Ертегі: Сәбиге өмір сыйлаған құдірет
Ерте заманда бір патша өмір сүріпті. Патшаның қисапсыз байлығы болса да, үнемі қабағының астынан бір мұң бары байқалып тұрады екен. Сөйтсе, әлгі патшаның перзенті болмапты. Патша қапаланып, қайғырып жүргенінде, бір күні жұбайы жыланның тіліне жерік екенін айтыпты. Осы сөзді қаншама рет Құдайдан жалынып сұраса да, ести алмаған ол жүрегі жарыла қуанып, жар салыпты:
— Егер кімде-кім менің жарлығыма құлақ асып, жарымның жерік асы-жыланның тілін әкеліп берсе,соған жалғыз қарындасымды қосып, өзіме күйеу бала етемін. Бір ескеретін жәйт: ол Сахарадағы жыландар ордасының патшасы атақты Афита-Әбжыланның тілі болуы тиіс, – депті.
«Үмітсіз–сайтан» демекші, байлық пен аса сұлу патша қарындасын алуға қызыққандар Сахараға жол тартыпты.
Олардың ішінде сол шаһарда тұратын бір саудагердің Азу есімді баласы да бар екен. Азу о баста өмірге келгенде, жылан терісін жамыла туыпты. Өз терісінің пайдасын көрмекке әрі сынамаққа ол да үмітпен жыландар ордасына аттаныпты.
Азу жолда келе жатып, әр жерде шашылған адам сүйектеріне көзі сүріне береді. «Бұлар да мен сияқты үміткерлер шығар» деп топшылаған ол өзі тек терісінің арқасында ғана аман келе жатқанын түсінеді. Ақырында көп қиындық көріп, Сахараға жетеді. Ордаға келген соң ол жыландармен тез араласып кетеді.
Бірде жыландар патшасы тағамды өте жақсы даярлай алатын аспазшы керек екенін мәлімдейді. Сынға түскендердің арасынан Азу озып шығады. Ол қолынан келген өнерінің барлығын жұмсаған екен. Сөйтіп, аз уақыт ішінде Азу Афита-Әбжыланның жақсы көрер жақынына айналады. Әңгімеге тарта жүріп, жыландар патшасының жаны қолындағы сақинада екенін де біліп алады. Оны Афита масаңдау кезінде айтып қояды.
Бір күні Азу тәтті тағам жасап, оған ұйықтататын дәрі қосады да, Афита-Әбжыланға жегізеді. Ол қатты ұйқыға кеткен кезде сақинасын алып, қақ бөледі. Содан соң тілін кесіп алып, түн қараңғылығымен тайып отырады. Бұл оқиғаны таң атқан соң бір-ақ білген жыландар оны әрі іздеп, бері іздеп, таба алмай қала береді. Азудың оңай құтылуының себебі: Сахарадан шыққан соң, ол адам қалпына қайта ауысып алады. Еліне аман-есен оралған Азу патшаға жыланның тілін әкеп беріп, оның қарындасына үйленеді. Ал, жерік асын жеген патша жары көңілі судай тасып, айы-күні жетіп ұлды болады. Ұлан-асыр той жасалады.
«Той десе, қу бас домалайды» демекші, бұл тойға баяғы Азуды іздеп жүрген жылан да келіпті. Ол Азуды иісінен танып қалып, санын бір-ақ соғыпты. Ішіне кек түйіп, өз ордасына қайтыпты. Келген соң бұл жаңалықты басқаларға айтып беріпті.
Мұны есіткен жыландар ашуланып, адамзаттан кек алмаққа бекінеді. Улы тілі арқылы адам баласына зиян келтіріп, ұрпағын кеселге душар етпек болады. Афита-Әбжыланның жұбайы Флита-Әбжылан қатты ызаланып, оны өлтірмекке өзі аттанатынын мәлімдейді. Афита-Әбжылан дүние салған кезде ол қасында бола алмапты, алысқа қонаққа кеткен екен.
Араға біраз уақыт салып Флита-Әбжылан патшалыққа келеді. Азуды іздеп жүріп, бір үйдің түндігінен сығалап қараса, бесіктегі жас баланы көреді. Бұл жаңа туған нәресте патшаның мұрагері еді. Ол бар ашуын осы баладан алмаққа бекінеді. Үйде жан жоқ кезді пайдаланып, түндіктен түседі. Баланың қасына енді жақындай бергенде, есіктен бір әйел кіріп келеді. Жылан сасқалақтап қалады. Ал, патша жарының абыржығаны сонша, тілі күрмеліп:
— О, Құдайым. Жалғыз сәбиімді ажалға қалай қиям? Оны босанарда жыланның тіліне жерік болып едім, енді ажалы да сол жылан тілінен болмақ па? Жо-жоқ, құтқара көр! – деп жалбарыныпты.
Сол сәтте қайдан есіне түскені белгісіз, ошақта тұрған сүтке қарай ұмтылады. Қазандағы сүтті жыланға көрсетіп тұрып:
— О, Әбжылан! Менің жалғызыма қиянат жасама!.. Жүрегім сезеді, сен кек алмақшысың. Баламды саған бермеймін. Болмаса мені шақ. Мен де анамын, ана сүтінен жаралғанмын. Балам да, басқа жан-жануарлар да ана сүтінен жаралған. Сен де біз сияқты ана сүтінен нәр алғансың. Тіршілік иесінің нәрі - сүт. Ол қасиетті де қастерлі. Оны Алла тағалам сыйға тартқан. Ақты жерге төкпе деуі сондықтан. Ал мен сол сүтті сенің басыңа төгемін. Тек балам үшін, тек жалғызымның өмірі үшін ғана салттан аттаймын. О, Әбжылан, опасыз! Сенің уың осы сүт арқылы құдіретінен айырылсын! О, Жаратушым, тілегімді қабыл ет! – деп еңіреп тұрып, сүтті жыланға шашып жібереді. Сол сәтте, шынында да, жылан бар құдіретінен айырылады. Сүттің қасиетті күші оның уы мен айбатын сиқырлап тастайды. Жылан есеңгіреп тұрып-тұрып, есіктен шығып кетеді.
Міне, осыдан бастап барлық жылан атаулы сүтті көрсе, айбатынан айырылады екен. Олар үйге кіргенде басына ақ құйса, сытылып шығып кетеді. Оларға бұл қасиет сонау заманғы өз аналарынан дарыса керек.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: