Ағашқа жазылған жазу бар екен. Жазуды оқыпты. Ағашқа жазылған сөздер: «Осы ағаш жанында үш жол бар: оңға, солға, тура. Тура жолмен кетсе, ол кісі аш-жалаңаш болып, саламат қалады. Оң жақтағы жолға түссең, атты болса аты өліп, өзі саламат қалады. Ағаштан сол жаққа кетсе, ол кісі өліп, аты қалар»,—деп жазылған. Патшаның ұлының жүдә іші пысып, Құдайға тапсырып ағаштан оң жаққа қараған жолға түсіп жүріп кеткен. Патша ұлы ойлаған «атым өлсе, өзім қалсам мал табылар» деп бір күн жүрген, екі күн жүрген. Үшінші күн болғанда бұған бір жақтан келіп бір сұр қасқыр жолықты. Бұл сұр қасқыр тілге келіп айтты: «Ей, жас жігіт, сен әулиесің. Ағаштағы жазуды көргенсің. Онда жазған оң тарапқа кетсең атың басы жоғалады»,—деп, сол арада «патшада ат көп» деп бұл баланың атын бір шетке алып барып жей бастаған. Патшаның баласы атынан айрылған соң өзімен бірге туған-туысқанынан айрылған секілді шетке барып жылай бастаған. Біраздан соң жаяулап кетті. Бір күн, бір түн жүріп бала мүлде шаршады. Біраз демін алуға отырды. Сол арада артынан сұр қасқыр шауып келіп һәм оны қуып жетіп осы сөзді айтты: «Мен патша ұлы жайлау баруыңды қызғаныш етіп һәм атыңды мен жедім» деп. Сұр қасқыр бұл баладан сұрай бастады: «Әй, патшаның ұлы, сен не жұмыспен жүрсің, жұмысыңды маған айт?»—дейді. Патша ұлы жұмысының бәрін сұр қасқырға айтады. Сұр қасқыр: «Менің үстіме мін»,—дейді. Бала мінді, қасқыр жүгіріп кетті. Сонда шапшаң жүруі соншалық шапшаң ат болса да қасқыр артынан жетерлік емес. Бара-бара күн кеш болды. Күн кеш болған соң бұлар келіп бір тас жолға жетті. Ол тас жол шамасыз биік екен. Сұр қасқыр айтты: «Уақыт жетті, түс менің үстімнен. Осы тас жолға өрмелеп шық. Осы жолдан түскенсін бір бақша көрерсің. Сол бақшада бір алтын қапас ішінде болады алтын құс. Аларсың, бірақ қапасқа тиме. Егерде қапасқа тисең өлесің. Неге десең сол сәтте қарауылшыларға хабар тиіп ол бақшадан шығып кетуге болмайды. Сол сағатта сені ұстап алады»,—дейді. Патша ұлы жол бойымен өрмелеп шығып бақшаға кірді һәм алтын құсты көрді. Қапастан алып шыға бастағанда патша ұлына ой түсті. Өз-өзіне айтты: «Алтын қапассыз құсты алып жүру қиын болар»,—деп. Қайта барып алтын қапасты шешіп алам деп қапасты шеше бастағанда бақшаның іші шуға толып кетті. Қапасты байлаған жерде темір шыбықтың бір басы патшаның үйіне кірген екен. Ең басына үлкен қоңырау байлаған екен. Ол қоңыраудың сылдыраған даусымен қарауылшылар бұл жігітті келіп ұстайды. Алтын құстың иесі ол жердің патшасы Алматхан атты хан екен. Алмат патша жүдә ашушаң кісі екен.
Бұл, патша баласына, бек қатты ашуланып: «Ұят емес пе саған осындай іс істеп жүруің. Өзің қандай адамсың. Қай патшаның еліненсің, атың кім?»,—дейді. Жігіт қорқып кетіп: «Мен Хикмет деген патшаның ұлымын. Менің атым Фәрмүч»,—дейді. Алмат жігіттен сұрайды: «Сен мұнда неге келдің?»,—дейді. Фәрмүч былай деп жауап береді: «Біздің патшамыздың бақшасын бір алтын құс иеленіп алған еді. Күн сайын түнде келіп бақшамыздағы алма ағашынан алма қиятын еді һәм бір алма алып кететін еді. Соның үшін оны ұстап әкелуге мені атам жіберді»,—дейді. Алмат патша айтты: «Ей, жас жігіт, өзің патша ұлы бола тұрып бұл іс саған керек емес еді»,—дейді. Жігіт айтады: «Егер осы алтын құсты ұстап әкелсем, атам орныма патша етіп қоямын деген. Соның үшін менің келгенім»,—деді.
Алмат айтты: «Сен ондай болса, жақсылықпен сұрасаң, бір ауыз сөз сөйлемей берер едім. Жақсы бола ма, сенің осы ісіңді бірнеше ағыламнама жаздырып әрбір жерге таратсам. Тек сенің жастығыңды ескеріп сені құтқарамын һәм көп мал беремін, маған сен бір қызмет көрсетсең. Ол қызмет—бәлен деген үшінші патша мемлекетінде бір алтын жалды ат бар, ол мемлекет осы шаһардан мың шақырым жерде, бір биік үлкен теңіз артында, егер сен маған сол алтын жалды атты тауып әкелсең, саған бір сөз айтпай осы алтын құсты жаным-тәніммен беремін. Егер осы қызметті қылмасаң қарақ атыңды бүкіл дүнияға таратамын»,—дейді. Бұл жігіт Алмат патшаға атты тауып келмекші болып бас иіп шығып кетеді. Қасқыр жанына келген жігіт, сұр қасқырға басынан өткен істерінің бәрін сөйлеп береді.
Қасқыр айтты: «Әй, жігіт, менің айтқанымды неге тыңдамадың. Неге алдың алтын қапасты»,—дейді. Патша ұлы қасқырға: «Сенің алдыңда айыптымын»,—дейді. Қасқыр айтады: «Қайыр, Құдайдың ісі шығар, енді сен менің үстіме мін, қайда барсаң мен сені сонда алып барамын»,—дейді. Патша ұлы қасқырдың желкесіне мінеді. Сұр қасқыр атқан оқ секілді шабады. Бір заманнан соң патша айтқан мемлекетке де түнде барып жеткен. Нақ түн ортасында ақ тастан істеген албардың қасына келеді. Қасқыр жігітке: «Бар, тез осы албарға кір, қазір қарауылшылар ұйықтаған соң атты, яғни, алтын жалды атты алып шық. Бірақ дуалда алтын жүген болар, оған тиме, егер тисең өлесің»,—дейді. Патша ұлы албарға кіреді. Атты алды. Сол арада жігіттің көзі дуалдағы алтын жүгенге түсті, жігіт жүгенге жүдә қызықты. Алғысы келіп алғанда албар шу-шу ете қалып қарауылшылар оянып, албарға кіріп, патша ұлын ұстап патшаның алдына кіргізді. Патша жігіттен сұрай бастайды: «Қай елденсің һәм қандай адамның ұлысың», – дейді. Патша ұлы қандай кісі ұлы екенін бәрін айтты. Патша жігітке: «Саған мұндай іс істеу жарай ма, өзің бір патшаның ұлы екенсің қайыр, бұл күнәңді кешемін, маған бір қызмет істесең. Қызмет—сол бір мемлекетте бір патша бар, оның бір сұлу қызы бар, неше жылдар мен жаушы жібердім, ғашық болдым, қызын маған берсін деп, ол маған қызын бермеді, егер сол қызды әкеліп берсең барлық күнәңді кешемін. Егер әкелмесең қарақтығыңды әр мемлекетке жазу жазып таратамын һәм қарақтығыңды әрбір кісі біліп мазақ қылар. Егер осы істі орнына келтірсең алтын жалды атты, алтын жүгенді өз ықтиярыммен саған беремін. Егер сіз бастан жақсылықпен сұрасаң жақсы деп бір ауыз сөз айтпай беруші едім»,—дейді. Патша ұлы көп заман ойлап тұрды да сонан соң уәде беріп, қызды білмек болып жылай-жылай сұр қасқырдың жанына келді. Бастан-аяқ қасқырға жай-күйін айтады. Қасқыр айтты: «Неге айтқан сөзді тыңдамадың, неге тидің ол алтын жүгенге»,—дейді. Жігіт: «Айып менде, Құдай солай мені бастады»,—дейді. Қасқыр айтты: «Жарайды, болары болды енді. Жүр, менің үстіме мін, қайда болса да мен сені сонда алып барамын»,—деді. Қасқыр жүдә қатты шапқан, сөйлеуге хал жоқ. Біраз уақыт өткен соң әлгі қыз атасының еліне барып жетті. Шаһары алтын ришаткамен айналдырған, ішінде бақша. Сұр қасқыр жігітке: «Түс үстімнен һәм Аллаға тапсырып бар. Біз келген жолмен қайтып жол үстіндегі емен ағаш түбінде мені күтіп тұр»,—дейді. Патша ұлы қасқыр айтқандай барып емен түбінде күтіп тұрады. Сұр қасқыр алтын ришатканың жанына барып бұғып тұрады.
Патша қызы бақшаға шыққан. Күн батқан соң өзінің бірге жүретін қыздарымен патша қызы жүре-жүре сұр қасқыр жанына бірақ келген. Сол арада сұр қасқыр ришатка үстінен секіріп түсіп, патша қызын көтеріп алып желкесіне салып, секіріп шықты да шауып кетті. Жүдә қатты шабумен біраз уақыттан соң өзі айтқан жасыл емен түбіне келіп жетті. Патша ұлын да қызбен бірге арқасына мінгізіп алды.
Олар кете берсін. Енді біз патша қызы жүрген бақшаға келейік. Қасқыр патша қызын алып шығып кеткен соң, жанында бірге жүрген қыздар патшаға кіріп айтты. Патша бұл сөзді естіген соң жүйрік атпен қасқыр артынан қуарға шықты. Бірақ қасқыр артынан жете алмады. Енді сұр қасқыр үстіндегі патша қызы мен патша ұлына келейік. Мұнда қызға жігіт ғашық болады, қыз жігітке ғашық болады. Қызды олар алып кел деген патшаға жақындайды. Жігіт қайғыра бастады һәм қызды патшаға бергісі келмей жігіттің көзінен жастары домалап-домалап түсе бастады. Жігіттің мұндай болғанын сұр қасқыр көріп жігітке: «Неге қайғырасың»,—дейді. Жігіт сұр қасқырға: «Әй, жан достым, сұр қасқыр, неге жыламайын, мен не қылам, тәнім, жаным, қаныммен бұл патша қызына ғашық болдым. Онан бір сәтке айрылып тұруға халім жоқ. Патшаға айтсам қызды бермейді. Басқадай халім жоқ, егер алтын жалды ат үшін бермесем менің уәдесіз атым һәр жаққа жайылады. Осы істер үшін жүдә қайғырам, қасқыр досым»,—деп жауап береді. Сұр қасқыр: «Ей, жігіт, мен саған көп қызмет еттім және ондай болса да бір қызмет көрсетейін. Мен қазір сол қыз болайын. Мені патша жанына алып барып һәм алтын жалды атты ал да алысқа кет. Мен біраз уақыт өткен соң патшадан далаға шығып жүруге сұрармын. Ол мені өзінің бағушы қыздарымен жіберер сол уақытта мен сенің жаныңда боламын»,—дейді. Осы сөздерді сұр қасқыр айтады да көз ашып-жұмғанша патша қызы болды. Тіпті айырарлық болмады. Жігіт әуелі қызға пәлен жерге барып тұр деп, қыз форымындағы қасқырды жетектеп патша жанына кіреді. Патша көрген соң жаны-тәнімен қуанғанған не қылуға білмейді. Шаттанып өтірік қыз болған қасқырды алады да һәм алтын жалды атты жігітке береді. Жігіт жүдә қуанып алтын жалды атқа мініп, өзі ғашық болған қыз жанына барып өз қасына міндіріп бірге кетеді. Патша жанында сұр қасқыр патша қызы болып бір күн тұрды, үш күн тұрды. Төртінші күн сұр қасқыр патшадан далаға шығып жүруге рұқсат сұрады. Патша: «Мен сені жүруге неге шығармайын, жаным, сенің үшін жаным құрбан болсын»,—деп өзінің қызметкер қыздарымен далаға шығуға рұқсат берді.
Әлгі жігіт пен шын патша қызы сұр қасқырды ұмытады. Сол арада жігіттің есіне жан досы сұр қасқыр түседі. «Менің жан досым сұр қасқыр қайда екен» дегенде сол арада олардың көзіне сұр қасқыр көрінді. Сұр қасқыр келіп амандасып хал-ахуал сұрап, жігіт пен қыз сұр қасқырға мінеді. Алтын жалды атты бұлар өздерімен бірге ертіп кетеді. «Алтын жалды атты алып кел» деген патшаға жетуге аз қалғанда бұлар бір жерге тоқтайды. Жігіт сұр қасқырға жалынады: «Сұр қасқырым, сен маған көп қызмет қылдың, рақмет, Алда разы болсын. Енді тағы бір қызмет қылсаң мұнан соң қызмет қоспас едім. Бұл алтын жалды атқа жүдә иелендім тіпті айрылғым келмейді»,—дейді. Сұр қасқыр «болады» деп, жерге аунап алтын жалды ат болады. Жігіт сұлу қызы мен алтын жалды атын қалдырып, өзі алтын жалды ат болған сұр қасқырды мініп патша жанына кіреді. Патша бұларды көріп қатты қуанып жүдә шат болады. Қарсы шығып жігіттің қолын сүйіп өзінің салтанатты үйіне алып кіреді. Жігіттің құрметіне жақсы зияпат береді. Жүдә жақсы құрметтеді. Түрлі-түрлі тағамдар, шараптар болды, зияпатында отырды біраздан соң жігіт өзінің еліне қайтатын уақыты болғанын патшаға ескертеді. Патша бұған «жарайды» деп, алтын құс пен алтын қапасты шаттанып беріп жібереді. Жігіт бұларды алып қаладан шығып кетті һәм өзінің сұлу қызының жанына барды. Екеуі алтын жалды атқа мініп һәм алтын құс пен алтын қапасты алып кетті. Бір күн өткен соң баяғы патша өзінің жалған алтын жалды атын ерттеп аңға шықпақшы болып қызметшілеріне ерттетеді. Патша мініп шығып кетті. Патша алтын жалды атты ұра бастаған еді. Ашуланып алтын жалды ат сұр қасқыр болды. Патшаны үстінен жығып түсірді. Өзі шауып кетті. Сұр қасқыр шауып отырып шын алтын жалдыға мініп кеткен жігіт пен шын патша қызы артынан жетті. Сұр қасқырға жігіт мініп, қыз алтын жалды атқа мінеді. Сөйтіп, бұлар солай етіп бара-бара алғашқыда сұр қасқыр жігіттің атын жеген жерге жетіп тоқтайды. Сұр қасқыр: «Мен саған шын ықыласыммен көп қызмет еттім. Осы орында сенің атыңды жедім, сол орынға жеткіздім. Енді менің үстімнен түс. Мін өзіңнің алтын жалды атыңа һәм қайда барсаң сонда бар. Хош-сау бол»,—дейді. Патша ұлы сұр қасқырмен жылап көрісіп айрылады. Бұлар өз жолымен бара-бара жүдә шаршаған. Күн жүдә ыссы болған. Өздерінің шаһарларына аз жер қалғанда тоғай жанына бір ағаш түбіне дем алмақ үшін жатады. Алтын жалды атты сол ағашқа байлап қойған. Алтын құсты алтын қапаспен өздерінің бас жағына қойып, өздері жұмсақ шөптің, үстіне жатқан. Сөйлесе сөйлесе бұлар ұйықтап кеткен. Сол уақытта бұл жігіттің екі ағасы алтын құсты іздеп кеткен жерлерінен бос қайтып келе жатыр екен. Інісі жатқан жерге келіп жеткен ағалары алтын құс пен алтын қапасты көріп қатты қызықты. Өзінің інісін өлтірмекші болып, бір ағасы қанжарын қынабынан шығарып інісін жарып тастады. Патша қызын оятып сұрай бастаған атың кім, қай жердің, қай патшаның, қай шаһардың деп одан аты-жөнін, қай жерден екендігін сұрады. Патша қызы өзінің ғашық болған жігітінің қанжармен жарылып қалғанын көріп жүдә қатты жылай бастады һәм айтады: «Мен сондай деген патшаның қызымын. Мені әкелген сіздің ініңіз. Оны ұйықтаған уақытта қайсыңыз өлтірдіңіз. Бұл батырлық емес қой. Егер сіздер оны ояу уақытында өлтірген болсаңыз, ол уақытта бір сөз болмас еді»,—дейді.
Екі ағасы қыздың сөзін керек те қылмайды. Алтын жалды ат, алтын құс, қызды—бәрін алып шаһарына келеді. Үлкен той қылып хан қызды үлкен баласына қоспақ болады. Қыз ханға: Арызым бар, соны айтқасын қосыңыз»,—дейді. Хан:
—Қандай арыз, айт,—дейді.
Қыз бастан-аяқ көргендерін баян қылады. Хан нанарын да, нанбасын да білмей сол арада дереу кіші баласының өлігіне кісі аттандырады. Кісілер барса, басында бір сұр қасқыр хан баласының жараларын жалап жазып, тірілтіп алып отыр екен. Келгендер жылап көріседі. Қасқырмен хош айтысады. Біреулері сүйінші сұрап ханға қайта шабады, Шаһарға келген соң әкесімен көрісіп, екі ағасын хан малға құл қылып қояды. Мына баласына хан сүйікті қызын қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, өз орнына хан қойыпты.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: